23.07.2022
  1267


Автор: Көмек Ыбрайұлы

НАУРЫЗ – КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ атты сценарий

 


Қазақтың киіз үйінің ішкі көрінісі. Төрде тұс киіз. Оның үстінде үкілі домбыра, қамшы, қырдың қызыл түлкісінің терісі ілулі тұр.


 


Сол жақта сандық үстінде әдемі жиналған көрпелер, құс жастық.


Қасында бесік. Күмбірлеген күй естіліп тұрады.


 


Төрде әже ұлттық ою – өрнегі бар тостақанды сүртіп, наурыз көжесін араластырып отырады.


 


Күй саябырсығанда ұлттық киім киген тәрбиеші мен балалар кіріп келеді.


 


Балалар:

Ақ әже, Наурыз тойы құтты болсын!


 


 


Балалар әжемен қол алысып, көріседі.


Әже:

Төрлетіңдер, құлындарым! Жайғасып отырыңдар! Сендердің де мерекелерің құтты болсын!


Балалар отырады.


 


Жүргізуші:

Ақ әже, бүгін Наурыз мерекесі күні балалар сізге сәлем беруге келді.


 


Әже:

Өркендерің өссін, қошақандарым! Бүгін Наурыз тойы – жыл басы. Күн мен түннің теңелер кезі. Наурыз айында жер беті көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітеді. Сендер келер деп қазан толтырып, наурыз көже пісіріп едім.


Бүгін немерем бір жасқа толып, тұсауын кескелі жатырмыз. Сендер жақсы келдіңдер, айналайындар! Келін көршілерді шақыруға кеткен, ұзамай келіп қалар. Жайғасып отыра беріңдер!


 


Жүргізуші:

Әже, ұлыстың ұлы күнінде немереңіздің тұсауын кескенін көріп, біздің балалар қуанатын болды.


 


Әже:

Әй, менің көршім келмей ме? Дариға, балалар келіп отыр.


 


Әже көршісін дауыстап шақырады.


 


Жүргізуші:

Әже, асықпаңыз. Біздің балаларымыз сізге арнап тақпақ, ән айтқысы келеді.


 


Әже:

Е, айналайындар! Тойдың сәні ән мен жыр ғой. Қане, құлағым сендерде.


 


Балалар бірінен кейін бірі ортаға шығып, тақпақтарын айта бастайды.


 


 


1– бала:

 


Ей, досым, тыңдашы,


 


 


тыңдашы,


 


Бұл күні күй тартып, жырлашы. Қанеки, билеші, тұрмашы, Наурыз – ұлы той, жыл басы.


 


2– бала:

 


 


 


3– бала:


 


Мал төлдеп, жұрт аққа кенелер, Бәйшешек гүлдерді тере бер.


Бөленіп шуаққа айнала,


Бұл күні күн мен түн теңелер.


 


Жақсының соңына ел ерер, Еңбекпен ер ісі еленер.


Ертерек қамдан сен, диқаншым, Жер жыртып, дәніңді себе бер.


 


 


 


4– бала:

 


Күлкісін шашады жылғалар, Таулардың самайын нұр жалар. Сағыныш толтырып үніне, Қалықтар ауада тырналар.


 


 


 


5– бала:

 


Жұртшылық, бұл күні ән үзбе, Көркінен көктемнің сән ізде.


Өзім– ақ ұя сап берейін, Қарлығаш, енсеңші дәлізге.


 


 


 


6– бала:

 


 


 


7– бала:


 


Бұл айды кете алмас аттап құт, Бүлдіршін, шыбық ек, баптап күт. Тамырын соқтырған даламның, Наурыз – аппақ нұр, аппақ сүт.


 


Наурыз – жаңа жыл, жаңа күн, Көктемім жаяды қанатын.


Мейрамым, қош келдің еліме, Жерімнің иітіп танабын.


 


 


 


8– бала:

 


Жамандық атаулы тыйылар, Бұл айдың тамаша сыйы бар. Көңілдің ән – жыры сәнімен, Еңбектің күйіне құйылар.


