23.07.2022
  154


Автор: Көмек Ыбрайұлы

ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ! атты сценарий

 


Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді музыка ойналып жатады.


Мектепалды даярлық тобында өткізілген кеш бағдарламасы.


 


Жүргізуші:

 


Қымбатты қонақтар, балалар, ата – аналар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық,дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ– бірлік тілейміз!


Айтылды өлең, тақпақтар, Ән шарықтап, күй ақты.


Айналамыз аппақ қар, Пейіліміз сияқты.


Жаңа жыл да таялды ұқ, Кім көңілді, ұтады.


Мектепалды даярлық, Алдарыңда «Б»тобы.


 


Балалар сазды әуенмен залға кіреді.


 


Жүргізуші:

Ертеңгілігіміздің алғашқы сөзін балабақшамыздың меңгерушісіне береміз.


Балабақша меңгерушісі сөз сөйлейді.


Жүргізуші:

Қане, балалар, Жаңа жыл, Аяз ата, Ақшақар, шырша туралы кім тақпақ айтады?


 


Балалар мерекеге арналған тақпақтарын айтады.


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


Көз қарылтар түсі аппақ, Ақ мақтадай дала, қыр. Аяз қарын құшақтап, Келеді әне Жаңа жыл.


 


Таңдануға болады, ә! Адам біткен ырза бар. Аяз қарып, тоңа ма, Енді үйге шыршалар.


 


Үй шатыры жатады, Мұздан сырға тағынып. Күттік Аяз атаны, Ақшақарды сағынып.


 


Қалмасын тек жаңа жыл, Қыз күрсініп, ұл жасып. Таңдансын көп жаңа жыл


 


 


5  – бала:

 


Құт әкелші, нұр шашып.


 


Отырайын жиілеп, Достарыма жолдап хат. Қосайын мен күйіме, Жаңа жылым, орнат бақ!


 


 


 


6  – бала:

 


 


 


Жүргізуші:


 


Қарсы болар кім, тегі, Қар – көктемгі ырысым. Қаңтар – айдың үлкені, Бәрінен де ұлысың!


 


Жаңарғандай жанымыз, Қандай әсем күн бүгін! Шырқалық біз бәріміз, Қане, «Жаңа жыл» жырын!


 


 


Балалар бәрі қосылып «Жаңа жыл» әнін орындайды.


 


Жүргізуші:

Балалар, жаңа жыл кешіміз басталып та кетті. Енді көп кешікпей Аяз атамыз да келіп қалар.


 


 


 


 


Қасқыр:

 


Осы кезде даңғырлап даңғыра үні шығады.


Залға ырылдап қасқыр кіріп келеді.


 


Ә, ә, мұнда отыр екенсіңдер ғой! Аталарың орманда адасып жүр екен. Қасқырларым аш еді. Мен соларға табыстап кеттім. Қолында ұялы телефоны бар, мен алып қуанып қалдым. Өзінің байланысатын адамдары қандай көп, қайта – қайта телефон шалып жатыр.


Ха – ха –ха! Хи – хи –хи! Енді мәңгіге тынышталатын болды сорлы қарт! Өз обалы өзіне!


 


Балалар(шулап):


  • Қасқыр, қасқыр! Аяз Атаны алып келіңіз!

  • Сіз бізге керек емессіз!

  • Бізде бүгін Жаңа жыл!

  • Аяз Атасыз жаңа жыл мерекесі өтпейді!


 


Қасқыр:

А – а! Сіздерге Аяз ата басты адам болды ғой? Жаны жәннатта болсын!


 


 


Балалар:


  • Сіз не айтып тұрсыз!

  • Аяз атаға ешкім кедергі болмақ емес!

  • Аяз атаны алып келіңіз!


 


 


Қасқыр жан жағына қарап, алақтап:

Жар – рай – ды! Бәріңіз де маған қарсы болдыңыздар ғой! Ендеше мен сендерге әртүрлі шарт қоямын. Соны орындасаңдар, мен ормандағы қасқырла рыма «Аяз атаны босатыңдар!» деп бұйрық беремін. Осыған келісесіздер ме, балалар!


 


Балалар:


  • Келісеміз!

  • Келісеміз!

  • Қане, шартыңызды қоя беріңіз!


