21.07.2022
189
«АТАН ЖАРЫС»
Күтумен сын сағатты,
Қиындықты көп көріп.
Атандарын жаратты,
Тату достар – Бек, Берік.
Қонар кімге бақ құсы,
Ей, ағайын, қараңдар,-
Той иесі – қарт кісі
Тұр айқайлап: Жарандар,-
Кімде қандай сұрақ бар,
Тарту көп
салт – дәстүрде.
Болыңыздар құлағдар,
Автокөлік –
бас жүлде!
Достар тұрды қатарға әр,
Қызықты бұл көр енді.
Иір мойын атандар,
Тапырақтай жөнелді.
Шаң құндақтап өрісті,
Солқылдайды кең алап.
Көз сорады дөң үсті,
Көзілдірік керек – ақ!
Айқай – шуға толы маң,
Топ тізбегі сөгілді.
Әр атанның соңынан
Жапырақ – із төгілді.
Кім алмақшы жүлдені,
Зор мәртебе – ұтқанға.
Бек пен Берік ілгері
Суырылып шықты алға.
Бектің бағы жанды да,
Кетті озып Беріктен.
Атан мініп барды да
Қайтты үйге автокөлікпен.