МАЙДАН
VІ- тарау
Мылтықсыз майдан шебінде, Жүрген бір біздер-әскерміз.
Мықтылық керек тегінде, Қалдыру үшін қастерлі із.
«Әйел- жар құшағында сұлу» деп кім айтты екен?
Өз әйелінің де сүп-сүйкімді екенін Сәуірбек соңғы кездері байқап жүр. «Байқұсым-ай, не көрмеді бұл бейбақ?!» деп іші жылып кетеді оны ойлағанда. Шы- нында бес бала тауып, енді ғана Сәуірбекке белгілі әйел болғандай ма... қалай? «Әйел алғандардың қаба- ғы қатып кеткендіктен үйленбей жүрмін» деп өзінің сүр бойдақ досы айтқандай, осыған үйленуі сөз бол- ғаннан мінезі де, қабағы да қатуланып кеткенін өзі де мойындап жатыр, міне. Иә-ә... бес балаға әке боп, бірнеше белестерді артқа тастаған екен –ау. Көңілің толса қабағың қата ма? Сол пәктікті қалайтын менмен көңілі құрғыры... Жә, қойшы! Есіне алғысы келмейді. Байқұс жетімше-ай, әйелін айтады да... Түнделетіп та- лай рет ішіп келіп, «сен кім екеніңді білесің бе?» деп
«күйік қабының» аузын сөге бергеннен кішкене көз- дерін жыпылықтатып, тіл қатпай ас-суын дайындап, қол-аяғын жуындырып, зыр жүгіретінін айтсайшы. Аяп кетеді сондайда. Кейде ұрыс шығарып, жылуы жоқ төсегінен жылан шыққандай шошынып, екі қолын төбесіне қойып, қаңғып кеткісі келетін. Анасы, аяулы Хадиша анасы марқұмның көңілі үшін бе, кие-
лі ата әруағының мәртебесі үшін бе, ілбіп жүре бере- тін.
-Сәукентай, алғаның жаман емес, шүкір. Адам- ның бәрінде мін бар –бостау. Ештеңе етпейді, өзі үшін ширатылып, пысиды кейін, -деп қоятын анасы марқұм, -тату тұр. Екеуің бір мемлекетсің. Жауға алдырмаймын десең, мемлекеттің ішкі құпиясы, кем- шілігі, ұрыс-арызы сыртқа шықпауы керек. Анау екі ініңе үлгі бол. «Көш жүре түзіледі».
Иә, үй іші қоқыс болса да, алғашқы айқайдан соң бұл ақ төсекті төсене тін. Кейіндері анасының сөздері расқа шығып жатқандай ма... Ей, ана балалары мен шал түтіп жіберді ғой байғұсты. Шыдамды екен қай- та. Басқа қызды-Күлбиді алсам, кетіп қалар ма еді, мынадай бейнеттен...
Күлбиді есіне алса, өзін бала боп кеткендей сезі- неді. Алтыншы сыныпта ма, жоқ жетіншіде! Иә, жетінші сыныпты енді бастағанда қазірге дейін бой- дақ жүрген Дәрмен қызға хат жазып келіпті. Оны оныншыда оқитын ағасының қызға жазғанынан көшіріп алыпты да, тек атын өзгертіпті. Қыздар мен мұғалімдерден аулағырақ кетіп, ұлдар бір оқыды.
Сосын қай бала қай қызға хат жазатынын келісіп алып, сайдағы сарғайған шөпке етпеттей жата қалы- сып, бүкіл ер балалар көшіріп жазған-ды. Қалай еді? Иә... «Пәленше! Саған біраздан бері айта алмай жүр- ген сөзім бар еді. Соны бүгін айтсам ұрыспашы. Ма- құл ма? Мен сені жақсы көремін. Жауабын жазарсың. Күтемін. Түгенше» Осылай болса керек. «Қыз бөлісі-
нде» бетке ұстар әдемілігі мен жақсы оқитындары- ның есімдерін бұрынырақ атап қалғысы келіп, алғаш- қы қарқында сүттің қаймағы алынғандай болса да, сары майдай сақталып, Күлбидің аты аталмаған.
