22.07.2022
433
Көп артық
Жалқау болып жатқаннан,
Жүгіріп жүрген көп артық.
Түнеріп тұрған күніңнен,
Ағарып атқан таң артық.
Есік жақта қалғаннан,
Шалқайып жатар төр артық.
"Буынсыз пышақ салғаннан",
Үнсіз жүрген көп артық.
Мың асқанға бір тосқан,
Байлық жинап құр бостан.
Қызығын көрмей кеткеннен,
Місе тұтып аз затқа,
Ілінбей жазмыш қармаққа,
Жарлы болған көп артық.
Түисікпен сезіп білмесең,
Айтқанды бірден ілмесең,
Көсіліп сөилеп көсемсіп,
Ақыл айтып елге сен,
Көк мылжың болып жүргеннен,
Жарамсыз затты білгеннен,
Топас болған көп артық.
Тәуекел жасап бел шешіп,
Кіріспесең әр іске,
Шоқпарды ауыр қыстырмай,
Адал жанды ығыстырмай,
Бетегеден биік күн кешіп,
Тынышыңа жүрген көп артық.