23.07.2022
194
КӨПТІЛЕУ БАЙҒА АЙТҚАНЫ
Кешке келді Көптілеу
Қораға келген қойымен.
Жата кетті жантайып,
Ас ішпеген бойымен:
Үлкен қойды анам деп,
Кіші қойды балам деп,
Бұл қой кетсе алдымнан,
Мұнан қайтып қалам деп.
Бай үйіне қарасам,
Қол жуатын кұман жоқ,
Кұман жоқ үйде иман жоқ.
Таңертең тұрып Көптілеу
Іше берді айранын,
Беті-қолын жуған жоқ.