Класком Күлби-ең үздік, ең батыл, ең сұлу, ең...ең... Не керек, балалар оны мұғалімнен кем санамайтын. Шынына келсек, көпшілігі одан қорқатын да. Сәуір- бек те жақсы оқитын, бұл да спорт секцияларының бірнешеуіне қатынасып, жарыстарда көзге көп түсе- тін. Домбырасын дыңғырлатып, сахнада әжептеуір ән салып, қол соққан қошеметтердің салтанатын сезген жігіт. Қонақ үзілмейтін әке шаңырағында да әкесі Дәулетбақ:
-Паһ! Менің Сәуірім бе! Менің Сәуірім кейін Әміре атасындай әнші, Құрманғазы атасындай дом- быраның құлағында ойнайтын болады! Әлі көрер- сіңдер! Кәні бір ән салып жіберші мына ағаларыңа,
«Әу» де! –деп ән салдыратын.
Бұл кәдімгідей шабыттанып, домбырасымен қоса өзі тербеліп, Әміре атасын көрмесе де Ғарифулла ата- сына ұқсап бағып, өңешін созып, қызара бөртіп, ән салатын. Көкесі «Паһ, шіркін! Әу де!» деп ара-ара- сында бұған жел беріп, қосыла тербеліп отыратын.
Сосын қонақтар қошемет сөз айтып, сатырлата қол соғып жатқанда, әкесі мұны сол тізесіне отырғызып, маңдайына ернін тигізіп қана сүйетін, әкесінің оң тізесінде Ұлбалаш отыратын. Сосын... Қонақтар әде- йілеп шақыртқан Ұлбалаш екеуіне бастан сыбаға беретін. Неге екенін, бас ұзататын кісі өзгергенмен,
бастың тұрар орны өзгермейтін. Ұлбалаш екеуі қол ұстасып, есіктен төрге қарап тұратын. Ұзын үстелдің ең төріндегі кісі:
-Сәуіржан! Осы шаңырақтың ілгері ниеті деп, өзіңе бастан сыбаға бермекшімін. Құлақ! Құлағың ылғи да жақсы сөз, алғыс, әсем ән естісін!-деп бұған құлақ ұзатып, сосын Ұлбалашты қасына шақыратын.
-Кәні, қалқам! Оң алақаныңды тос! Қағып ал! Таңдайы тақылдаған әнші бол, ақын бол!-деп әпке- сінің алақанына таңдайды сарт-сарт соғатын. Кейде тілмен соғып, «Тілдей тәтті бол! Тіліңнен бал там- сын!» деп тілек айтатын. Әдеттенгеннен бе, Ұлбалаш тез қағып ұстаса да, сыртқа шыға бере ұстағанын Сәуірге беретін. Мұндайларды жемейтін. Содан ба екен, Ұлбалаш әнші де, ақын да, тілші де болған жоқ. Ғылым қуып, институтта «психологиядан» дәріс бе- реді, психология ғылымдарының докторы. «Тағы оқып академик болмақшы» деп жақында Қатипаштан естіді. Кітап қуып кеткеннен бе, әйелі айтпақшы шын өмірдің не екенін білмейтін қияли, елеспен жүретін, кірпияз, мінегіш, тіпті көкіректеу боп өзгеріп кет- кенін де енді біліп жүр. Мән бермепті ғой. Әйелі байқағыш-ақ, мұның балаларына да, өзіне де қияқ- көзденіп қарайтын болған екен-ау. «Баласы көп, алды ер жетті. Енді соны оқуға түсіруге көмектес деп жа- лына ма дегені ғой бізді.» Әйелі осылай топшылай- ды.Осы Қатипаштың арқасы бар ма, байқаса, айтқан- дары ның бәрі кейіндеу болса да тұп-тура боп шыға- ды-әй, ә? Миы көп байқұстың!
Ә-ә... Айтпақшы алғашқы хат, алғашқы махаб- батты ойланған екен-ау. Мұның көңілі агрономның қызы Күлбиден кем болсын ба? Бұл да ауылдық кеңес төрағасының ұлы. Тіпті жеті қыздан соң зарығып көр- ген «әулие» Сәуір! Ата-анасы мен жеті әпкелері үшін айтқаны-ақ, дегені-заң. Бетін күн қақпаса, ешкімнің қолы қақпаған.
