21.07.2022
  364


Автор: Көмек Ыбрайұлы

КӨКПАР

Кірпік ілмей күндіз – түн,
Хас тұлпарды кім баптар?!
Қазақ пенен қырғыздың,
Ескі ойыны бұл «көкпар».
Ат жаратып сайла да,
Кең жайлауға, қырға бар.
Күш,
Ептілік,
Айла да,
Сол «көкпарда» шыңдалар.
Дала ұқсап базарға,
Шуылдайды ел, тегі.
Лақтырасың «қазанға»
Доп орнына серкені.
Ат мінген соң арынды,
Құлар олар көп кейде.
Ойын шарты кәдімгі,
Ұқсас футбол, хоккейге.
 Қаның бар ма бойыңда,
Арғы атаң Ер Түрік!
Жатады бұл ойында
Ат та, адам да мертігіп.
Жеткенше кез тынығар,
Бәрін көріп азаптың.
Көкпар ойнап шынығар
Жігіттері қазақтың!!!





Пікір жазу