21.07.2022
  85


Автор: Баян Тіленшина

Керім аға

Көз алдымда болмысың сенің, аға, 
Ардақтайды өзіңді елің, аға,
Бәрімізге ақылшы, көшбасшы боп,
Жүруші едің бел болып, Керім аға.
Көктем қонды қанша рет таныс баққа,
Қаншама рет отырды арыс таққа,
Ұрпағыңды ғайыптан желеп –жебеп,
Ұшып кеттің, киелім, ғарыш жаққа.
Сенсіз толып ақпайды арна мынау,
Өміріңді біздермен жалғадың-ау,
Сен салған адалдықтың жолыменен,
Біз де міне келеміз, саңлағым-ау.





Пікір жазу