23.07.2022
  1160


Автор: Қашаған Күржіманұлы

ҚАРТАЙҒАН ШАҒЫНДА АЙТҚАНЫ

Жас сексенге келгенше,
Сақалға шалғырт*
енгенше
Талайдың көрдім құрмасын.
Арзу болған әлеумет,


 Ортаңызға келген сон,
Шайырың енді жырласын.
Таусылғанға ұқсайды
Елдегі қатар кұрдасым.
Қырмызы кызыл дүние
Басымда білдім тұрмасын.
Кешегі жалын күнімде,
Адай түгіл, алашқа,
Сыйланды талай бұл басым.
Аралап жүрмін халықты,
Нәсібе айдап қуғасын.





Пікір жазу