ИТТІҢ БАЛАСЫ
VII- тарау
Ит үрсе - сәні көшіңнің, Иттігін иттің кешіргін. Жүргісі келмес ешкімнің, Өгіз не қой боп!
Еһ, шіркін!
«Жақсылық атаулының тіреуші табаны, негізі- түсінісуде сияқты. Онсыз қошемет пен бағамың да, достық пен махаббатың да, ізгілік пен ізетің де уақыт- ша көзбояушылық, сағымдай жалған. Ондай сезімнің әр жағында бақай есеп, өзімшіл өркөкіректіктің сұм- дық –айлалары жасырын өніп-өсуі мүмкін» деп түйін- деді Ұлбалаш. Ол әкесі мен бауыры Сәуірбектің ара- лары неге суынып бара жатқанын түсінуге тырысты. Өзін әрқайсысының орнына қойып, әрқайсысының жан сезімдерін өз бойынан өткізіп бақты. Қатипаш айтқан Сәуірдің өкпе-араздығын талдады. «Атам соп- қозға бәлінсе ашқанда, оған екі ыскори әпергенде ап- комға бара алады. Жерден су шығарғанда, сопқоздың малы шашылды дегенде, айдаладағы біреулердің мектеп бітірген бала-шағасын оқуға сүйрегенде қалай жүгіре алады, ә! Өкіметке сөзін өткізе алатын болса, кәні, қайсы қыз, қайсы баласының оқуына, не жұмыс- қа орналасуына араласты, а?! Өкіметке түк еңбегі жоқ, тек Ұлы Отан соғысына қатысқандарын міндет
қып, бір емес, бірнеше үйді бала-шағасына сұрап әпе- ріп, мәшине мінгізіп жүр ғой есі бар шалдар. Біздің шал бір ауыз сөз айтуға намыстанып, өзіне келгенде қырсығып қалады. Сәуір де соған бола тырысады оған. «Халық, халық!» деп шапқылайды. Сол халық атама не бөліп беріп отыр, а? Сол халқы емес пе мұ- ны «жау» деп қаматқан, басқа не берді халқы?!»
Келіннің осы сөзінде біршама жан бар. Бірақ, Ұлбалаш әкесін бұл жерде қырсық деп емес, текті деп түсінеді. «Мен еліме еткен қызметімді міндетсініп, мәшине, үй сұрамаймын. Ол қызмет-менің парызым» дейтін әкесінің рух тазалығына тәнті қалып, өзі соған бой түзегісі келетін.Дегенмен, мына қоршаған орта- ның қағазда жазылған заңы мен тіршілігінің жазыл- маған заңы арасында кереғар айырма, кейде қайшы- лық бары да рас-ты. Ал, әр пенденің ішкі өз заңы, өз құпиясы бар екенін айтсақ, әкесі топ қарғаның ішін- дегі ақ қарғасы екені анық-ты.Әрине,өзгеге ұғынуы қиын ақтығы үшін ақ қарға басқаны қойғанда бауыр еті баласына да тосын,ұнамсыз болатыны Ұлбалашқа психологиялық жантаным маманы ретінде ұғымды.
Ал, Сәуірбектің өлшемімен қараса, оны да түсінуге болады. «Материалдық база керек-ақ». Әкелі-бала- ның ортасында үйлесімділік жасау жолын іздестірді.
Ұлбалаш былтыр елінен баспаналық жер мен егіндік мұра жерін алған. Егіндікті інісінің иеленуіне ұсынғанда, Қатипаш жүрек қабы жарылардай қуан- ған.
-Әпке, сіздей бауырмалдық бәрімізде болса-шы.
Сіз болмасаңыз, Сәуірде дым ой жоқ, жүз жерден жүгірсе де оған жер қайда-а! Енді ол жерге бидай егіп тастаймыз. Оны орып алғасын тары мен қияр егеміз де, одан былай пайда көреміз,-деп кеңірдегінен жұт- қыншаққа таман сызып-сызып көрсетуі көп болған- ды. Амал не, сол жер биыл да игерусіз жатыр. «Трәк- тіршіге пәлен ақы ақша, пәлен шөлмек арақ, түген литр сәләркі керек» дегесін әпкесі айтқанын беріп,
«еңбек етіп, пайдасын көріңдер» деген.
«Сұрағанымды тауып беріп тұрса,інісімен бірге жүрсе, жүре берсін. Нем бар! Мәшинем тозып қал- мас!» деп кеңшілік еткен Қатипаш сыған апасы Кла- ваның көріпкелдігінен ішіне қатқан кекті бірсәт ұмытыңқырап. Ауызбен орақ орылғанмен, егіндік жердің шаңы бұрқырап, шошқатікенге шырмалып жатысына Ұлбалаштың іші қызады. Үйіргелік ала- қандай жерде тырмалана тырбаңдаған дарға Қатипаш қыр көрсете, керги басып, көлеңкеде көлденеңдей ұйықтайтын-ды.
-Қараңқалсын, жалғыз жанымды қайда жұмсай берейін. Шалдың малы мен пенсиясы өлтірмейді мені, -деп шірене сөйлей тін,-осы үйдің малайлығы- ақ жетеді маған! Оның үстіне мына қырылғырлардың балдары безеріп, тіл алар деймісің! Нан соғарлар! Ме- німен ұрысып, өзара төбелескеннен бөтен дым біл- мейді, тұқымынан оңбағандар!-деп өз балаларын шұқып көрсетер еді.
Туылғалы естіп келе жатқан кеміту, кекесін, боқ- тық сөздерге еті үйреніп, намысы өлген балалары ше- ше сөзіне ыржаң-ыржаң күле салатын. Тұқымның шын шіруі намыстың өлуінен басталаты нын, оған ті- келей өзінің себепшілігін Қатипаш өңі түгіл түсінде де көрмейтін.
Бүгіндікке енді салынбақшы үйдің құрылыс мате- риалдарын іздеп, Ұлбалаш пен Сәуір біраз тірліктің басын қайырды.Мұндай оңаша басқосудың сәті түс- пегелі қаш-шан! Біраз сыр да шертісті.
-«Аталардың атынан сөз; маталардың атынан бөз өтеді» деген рас-ау, Сәуір, қалай қарайсың? Кімсің, Жанай бидің әулеті деп; кімсің, Дәулетбақтың ұрпағы деп жүрген ортамыз жарыла жол береді емес пе?
- Иә! Басқасын қайдам, мен әйтеуір көкемдей бола алмаймын. Біздер жұмыс істеп, тамақ асырай- тын робот сияқты бәлелерміз ғой.Ал, көкем... көкеме ақы, пайда табу, мансап, мінбе дегендердің еш мәні жоқ қой. Оған аурухананың жабдығы,жолдың түзеті- луі, ауызсу мен егіншіліктің, мал жайылымының, қорымның жағдайы;жаңадан типовой мектептің са- лынуы, жаңа жеделжәрдем мәшинесін ауруханаға әперу; мүсәпірлерге көмек, олардың балаларын же- тектеп апарып, білім ордаларына орналастыру... өң- кей осындай өзіне пайдасыз істер ғой қарап тұрсам. Біз... мен мұның біреуін де жасай алмаймын.Не деген кеңдік!
-Не деген дархандық, не деген елжандылық де!
-Ә-ә!Баласы болсам да түк ауыспапты ғой маған,- деп күлді ұл.
-Орта, мезгіл қалыптастырады нені болса да.Күнде өскен шөп қандай,көлеңкедегі шөп қандай. Біз...
-Біз үйде өскен үлпілдек шөппіз-ау? А-ха-ха!
-Қой, күнге күйіп, желге қақталайық деп үй салғалы жүрміз ғой міне,біз де.
Жоғалтып, қайта тапқан қымбатындай, Ұлбалаш бауырының әңгімесін тыңдай отырып, оған жәудіреп қарағыштай берді. Ең бастысы –оның әкесі туралы пайымдауы келінінің түсіндірмесіне мүлде ұқсамай- тындығына қуанды. Демек, «у бере салайықтың» бір тұтам құйрығы шолтаң етіп шыға келгені –басты ба- қыт! Ол Сәуірді қатты сағынғанын осы қазір білді.
