21.07.2022
  281


Автор: Көмек Ыбрайұлы

ҚАЗАҚША ЕТ – БЕСБАРМАҚ

Құдаңа тарт мал басын,
Жездеңе қой төсті арнап.
Қарттарға бер жамбасын,
Пісті, міне, бесбармақ.
Су қайнатып шәйнекке,
Қою шайды іш қанып.
Тойып жатсаң, майлы етке,
Оянасың күш дарып.





Пікір жазу