...Сайдағы шөпке жата қалып «хат жазу» бастал- ғанда, мұғалімдерше оң қолын сермеп, ежелей қайта- лап, «диктант» жазғызып, әрлі-берлі жүре бастаған Дәрмен тізесін құшақтап, тісін шөппен шұқылап отырған мұны көріп, көкірегін кере қалт тұрып қал- ған:
-Ей! Сен не ғып отырсың? Неғылмайсың ба?-деді таңданып.
-НеғылмаймынІ- деген бұл да.
-Ей, неге? Адам өзі неғып жүріп, зорға дегенде неғыса...а? Нағысайшы. Кімге неғымақшы ең? Қайсы- сы ап қойды? –деп, обалына не керек, мұның
«сыбағасын» қатты ойлаған.
Қыз атулының үлестіру билігі осының қолында тұрғандай-ақ, қамқорлық көрсеткен сол досының пейіл-ниеті қабыл болғандай әліге дейін қыздан үлес алмай жүр емес пе?
-К-кімге-а? Айтшы?
-Күлбиге!
Етпетінен жатқандар бұйрық алғандай өре бастарын көтерісті, ауыздары аңқиды.
-Қойшы ей!-деп үнсіздікті Дәрмен бұзды.
-Шын!
-Шын емес қой?! Ал,жазшы кәні!Жазсаң,ертең сөмкесіне өзім саламын. Неғылшы! Ол-ла-һи әгар!- Ол сұқ саусағымен өз мойнын «сойып» кетті.
-Шын! Бірақ мен көшірмеймін. Өзім жазамын басқашалап.
-Не-е! Неменешелеп, не нетемің, а?
***
Сол түні екі інісі де ұйықтағанда, бұл Күлбиге хат жазған. Мұғалімдер көзімен қарап сипаттағанда, бұлар «бұзық сынып» қатарына жататын. Бекер емес болуы да керек-сабақтан топтана қашу, мұғалім орындығына кнопка төңкеріп қою, сөмкесіне тірі бақа салу, кіре беріс еденді майлау сияқты жасырын жұ- мыстар жүргізіледі ғой баяғы. Қанша жасырын болса да, кейбір қылмыстары қыздар арқылы әшкерелене- тін. Сонда бар ма, сонда Мәтен, Марат, Қамбар батыр сияқты «жетекшілердің» күшімен «балдар-қыздар соғысы» басталатын. Қыс болса қыздарды қарға аяу- сыз аунатып, алма беттерін тырналай ысқылап, қо- йындарына қар толтыратын. Жаз кездерінде кейде қа- бырғаға қатар тұрғызып қойып, шапалақпен соқса, кейде шаңға аунатып, жазалайтын. Жылататын. Жы- ламайтыны да, қарсы күреске бастайтыны да –Күлби еді.
...Сәуірбек хатта сол қылықтарының балалық екендігін, ендігі жерде ұялатынын, қыз деген-өмірдің гүлі, жүректің жыры, жігіттің жары екенін, не керек Күлбидің ұнайтындығын,достасқысы келетінін жаз-
ды. Сосын, қыздың жауап -хаты! Жүрегі дүрс-дүрс атқылай соғып, конверттің аузын аша алмай, әуре- ленген ұз-а-ақ уақыт пен келісім берген қуанышты жауап есінде қалыпты. Күлбимен достасып өткен өң мен түстің арасындағыдай бұлдыр кезең –ең тәтті де, бақытты мезгілдері, өмірінің мәңгілік көктемі де сол шығар, бәлкім... Сосын-ақ, Қатипаш килігіп, дүние төңкерілді.
Эх, Күлби-Күлби! Сен жүрегімді жаулап жүргенде басымды басқа біреу ноқталап, жетектеліп кеттім –ау. Сен неге сол «әдісті» білмедің екен? Бі- рақ. онда мен кімді армандар едім? Сенің сол кезде де, қазір де мәңгілік пәктік киесіндей әулие күйіңде қалғаның-тіршіліктің мұраты-ау, шіркін! Ешкімнің қолы жетпейтін биіктен мені табындырып жүрші.
Әттең, қызым болса сенің есіміңмен атар едім деуші едім. Бірақ, туған адамның дауы басымдық жасайды екен. Үйдегі бәле сенің атыңды біліп алыпты. Қой- ғызбайды,қайтесің, Күлби-и,ішімде айтылмас арма- нымсың сен, арма-а-н!