Қаншама жылдар бойы оңаша сөйлесетіндей уақыт таба алмаған өзіне өкпелеп,өкініп отыр. «Бәсе, мен танитын Сәуір осындай мейірімді, осындай бауырмал болса керек қой. «Әкемді өлтір деді» деген әйел сөзі – зымияндық. Бәсе!»
Ұлбалаштың ойына келінінің осындай сұмдық- тары мен сұрқиялық тарының тізбесі келе қалды.
Осыны інісіне айтуды бір ойлап, оның соңы әйелімен ажырасуға соғар деп қорықты. «Келінді енді қайта тәрбиелеуден еменді ию оңай шығар». Ол үндемей, көзі жасаурай берді.
-Мен мына үйден қайда көшуді білмей жүрмін, - деді Сәуір. – Ағайынның алыс тұрғаны сыйласқанға жақсы екен. Енді үйден ақша ұрланатын әдетке ұшы-
радық. Әдейі қанша сомдықтан қанша дана екенін санап қоятын болдым. Әрқайсынан аз-аздап алынады. Шын ұры бәрін алмай ма? Бұл сол Ақшайымның ұл- қыздарынан болмағанда, кімнен дейсің! Күйдім! Ай- тып түзей алмаймын да, олар мойындамайды да. Тек көшіп қана құтыла аламын,-деп күйінді.
-Мүмкін олар емес шығар? Олар ақшаларыңның қайда тұратынын қайдан біледі?
-Со-лар-р! Анау аңқау Қатипаш бір-екі рет көзде- рінше ақша алып беріпті ғой.
-Онда орнын ауыстырыңдар.
-Бәрібір тауып алады, талай ауыстырдым да.- Сәуірдің есіне Қатипаштың теңеуі түсті. «Жаппар атамның бала-шағасын алла-тағала төртаяқты еткенде апшаркі болар еді»,-олар кәдімгі овчарка!
-Көзіңмен көрмеген соң ештеңе дей алмайсың- туысың. Қазақ «қоңсыңды ұры тұтпа» деген ғой. Он- да артық ақшаларыңды маған беріп қой, бізде ештеңе жоғалмайды.
-Иә, сөйтемін-ау.
***
Күнімен жол жүріп шаршаған Сәуірбек бөлме- сінде тынығып жатқан. Ақырын есік ашылып, мысық жүріспен бөлмеге біреудің кіргенін анық сезді. Көзін жұмып, қимылсыз бақылады. Әлден уақытта сытыр- сытыр ақша дыбысын аңдады. Сосын ілулі шалбары- ның белдігіндегі бекіткіш темірлер жәй ғана сылдыр етті де, ол да тына қалды. «Шалбарым орнына ілінді» деп түйді бұл. Есік сықыры қайта естіліп, бұл оқыс
ыршып түрегелгенде, өз ұлы – Жолбарыстың әбір- жіген кейпін көріп:
-Бері кел! Неғып жүрсің?-деді.
-Ә-әншейін...
-Шыныңды айт! Не істеп жүрсің?
-Ә-әншейін...
-Шалбарымды әкел, -ол қалтасында әлгінде ғана өзі санап қалдырған ақшасының 20 рублі кем екенін анықтады.
-Ақша алдың ба? Айт! Не үшін керек саған ақша? Айтсаңшы! Кім әкел деді? Шыныңды айт! Қайда қой- дың, шығар ақшаны!
Жолбарыс бедірейе қарап, үнсіз тұра берді.
Сәуірбек оның қысқа шалбары мен көйлегінің қал- тасынан түк таппады.
-Эй, алдың ба ақшаны?! Қайда тықтың?
-Жо-оқ, алғам жоқ... Ә-әшейін жүрмін...
-Шешін! Түгел шеш үстіңді!
-Дір-дір еткен бала шешіне бастады.
Шиыршылықтала бүктелген 20 сомдық тырнақтың үлкендігіндей бөлікпен еденде шашылып жатты.
-Эй, атаңа нәлет-ау, мынауың не, а? Эй...
Сәуірдің шапалағынан жалаңаш бала ұшып түсті де, баж етіп бақыра жылады.
-Өшір үніңді! Не үшін алдың? Айт! Егер шы- ныңды айтпасаң өлтіремін. Жылама!
Көшеде әйелдермен әңгімесі қызып, қыт-қыттай күлген Қатипашқа баласының бірі үйдегі айқайды
жеткізгенде, ана жүрегі алып ұшып, сүріне- қабына үйге жүгірді.
Бұл кезде баласынан жауап ала алмаған Сәуірбек шалбарының қайыс белдігін қолына ұстап, ұлынан әрі қалшылдап тұрған-ды.Бір-екі осып жіберген-ау, шешесіне тартқан сары баланың құйрығы қызыл- шақа.
-Не болды?-деді Қатипаш сұрлана кіріп.
-Айт, айтасың ба, жоқ па? Не үшін ұрладың ақша- ны? Ұрамын тағы, айт!- күйеуі ұзын қайыс белдігін ысылдата үйіргенде Қатипаш «ұрмашы, ұрма!» деп қолына жабысты.
-Былай тұр, өлейін демесең!- Сәуір әйелін итеріп жіберді, - Безергенді көрсетейін мен саған, иттің ба- ласы! Айт!-ысылдаған белдік арашашы Қатипашты осып кетті.
-Ойыбай, Сәуір,өлтіремісің?!Жүрегі ұшып, айта алмай тұр ғой мұның! Саған безеріп не көріпті қанша қырсық болса да. Ұрмашы, ашуыңды басшы.
Қорқытқан біреу бар ғой мұны «ақша әкел» деп,- күйеуінің қолына орағытты. Жәй сұрайықшы шын білгің келсе. Бұл ақшаны қайтеді? Арақ ішетін, анаша шегетін жаста емес, шылым шекпейді. Ақшаны кім айтты саған «әкел» деп, айтшы, Жәкөш, а? Ім-м... қо- рықпа! Кім үйретті ақшы ұрлауды, а? Ім-м... айта ғой.
Жолбарыс үндемей безерді, тіл қатпай қорсылдады. «Айтқыз. Айтпаса өлтірем» деп Сәуірбек төсегіне отыра кетті.
-Ойыбай, әнеукүнгі қаланың ышпаналары үйре- теді-дә, кім болсын басқа?! Ауылдағы қазақы балдар аңқау ғой, дыммен жұмыстары жоқ. Ой-бай, айтпай- ақ қояйын деген ем, енді айтпасам болмас.Ұлбалаш әпкең екеуің соның үйіне есік-тесік іздеп кеткенде Көпен, Жансаялар осында жүргенде-ші, мәшинеңнің касеталары тағы жоғалғанда –шы, Көпеннің жылт- жылт еткізіп шылым шеккенін көрдім ғой. Біздің ба- лаларды да үйретті –ау сол. Алпамысты байқап қал- дым. Касетаңды үйіне апарып тыңдайды, ақшаңды мына байқұстарға ұрлатады, арақ ішеді. Ол жетпегір сандықтағы құлыптың ашылатын нөмірін білуші еді, анау Жансая қақатұяқ екеуі біздің аңқауларға «сан- дықты ашайық, фотоаппарат ты іздейік» деп ашқы- зыпты.Сонда олар ақша іздеген ғой,ә? Жәкөш, солар емес пе «ақша әкел,ұрла» деген,ә? «Айтсаң өлтірем» деді ме?
Жолбарыс дірілін басып, басын изей берді. Жан- алқымда жол көрсеткен анасынан жаны сая тауып, қорқынышы басылайын деді.
-Киіне ғой, жарығым. Папаңа шыныңды айтсаң, ұрмайды сені. Иесіз қалғыр, қараңқалғыр апаларың- ның өздері ар-рам. «Сәуірге мәшинені неге әпердің? Енді бұзылып кететін болды» деп маған әбден ұрысты ғой Алтынай мен Ұлбалашың. Сен жүрсің әпкеңе үй соғып берем деп шапқылап. Ақ көңілсің! Мен «тоқал әперіп, той жасап беремін» деп едім, екеуі жарылуға сәл-ақ қалды. Көре алмайды ғой бізді. Шешелерінің көре алмайтынын білемін, балашағала-
ры саған жақсылық ойлай ма?! Ә-ә, әлі бізді ит қыла- ды олар.
