23.07.2022
951
ОСЫ КҮН ЖОЛДАС БОЛДЫМ СЕКСЕНМЕНЕН
Осы күн жолдас болдым сексенменен
Кез болды кәрілік шіркін сескенбеген.
Қартайсаң, күнің қандай аянышты,
Талтақ бұт, ойдық желке, күржік жаурын,
Тартылып бауыр шандыр, бүкшеңдеген.
Кесірі болады екен қартайғанның,
Өлеңді қартайған соң айта алмадым.
Айт деген қатар-құрбы, жеңгейлердің
Назарын ол күндерде қайтармадым.
Жатқаным – жанға жайлы жантайғаным,
Шаршатты сексен деген майталманың.
Қасымнан қыз-келіншек кетпеуші еді,
Қарасам, осы күнде біреуі жоқ,
Япырмай, қайда кеткен "сайтандарың"?