21.07.2022
  87


Автор: Баян Тіленшина

Үлгі сенің өмірің

Суретіңе нұр шашады қарасам,
Өзім гүлің екенмін-ау санасам,
Еркелеуші ек құшағыңа таласа,
Қалай болар бақытыма баласам!?
Жүрегімнен ән арнадым өзіңе,
Оқып жүрміз Сіздің үйдің төрінде,
Бір отбасы болдық біздер он бір жыл,
Атың сенің мәңгі жасар еліңде.
Кеттің қиып ұрпағыңды бұл мәңгі,
Жылатпапсың, мұңайтпапсың бір жанды,
Болдыңыз –ау алғашқы ағартушы,
Еліңді қуантып мың бақыт шашып!
Мереке! Мерекең ғой бүгін сенің,
Қайдасың!? Сен халқыңа үлгі едің!
Әр ісің, әрбір сөзің өнеге еді,
Үлгі сенің, үлгі сенің өмірің!





Пікір жазу