Сәуір сыртқа шығып, қайтып келгенде Қатипаш пен Жолбарыс тың жарыса айтқанынан ұққаны- Жолбарысты ұрлыққа үйреткен – Алтынай мен Ұлбалаштың ұл-қызы болып шықты!
-Қап, атаңа нәлеттер-ай, ә! Баланың тәрбиесін бұ- затын болды-ау, ә! Әй, миғұла Жолбарыс! Саған айтып тұрмын, естіп тұрсың ба? Ұрлама, ештеңені ұрлама екіншілей! Керегіңді айт, өзім алып беремін, түсіндің бе? Ешкімнің «ұрам» дегенінен қорықпа, айт маған жасырмай! Ұқтың ба?
Жәкөштай басын изей берген.
-Жүр! – деді сосын әкесі, мін мәшинеге! Қазір Көпен-сөпен, Жансая-мансаяларыңды шешелерімен қосып, быт-шытын шығарайын. Жүр! Әй,-деді сосын ол әйеліне,- сен сүмелек сүмелектене бермей, басың- ды көтер енді! Ұқтың ба? Олардың ұрлық-сұмдық- тарын кезінде айтып тұр. Жасырма! Воще-е енді оларды үйге жолатпа! Есіттің бе, әй, сүмелек!?
-Иә, есіттім, -деп әйелінің дауысы мұрын астынан зорға шығып сүмірейді.
Терісіне симай булыққан Сәуірбек мәшинесін арылдата басып,Жолбарыспен көздестіру үшін, бет- теріне түкіріп, «Менің үйіме қарай аяқтарыңды аттап басушы болмаңдар!» деу үшін Алтынай мен Ұлбалашқа бет алды.
***
«Дейді-дейді» дегенді дегізе бермей, аузыңнан шыққан сөз емес, құлағыңа жететін сөзді де қажетсіз жерінде тыйып тастап, бойыңды таза ұстауды адам- дық жақсы дағды, текті мінез деп есеп тейтін Ұлба- лаш. Сондықтан, өсекші қатын-қалаштар ол отырған жерде ауыздарын бағып байқайтын, сұстынан сеске- нетін. Сол себепті өзі туралы «дейділер» бұған жет- пей жығылып,мұның хабарсыздығынан да айнала- сындағылармен сыйластық қарым-қатынасы шынайы болатын. Біреуге салмақ артып, талап қою, бірнәрсені міндеттеу, жүктеу-мұның әдетінде жоқ-ты. Өз шама- сын ша тірлік істеп, барына қанағат етіп, басқаларға шын сөйлеп, шынайы күлулері, бетпердемен көлгір- сімеуі ғана бар. Ниет түзулігін алға шығарып, қалта қалыңдығын соңына қоятын.
Басына баспана көтеріп, биыл бір-екі бөлмесін бітіріп, орныққанына Ұлбалаш қалай қуанса, бауыры Сәуірбектің бұл істе бейтараптығына таңырқап, іштей солай ренжитін-ді. «Неге?» Жанбайтын шамның, жылытпайтын пештің үйде орын алып тұруы қажет пе? Кәдеге аспаса, шам болған ұсқыны, пеш болған мұржасы нан не қайыр?!» Шешесіз жетім көңіл, жан- жарсыз жесір көңіл, баласын бауырында жаратқан ана көңіл дауыл мен жауыннан қорғайтын пана із- дейтін. Ширыға шаршап, шартарапты оймен шарла- ғанда, шиыршықтай беретін жолы-қартайған әке шаңырағы нан өрбіген өз бауырлары еді. Баспана- сының тұғырын құйып, қабырғасын көтергенде;
төбесін торлап, лайын сыбағанда;шатырын тұрғызып, еденін төсегенде, есігінен басын сұғып «халің қа- лай?» демеген, қарайып төбесін бір көрсетпеген Сә- уірбек үшін елден ұялатын. «Неге?Неге?» деген сұрақ адымдаған сайын қайталанып, үлпілдеген мақта сезімі шиыршықталып, қатая түсетін. «Неге екен?
Шынымен ақ, Сәуірбек безбүйрек, тасмейір табиғат па?» деп іші ұли жылайтын-ды. «Әлде быжылдаған әйелі миын быжытып жіберген бе? Әйел ғана азғын ба? Өзінің көкірегінде көз жоқ па?! Әйелін маған тәрбиелетем деген құрметі, маған сенімі не себепті өлді? Менің қателігім бе, кімнің қателігі?»
Ұлбалаш «Сен неге сондайсың?» демеді, бұл тақырыпты ешкіммен де, ешқашан сөз де етпеді. Өйткені-Сәуірбекті шағып, бөлшектеп беретіндей, оған өзінен жақынырақ адамы жоқ еді. Өз қолын өзі кесе алмайтын да, жан жарасынан жүрегі қатаятын. Ілуде бір кездескенде салқынқанды қарсы алуына көндікпеске лажы жоқ.
Өткенде сол інісі «Қандай тірліктеріңіз бар?
Мәшинемен тындырып тастайық» деп үйіне келгенде, көп жылғы өкпесі лезде тарқап, қараңғы көңіл шамы жанғандай, інісімен бірге өткізген бір күні үшін Ұлбалаш өте қуанышты еді.
Зарығып көрген ұл бала болған соң Сәуірбекті бетінен ешкім қақпады. Апыл-тапыл аяғын басқанда оның Жаппарқұл көкесі жасаған кішкене ағаш балға- сы, домбырасы, садағы, ағаш мылтығы болушы еді.
Еркеліктің дәмін алған ол басқаларға «басыңа балға- мен ұрғыз» деп жылайтын.Бұл талапқа еркеліктің мамық тұғырынан әлі еншісін алмаған, өзінен үш –ақ жас үлкен Ұлбалаш та көнетін. «Зә-әй ұлам» деген шарт бұзылып, балғаның үшкір ұшы шақ еткенде, ер- ке қыздың жарғақ басы лақтың мүйізіндей талай ісі- ген. Бірақ Сәуірбекке қол жұмсалмайтын, тек ауырған жеріне алақанын басып, «ауырмайды, қазір қояды» деп өзін жұбататын.
Бала емес пе, жанына қаттырақ батқан бір күні Ұлбалаш Сәуірге тұра ұмтылған-ды. Анау ауланы басына көтере шыңғырып қашты. Көкесі Дәукең көлеңкеде кітап оқып жатса керек, екеуін қасына шақырды. Сосын бетіне моншақ-моншақ көз жасы тарамдалған Сәуірбекті аяды ма, әлде оны жапа шек- кенге санады ма, істің байыбына бармай Ұлбалашқа қатты жекіді.
-Артыңнан ерген жалғыз балаға күн беремісің, жоқ па?! Екінші көрейін!-деп Ұлбалаштың бір уыс санына күректей алақаны мен салып қалған. Ауыр қолдың орны көпке дейін дуылдаған.
Ашынып жылаудың не екенін, жазықсыз жапа шегудің зіл батпандығын алғаш рет бала жүрегімен сонда сезінген. Мұның қолы тимей-ақ, шыңғырған інісі «Ләй-ләй! Ұла-май-шың, ләй-ләй!» деп желкесінде жырлап тұрған-ды. Иә, ұра алмайтыны рас-ты. Неге екенін, бұл үйде әке сөзі екі рет қайта- ланбайтын. Тіршілігінде әкесінен жеген жалғыз соқ- қысы да сол болды.
...Енді пайымдап қараса, бір сәткі тәрбиенің адам өмірінде, оның қалыптасуында терең із қалдыруы мүмкін екен. Дәукеңнің, негізінде Хадиша мамасын- дай даусы қатты шықпайтын қыздары кәзірге дейін Сәуірбекке тіке келмейтіні де сол кезден қалыптасқан талаптан шығар-ау, Әйтпесе өзге жанұяларда өзінен кішілері тұрмақ үлкендеріне де дау соғып, айтысып- тартысып, жыртысып-бітісіп жатады-ау осы. Бұл үй- дегілер үнсіз өкпелесіп, сыпайылап сөйлесіп жүр- гендері.
