Мен адаммын
Мен адаммын, топырақтан жаралған,
Қазақ болып күллі әлемге таралған.
Мен адаммын, ұлы сана иесі,
Жаратқанға жалбарынып нәр алған.
Мен адаммын түпсіз терең тамырым,
Сан мыңдаған ғасырлық бар өмірім.
Дарвинсіз ақ келдім мынау дүниеге,
Мың сан өліп, қайта түлеп жандым мың.
Мен адаммын көкке самғап ұштым мен,
Жер ананы сансыз рет құштым мен.
Мен адаммын білік берсең қолыма,
Ғаламшарды аудара алар күштің мен.
Мен адаммын ұжмақтан қуылған,
Көзді ашқаннан көрдемше боп туылған.
Қатыгез боп күллі әлемге ызалы,
Татпай өскен ана сүті, уыздан.
Мен адаммын,
Жаратқанның көлеңкесі жердегі,
Сондықтан ғой маған ған ұлы сана бергені.
Тәнім топырақ, жаным су да, от тұлғам,
Керек болса он сегіз мың ғаламды,
Бір ақ сәтте жоқ қылам.
Мен адаммын өр кеудеме нан піскен,
Жегі құрт боп түстім тәнге мен іштен.
Мен адаммын құдайымды ұмытқан,
Зардап шеккен осы күні сол істен.
Мен адаммын бірде ақ боп,
Бірде қайта қарайдым,
Кеуделерге құйылғанмын талайдың.
Ей адамзат Жаратқанның ызасына тиме деп,
Нострадамус, Ақтан болып ескерткенмін талай мың.
Мен адаммын, мен қазақпын өне бойым,
Тұнып тұрған тарихпын.
Бастауымын адамзаттың гейзерімін тарихтың.
Күллі әлемде ізім жатыр шарлаған,
Жер, су аты, ана тілім парақтары тарихтың.
Бірақ, бірақ сол тарихты оқи алмай қор болдым,
Өз болмысым, өз діліме қарсы шығып сор болдым.
Жаттың маған сызып берген жолын ғана білемін,
Жат тұр десе тұрамын да жат күл десе күлемін,
Оян қазақ есіңді жый, жалғыз ғана тілегім.