23.07.2022
122

ҚУАҢДАҒАН ҚУ БИСЕН
Жаяулық тауқыметін тартқан Қашаған тапқанын беріп, бір ат сатып алады. Саудагердің мақтап сатқан аты аяғын баспайтын шабан боп
шығады. Сонда айтқаны:
Қуаңдаған қу Бисен,
Өтірікші су Бисен,
Маған сатты бір атты,
Шәртік қарын сұр атты.
Қазанаттай қампитып,
Түріменен тоқ қылды.
Он бес күннің ішінде
Үш қамшымды жоқ қылды.