21.07.2022
422
ПАРОВОЗ
Қарқыным ұлы көсем ұлы жаннан,
Қолынан путевкасын берген маған.
Сондықтан Отанымды шыр айналып
Дауысым жер жарады дабылдаған.
Айналам жайнаған,
Жайнаған
Алтын таң.
Əмірін темір Нарком орындаған,
Аумаған, ауыспаған құрыш табан.
Жарқырап жүз мың вагон жетегімде
Əнімді естіртейін аңқылдаған.
Паровоз, арқыра, зуылда,
Жарқыра өндірте, артылта-артылта!
Аянбаймын халқымнан,
Айнымаймын қарқыннан,
Кемімеймін күн сайын
Жүз мың вагон тартудан.
Құлаштаймын алысқа
Қалыспаймын жарыста,
Рельс берік, жол ашық,
Табыстардан табысқа!
Паровоз, арқыра, зуылда,
Жарқыра өндірте, артылта-артылта!