Қалай дегенде де осы жолы үнсіз өкпелесіп, үнсіз қайта түсін ген інісіне Ұлбалаш риза еді.Қатипаш ке- ліні мұны көтермелеп: «Бәріміз сіздей бауырмал бо- лайықшы. Баяғыда ініңізбен алғаш танысып жүргенде сізді көп айта беретін. «Мен сені мамама да, басқаға да емес, тек Ұлбалаш деген әпкеме тәрбиелетемін» деп. Бекер айтпаған екен!».Әлде, Қатипаш келіннің бір ықпалы болды ма? Өкпелескен бауырларды жа- қындастыра алатын келіннің ақылы нан да, амалынан да әпкесі айналса болмай ма! Балалықта бір-бірінің қадірін біліңкіремейтіндер де азуына ақыл тіс шық- қаннан кейін-ақ бауырлардың, достардың қадір-қаси- етін айыра білулері керек қой.Шүкір,«ештен кеш жақ- сы» деген осы!Қайта Ұлбалаш «жоғалтып» барып тапқан Сәуірінің қаншалықты қымбаттығын тереңі- рек сезінгендей болды.
Ертеңгі орнатылатын есік-терезелердің жақтауын сыбауға қажетті балшықты дайындап, сабанын ара- ластырып жүрген Көпеннің бет-әлпетін тамшы-там-
шы боп жабысқан балшықтан түстеп тану қиын еді. Тізесінен балшық кешіп, кетпенді құлаштай көтерген балаң жігіттің ерен қимылына, маңдайын шарт таңған шыт орамалдан төмен шүмектей аққан терге сүйсіне қарап, Ұлбалаш сабан сеуіп тұр.
-Әпше, Мамыр ағамды күтпей-ақ таңертеңнен бастап өзім-ақ жақтау шығара беремін. Үйреніп алдым,-дейді.
-Қайдам, Мамыр ағаң жаратпай жүрмей ме?
-Мама, шәй жасай берейін бе? Тамақ пісті, -деді Жансая.
Бұлар жуынып, реттеліп, дастарханға жайғасты.
Қай жерге турник, қай жерге бокспен айналысуға құм қапшық ілетіндерін айтып, қайсы бөлме Жан- саяға, қайсысы Арман, Алпамыс үшеуінікі екенін жоспарлап Көпжасар мәз. Сырттан «Жүр, бас ая- ғыңды!» деген қатқыл үн, еденді соққан ауыр аяқ дүрсілі естілді. Дастархан басындағылар елеңдесіп, түсініспей-ақ есіктен Сәуірбек пен Жолбарыс кіріп келді.
-Ой, сендер ме? Келіңдер,-деп Ұлбалаш та, басқалар да қуанысты. Бірақ, Сәуірдің түрі жылан қуғандай құп-қу. Босағадан аттаған күйі қалшиып тұра қалды да, «ассалаумағалейкум» деп қол созған Көпеннің жағасынан бүре ұстап, оны қабырғаға жапсырды.
-Эй, не істеп жүрсің?
-Не істеппін?
-Ой, хайуан! Ой, шешең... Аферист! Түк білмеуін қарашы-ей! Неге мынаған ақша ұрлауды үйретесің, а? Бір сом әкелсе, аз деп ұрады екенсің. «Он сом әкел» дейді екенсің. Осы тұрған орныңа қағып жіберейін бе?! Әк-кеңнің...
-Қашан? Е, Жолбарыс, қашан сүйдедім мен саған?
-Әкіреңдеме! Эй! Қарашы «қашан?!» деуін! Бұл өтірікті құрастыра алмайды әлі сен сияқты. Енді қорқытып көр! Әкіреңдеме оған! Мен сені, білесің бе, шыққан жеріңе қайта кіргізіп жіберемін!
-Аға, өтірік бұл!
-Эй, оттама!Мынау өспей ме? Сенің бетіңе түкірмей ме сонда?
-Сәуір аға,түкірсін рас болса! Өтірік!
-Сәуір, егер рас болса, сұмдық қой мынау!
Ашуды қойып, отырып сөйлесейікші. Мен Көпен сөйтті дегенге сенбеймін. Мұны анықтап, сосын біреуін жазалайық. Отыршы. Саған айтпаған едік, Қатипаш айтқызбаған. Мынау Жолбарыс өткенде осы үйдің терезесінен түсіп, майда-шүйде ұрлап, есікті қайта жауып бара жатқанында келіп қалғанбыз.
Сосын «керегіңді айт, алып беремін. Терезеден ешкімнің үйіне кіруге болмайды» деп түсіндіргенмін. Міне, көзі тұр. Отыршы...
-Ой, қойшы сені!
-Неге мен де «қойшы» болуым керек? Маған сенбеймісің?!
-Сендердің бәрің оңбайсыңдар! Біреуің де!
Тойдым сендер ден! Әкеңнен бастап!
-Солай ма?! Маған қалай «тойдың?»
-Ішінде сені әжептеуір ме десем, сен де көре алмайсың! «Мәшинені неге әпересің?» деп сен де Алтынайға қосылып ұрсыпсың ғой Қатипашқа!
Оңбаған!
-Ақымақ! Кім саған оны айтқан? Қатипашың ба? Бір туғандарың сені көре алмаса, «көретінің» кім бұл дүниеде? Соны ойламайсың ба? Сен бұл сөзді әпшем айтты деп өкпелеп жүр едің ғой? Бәле сенің Қатипашыңда! Әкел қазір оны!
-Әкелем!
-Әкел! Мен оның бар өсегін, сұрқиялығын бетпе- бет айтайын! Енді көзім жетті оған!
-Ол бір жүрген бейшара! Сендердің былықтарыңа, капризде ріңе көніп жүрген бейшара! Бұл есікке сол жетімнен басқа адам шыдамас еді.
Тойдым бәріңе!-Сәуірдің иегі кемсеңдеді. Тарс-тұрс басып, шығып кетті.
Інісінің шын күйініп тұрғанына Ұлбалаш күйінді. Келінімен жасырынбақты тоқтатып,ашық сөйлесуді шешті.Бірақ, Қатипаш пен Сәуір келмеді. «Тек шын сөйлейтін,өтірік айта алмайтын, тіліп тастайтын ба- тыр келін неге келмеді? Найзағайдай қарқынмен кеткен Сәуірді ол «бейшара» не деп бір сыбырмен тоқтатты екен!? Қандай шара көріп, келтірмеді?» Ұлбалаштың жауапсыз сұрағы осы болды.
***
Алтынай Сағынышы мен Арманды, Жарқынайды алып, Ұлбалаштың үйіне қолқабыс жасауға келді.
Мамыр мен Үрлән да осында екен, шелектеп лай та- сып, су тасып, сабан араластырып, әлекке түскендер. Қарап жүрген ешкімді көрмейсің. Алтынай мен Жарқынайдың еншісіне есік-терезелерді майлап-сыр- лау тиіпті. Магнитофоннан әсем әуен төгіліп, ауланы толқындатады. Балалардың көңілді әңгімелері шіңкіл- дек Сағыныштың ән-биінің айналасында.
-Сағыныш, «Ро-за» деші. Кәні, «Роза»
-Шо-жә, шо-жә...!?
-Сағыныш, «Қай-р-ат» деші. «Қай-ра-ат»
-А-я-ақ, а-я-қ!?
Тәтті тілдің балдай сөзіне бәрі де тоймайтындай, тағы-тағы естігілері келеді.
-Сағыныш, бар у-у мамаларды, тәтелерді шақырып кел. «Жүр» де, «тамақ ішеміз» де.
-Жү-і? Мамақ-і? Мамақ іщә-і?- деп Сағыныш томпаңдай жүгіріп кетті.
Шәй үстінде Алтынай «ауылға барып, көкеме сәлемдесіп келмейміз бе?» деді. Бірақ, ешкім бұл ұсы- нысты қолдамады.