 


Балалар «Наурыз» әнін орындайды.


 


 


 


Әже:

 


Осы кезде әженің келіні, көрші әжелер келеді.


Отырғандармен амандасады.


 


Ай, ақылдыларым! Міне, күтіп отырған әжелерің де келді. Маған бір ой келді. Тұсау кесу рәсімін әжелер жарысынан бастасақ қайтеді, балалар? Кім озып келсе, сол адамға немеремнің тұсауын кестірем. Ал ,жүргізуші қызым, бәрін бақылап, өзің ары қарай жалғастыр.


 


Әжелер жарысады. Озып келген әжені бәрі қолпаштайды.


 


Жүргізуші:

Ұлжан әже, сіз жылдам екенсіз, олай болса, баланың тұсауын сіз кесіңіз!


 


Әже:

Иә, солай енді, немеремнің тұсауын Ұлжан әжелерің кессін. Дариға, Зере, Бәтима, сендер ренжіп жүрмеңдер.


 


Дариға әже:

Жоқ, ол не дегенің, ренжімейміз ғой, құрбым – ау.


 


Әже:

Ал, балалар, жайланып бәрің де қарап отырыңдар. Қане, келін, немерем қайда? Дайын ба? Ал, бастаймыз.


 


Келін:

Бәрі дайын, ене.


 


Ұлжан әже:

Ал, ендеше, бастайық. Бисмилләһи –рахманир–рахим! Иә, балам, келе ғой.


 


Келін ала жіп ұсынады. Ұлжан әже ала жіпті баланың аяғына байлайды. Екі адам баланы жетектейді де, Ұлжан әже баланың соңынан еріп жүріп,


«Тұсау кесерді» айтады.


 


 


Ұлжан әже:

 


Қаз, қаз, балам, қаз балам, Аяқ басшы аздаған.


Жүрісіңді көрейін, Көрімдігің берейін. Үстем болсын мерейің, Шашуыңды терейін.


Аяғыңды баса ғой,


 


Анау қырдан аса ғой. Ал, уақыт өткізбе,


Құлын –тайға жеткізбе! –


деп, баланың тұсауын кесіп, қолынан жетелеп, жүргізіп, тағы да тақпақтата жөнеледі:


 


Қаз, қаз, балам, қаз балам, Базына айтам аздаған.


Өріс жаққа барып кел, Ешкі, лақты танып кел. Қырда көп қой көбелек, Қуып, ұстап алып кел!


 


қане, тәй, тәй басып жүре ғой, – сәл демеп жүргізеді.


 


Жүргізуші:

Ұлжан әже, қолыңыз жеңіл болсын! Нәресте өзіңіз сияқты жүйрік, алымды болсын!


 


Әже:

Орамал тон болмайды, жол болады деген бар ғой. Немеремнің осы бір тойына арнаған сыйлығымды берейін.


 


Әже Ұлжан әжеге сыйлық береді.


Жүргізуші:

Біздің балаларымыздың дайындап келген әсем әндері бар. Ендеше әнге кезек берейік!


 


Балалар «Наурыз» әнін орындайды.


 


НАУРЫЗ


 


Сөзі мен әні: К. Ыбрайұлынікі.


 


Наурыз келді тағы да ұсынып гүлін, Самғаталық ән – құсын ұшырып бүгін. Құтты болсын, жаңа жылым, Думандасын дала – қырым.


Жетсін – жетсін алысқа үнім.


 


Қайырмасы:


Уа, халайық,ән салайық,


 


Биге басалық!


Нүр жайнасын жанарларда Қарттар жасарып.


Құтты болсын, жаңа жылым, Думандасын дала – қырым, Жетсін – жетсін алысқа үнім.


 


Әр ошақта жағалық бақыттың шамын, Қарсы алалық бәріміз жақұт түн, таңын. Қыдыр ата әр үйге енсін,


Жаңа өмірге сәби келсін, Ұлассын той,


Той бола берсін! Қайырмасы.


Уа, халайық, ән салайық, Биге басалық!


