21.07.2022
  237


Автор: Манарбек Ержанов

ПАРТИЯ, КӨП ЖАСА!

Ленин менен өмірге бірге туған,
Елге бақыт, партия, сенің тұлғаң!
Таң шолпаны секілді жер-жиһанға,
Күн сəулесін тұрасын құйып нұрдан.
Қайырмасы:
Əлемнің нұрлы шұғыласы,
Өмірдің күн анасы,
Бақытпен тең бағасы,
Адамзаттың санасы!
Бақытқа елді бастаған
Жеңімпаз ту ұстаған.
Таң нұрындай партия,
Өмірі мəңгі тамаша,
Партия, көп жаса,
көп жаса!
Партияның қарасаң тұлғасына –
Нұр шашқандай ақылы мың ғасырға.
Елге – бақыт, жерге – құт, көктен – нəубет
Құйып тұрған биіксің шың басында.
Қайырмасы:
Əлемдегі халықтың ашар көзін,
Бақытқа заң айтылған əрбір сөзің.





Пікір жазу