-Көкеме баруға міндеттіміз ғой, бірақ,...- Мамыр тоқтап қалды.
-Мен үйде болайын, сендер... барыңдар, -деді Ұлбалаш екі келініне. Жарқынай үндемеді, Үрлән да желеу айтты.
***
Туған үйіне бір өзі келген Алтынайдың алдымен кездестіргені Қатипаш болды. Ол шүңірек көзінің ұң- ғысынан «екі оқты» қатар атып, қауын беті тырсия әрі бұрылды да «хұқ!» деп қақырына бір түкіріп, тырп- тырп басып жөнеп берді.
«Оқ тиген» Алтынай дел-сал күйде біраз тұрды да, есіне келіп, әкесінің бөлмесіне беттеді. Бөлме өлген мысықтың денесі жатқан дай сасып кеткен. Күл салатын шелек пен екі гаршоктағы нәжістерге ғұж- ғұж қайнаған көк шыбын, қара шыбындар! Шаң бас- қан кітаптардан қайысқан екі шкафтан шиқ-шиқ
«күлген» тышқандардың дауысы естіледі. Одан қалса шаңы бір елі еден үстінде із қалдыра қуаласпақ ой- нап, адамды адам екен демейтін сұр жәндіктер бұ- рыштағы шифоньер алдында жатқан жыртық газет үстіндегі сарқыты қатқан сары табақ ішіне кіріп- шығып, шығып-түсіп шықылықтайды. Дәукеңнің дастарханы боп есептелетін газет жыртығының көже қалдығы қатқан бұрышын алдыңғы екі аяғымен қыса көтеріп, құшырлана кемірген сұр тышқан «Қан-дай дәмді қағаз! Қандай дәмді тамақ!» деп тамсанып, өз- деріне осындай жұмақ жасап бергендігі үшін мынау адамзатқа алғыс айтатындай, доп-домалақ қара көздерімен жәудірей қарап, жұтына кеміреді.
Газет үстінде, еденнің әр жерінде жатқан таудың қойтастары нан аумаған қатқан нандар мен тас ба- уырсақтардың ара-арасында ызғи жүгіріскен падиша тышқандар әлде балғамен де бөлінбесін зерттеп қой- ған ба, әйтеуір ешқайсында нан жарықтыққа көңіл
бөлер ой жоқ. Осы наннан нәр алмасына көзі жет- кендей, оған шыбын да қонбайды. Ешкім нанды мен- сінбейді. Бұрыштағы үстел үсті бығып, сары шифо- ньер аузы қисая ішек-қарны ақтарылып ол жатыр.
Алтынай төрдегі қоқыған сұр кереуеттен әкесінің қалбиған арық сұлбасын, селкілдеген сақалын әрең ажыратып, солай қарай адымдады.
-Кө-ке-е!-деп жылап жіберді.
Куыршақ пішіндегі қара шал қалт-қалт етіп, құры терісі салбыраған сүйек қолдарымен қызын кеудесіне басып, маңдайынан иіскеді.
-Ботам-м, бота-шым-м! Барсыңдар ма? Үй-іші аман ба?
-Иә, көке. Бізді қойшы, өзіңіз...
-Еһ-һ, осы –біздің күй. Менің күнімді итке де бермесін, ботам. Ажал деген шіркіннің шақырғанға келмейтіні несі екен?! Қазір өлсем риза едім, өле ал- май шаршадым-ау!
-Мына бөлмеде ауа жоқ қой,есік-терезені ашып, кішкене жиыс тырайын,-деп тұруға ыңғайланған қызын әкесі тыйып тастады.
-Қой ашпа! «Сасығыңды шығарма» деп ашқыз- байды мына мырзалар,-деп әкесі селкілдей күлді,- жастығымды биіктетіп, отырғызшы. – Дәукең «Еһ-һ» деп жалынын шығарып, аз-кем үнсіз қалды. Сосын тағы баяу тіл қатты:
-Ботам, бүгін жинағаныңмен, ертең осы қалыпқа келеді. Неғыласың жексұрын көрініп. Мен көндік- кенмін бәріне. «Қызы қарағанымызды жақтырмады»
деп сөйлетпей-ақ қой бұл мырзалар ды. Мені әкетем деп те әуреленбеңдер, осында-өз үйімде өлемін. Одан да тары әкеліп берсеңдер, тамағыма құйып, артынан су жіберіп, өлгенімше талғажу етейін. Ішке барғасын бөрітіп, бөгіп жатар. Нан жейтін, тамақ жейтін тіс жоқ. Оның үстіне тамақ сұрау, шәй сұраудан ығырым шықты. Айқайлап жатып, зорға хабар алғызамын. Он айтқаныңда әкеледі, онда да абақтыдағы адамдай мын, есіктен тастайды да кетеді. Әне, тышқандар ойнақтаған ыдыс-аяқ ертең ас келерде бір-ақ жиып алынады. Бұл қорлыққа төзгенше өлгенім жеңіл еді- ау... Мені керек етпеген тіршілікке мен де артықпын. Осы үйде керек болсам, анау ең кішкенеге керекпін.
«Ата-ата» деп сол ғана кіріп тұрады маған.
-Сәуірбек ше?
-Еһ-һ! Бәле соның өзінде емес пе? Ол бас сұғуға жиіркенетін мырза ғой! Үндеме ботам. Бұлар кетті осымен! Тек тары мен шәй ішуіме тәттіні өзіме әкеліп беріп тұрыңдар. Келіннің қолына түссе маған бермейді, ботам-ау.
Алтынай манадан бері үндемей жылап отыр, оның екі көзінен басқа ата шаңырағын билеген
«мырзаларға» әлі жетпесіне, сөзі жүрмесіне сенімі бар еді. Әкесінің мына азабын қалай жеңілдетуді ойлады.
-Көке, Ұлбалаштың үйіне жәрдемдесуге сонда жиылдық. Сізді де алып барсақ-шы.
-Мені онда қалай жеткізесіңдер?
-Мақұл десеңіз, мәшинемен жеткіземіз.
Әкесінің жауабы тез болмайтынын білетін Алтынай сыртқа шығуға рұқсат сұрап, ас үйдегі келі- ніне сәлем берді. «Армысы» да, «бармысы» да жоқ келіні шот маңдайының астындағы қосауыз мылтық- тың ұңғысындай шүңірек көздерімен атып жіберіп,
«кімсің?» демей, табақ-аяғын сақырлатып жүре берді. Тіл қатып, кішірейгісі келмеді.
-Не болды саған? Кімге ашуланып жүрсің? Не, маған өкпең бар ма?-деді Алтынай.Сол-ақ екен келіннің дорбаланған аузы «сөгіліп», пырт-пырттай жөнелді:
-Сен мені, менің бала-шағаларымды өле қалсын деп, қырылып қалсын деп әбден қарғап-сілепсіз.
Сосын мен де айттым,айтқаным ды жасырмаймын. Оның да құдайдан сұрап алғандары қырылып қалсын деп қарғадым. Сонда немене, әкеңнің малағын таза- лап, бағып-қағып отырғаныма рахметтерің бе, а?
Сүйреңдеген келінді «тоқташыны» он айтып жүріп Алтынай әзер тоқтатып, «оны кім айтып жүр?» деп сұрады.
-Мынау шал- әкеңіз айтты! Бөтен айтса сенбес едім. Сәуір екеуміздің жазығымыз не сонда? Ешкімге бермей, кассаға салған жүз мәшинелік ақшасы қазір ақша ауысқалы бері бір тышқақ лақтың құны бопты! Ішім күйді –ау! Бұл шал ертең өлсе арты ашылады әлі! Дымы жоқ! Үйін анау бұзылғанға берді!- келін ұзақ «шапты». Дәукең садыраларын әдейі қабырғаға жағатынын, неше түрлі адам есітуге ұялатын жабайы- лық қылықтары мен былапыт сөздерін, майрампаз-
дықпен көрсетіп, тіпті ас табағын зәрі мен ең лас қағаздарға толтырып қайтаратынын пытырлатып демалмай айтты. –Бұған қалай шыдауға болады?! Маған издевайса қылады мына шал!