Нұр жайнасын жанарларда Қарттар жасарып.


Қыдыр ата әр үйге енсін, Жаңа өмірге сәби келсін, Ұлассын той,


Той бола берсін!


 


Ән біткен кезде бір бала жүгіріп кіреді.


 


Бала:

Алақай, алақай, тойға Қыдыр ата мен Наурыз қыз келе жатыр! Алақай!


 


Қыдыр ата мен Наурыз қыз әсем күйдің әуенімен ішке кіреді.


Барлығы орындарынан тұрып, олармен амандасады.


 


 


Қыдыр ата:

 


Тыңдаңыздар, бар ұлыс, Атаңызбен жан ұғыс.


Бақыт нұры – шашуым, Алып келдім бақ, ырыс.


 


Ашам көңіл түндігін, Кесем ескі жыл жібін. Жырлап, билеп, ән салып,


 


Думандатар күн бүгін!


 


 


 


 


 


 


Наурыз қыз:

 


Азаймасын санымыз, Жана берсін бағымыз. Жаңа жылдың жаршысы – Құтты болсын Наурыз!


 


Табиғаттай анамның, Құрсағынан жаралдым. Жасасын салт – дәстүрі, Нар тұлғалы бабамның.


 


Жырын тыңдап сүлейдің, Сізге ат басын тіреймін. Риза болсын барша жұрт, Тек жақсылық тілеймін!


 


Даланы гүл жайнатам, Бұлбұлдарды сайратам. Желісіне әр үйдің


Тай – құлынды байлатам.


 


Келер жаз бен сары күз, Бітік шықсын дәніміз.


Жасыл көктем – жасауым, Жаса, жаса, Наурыз!


 


 


Жүргізуші:

Қош келдіңіз, Қыдыр ата, Наурыз қыз! Бүгін бізде үлкен мереке – жаңа жылымызды қарсы алып жатырмыз.


 


Әже:

Төрлетіңіздер, қадірлі қонағымыз болыңыздар!


 


Қыдыр ата мен Наурыз қыз төрге шығып отырады.


 


Әже:

Ал, құрметті қонақтар! Халқымызда келесі жылға аман жеткізсін деп ырымдап соғымнан қалған сүр етін, құрт – ірімшік, жал – жаясын сақтап, Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз мерекесінде дастарқанға қойып, келген қонақтарға ауыз тигізетін салт бар. Дәмімізден ауыз тиіңіз!


 


Жүргізуші:

Бүгін біз әжеміздің немересінің тұсау кесер рәсімін көрдік.Біздің балаларымыз өте өнерлі. Сіздерге тақпақтары мен әндерін орындап бергелі тұр. Қане, бірге тамашалайық!


 


 


Күй төгілсе сағадан, Қымыз тасыр сабадан. Өтірік өлең, жаңылтпаш, Қалған мұра бабадан.


 


Қане, балалар, өтірік өлең айтудан жарысайық.


 


Балалар бірінен кейін бірі өтірік өлеңді жалғастырып ала жөнеледі.


 


 


1  – бала:

 


 


 



  • – бала:


 


Өлең айтты қойларым, Бірге асық ойнадым.


Мерекесін Наурыздың, Сөйтіп Айда тойладым.


 


Майын сорып өркештің, Жатты күліп төрде ешкім. Лағымен


 


Себебі, Телефонмен сөйлестім.


 


 


3  – бала:

 


Масаларды өргіздім, Маймылға қой бөлгіздім. Шаңсорғышқа


Байқамай, Көп сусиыр сорғыздым.


 


 


 


4  – бала:

 


Бүргеге бас білгіздім, Құс жолымен жүргіздім. Қолтығынан қытықтап, Өлген пілді күлгіздім.


 


 


5  – бала:

Шаң тигізбей бетіме,


 


Шыққам желдің өтіне. Ұя сапты бір құс кеп, Қалпағымның шетіне.


 


 


 


 


 


6  – бала:

 


Бүгін қатты терледім, Айды мұзбен зерледім. Тиіп кетіп кірпігім, Құлап кетті жерге күн.