Үй жағдайына байланысты әсем қаланы, сені қалдырып, мен сыртқы бөлімге ауысатынымды айт- қан жазғы кештегі сенің мөлтілдеген көздерің, «сені ғана сүйемін» деп қысыла шыққан үнің, қазір де жадымда жаңғырады. Менің үйлену тойымда қарны қампиған қалыңдығымды көріп, өзің де мән-жайға түсінген боларсың. «Жігіттік-иттік» деген. Мүмкін бұл менің алған жазам шығар?!
Эх, мейлі енді. «Өткенге салауат, келер күннен шапағат» деуші ме еді әкесі. Қатипашы да жаман емес. Өзі айтқанындай, мұны қатты ұнататындығы шығар, әйтеуір жақындауға тырысып, икемге қарсы- лықсыз көне салғасын... «Солтүстіктің қыздары қымсынбайды, сосын қудаламайды да» деп курста сынан естіген сөз сол сәтте құлағында сайтандай сыбырлады да тұрды емес пе? Нешауа-а! Осы күні тереңірек ойлап қараса,ең жанашыр жақыны,өмірлік серігі--Қатипашы екен.Өзінен де бәле бар-ау. Сол жақындыққа бастайтын өзі екенін кейін ұқты. Қалай еді... Иә...үйленіп, тез-ақ балалы болса да бала да, әйел де біртүрлі бөтендеу... Сосын екіншісін, үшін- шісін тағы босанды. Бір күні ешкім жоқта бесіктегі баласының бетін ашып, сығалап еді, іші жылып кеткендей болды. Себебі ол бұған қарап, «Ің-гу-у! Бу- у! Ің-гу-у!» деп күліп жіберді. «О, ақы-мақ! Сен ақы- мақ!» дегендей көрініп, ұялғанынан бесіктің жабуын жаба салған.
Артынша сессиясына кетті. Емтиханнан өткен- дерін жуып, үш-төрт жігіт ресторанға барған-ды.
Көбірек қызыңқырап қалған жігіт ағасы өзінің екі рет үйленсе де перзенті жоқ екендігін айтып, әйелдерше жылағаны! «Сенің үш ұлың бар екен. Тағы не керек саған? Не арманың бар? Әйеліңді арқаңа мінгізіп жүрсең болады!» деп қайталай берген. Бұл содан ой- ланды. Ойында «Ің-гу-у! Бу-у! Ің-гу-у!» деп сәбиі өз тілінде қайта-қайта мұны тілдей берді. Еліне келерде үйдегілердің бәрін ескеріп, кәкүр-шүкір сый-сияпат-
тар алған болды. Әкесіне мүйізді көзілдірік, анасына иіс су, екі інісіне бір-бір қаламсап, үш ұлына ойын- шық, ал Қатипашқа опамай, екі комплект ішкиім әке- лген. Ыңғайсызданды ма, «мамама айтпай-ақ қой- шы» деген. Сондағы әйелінің қуанғаны –ай. Қуанға- ны соншалық, демалмай бір сағат сөйлеген шығар-ау. Сөзшеңдігін бірінші рет көргені сол. Содан бастап, бұл сөз бастамаса ол сөз қозғамайтын бұрынғы қалыптасқан қатынас заржақтыққа ауысқан. Түксиіп, оң қабақ танытпайтын өзі екен де, ол байқұс көңіл торынан шыға алмай, құсаланады екен-ау,байқұсым- ай!Содан бәрі керісінше өзгерген. Есік шарт етіп ашылғаннан шүріппесі басылған автоматтай, келін- шегі бар жаңалықты сұраусыз-ақ сақылдатып айтып салады. Қаламасаң, «қой» деудің қажеті жоқ, бір қарағаннан –ақ үні өшеді. «Не деген сезімталдық,ә!
Мысалы, Күлбиге үйленгенде, осындай істерінің нешеуіне шыдар еді? Шыдамайды!!»
