21.07.2022
232
Қыс келді біздің ауылға
Ақ ұлпа көйлек киініп,
Ақ шыңға шашын түйініп,
Жасыл шырша гүл ұстап,
Тап-таза ауа тыныстап,
Қыс келді біздің ауылға.
Шанамен қырдан сырғанап,
Достарға қолды бұлғалап,
Біз демалдық, ойнадық,
Қыс келгенін тойладық,
Қыс келді біздің ауылға.