 


Қасқыр:

Ендеше ұялы телефонмен қасқырларыма осы шарт бойынша келіскенімді айтып қояйын. Әй, ол қанқұмарлар үлгертпей кетпесе...


 


Қасқыр құлағына ұялы телефонды жақындатып: ыр..ыр...а, ыр.. деп арасында қыңсылап қояды.


Балалар:


  • Өй, мынау не де кетті!

  • Әдейі уақыт өткізіп тұр ғой!

  • Қане, Аяз атаны тезірек әкеліңіз!

  • Тіліне түсінбедік!


 


Қасқыр жуан дауыспен:

Әркімнің өз тілі болады. Ал әлемдегі ең әдемі және бай тіл біздікі! Біз екі – үш әріппен – ақ жан сезімімізді терең түсіндіре аламыз. Ал сіздерде қанша әріп бар?


 


Балалар(шулап):

Бізде 42 әріп бар.


 


Қасқыр:

Жар –рай–сыңдар! Сауаттанып қалыпсыңдар ғой! Ал сендер қанша ұлттың тілін білесіңдер?


 


Балалар(шулап):


  • Қазақ, орыс тілдерін меңгердік.

  • Ағылшын тілін де үйренудеміз.


 


Қасқыр:

Ыр – ыр! Ав – ва! ав – ва! Бұл тілдерді сіздерге кім үйретті?


 


Балалар:

Тәрбиеші апайлар. Олар бізге көп нәрсені үйретті.


 


Қасқыр:

Сіздердің Аяз аталарың аса білімді жан болып шықты. Дүниедегі сан ұлттың тілін біледі екен. Бағана адамдармен бірнеше тілде хабарласты. Асылы, оның телефонының сиқыры бар шығар, ә?


 


Қасқыр ойланып тұрған кейіп танытады. Телефонына құлағын тақаңқырап, өзінше күңкілдейді.


 


Өй, менің қасқырларыма не болды? Жауап қатпайды ғой, қырылғырлар! Ұялы телефондарының ішіне қар кіріп кеткен шығар, сірә! Жарайды, кейін сөйлесер мін! Енді ойын шартымды айтайын! Есепке қалайсыңдар?


 


Балалар:


  • Айтыңыз, шешеміз!

  • Уақыт кетіп бара жатыр, тезірек айтыңыз!


 


Қасқыр:

Үштен бір алғанда неше шығады?


 


Балалар(шулап):


  • Екі!

  • Екі болады!


 


Қасқыр:

Балалар, үшбұрыш, төртбұрыштарды көріп жүрсіңдер ғой. Ендеше үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастасақ, қаншасы қалады?


 


Балалар шулап, әртүрлі жауап береді.


 


Қасқыр:

Сендер жауап бере алмадыңдар, бұрыштары көбейеді, яғни төртбұрышы қалады.


 


 


Ескерту: қасқыр балалардың мергендігін, шапшаңдығын сынайтындай, мысалы: асық ойыны сияқты спорттық ойындар өткізуі мүмкін.


Бұл әр тәрбиешінің қалауы бойынша таңдалып алынады.


 


Қасқыр:

Сынақтан өтіп келесіңдер, балалар! Сендер мені риза еттіңдер! Енді қасқырла рыма телефон шалайын. Аяз атаға рақымшылық жасасын!


 


Қасқыр телефонынын ұстап тұрып,«Өй, құрып кеткірлер! Жауап қатпайды ғой, түге! Ыр – ыр!» деп ызалы кейіппен қолын артына қайырып, әрлі – берлі жүре бастайды.


 


Осы кезде әсем музыка ойнап, залға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.


Қасқыр:

Мәссаған! Аяз ата! Ақшақар! Сіздер қалай келіп қалдыңыздар?!


 


Балалар:


  • Қош келдіңіз, Аяз ата!

  • Қош келдіңіз Ақшақар!

  • Қасқыр бізді қорқытып тастап еді, қалай жеттіңіз?


 


Аяз ата мен Ақшақар:

Есенсіңдер ме, балалар!


 


Аяз ата:

Аш қасқырлар бізді қоршап алып, қатты қорқытты. Ал мен өз тәсіліме көштім. Боранымды ысқыртып, дауылға айналдырдым. Олар қапелімде тосылып қалғанымен ілгер жылжи бастады. Болмаған соң 60 градус аязымды жұмсап едім, олар сол бойы қатып қалды.