«Дәукең жатып қалыпты» дегесін қадірменді кісі- нің көңілін сұрай келгендерді қаласа кіргізіп, қалама- са «адам танымайды, алжып қалған» деп кіргізбеу де осы келіннің еркіне тиді. Әкесінің де Қатипаш үшін
«Ванька-встанька» болғанын Алтынай қайдан білсін. Дәулетбақ қартты қажет жерінде келіні алжытқысы келмеді, «издевайты» тиімдірек еді.
-О несі? –деп таңданды Алтынай, -әлде алжыды ма? Сөзі дұп-дұрыс қой...
-Алжыған жоқ, издевайтса қылады! Сіз мені қар- ғады дегенге де сенгім келмейді- мамамның орнына мамамсың ғой, бірақ мына шалдың әдейі шағысты- рып тұрғанына күйемін!
-Шағыстырғаны несі? Көкемнен сондай қылық шығады деп кім ойлай алады?!
-Айтты! Айтты деп тұрмын ғой.Сенбесеңіз көзі- ңізше айтайын. Өзінің блокноты бар. Соған сіз, жез- дем, Көпен үшеуіңіздің аттарыңызды арапшалап жа- зып, «алты мың сегіз жүз бердім» деп қойыпты.
Мұны әлі Сәуір білмейді, білсе, араларыңыз бекерге суып кетеді. «Малағын біз тазалап, ақшасын қыздары пайдалана ма» деп ашуланады ғой ол. Жақсы болмай- сыздар, әпке!
-Бидай әперсін, -деп жездеңе Көпеннен мың үш
жүз ақша беріпті өткенде. Басқасын қайдам. Ұнды өзіміз –ақ әпереміз ғой.
-Әні ар-ра-мы ғой, 6800 бердім депті.Сізге жаны ашымайды, ә! Туғанысыз ғой! Әкесіне аяусыз Сәуір тура үйіңізді өртейді,одан да бере салыңыз сол жаз- ғанын!
Өзіне өткендеріне місе тұтпайтын, әке шөмішін ұстаған келіні өтуге тиісті дүниеге кітап арнаса, Дәу- кеңнің қыздарының амалы қайсы?
-Қойшы, айта бермей. Ертең сондай сома әкеліп беремін,соны сөз етпей-ақ қойшы.
Алтынай ман Ұлбалаш ақылдасып, одан-бұдан әзер құрасты рып, тыныштық пен ынтымақ үшін алты мың сегіз жүз ақшаны әке үйіне Алтынай алып бар- ды. «Көке, мынау бидайға деп бергеніңіз. Сәуірлер осы жақтан өзіміз ұн аламыз дейді» деп әкесіне өзі бермекші еді, келіні Қатипаш сыртта санап алды да, уыстап, қайын атасына білек сыбана кірді.
-Ол шал мұны бізге тағы да бермейді, жүріңіз сізді жұртқа жамандамасын. Мен алдым деп айтайын,-деді.
Алтынай көкесіне кешегі айтқан тарысы мен тәттілерін берді.
-Неменеге әкелдіңіз бұл жаққа?Енді тойғанын білмей жеп-жеп тышқақтайды. Кімнің соры- менің сорым!-келін оталды да кетті. Осы сөздер туындап, балалап, аспанға шапшып, жерге қадалды. Жерді жарып, айға атылды. Мына бөлме де, оның ішіндегі әке мен баланың жүректері де қалтырады. Жылан
шаққандай жаны шыға шыңғырған Қатипаш Дәу- кеңнің тышқақтығын, издевайтсасын, бетсіздігін, ақшасын көріне әкететіндігін, мына қызын да өсек- теген қатын мінезін, қойшы не керек, тоқтаусыз айқайлап бетінен қапты. Жан-дүниесін сояу-сояу сөздерімен сойып, талап тастады.
Төсекте жатқан бейшара кәрие пыт-пыттың түгіне түсінбей, ара-арасында «айқайлама маған! Сен мені туып алып па едің? Менің шешембісің?!» деп қарсы дау айтып қояды. Тоқтайтын, тыңдайтын, ұялатын Қатипаш па, қосарлана дірілдей айқайлап, пытыратып жатыр. Ақырында:
-Баяғыдан бері өстіп бермейсің бе пенсияңды?
Тасыңа осы үйден ішіп жүрсің ғой! Осы отырған же- ріңде жоқ қылып жіберейін бе?!-деп төсектегі қайын атасына бүктелген шұбар жыландай шынтағын оқтап- оқтап, төніп-төніп шыңғырды. Тарғыл дауысы қарлы- ға айқайлады.
-Міне, алты мың сегіз жүзіңді сыздым. Тағы кім- ге ақша бергеніңді айт одан да. Ертең өлсең, артың ашылады, соны ойла! Өмір бойғы жиғаның қайда?
Не, жыртысыңа мына тышқаныңның жемі-кітапта- рыңды таратам ба елге? Не, оны туалеттеріне қоя ма ел? Ақшаң қайда-а?-деп көгерді Қатипаш қайын ата- сына тап-тап беріп. Ақыры ақшаны емшекқабына тыққыштап, бұрқ-сарқ қайнап сыртқа беттеді.
Дірілдеген бойын әзер билеген Алтынай есін жиып, әкесіне тіл қатты.
-Көке, қазір мәшине тауып, әкетемін сізді,-деді.
*** Алтынай сыртқа шықты.
-Сендер де кәртейерсіңдер,-деді Алтынай келіні- не,-неге сонша даурығасың?Ертең сенің келінің саған бұдан да әріні көрсетпей ме? Өйткені –сендердің оқ- та-текте болса да келінге берер пенсияларың жоқ, сендер пенсия алмайсыңдар. Жұмыс істемейсіңдер.
Көкемнің қызметін өкімет бағалағанда, балалары ба- ғаламағаны ма? Ұят болды!Қатипаш,өгізге туған күн бұзауға да туады деген.
-Тәте, нервімді тоздырды ғой өздері. Балаларды да тура өз...
-Қойшы жырыңды,-Алтынай келін сөзін кесіп тастады.-Мен көкемді әкетемін, сен демал. Сосын киізін, көрпе-төсегін күнге жайып, бөлмені әктеп, та- зартып қой. Елге күлкі болмаңдар, түге. Осы шаңы- рақтың ұяты саған келеді. Осыны ұмытпа! Екі қысты от жағылмайтын пешпен қалтырап өткізді. Пешті жөндеңдер.
-Ім-м, иә... ім-м...-Қатипаш мүләйім, момақан күйге түсті.
***
«Тәңірі жар болғандар тарқ-тарқ күледі» деген осы. Сәуірбек ке сүйенген сары қатын сарқ-сұрқ қай- нап, бірді бірге ұрып жүріп тапқан жеті мыңға тық- пыштағандарын қосып, залына мебель алуды ұйғар- ды. Қайнауы басылып, иығынан демалуы бәсеңсіді. Ертеңіне үйіне кілем ілініп, жаңа паластар еденге төселді.
«Не дейсің, Алтынайға тығып берген ақшасын біліп қойдық та, шалдың қайта алуына тура келді. Сөйтіп қызы екеуі таза масқара болды» деген сөз ауыл мен ағайын арасына гу ете қалды.
«Гу-гудің» қаншама рет піспегі аспанға атылып, өсекшілердің өмірін қызғалдақтай қызыл-жасыл, әлем-жәлемге толтырып, әрлендірді: Жәйбарақат қызықсыздан, самарқаулықтан сақтады.
***
Алтынай әкесін өздері жәрдемге жиылған Ұлбалаштың үйіне әкелді. Дәукең адамдармен кездесіп, бір дастарханда отыра алатын басқа бір дүниеге келгендей, абақтан босанған сон-о-ау 1938 жылдағыдай сезімде болды. Ол кезде де дәл осындай көтерем, дәл осындай тері мен саудыраған сүйектен тұратын сүлде кезінде безгектей селкілдеген Дәукең- ді жер-кепені паналаған ағайындары тұратын аймаққа жендеттер түнделетіп әкеліп тастап кеткен. Мұны
«жау» деп жапқандағы күшігі ит болып өсіп, Таймас дәрменсіз жатқан иесін қызыл тілімен жалап, арса- лаңдай жүгірген. Жер-кепедегі Хадишаларды етегі- нен сүйрелеп, ертіп келген де сол Таймасы еді. Сон- да-а адамдармен еркін кездесе алатын шектеусіз уа- қыттың зор бақыт екенін түсінген. Еркіндік –бақыт!