Бірақ, Сәуірбек өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі екенін, аңғалдық пен арамдықтың арасы «айтпа» деген бір-ақ сөзден бөлінетіндігіне мән бермеді. Ол өзінен ығып қана үндемейтін әйелінің басқа жерлерде сөздің түбін түсіретінін, қилы-қилы құбылтып, қия- лын шынға бергісіздей жеткізіп жүргенінен бейха- бар.Бетінде маскасы бар тіршілік иесінің тіні не зат, адам ба, жоқ жан- дүниесі құбыжық па? Рух тазалы- ғы, шын сұлулық –шындығы бар-жоғына көз жет- кізуді ойламады да. «Көмпіс сорлы,күшігінен талан- ған адам.»
Дәукең: «Басқа бәле қайдан келеді? Білесіңдер ме?» деп балаларынан сұрап, сосын өзі «мынадан» деп тілін шығарып көрсетер еді. «Ал, өтірік пен шынның арасын өлшей аласыңдар ма?» Бұлар үнсіз қалғасын тағы да өзі жауап айтатын: «Міне, сауса- ғыңды былай қойшы. Неше саусақ сияды? Төрт саусақ-төрт елі!» деп құлақ пен көздің арасын өлшеп көрсетер еді. «Көзіңмен көрсең-шын, құлақпен естісең-өтірік, осыны ұмытпаңдар үнемі» деуші еді.
Осыны үйретуші Дәукең де, оны есітіп өскен Сәуірбек те бүгінде сол өтірік пен шынның арасы туралы ұғымды ұмытып, Қатипаштың аузынан есті- гендердің бәрін де шын қабылдап, шын сенетін күйге түскен-ді. Тіпті Ақшайымның кіші қызы Балайымның тұрмыс құрғанына хабаршылар келген де Жаппар Қаппарқұлды «құры ішіп-жеп кетеді» деп шақыртпа- ғанын Қатипаш келіннен естігенде, Қаппардың үй-іші түгел сенген. Кәрие қапа болып, Жаппарқұлдың үйіне өз кіндігінен тарағандардың аяғын аттап басқызбай- тын болған. Тамшы тама берсе тас да тозатыны, бір сөзді қайталай берсе –қанға сіңетіні рас еді. Сондық- тан,айтылатын сөз ғана емес,есітетін сөзді де талғап, жақпайтынын тоқтату қағидасын Дәулетбақ пен Қаппар қарт та, Жаппар мен Сәуірбек те ұстанбады.
Әулеттің жік-жік болған себебі – бұзық сөздің жүз жаңғырып,тық-тық таматынынан ба? Әлде, «айтпай- ақ қоялық» көбейіп, аяғы «поселкелер» мен жымысқы тірліктерге ұласты ма? Масканың түр-түрі көп пе, тіл астындағы тілдің сөзі ме...Әйтеуір Дәукеңнің өзі кө-
өп ескертетін сырты бүтін, іші қырық бөлек сиырдың бүйрегіндей әулетке ұқсап бара ма... Қайдам!
***
Көктемгі каникул болған соң Қатипаш жеңешесі жік-жаппар болып, Алтынайдың Көпжасары мен Ұлбалаштың Жансаясын «таза ауада ойнасын» деп ауылда алып қалды. Ұлбалаш қалдырғысы келмеге- німен «азары болса да, безері болмас» бауырлығын ойлап, «кешегі айтқандарымнан ұялып, ұятын жуып- шайғысы келген болар келінбала» деп келісім берді.
Ауыл деген қандай рахат. Балалар шалғын шөпті кешіп жүріп, неше түрлі ойын ойнайды. Алпамыс ағатайы Жансаяны күнде «Сникерске» тойды рады. Бір күні ол Жансаяны кішкене дүкенге ертіп апарып, ондағы сатушыға магнитофон касетасын ұсынды:
-Апай мына менің қарындасыма екі «Сникерс», бір қорап темекі беріңізші арзанынан,-деді.
-Ә-ә, шешең кейін даулап жүрмей ме, а? Не өлең ішіндегісі?
-Қазақша терме. Папам «Жигулиіне» жақында ғана алды ғой... Ақша болмай, қарындасым қонақ болған соң...
-Онда, жарайды, - дүкенші апай қуана келісті.
-Ешкімге айтпа, әсіресе мамаларға, -деді былай шыққан соң Алпамыс нықтап, -түсіндің бе?
-Неге? Менің мамам «ешкімге айтпағанды да мамаға айту керек» дейді.