 


Ақшақар:

Бір қызығы олар күліп тұрған кейіпте қалды.


 


 


 


 


Балалар:

 


Ақшақар көңілденіп, күліп жібереді.


Балалар шулап, қол шапалақтап, қатты қуанады.


 



  • Ой, жарайсыңдар!

  • Өздеріне сол керек!


 


Қасқыр:

Кешіріңіздер! Кешіріңіздер! Менен бір қателік кетті. Ұялы телефоныңыз,міне.


 


 


Қасқыр қаша жөнеледі. Балалар қол шапалақтап, мәз болады.


 


 


Аяз ата:

 


Қоштасты көп қалалар, Жетелеумен бал – үміт. Жеттім, міне, балалар, Өздеріңді сағынып.


 


 


Балалар:


  • Иә, иә, Сізді сағындық, Аяз ата!

  • Қош келдіңіз!


 


 


Ақшақар:

 


 


 


Жүргізуші:


 


Өмірдегі мол дәрім, Өнер –қуат, өнер– бақ. Жаңа жылға жолдадым, Тез жетші деп жеделхат.


 


Аяз ата, Ақшақар, сіздерге балалардың арнаған тақпақтары бар.


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


Ақ құйынын билетіп, Ысқырынып, күйлетіп. Аяз ата келеді,


Аяз қарын сүйретіп.


 


Дидарында нұр балқып, Өзі қандай сері еді!


Домбырада күй тартып, Ән салып та береді.


 


Аяз ата себеді,


Бейне күлкі, шаттық үн. Қапшығынан береді Неше түрін тәттінің.


 


Шыршаңызға расында, Таң қаламыз тұра қап. Ақшақардың қасында Би билеу де рахат!


 


Төгілген қар ұлпасы, Аппақ мамық, қарашы. Қаңтар айы – жыл басы, Он екі айдың ағасы.


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 



  • – бала:


 


 


 


Жүргізуші:


 


Безендірген мұнша кім, Таңдай қағар әркім – ақ. Әйбат жасыл шыршаның, Шамдары тұр жарқырап.


 


Әз жаңа жыл осы еді, Ақ жаймасы – төсегі. Бойымыз да өседі, Ойымыз да өседі.


 


Бейбітшілік кілті нақ, Бірлік, достық, ынтымақ. Әр жаңа жыл алады, Адамдардан мың сынақ.


 


Өрмелейміз шыңға біз, Баба жолы – салтым сол. Өткен жылға ырзамыз, Жаңа жылым, жарқын бол!


 


Дала нұрға бөленсін, Еркін өссін бүлдіршін. Биік самғам көгершін, Көк аспанда күн күлсін!


 


Шырша ортада – сәніміз, Би ырғақты – әніміз.


Күнді айналған ғаламшар Сияқтымыз бәріміз.


 


Ән саламыз енді біз, Көңілді ішке ендіңіз. Аяз ата, Ақшақар,


Дейміз тек «Қош келдіңіз!»


 


 


Аяз ата:

 


«Аяз ата» әні орындалады.


 


Жаңа күн бұл, жаңа айым, Шырша шамын жағайын. Сендерменен, балалар,


Би билеп, ән салайын.


 


Аяз ата қолын көтеріп:

Шырша, шырша, қане, жан! – деп екі – үш рет айтады.


 


Шырша жанып, жан – жақты жарқыратып жібереді.


Аяз ата:

Балалар, енді сендерге ән айтып берейін!


 


Аяз ата балаларға арнап, ән орындап береді.


Балалар:


  • Рахмет, сізге, Аяз ата!

  • Мерейіңіз үстем болсын!


 


 


Ақшақар:

 


Атсын жарқын таң дәйім, Сендерге күй, ән дайын. Өнерімді аяман,


Мен де атамнан қалмайын.


 


Балаларға арнап Ақшақар да бір ән орындайды.


 


 


Жүргізуші:

Қане, балалар, біз де өнерімізді паш етіп, Аяз ата мен Ақшақарға ән айтып берейік!


 


Балалар ән орындайды.


Аяз ата мен Ақшақар балаларға қосылып, шыршаны айналып билеп жүреді.