Өз үйі өзіне абақты болып, бір бөлмеде ас та,зәр де иістенген; таза ауа ауыстыруға хұқы болмаған;бір жұтым суға зарыққан мына қарттық шағына лағнет айтты. Сезім қайталануы!Жендет пен өз ұрпағы; ада- ми адалдық пен иттің адалдығы; сана мен инстинкт;
ақыл мен ақылсыздық.«Қайшыласқан дүние! Опасыз, жалған дүние! Жаныма жар болған сүйенішім, жан серігім, егізім Хадишам ме-нің, кешірші мені. Мен байбатша келіннің тіл астында тілі барын, мұншалық- ты пенде болатынын кеш түсіндім. Кешіре гөр, асы- лым!» Дәукең кеңк-кеңк етіп өксіді. Бірақ, тәні құрғап кеткен бе, жаны езіліп тұрса да, нұры тайған қос жа- нары аздап қана дымқылданды.
Дәулетбақ қарт өзіне бостандық пен мейірім бере алатын басқа да ұрпақтары барына шүкірлік етті. Ал- дыңда тіс өтетін наныңа қол жеткізіп, ішерде сусы- ның табылған неткен бостандық бұл! Баяғыда судан қаталаған Хадишасының ескерусіз, елеусіз қалған жетім көңілінің өкпесі, наласы неде екенін Дәукең осы бір шөміштен қысылып, тастанды болған жесір жылдарында анық сезінді. Өзінің мына зымиян, шұбаржылан келінінің арбауында жүрген соно-оу жылдарына лағнет айтты. Жылай алмайтын Дәукең күйіне темекі тартып, ішіндегі уды түтін уымен қай- таратын әдетімен темекі тартты.
-Хадиша, тілім тигені үшін, қолым тигені үшін кешір мені! Рухыңа басымды иген жан едім,тағзым етіп өтермін!-Дәукең темекі түтінін құшырлана жұтты. «Жендеттердің» қолына қайта түсірмеуді тағдырынан шын сұранып, іші қан жылады.
***
Алтынай ауырып қалды.Өткен күндеріне көз салып, қайырыла қараса өзі себепкер болған Қати- паштың Алтынай әулеті үшін қасіреттен басқа кіргіз-
ген берекесі болмапты. Рас, бес перзент тапты! Осы жәдігөйді жолықтырған күніне лағнет айтып, бүкіл әулеттің бүлігі үшін өзін кінәлі санады. «Бір қарын майды бір-ақ құмалақ осылай шірітеді екен -ау» деп ойлады.
Әнеукүні аяулы әкесін соған талатып қойып, араша түсе алмағаны үшін, өйткені «өз үйімде өлемін» деп отырған әкесінің қасында мәңгі жүре алмайтындығы үшін, Сәуірбек пен әкесінің арасын мына аяр әйелдің тағы бір қандай айламен ушық- тырып жібермеуі үшін, ең бастысы – Сәуірбектің өзінде көз жоқтығы үшін Алтынайдың жаны ауырды. Егер ақырын ойламаса, сол жерде Қатипаштың аузын ашқызбай, «ә» десе «мә» деуіне болады. Сонда Қати- паш «көзілдірігімен» өмірді көретін өз бауыры түкті де айыра алмай, тұңғиыққа құлап, мертікпей ме?
Алтынай сондықтан да шегінді, шегіністің барлығы жеңіліс емес деп білді.
Көз алдына көбіне тек көзі ғана көгеріп жүретін көрші келіншек Рахиманың күлімсіреген бейнесі келе қалды. Үскірік шалып, алып-ұшып «Мына балаға қа- рай тұршы емізігін салып» немесе «пияз аршып бере қойшы» деп көршілерінің үлкенді-кішілеріне жалы- нып-ақ жүргені. Сөйтсе, такси айдайтын күйеуі күт- пеген жерден үйіне кіріп келіп, кәрие атасынан тіке- лей «қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен. Егер «аш- пын» десе, бір ауыз тілге келмей «мына көзің көр ме?!» деп әйелінің оң көзіне жұдыры ғын жұмсайтын көрінеді. Не себептен тамақтандыра алмады, әлде
қазір апарғалы жатыр ма еді- ол жағы есепке алынбаса керек. Сондықтан екен Рахиманың бәрін ысырып қойып, кейуананың жағдайын жасау үшін көрінгеннен көмек сұрауға дейін баратыны.
Алтынай інісі Мамыр мен келіндерін, сіңлісін шақырып, көкесінің келешегін ақылдасты. Көргенін, өзінің неге арашалай алмағанын айтып, көзіне жас алды. Осы отырғанның бәрі де Қатипаштан көрген қорлықтарын қосыла естеп, қорланды.
-Әпшелермен тұрмаймын десе, менімен тұрсын,- деді Мамыр.
-Жоқ, барлықтарыңыздың үйінде басшы бар, тек біз Арман екеумізде ғана жоқ. Папам бізбен тұрады,- деді Жарқынай.Қазақи кемтар түсінікте ер кісісі жоқ үйдің түтіні түзу ұшпайды деп кемсіту, ана тазалығы- на сенімсіздікпен қараудан қорланғандарын іштей естеді.Бескеннің жылап тұрып тұрмыс құруға ұсы- ныс жасағаны да есіне келді. Қабылды қалыптасты- рып өсірген папасы Арманды күнделікті қадағалай- тынына қатты қуанды,- папа, бізбен бірге тұрыңыз- шы.
***
Екі-үш-ақ күнде Дәукең әлденіп, қуаттанып, Ұлбалаш отырғызған жемістер мен көкөністерді ара- лап жүретін болды. Көлеңкеге жайылған киіз үстін- дегі қалың төсекте жатып, немерелеріне қауын-қар- быз үлестіріп, үйіре әңгімелеседі. Әсіресе, Сағыныш атасынан бір елі ажырамай, шоқша сақалын олай-
бұлай тартқылап «ша, і?» деп өзінің басын сипап сұрайтын.
-Е, шаш па дегенің ғой. Ботам, басың неге тықыр, менің шашым басымда дегенің ғой,-деп атасы шек- сілесі қата күлетін,-Бұл-сақал.
-Ша-қа, і? –дейді Сағыныш.
***
Дәукең кітаптары мен киімдерін ғана иемденіп, біржола Жарқынайдың үйіне көшіп алды. «Не дейсің, өмір бойы жинаған-тергені кітаптың арасында екен, Бізге түк бермеуші еді, тыққан қазынасын өзі алып кетті» деп тағы бір өсек гу етіп қаулады.
***
Күн демалыс болған соң, күздің сыбылыңқы күніндегі жауынның ақырын терезені тықырлата соққанын тыңдап, Сәуірбек төсегінде манаурап жатқан. Шаруашылықтың жиын-терімі аяқталды, қора-қопсылар малдың қыстауларына берілді. Ендігі шаруа күнделікті кезегімен жүріп жатуға тиісті. Е-е, мұндай атты күнге де жетті-ау.
-Де-ма-ле-ес!-деп керіле-созыла бір дауыстап, былбырай, қайта сұлық жатты. Киініп, жуынып, тір- лікке араласу түгілім, бір саусағын жыбырлатқысы да келмей, көзін жұмған күйі жауынның шерітіп салған әуенін ұйып тыңдап жата бергісі бар.Балалықта Серік ағасы қолдан жасап берген қызыл домбыраны саба- лай беретін. Бір күні Ұлбалаш мектептен үйренген
«Елім-ай» әуенін терезені тықырлатып соққан жауын- дай, «тыр-тыр-тыр-тыр» деп деп үйреткен. Содан,
домбыраның додасынан озып шыққандай,өнерін әке- сіне есіттіргенше асыққан. «Япырмай! Бұл не деген шертіс! Кім үйретті? Осылай, оқу мен өнерді бір-бі- ріңе үйретіп,үнемі ақылда сып жүріңдер. Бұл шертіп тарту.Міне, тыңдаңдаршы, мен қалай шертеді екен- мін»,- деп әкесі «Сыңғыр-сыңғыр» деген ән салып берген. Жауын жауса, сол шаққа қайта оралып, әуен мен әкесін есіне еріксіз алатын бұл. Иә... тәп-тәуір әкесі бар еді, ауып қалды ма,әйтеуір жат боп кетті қазір.Бармайды, келмейді.Мейлі, өзі білсін , бұл қуған жоқ,қараудай қарады байқұс әйелі... Қой,демалайын.