-Өй! Айта береді! Ешкімге айтпайтын сыр болуы керек әр адамда. Түсіндің бе? Менің әкемнің құла- ғына жетсе, көк шыбықпен сабайды сені!
Жансая шошып кетті.
-Кімді сабайды? –көзіне мөлдіреп жас келе қалыпты.Алпамыс оның қолынан жетектеп алды да:
-Мені! Мені сабайды егер білсе. Сондықтан, егер мені сабамасын десең ешкімге айтпа. Ия ма?
-Иә!-деді Жансая қуанып.
Ауыл сыртындағы беткейге жеткен соң Жансая бір топ қыздарға қосылып, ал Алпамыс ағасы ер бала- лармен доп қуып кетті.
-Алпа-мы-ыс! Сен біздің командадасың!-Көпжа- сар қолын көтеріп, мұны шақырды.
***
Ұшқан ұясын кім аңсамайды! Құдай біледі-ау, жер жәннәті да ондай ыстық болмас деп сезінеді Ұлбалаш. Туған ауылдың әр белес-бөктері, әр ағашы, тіпті әрбір қабырғасына дейін адамның жеке өзіне ғана аян өткен өмір тарихтарын баяндап тұрғандай, туған ұясымен үнсіз-ақ тілдесетін.
Балалықта ауладағы саяжайда шатырлы тапшанға дөңгелене отырып,бұ лар кезектесіп кітап оқитын. Не ертегі айтысатын. Басқа-а-а әлемдегі жалма уыз кем- пір, желаяқ не тау соғарлардың тіршілігіне еніп, оны жан-тәніңмен түйсіну; самұрық құсқа отырып, заңғар таулардың төбесінен ұшып өтіп, елді зар жылататын жеті басты аждаһамен жалғыз айқасып, жеңіп шық- қан батыр болу- не деген тәтті қиялдар еді?!Тазша
баланың тапқырлығы,әділетті Алдар Көсенің айласы, дар ағашына тартылғалы тұрса да сертін бұзбайтын ер жігіт; жоғалған соқыр түйені көрмей тұрып,оның соқырлығы мен құйрығы шолақ тығын іздеушісіне дәл айтатын зерек бала, шешендер мен билердің ұшқыр сөздері-бұл үйдің балаларының жан азығы еді. Үлкендерден анасы Хадиша кейде ертегі-аңыз айта- тыны болмаса, сырттай бақылаушы ғана. Әкесі Дәулетбақ бос уақытында хисса-жырларды нәшіне келтіріп, әндете оқып беретін:
Астындағы бурылдың, Төменгі ерні жер тіреп. Жоғарғы ерні көк тіреп, Бір төбенің тозаңын,
Бір төбеге қосады! –Па, шіркін! Не деген әсірелеу ә?! Тыңдаңдаршы,-деп тамағын кенеп қойып, қоңыр дауыспен әндете өзіне ұнайтын осындай тұстарын қайталап оқып беретін. Сонда Ұлбалаштың да Тай- бурылға міне сап, бір төбенің тозаңын бір төбеге қосып, ұшқысы- ақ келетін.
Дәукеңнің ен байлығы,жиған қазынасы– кітап еді. Шетінен кітапқұмар балалар Сулхан-саба Орбелианидің «Ғибрат-намасынан» бастап қазақ, орыс, шетел әдебиетшілері шығармаларының дәмін татып өсті.
Көктемнің мезгілсіз қарасуығына ұрынған жау- қазындай, студенттік шағында «халық жауының әйелі» атанып, қудалауға түскен анасы отбасы қамы- нан әрі қоғамдық қызметке араласпаған. «Білекті -
бірді, білімді –мыңды жығады» деген, білімді үйрен- ген дұрыс» деп анасы сабаққа дайындықтарына көп мән беретін. Енді көз жіберіп қараса, балалары ал- дында әке айбарын айшықтандырып, пайғамбардың туындай желбіретіп көрсеткен де марқұм анасы Хадиша екен-ау. «Әкең ұйықтап жатыр. Ақырын жүр. Әкеңнен ұят болып қалмасын. Әкеңнен сұрап көрелік рұқсатты. Әкең ренжісе не болады?» деп, әке қабағын бағуға тәрбиелеген екен. «Қайран ана, қадіріңді қан- ша білдім-ақ десем де, қарымтаңды дым қайтармаған екенмін-ау». Ұлбалаш ана өміріне ойша бойлаған сайын күрсінісін көбейтті.
