21.07.2022
177

ЕҢБЕК БАТЫРЫ
Ешкімнен бақыт сұрап жалынбаған,
Ешкімге басын иіп табынбаған.
Сүйемін батырларын ер еңбектің
Үнемі от жүрегі жалындаған.
Қайырмасы:
Көк темірді илеген,
Көк жалынды сүйреген.
Батыр қолды ер кісі
Жүрегіңді билеген.
От-жалында шыныққан,
Ер еңбекте сыр ұққан.
Сүйеміз біз ерлерді,
Елдің даңқын танытқан.
Əрқашан қиындықтан тартынбаған,
Сом болат, ақ алмастай жарқылдаған.
Сүйемін батырларын ер еңбектің –
Жүрегі тау қопарса алқынбаған.
Қайырмасы.
Батыр қол, алып тұлға, ер еңселі,
Əрдайым биіктерден көрем сені.
Сол үшін, ер еңбектің батырлары,
Жалықпай əнге қосып келем сені!