23.07.2022
139
ДОМБЫРАНЫҢ ҚАҚПАҒЫ
Қашаған тұзға түсіп келе жатып бір үйге кезігеді. Үй иесі әйелдің қонақтармен ісі болмапты. Ақынның серігі керегеге сүйеулі тұрған домбыраны алып береді. Сонда Қашаған айтыпты:
Домбыраның қақпағы,
Қарағайдан салулы,
Көмейі шуда жіппен таңулы.
Ермек үшін балаларға жасалған.
Мұны неге тартсын Қашаған,
Өзі тұздан шыққан аш адам!
Со кезде әйел:
– Ойбай-ай, жыршы қайнаға екен ғой, – деп кешірім сұрап, қонақасысын беріпті.