21.07.2022
304
КЕРІМ ТІЛЕНШІҰЛЫның 60 жас
Алпыс жас –ел ағасы болған уақыт,
Алпыс жас – орта жасқа келген уақыт,
Өмірдің тар жол, тайғақ кезеңдерін,
Өткізіп едің бастан, көрген уақыт.
«Қысқаша сол өмірді желіп өтіп,
Көрсетсем көз алдына елестетіп»,-
Деген ой орын алды Жамаһатым!
Тыңдаңыз, сөз сөйлейін өлеңдетіп.