
Ұстаздың ұлағаты – Керім аға
Ұстаздың ұлағаты –Керім аға,
Ерекше қасиетті жеке тұлға,
Мыңдаған шәкірттерге білім беріп,
Абыройға ие болған жеке- дара.
Қайырма:
Халқының қасиеиін қадірлеген,
Ешкімді бөтенсініп, шет көрмеген,
Үлкенге ілтипатты жайдар мінез,
Кішіге өнегелі жөн сілтеген.
Өңірі Көмешбұлақ жер құнары,
Аулына жарасқандай өмір салты,
Білім мен тәрбиені ұштастырған,
Керекең –сол өңірдің шамшырағы.
Ауылым Тіленші атқа мақтанады,
Менің де көңілім оған шаттанады.
Тіленшин Керім аты берілген соң,
Мектепте оқығандар бақ табады.
Біртуар бейне, нарқасқам Мәдина Көшекбай,
Ақылды, дана, алдаспан,
Ізгілік сенен жалғасқан,
Келмейтін қайта өмірге,
Біртуар бейне, нарқасқам!
Шындықты қорғап жан сала,
Құқайды көрдің қаншама,
Ұрпағың бүгін сыр шертті,
Еңбегің жайлы тамсана.
Білімнің сыйлап шаттығын,
Тарттың ба, аға, тәтті мұң?
Іргесін қалап мектептің,
Басылды ма екен аптығың?
Төрінде бейнең мектептің,
Білімнің дәнін көктеттің.
Болмаса білім ордасы,
Мақсатқа,аға,жетпек кім?!
Уақыт шіркін бағынбай,
Зырлады өмір сағымдай.
Жүзге де келіп қалыпсыз,
Есімің,аға,жалындай.
Қалмайды тойың тойланбай,
Жыр айттым,аға,ойланбай.
Алғыстан халқым өзіңе,
Ескерткіш жасап қойғандай.
Тойланса тойың несі мін?
Тоқтатпас уақыт шешімін.
Ұрпағың барда балдырған,
Өлмейді,аға,есімің!