 


Аяз ата көзін қолымен көлегейлеп:

Мен өз балаларымды сендердің араларыңнан көре алмай тұрмын ғой. Олар қайда жүр екен? Көргендерің бар ма?


 


Жүргізуші:

Сабыр етіңіз, Аяз ата! Олар да келіп қалар. Айтуларынша, тосын сый жасамақшы.


 


Осы кезде көңілді,музыка ойналып, он екі бала кеуделеріне ай аттарын жазып залға кіреді. Аяз ата, Ақшақармен құшақтасып, амандасады.


 


Олар бірінен кейін бірі ортаға шығып, өнерлерін көрсетеді.


Аяз ата оларға қапшығынан сыйлық береді.


 


 


Қаңтар:


 


 


 


Ақпан:


 


 


 


Наурыз:


 


 


 


Сәуір:


 


 


 


Мамыр:


 


 


 


Маусым:


 


Мен ақ қарлы Қаңтармын, Бәріңізді қарсы алам.


Күйін шертем әр таңның, Аязыммен ән салам.


 


Дей алмаймын дарамын, Нұрлы ертеңім, бүгінім. Наурызға ағамын,


Ал Қаңтарға інімін.


 


Маған да күй, ән серік, Тұрам ылғи ертемен.


Кең далаға дән сеуіп, Жерді гүлмен көмкерем.


 


Еңбек етем көп терлеп, Бос емеспін әр күн мен. Көйлегімді көкпеңбек, Жуамын ақ жаңбырмен.


 


Бөктерге көк жастаймын, Көсік терем құмынан.


Күреп – күреп тастаймын Мұздарды тау шыңынан.


 


Тізгінді ұстап, жиырып, Мықтап тартып


Айылды.


Келте қамшы үйіріп, Жуасытам тайымды.


 


 


 


Шілде:

 


Жайлауыма гүл өріп, Шақырам қыр төріне. Ыстығымды жіберіп,


 


 


Тамыз:

 


 


 


Қыркүйек:


 


Шомылдырам көліме.


 


Артқа тастап сан қырды, Жайлау жаққа барамын. Шыңдап алып шалғымды, Көп –көп қып шөп шабамын.


 


Болып алғам жырынды, Босқа өтпейді бір таңым. Қайрап қырықтығымды, Қой, ешкімді қырқамын.


 


 


Қазан мен Қараша қосылып:

Қосылады кім тағы, Мәңгі бірге боламыз. Комбайнмен тыңдағы Егінді біз орамыз.


 


Бәрі қосылып И. Нүсіпбаевтің «Дос болайық бәріміз!» деген әнін орындайды.


 


Балалар:


  • Ақшақар, сіз Жаңа жылға жеделхат жолдадым деп едіңіз, әлі келген жоқ қой.

  • Біз Жаңа жылды тағатсыздана күтудеміз. Хабарласыңызшы!


 


Ақшақар:

Жаңа ғана ұялы телефонмен хабарластым. Есік алдына келіп қалдым деген... Міне, міне, өзі де келіп қалды.


 


Ішке ентігіп, Жаңа жыл кіреді.


 


Жаңа жыл:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!


 


Балалар:

Қош келдіңіз, Жаңа жыл!


 


Жүргізуші:

Қане, балалар, енді Жаңа жылдың келу құрметіне ән шырқайық.


 


Балалар жаңа жылға арналған ән орындайды.


 


Аяз ата:

Балалар, Ақшақар екеуміздің кететін уақытымыз болды. Әлгі қасқырларды да тірілтуім керек. Обал ғой! Оларға да бір сабақ болсын! Ал, он екі балам, сендер де аман болыңдар! Достықтарың мәңгілік болсын!


 


 


Ақшақар:

Жаңа жылда үлкен жетістіктерге жетіңіздер! Келесі жылы кездескенше! Қош, сау болыңыздар!


 


Аяз ата мен Ақшақар балалармен қоштасып шығып кетеді.


 


Балалар әндерін айтып, мерекені жалғастырады.


 


 


Жүргізуші:

 


Жатталық ән, жаңа жыр, Жаңарсын ел, қала, қыр. Өміріміз жарқын боп, Құт әкелсін Жаңа жыл!


 


 


Құрметті қонақтар! Осымен Жаңа жылды қарсы алуға арналған «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты кешіміз аяқталды.





Пікір жазу