23.07.2022
  277


Автор: Аралбай Оңғарбекұлы‎

АРАЛБАЙ МЕН ҚҰРЕКЕШ

Құрекеш деген ауыл арасының ақыны бірде Аралбайға келіп, өз руын, аталарын мақтап, былай дейді:
Олжашы деген мас ауыл,
Жігіттері жас ауыл.
Тоғыз тақта Шылымда
Өтекеңнің тасы ауыр.
Аралбай сонда былай депті:
Айрақты, Татан – екі тау,
Қияқты, Сасық – екі су,
Қияқты салдың бір мешіт,
Сасык бір салдың құр мешіт,
Жылу жинап салғаның.
Салған ғұрлы көп болды
Ұрыс-керіс жанжалың.
Өтеген, Баспай – аржағың,
Маясұр, Шелей – бержағың.
Данабай тентек дегенге
Жарымдығың нанғаның.
Иесі жоқ болса, құр мешіт
Неге керек салдырып,
Ақсақ қатын, соқыр қыз
Бір мешітке қалдырып?!
Тамшы ағып тесілген
Төбесі толы саңғырық.
Келініңмен сыйыспай,
Тағы айрылдың балаңнан,
Ағайын қашты қараңнан.
 Сәлделерін шұбатып,
Молдалар безді азаннан.
Молдасы кетті мал қуып,
Сұпысы кетті жын қуып.
Алпыс теңге, бурыл ат
Пайдаңызға жаралған.
Топырыш құнан, төрт койдың
Еті піспей шықты казаннан,
Жұмысшың аш жаланған.
Есжан ұста, Салықбай
Наразылық білдіріп,
Безіп кетті араңнан.
Осыдан кейін дүйім жұрт
Түк-түк болған бетіңе
Жиреніп жүр қараудан.
Құрекеш бұған жауап қайтара алмапты.





Пікір жазу