21.07.2022
  142


Автор: Баян Тіленшина

ТҮРМЕДЕН ХАТ

Туған жерді алшаң басып,
Жүрсің бе сау, Исабай?
Сәлем жаздым хабарласып,
Миды арытып бірталай.
Елде болсам, ертелі-кеш,
Мың келерсің қиқаңдап.
Елде қалам, қағаз жоқ па,
Нендей сыр бар, бұл қалай?
Тілшедей де хат жазбадың,
Дәтің қатты-ау, я пірім-ай!
Өмір шіркін жосып барад,
Қалай қалам аңламай.
Жату қайда үйдегідей,
Құс төсекте шалқайып.
Шындық үшін жүрген жанмын,
Килігем іс талғамай.
Білгің келсе біздің жайды,
Жанкүйерлер, осылай!
Мына жазған хатты оқып ұқ,
Ішкі сырын шошынбай.
Ойға аларлық түгі де жоқ,
Кінә тағар торсылдап.
Жүдеу жанға кейбіреулер,
Нықсынатын осындай.





Пікір жазу