23.07.2022
  148


Автор: Аралбай Оңғарбекұлы‎

ЖҰПАРҒА

Аяғында хамалдың,
 Бұзығында заманның,
Қайықпенен жол жүріп,
Ортасына біз түстік
Жылой деген базардың.
Жылойға келсек астық жоқ,
Айтайын көрген залалды.
Кең көшеде жатқанда,
Бір күні Таңбай шақырды,
Жігіттігін асырды.
Көрейін деді ағасын,
Білейін деді шамасын.
Екінді мен ақшамда,
Күн қызарып батқанда,
Еңбектей басып Арекең
Үйін әрең тапқанда,
Тап болды Құдай атқанға.
Шыға келіп үйінен
Бір сары қатын ақырды.
Келбетіне қарасам,
Қысқа мойын, жар маңдай,
Ажал десем нанғандай,
Бойы мықыр, тар мықын,
Бар даусымен бақырды.
Екі ауру бір келсе,
Ажалыңнынң келгені.
Екі жыртық бір келсе,
Абыройыңның кеткені.
«Қабаншада қайын жоқ,
Мегежінде төркін жоқ»,
Төркінің қара қасқа еді
Кісілік келмес теп-тегін.
Бұ да болса өзіңнің
Ырысыңды тепкенің.
Ала қаншықтай арп етіп,
Есімнен кетпес сүйткенің.
Мен – «Жайықтың қарғасы», 
Жай ғана кетер деп пе едің?!





Пікір жазу