 


 


 


7  – бала:

 


Күші жетпей жүз аттың, Мың тышқанға жүк арттым. Түнді бүгін болғызбай,


Күн мерзімін ұзарттым.


 


 


Наурыз қыз (қолын шапалақтап):

Өте тамаша! Бізде суайттар да көп екен ғой! Айтпақшы, биші қыздарымыз қайда екен? Қане, би билейік!


 


Ортаға биші қыздар шығады. Қыздар «Қазақ биін» билейді.


Балалар «Көктем» әнін орындайды.


 


КӨКТЕМ


Сөзі мен әні: К. Ыбрайұлынікі.


 


Көктем қырға төрледі, Төрт түлік мал төлдеді. Бәйшешектер құлпырып, Деп тұрғандай: «Көр мені!»


 


 


 


 


 


 


Наурыз қыз:

 


Жылы мезгіл жетіпті, Тастадық біз етікті.


Қар көктемге жеткізбей, Тауға шығып кетіпті!


 


Балалар, мен сендерге қызық ойын әкелдім. Қане, енді ойын ойнайық.


 


Балалар «Гүл жинау» немесе «Тақия тастамақ» ойынын ойнайды.


Қыдыр ата:

 


Өздерің шеттеріңнен ақылды, өнерлі екенсіңдер. Мен қатты риза болып отырмын. Мына сыйлығымды сендерге арнап алып келіп едім. Наурыз қызым, сыйлықтарды балаларға үлестіріп берші.


 


Наурыз қыз бен жүргізуші өнер көрсеткен балаларға сыйлық үлестіреді.


Қыдыр ата:

Ал, балалар, мені басқа жерде де күтіп отыр. Батамды беріп, жолға шығайын.


 


Қыдыр атаның батасы:

Әжелер мен балалар, Келіндер мен аналар! Ақ тілегім сізге айтқан, Ғаламшарды аралар.


 


Жанарға жас толмасын, Ақындар жыр толғасын. Соғыс деген қасірет Мәңгі енді болмасын!


 


Көгімде ән шалқысын, Шықсын елдің даңқы шын. Бейбітшілік мақсатқа, Қорғасындар балқысын!


 


Тамылжып таң атқанда, Сайрар бұлбұл бақтарда. Жастар өссін гүл жайнап, Қартаймасын қарттар да!


 


Әр жүрекке нұр қонсын, Әр көңілге жыр толсын! Той ұлассын тойларға, Берекелі жыл болсын!


Әумин!


 


Қыдыр ата бата берген соң Наурыз қыз екеуі шығып кетеді.


 


Жүргізуші:

Ал, балалар, мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз. Қане, бәріміз бірігіп ән орындайық! «Наурыз – жыл басы» деген әнді білеміз бе?


 


Балалар:


  • Білеміз!

  • Білеміз!


Жүргізуші:


Ендеше, осы әнді орындайық!


 


«Наурыз жыл басы» әні шырқалады.


 


Жүргізуші:

Ал, балалар, енді әжеміздің дайындаған дастарқанынан дәм татайық!


 


Балалар дастарқанға жайғасып отырады.


 


Мереке жалғаса береді.


 


 


 


«ЖАҢА ЖЫЛ» КЕШІ


 


Зал ортасында шырша. Айнала әсем безендірілген. Балалар шыршаны айналып ән салып жүр. Ортаға жүргізуші шығады.


 


 


Жүргізуші:

 


Қадірлі, ата – аналар! Сүйкімді біздің, балалар Уақытты тақымдап,


Жаңа жыл жүр жақындап.


 


Би билеп бір, ән салып, Жаңа жылды қарсы алып. Көңілденіп жүрейік,


Ойын ойнап, күлейік.


 


Тойдың ән, күй, жыр сәні– Айналалық шыршаны.


Бүгін, міне, маскарад, Шықсын алға жас талап.


 


Бір бала ортаға шығып өз өнерін орындайды.


 


Жүргізуші:

Ал, қане, балалар, жаңа жыл туралы кім тақпақтар айтады?