Осы тыныштықты қақыратып, баж-баж еткен әйел дауысы есітілді. Қатипашқа ұқсамайды. «Сәуір қайда?» дей ме?
Бұл киіне бастады.Сыртқы есіктің ашылғаны,одан аяқ дыбысы, күңгір-күңгір естіліп, жақындап келеді.
-Қойшы Жайнаш, өзіміз-ақ шешетін әңгіме ғой. Еркекті қатын өсекке араластырмайықшы, Қойшы,- деп жалына сөйлеген әйелінің дауысын ажыратты.
-Жоқ, қоя-қоя болдым, жаба-жаба шаршадым. Сен тағы қоқытасың бір күні, Сәуір білмейді сенің кім екеніңді, білсе сендей қатынмен бір күн де, бір сағат та тұрмайды. Тамағыңды беріп, тіліңмен алдап... Жібер мені!
-Жайнаш, ол ауырып жатыр, түнімен ұйқы көр- меген еді. Аяшы оны! Сыртқа жүрші...
-Сәуірдің бір туғандарын, бауырларын бездіріп біттің. Шешесін қаңғыртып өлтірдің. Әкесін сиғызбай
жібердің. Көрші -қолаңды ұры қып біттің. Жұлыспа- ғаның, ұрыспағаның мен едім. Енді менің қызымды ұры қылдың, ә? Ұятсыз! Сенде құдай жоқ, иман жоқ! Жібер!
-Жайнаш, аяғыңа жығылайын, айтпашы Сәуірге.
Кімнен есіттің, кім айтты-соның шашын жұлып беремін.
Сәуір төсегіне шалқалай қайта құлап, екі әйелдің айтысын есітіп жата берді.
-Оның рас-шаш жұлудан алдыңа жан салмайсың. Сенің шашың ды жұлатын, саған әлі келетін адамға барамын қазір. Менің санды ғыма апарып тыққан маталарыңды, еркек кәстөмдеріңді, юбка мен туфли- іңді көрсетемін. Маған «туған күніме осыны берген болшы» деген арамдығыңды айтамын. Атаңның пен- сиясын қалтасынан ұрлайтының өтірік пе, а? «Мен ұрласам жарасады шалдікін, қарап отырмын» дейсің, ә? Ұялмайсың, кәйтіп қарағаныңды мына ел көрмей отыр ма, Құдай білмей ме?
Әйелі тағы да жалынып-жалпайды. Ойпырмай, мұның осыншалық майыса алатынын білмепті-ау. Тура «Жигулиінің» отырзышындағы жұп-жұмсақ, су тұрмайтын қуыс-қуыс «губка» тәрізді. Қыссаң уысыңда бар-жоғы білінбей, еркіне қойсаң күмпиіп шыға келеді,ә? «Айналайын» деп қояды-әй Жайнаш- қа. Осы кезге дейін бір баласын «айналғанын» Сәуір- бек естіген емес-ті.
-Сенің қара тырнағыңа дейін арам ғой, ей, Қатипаш! Әйтеуір ауылдас тұрған соң «қойшы» дей-
міз. «Сәуірбек тамағымды ішпейді, мені жақтырмай- ды» деп жылап- еңіреп жүруші ең. Сені оқуы күшті молдаға да ертіп бардым ғой, а, мен. Өзіңнен басқаға қарамайтын қып, тыңдамайтын қып дуа жасаттың. Соның бәрі мына менің ішіме сиып-ақ жүр ғой, а!
Енді сен менің қызымды, «алтынымды ұрлады» деп өсектейсің!
-Қойшы,көкетай, кешірші артық кетсем, жүрші сыртқа. Ендігәрі...- Дауыстар алыстап, күңгір-күңгір- ге айналып, аздан соң темір қақпаның тарсылы бір естілді де, айнала жым-жырт бола қалды. Тек жауын ғана терезені шертіп салған әуезінен танбады. «Тыр- ты-ры-тырт. Тыр-ты-ры-тырт».
Сәуірбек шешініп, төсегіне қайта жатты.
Жайнаштың әрбір сөзін сыздықтата ой елегінен қай- та-қайта өткізді.Әлемнің дөңгелегі кері аунағандай, іші әлем-жәлем күйде кө-өп жатты. Жүрегі айнып, қызуы көтерілді. Денесі түршігіп, қойнында сұп- суық, улы шұбар жылан жатқандай шошынды.
Қатипаштың «ауырып жатыр» деген өтірігі шынға айналды.
***
-Сәуір, Сә-уі-ір! Тұрмайсың ба, түс қайтты ғой. Тұр,сен жақсы көретін асың дайын - балық қуырып қойдым,-деген Қатипаштың көңілді дауысы естілді,- сен үйде болып, сәніміз кіріп қалды.Мә-ә! Көзің ісіп кеткен бе...
Бірақ, неге екенін кім білсін, сыртқа Сәуірден бұрын Қатипаштың «ойбай, өлдімі» мен гүрс-гүрс,
тарс-тұрс толқыны лікілдеп шығып жатты. Қара ша- ңырақ қалтырап-дірілдеді.
***
Атасы бірге тұрғалы Арманның екі сөзінің бірі-
«менің атам» болды. Мектептегі ұстаздарымен де, жолдастарымен де әңгімесі-атасының алғашқы сауат- тылардың бірі екендігі, оның Абай айтқан дай, халық- тың ұлы екендігі, соғыстағы және өмірдегі ерліктері мен мінездері жәйлі ғана болды. Атасы жайында
«Адамның баласы» деген еркін тақырыпта шығарма жазып, «Құрмет грамотасын» алды. Мектеп ұжымы Арман Құдретуллиннің атасымен кездесу ұйым- дастырды. Бұл кездесуден Дәукең жасарып, Арман биіктеп өсіп қалғандай болды.
-Ата, ат-та! –деп өрекпіген Арманның дауысы терезе сырты нан құмыға естілгенде, Дәукең көзілді- рігін шешті,-тыныштық па?!
Терезеден ішке асылып тұрған Арман телпек танауы тершіп, желбезегі желп-желп етіп, қуанышын жеткізе алмай абдырап тұр. Жүгіріп келсе керек, ырс- ырс етеді.
-Ата, менің «Адамның баласымды» апай облыс- тық газетке очерк етіп беретін бопты. Соған сіздің суретіңізді сұрап жатыр. Тез! Тез болсаңызшы!
Дәукеңнің шошынғаны енді басылды. Жымиды.
«Кір» деп ымдады. Есіктен кіруге дәті жетпеген ерке Арман терезеден секіріп түсіп, «ур-ра!» деп атасының мойнына асылды.
-Сіз сурет іздей беріңіз, мен мына іздерімді сүр- тіп тастайын,-деп еден жуғыш шелегі мен шүберегіне беттеді.
-Арка, қай жастағы сурет керек екен, білдің бе?
-Қай жас дейсіз бе?Менің жасымдағы –тура мен сияқты суреті ңіз!-ол жымиып отырған атасын көріп, тез түсінді,-Ә, ондайыңыз жоқ екен ғой. Онда тура папам сияқты суретіңіз ше? Соны беріңіз. Ата, мен ше, дәл сіз сияқты, папам мен мамам сияқты әдебиет- ші боламын. Сіздердің жазғандарыңызды жинап, кітап шығарамын әлі.
Дәукең көзілдірік үстінен қой көздері күлімсіреп, Арманына үмітпен қарады.