22.07.2022
  1358


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Айналайын немерем

Сөзін жазған Айтбек Әліпов,


Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозбақов.


 



       


Құлдыраң қаққан құлыным,


Желкілдейді тұлымын.


Сен дүниеге келгенде,


Қуанышқа бөлендім.


Сен дүниеге келгенде,


Мен бақытқа кеңелдім.


         Жан жүрегім елжіреп,


Құшағыма қысқым кеп.


Бар қызығын өмірдің, (2-рет)


Бір өзіне теңедім.


Айналайын немерем,


Айтқанына көнер ем.


Аспандағы айға да,


Сені апарып келер ем.


Ақ бұлттарды кілем ғып, аяғына төсер ем.


Сен аман бол, сен аман бол немерем. (2-рет)


         Мерекемде, ырысым,


         Шаршағанда тынысым.


         Атан менен әженнің,


         Таусылмайтын жырысың.


         Жадыратқан жанымды, (2-рет)


         Шуақ берген күнісін.


Айналайын немерем,


Айтқанына көнер ем.


Аспандағы айға да,


Сені апарып келер ем.


Ақ бұлттарды кілем ғып, аяғына төсер ем.


Сен аман бол, сен аман бол немерем. (2-рет)


            Қылығын мен баурайсың,


Еркелейсің алдайсың.


Қаз-қаз тұрып, қол созып,


Арман отын жалғайсың.


Ата, әже дегенде,


Елжірейміз, елтеміз,


Қиялменен шаттығым, (2-рет)


Сырымызды шертеміз.


Айналайын немерем, (2-рет)


Айтқанына көнер ем.


Аспандағы айға да, Сені апарып келер ем.


Ақ бұлттарды кілем ғып, аяғына төсер ем.


Сен аман бол, сен аман бол немерем. (2-рет)


 



 



 



 





Пікір жазу