 


 


1  –бала:

 


Дала ақ қар жамылды, Шыңдар моншақ тағынды.


 


Жаңа жылым, тез келші, Балалар да сағынды.


 


 


 


2  – бала:

 


Тоңып ызғар бораннан, Ой, қыр мақта оранған. Айналаның бәрі аппақ, Таулар қайда жоғалған?


 


 


 


3  – бала:

 


Келер кейін өңгесі, Жаңа жылым, төрлеші. Жасыл шырша ортада – Ойыншықтар көрмесі.


 


 


 


4  – бала:

 


Соңынан біз ерейік, Ән де салып берейік. Аяз ата қапшығын, Көтерісіп келейік.


 


 


 


5  – бала:

 


Тұрмаңыздар именіп, Ерекше бір күйге еніп. Бәріміз де, қанеки, Дөңгеленіп билелік!


 


 


 


6  – бала:

 


Ақ тілектен нәр алып, Көңілденіп бағалық.


Жасыл шырша жанында, Жыр төгіп, ән салалық.


 


 


7  – бала:

Жер сыпырып етегі,


 


Аяз ата жетеді.


Екі – үш сағат қонақ боп, Көңілденіп кетеді.


 


Масқарампаздар ойыншықтарды ұстап көріп, балаларды түртіп ойнап жүр. Ерекше қимыл жасап, күлдіреді.


 


Бір уақытта сақылдап күліп, ертегінің ерекше кейіпкері Мыстан кемпір келе жатады. Кенет шыршаны тамашалап, ойыншық тарды


қолымен ұстап көреді де, қызын шақырады.


 


Мыстан кемпір:

Кизимка, кизимка, мында кел! Мынадай ойыншықтар өсетін шыршаны көріп пе едің?


 


Қызы (таңданып): Жоқ, көргем жоқ! Бұл бір керемет ағаш болды ғой!


 


Мыстан кемпір:

Балалар, ойыншықтар өсетін осы бір ағашты қайдан табуға болады?(Сақылдап күліп) Менде ақша көп. Ендеше сатып аламын, балалар!


 


Балалар (шуласып):


  • Жоқ, жоқ, сатылмайды бұл ағаш!

  • Кетіңіз бұл жерден»

  • Қызыңызды алып, кетіңіз тезірек!



Мыстан кемпір шетке шығып, ойланып тұрып қалады.


 


Масқарампаз оған жақындап:

Айналайын, түріңнен, Айналайын үніңнен. Аз уақыт жүре тұр,


Жоқ қыламын бүгін мен.


 


Шырқалады ән демде,


Сен, Мыстаным, таң көрме. Бұл ағашты сататын


Қойма кілті бар менде.


 


Мыстан кемпір:

Жарайды, жарайды!


 


 


Балалар ән шырқап, би билейді. Мыстан кемпір ойын шырқын тағы да бұзғысы келеді.


 


Жүргізуші:

Балалар, біраз уақыт көңілімізді көтердік қой. Аяз атамыз да маңайлап жүрген шығар. Қане, дауыстап шақыралық, балалар!


Бәрі:

А – яз а – та! А – яз а – та!  А – яз а – та! Ақ – ша қар! Ақ – ша қар! Ақ – ша қар!


 


Залға   Аяз ата мен Ақща қар кіреді. Аяз ата қапшығын иығына асып алған.


 


Аяз ата:

Есенсіздер ме, балаларым! Ата – аналарың аман ба? Айдын – айдын көлдерді, шөлейт – шөлейт жерлерді, сандаған таулар мен ойпаттарды артқа тастап, сендерге келдім, балаларым!


Сендер бақытты Қазақстан   деген елдің ұландарысыңдар! Жолдағы мемлекеттерден аш – жалаңаш сәбилерді көргенде, жүрегім елжіреп, қатты аядым. Оларға тәттілерімді таратып бердім.


 


Мыстан кемпір таңданып, Аяз атаны айналады.


