23.07.2022
645
БҰЛ ӨМІРДІҢ МЫСАЛЫ
Әділдіктің белгісі –
Расын сөйлеп сардиған.
Пітне көңіл белгісі –
Құпия сөйлеп ыржиған.
Өпірем болу не керек,
Бақ-базарың ауған соң.
Бәсеке ету не керек,
Бастан билік кеткен соң.
Бұлаң-сұлаң не керек,
Ақ бетіңнен нұр тайып,
Жер ортадан асқан соң.
Елең-селең не керек,
Жас елуден кеткен соң.
Жалтаң-жұлтаң не керек,
Жігіттік бастан өткен соң.
Қыздан түсің кеткен соң,
Қырмызы қию не керек.
Бұл өмірдің мысалы:
Кешегі көрген бүгін жоқ,
Ұшып кеткен көбелек.