21.07.2022
129
![](/uploads/shorttexts/author_image/c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b-2.jpg)
Баяннан кешірім өтіну
Әпкетай, сені алдайын дегенім жоқ,
Ұяттан өртенемін, өлемін көп,
Отырсың осы күні бармақ тістеп,
Біреуге «қай- қайдағы» сенемін деп.
Тек сенен жасырғандай бар ізімді,
Ол рас –кешіктірдім қарызымды,
Көре алмай осы күні жүрсің-ау сен,
Бетіме көн жамаған тәрізімді.
Жоқ менің тағдырменен таласарым,
Қайтады- ау кешіксе де алашағың,
Адамшылық ісімде қарыз болмай,
Келсе екен мәніменен болашағым.