 


Мыстан кемпір (қызына қарап):

Сақалын – ай атаның, қандай ұзын, қандай биязы! Кизимке, саған сақалды иіріп, шапан тігіп берсем ғой, шіркін!


 


Балалар (шуласып):


  • Мыстан кемпірді қуатын мезгіл жеткен сияқты!

  • Мыстан кемпір тым еркінсіп кетті!

  • Бір амалын тауып, арамыздан қуалық!


 


Масқарампаз:

Балалар, сәл сабыр етелік! Мен бәрін де ойластырып  қойғанмын!


 


Балалар:

Жақсы, келісеміз!


 


Балалар қол шапалақтап, мәз болысып қалады.


Жүргізуші:

Балалар, Аяз атаға арнаған қандай сыйлықтарың бар?


 


 


Балалар:

Аяз атаға арнап тақпақ айтып берелік!


 


 


1  – бала:

 


Ашық сіздің қолыңыз, Болсын дәйім жолыңыз. Ұзақ ғұмыр кешіңіз, Мәңгі бірге болыңыз!


 


 


 


2  – бала:

 


Тақпақ айтқан балаға, Көңіліңіз тола ма?


Аяз ата, таратар Сыйлығыңыз мол – ау, ә!


 


 


 


3  – бала:

 


Мәз болуда барша жұрт, Ата, сізді қарсы алып.


Өзгелерге үлгі боп, Берсеңіз бір ән салып.


 


 


Аяз ата:

Е, айтқандарың болсын, балаларым!


 


Аяз ата ән айтады немесе басқа бір өнерін көрсетеді.


 


Жүргізуші:

Балалар, енді Аяз атаға ән салып, би билеп берейік!


 


Балалар шыршаны айналып,


Көмек Ыбрайұлының С. Оспановтың сөзіне жазылған


«Елкаға бардыық» деген әнін орындайды.


 


Жаңадан тақпақ, Аламыз жаттап. Жаңа жыл келді, Жаңа жыл аппақ.


 


Елкаға бардық, Әсем ән салдық. Аяз атадан


 


Сыйлықтар алдық.


 


Қуантып елді, Жаңа жыл келді. Өсетін болдым, Бір жасқа енді.


 


Жүргізуші:

Жарайсыңдар, балалар! Енді Аяз атамен бірге ойын ойналық!


 


 


 


 


Аяз ата:

 


Жүргізушінің нұсқауымен әр түрлі ойындар ойналады.


Аяз атаның өзі «Ұшты – ұшты» ойынын өткізеді.


 


Уһ, ұзақ – ұзақ жол жүріп, шаршап қалыппын, балаларым!


 


Бір ысып, бір суындым, Сырқырап тұр буыным.


 


Ән салсаңыз, балалар, Бұл да емге саналар.


 


Пайдасы мол жыр – әннің, Жазылатын шығармын!


 


Мыстан кемпір:

Аяз атаны емханаға жіберу керек. Мейлі, жаңа жыл    10 – 15 күн кейін келер.


 


Балалар (шуласып):


  • Мыстанның сөзін тыңдамаймыз!

  • Мыстан, аулақ жүр!

  • Мерекемізге кедергі келтірме!


 


Аяз ата:

Оу, менің Ақшақарым –көмекшім! Шыршамыз жанбай қалыпты ғой!


 


Ақщақар:

Ал, қане, балалар, бәріміз қосылып, шыршаның жануын сұрайық! Қане, бірге айтамыз:



  • Шыршам, шыршам, жана ғой!

  • Шыршам, шыршам, жана ғой!


 


Шыршаның шамдары жанып, айнала әсем реңкке бөленеді.


Балалар  қол шапалақтап, мәз болады.


Балалар:


  • Алақай! Алақай!

  • Шырша қандай жарқырап тұр!

  • Қандай керемет! Ойыншықтар қандай тамаша!


 


Би биленіп, тамаша жалғаса түседі. Бір кезде ортаға масқарампаз шығады.


 


Масқарампаз:

Мыстан – еке, ойыншықтар өсетін ағашқа қызығып едіңіз ғой. Менде сол ағаш өсетін қойманың кілті бар.


 


Мыстан кемпір:

Кілтің қайда?


 


Масқарампаз:

Мына үлкен қапшықтың түбінде жатыр. Егер осындай ағаш шынымен керек болса, қаптың түбінен іздеп таба ғой.


 


Мыстан кемпір:

Қойшы – ей! Шының ба?


 


Масқарампаз:

Рас айтамын!


 


Мыстан кемпір кілтті іздемек болып, үлкен қаптың ішіне кірген бойда, Масқарампаз қаптың аузын байлап тастайды.


 


Мыстан кемпір тыпырлап, айқайлайды, бірақ ешкім тыңдамайды.


 


Думан әрі қарай жалғасады.


 


Аяз ата:

Балаларым! Сіздерге алғысымды білдіремін! Қаншама өнер шашуын шаштыңдар! Мен Жаңа жылға орын беруім керек емес пе?


 


Жүргізуші:

Иә, иә. Аяз ата дұрыс айтады. Енді, балалар, бәріміз бірігіп, Жаңа жылды шақырайық!


 


Балалар (хормен):


  • Жаңа жыл!

  • Жаңа жыл!

  • Жаңа жыл!


 


Жаңа жыл:

 


 


 


 


Жаңа жыл келеді.


 


Сәлеметсіздер ме, балалар! Мерекені қалай өткізіп жатырсыңдар?


 


Балалар: Қош келдіңіз, Жаңа жыл!


 


Балалар шыршаны айналып,


Көмек Ыбрайұлының «Жаңа жылда» деген әнін орындайды.


 


Жаңа жылды бәріміз, Қарсы алуға ұйғардық. Үйде отырдық тағы біз, Кілең достар жиналып.


 


Қайырмасы:


Барлық көңіл қош бүгін, Достар әнге салады.


Ал сағаттың қос тілі, Құшақтасып қалады.


 


Көрші ауылға жаңа жыл, Біз арқылы өтеді.


Сағатыңа қарағын, Он екіде жетеді.


 


Қайырмасы.


 


 


1  – бала:

 


Бұрынғыдан өзгерген дала бүгін, Көңілдерде ай жүзіп, жанады күн. Әр жүрекке жаңалық нұрын сеуіп, Қош келдіңіз ортаға, Жаңа жылым!


 


 


 


2  – бала:

 


Сан тілекті естідің – жаран үнін, Шалқысын сан лебіз самалы мың. Ескі жылда болмаған жаңалықтар,


Өз бойыңнан табылсын, Жаңа жылым!


 


 


 


3  – бала:

 


Тұр дайын жанымызда орыныңыз, Көңілдің қошы – алтын, төрі – күміс. Жақсылықтың жаршысы атаныңыз, Жаңа жыл биіктерден көрініңіз!


 


 


 


4  – бала:

 


Тоқшылық жылы болсын аш қамбаны, Талай арқау боларсың дастанға әлі.


Кең алқапта егінің бітік шықсын, Өзің болшы бақыттың баспалдағы.


 


 


 


5  – бала:

 


 


 


Аяз ата:


 


Өткеннің оралмасын отты ойраны, Дұшпанның қалсын мәңгі бөртпей бағы . Босағасы елімнің берік болсын!


Биік тұрсын елімнің көк байрағы!


 


Балаларым, көп  тақпақ айтылып, көп әндер шырқалды, қызықты ойындар ойналды. Сіздердің ықыластарыңыздан қалған өміріме жетерлік нәр


алдым. Сіздерге, ата –аналарыңызға бақыт тілеймін!


Қане, Ақшақар қызымыз екеумізді күтіп отырған балалар көп. Біз жүрейік. Сендер мерекелеріңді жалғастыра беріңдер!


 


Балалар:


  • Қош болыңыз, Аяз ата!

  • Жолыңыз болсын!

  • Ұзақ ғұмыр кешіңіз!


 


Аяз ата мен Ақша қар қоштасып, шығып кетеді.


 


Жаңа жылға арналған қызық – думан әрі қарай жалғасады.





Пікір жазу