21.07.2022
  258


Автор: Көмек Ыбрайұлы

БІР СӨЗДЕ - ҚОС МАҒЫНА

Қарақшылар бәрімізге жабылды,
Кейін бірақ түрмелерге жабылды.
Құсты бүркіт қояны,
Кетті қашып қояны.
Нәрсеге болмашы,
Сен қапа болмашы.
Таппасаң қыр, жазықты,
Оған кімдер жазықты.
Тіл! – деп едім көнді,
Бек айтқанға көнді.
Болу үшін әр сөзіңіз өтімді,
Емдеңізші, доктор, менің өтімді.
Атам менің қолына алды жауырын,
Емдетпекші арғымақтың жауырын.
Шықты сөзім көңілден,
Жан анашым, көңілден.
Жайнатып өз бағымды,
Сынайын бір бағымды.
Құшып төбе бауырын,
Ол жоқтады бауырын.
Ауырмаса жарам,
Ағашыңды жарам.
Біз түркіміз, сақтармыз,
Ата салтын сақтармыз.
Басындай – ақ бақаның,
Қысқа екен бақаның.
Айтсаң, егер шыныңды,
Тауып берем шыныңды.
Кандидат болдың балама,
Дауыс бергізем балама.
Бек қонаққа бас тартты,
Ал қонағы бас тартты.
Жаурап қалса жабылар,
Жабулары жабылар.
Абыржытып талайды,
Ит мысықты талайды.
Сәт сөзімді аңғар,
Алдыңда бар аңғар.
Ойы – бізді тарту,
Беріп қойды тарту.
Итті ол қырдан асырады,
Күшіктерін асырады.
Жел шайқалтып көпірді,
Судың беті көпірді.
Болмасын деп аштық,
Қалаға жол аштық.
Адам еді ол байыпты,
Көп ұзамай байыпты.
Қойым ауру – баспақ,
Қасында жүр баспақ.
Жаудың күші басым,
Аман болсын басым.
Болған кезде бесін,
Қойып берсін «бесін».
Міне, үлкен бөлме,
Бек екіге бөлме.
Көрді де Нұр елікті,
Ұстаймын деп елікті.
Матаны алып енді,
Пішпекші ол енді.
Мынау – суы аз арық,
Сондықтан мал арық.
Аз жесе де етті,
Ол қанағат етті.
Сәйгүлік пен жалды,
Айналып кел жалды.
Пышағыңыз жанулы,
Отыңыз да жанулы.
Дайын тұр там – жаппа,
Сен есігін жаппа.
Қойыңды сой жарамды,
Емдейін мен жарамды.
Тартыңдаршы желіні,
Сыздап тұр бием желіні.
Атып еді жендет,
Құлады көк жендет.
Емессіз ғой жетесіз,
Қалаға бүгін жетесіз.
Айналып кеп жонды,
Ол ағашты жонды.
Қолымызда кездік,
Орманды көп кездік.
Көктемде шөп көктейді,
Шал кереге көктейді.
Сары жігіт көрікті,
Басып жатыр көрікті.
Бек қоңсысын көшірді,
Өлеңдерін көшірді.
Ақ лағым көтерем,
Күнде – күнде көтерем.
Тасып жүріп күбірді,
Естідім мен күбірді.
Күнге босқа күйме,
Кір, дайын тұр күйме.
Есіктің алды күресін,
Балалар келіп күресін.
Кілемді керек қағу,
Күнде бүгін қағу.
Дайын тұр, міне қада,
Жерге ұрып, қада.
Келер бүгін қалашы,
Кірпішті тез қалашы.
Тауда жүрген қозыға,
Қосылды бір қозыға.
Шөптерді мая –мая,
Жеп тауысты мая.
Таусылып қап мысы,
Құрып тұр оның мысы.
Қолыңа алып оқтауды,
Көрсет мылтық оқтауды.
Көтеріп ап себетін,
Жерге ол дән себетін.


 Жүріп кетпей суыт,
Асыңды сәл суыт.
Бұл аң – асау, тағы,
Қашып кетер тағы.
Ұшса, зырлап тақтақ,
Жырлайды оны тақтақ.
Кенеп қойып тамағын,
Жеп отыр ол тамағын.
Неге орынсыз тиісті,
Сыйлауға ол тиісті.
Айтам саған тура,
Етіңді тез тура.
Атам, әжем тұтты,
Киелі ағаш тұтты.
Бәтеңкеңіз шақ,
Келді киер шақ.
Қозғалғанда шанашы,
Түсіп қалды шанашы.
Сатып болып шұбатты,
Керуен шаң шұбатты.
Міне, мынау – үзік,
Жалға бауын үзік.




 «Қозыға» – таудағы арқардың төлі.





Пікір жазу