meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.07.2022
  189


Автор: Баян Тіленшина

Санамменен шамам жоқ кеңесуге....

Санамменен шамам жоқ кеңесуге,
Жүрсем, күлсем, жатсам да сен есімде,
Тұра алмастай өзіңсіз секілдімін,
Бауыр басып барамын, сенесің бе?
Қараң қалсын тіршілік қараң қалса,
Сені ұмыта алмадым, амал қанша!
Қара тастан беріш боп жаралса-шы,
Жұмсақ еттен жүрегім жаралғанша!





Пікір жазу