«Жаудың жұбайы» атанып, қартаңқұлақ пен жабайы жуаның түбірін қазып; шырыштан желім жа- сап, оны нанға айырбастап, қайын-жұртының жетім- шелерін асырап... не көрмедің? Көппен көрген соғыс, он баланың бейнетін айтпай-ақ қоялық. Енді әрқай- сысын орындарына қойдым ба дегенде ауру аяңдап келіп, азабына салды да, ажал алып кетті. Неткен
қып-қысқа, айтып та үлгермейтін өмір деші бұл? Енді қараса, мұның өз қызы –Жансая да иығына бойлап қалыпты.
...Ұлбалаш ой теңізіне малтып, әке шаңырағына жетіп қалғанын жаңа аңғарды. Өзіне таныс тапшанда еңкіш тартқан денесін бүкшитіп, шоқша сақалы со- пақша жүзін одан әрі сопайтып, әкесі білеу ағашты еңкеңдей жонып отыр екен. Қызын көріп, аясы үлкен көздерінің құйрығы қанаттанып, қарасұр өңінен қуа- ныш шуағы шашылса да, екі қасының арасындағы
қос сызығы тереңдеп, шашының боз қырауы көбейіп кеткендей көрінді. Ұлбалаш құшақтасып көрісті, Дәу- кең оны маңдайынан иіскеді. Хал-жағдай сұрасты.
Сосын:
-Кетпенге сап жонып отырмын,-деді Дәукең ісін жалғап.
-Қаншама әуреленіп қайтесіз? Базардан-ақ сатып алмайсыз ба?
-Е, е... Оны біліп отырмын-ау. Денеде қимыл бол- маса, ас сіңіп, қан тарайды ма? Кітапқа көп қарағанға көз шыдатпайтын болды. Қатарларың сирегесін, кәриеліктің де қасиеті қашады екен. Ермек етер не қалды басқа? Мамыр қалада-онда барып тұра алмай- мын. Сәуір күнімен өкіметтің қызметінде, зәуіде бір үй бола қалса, өзімен-өзі. Не болғанын қайдам, қаба- ғы түксиіп, сүйкімсіз кескінмен қарайды ғой кісіге.
«Бармысың? Халің қалай?» демейді де. Келін ғана тілдесетінім, сол қарайлап «аталап» тұрады. Құлағым ауырлады, бірін естісем, бірін естімеймін. Миы ашып кеткен бе, сорлағанда бір әңгімені қайталай береді ол да. Пәлен деуге болмайды, тыңдай беремін әйтеуір.
«Дұрыс екен» деп ойлады Ұлбалаш. Әкесінің жас ерекшелігі, мүмкіндігі, қоршаған ортасы, ермегі тура- лы енді ғана сараптап. «Бұл кісіге ең керегі-жылы сөз, жұмсақ тамақ».
Ұлбалаштың мәшинеден түскенін көрген Сәуір- бек әйеліне «мені жоқ дей сал, сыртымнан құлыптап қой» деген. Ол қылығының не екенін анық өзі де біл- мейді. «Мәшинені неге әпересің» деп өткенде іштар-
лығын жасыра алмай, әйелін сөккені үшін бе, жоқ мұны шаруа адамы деп менсінбей қарап, ғалымдығы- на көкіректенген қылықтарына ма, әйтеуір көргісі келмеді. Ең тілектісі-Қатипашы осы қылықтарын Алтынай мен Ұлбалаштар кеткен түні күйіп-пісіп, қызарып-бозарып айтқанда,бұл «бүйткен бауырдың барынан жоғы!» деп, мұның үлпілдеген жүрегі тас болды білем. «Ғалым болса, өзіне! Онда менің үйімде несі бар? Келмесін» Бұл кездесіп, Ұлбалаштың бетіне тура осылай басып-басып айтқысы келді. Бірақ, әпке- лерінің, туыстарының «каприздеріне» әбден иленіп кеткен көнтері Қатипаш байқұс жалынып, жібермеді.
«Бауырың, безбейсің» дейді. