21.07.2022
456
АУДАРЫСПАҚ
Жарау аттар осқырып,
Тұр тартқызбай шылбырын.
Сом білекті қос жігіт,
Аудармақшы
бір – бірін.
Бұлшық еттер кернеген,
Киімдері сөгілді.
Екі жігіт терменен,
Қою шаңға көмілді.
Түсіп ақ тер, көк терге,
Бірі құлап,
ат қашып...
Май топырақ беттерге
Жабысады баттасып.
Баса киіп бөркіңді,
Жанкүйер боп барасың.
Құттықтайсың сен кімді
Әй, танымай қаласың!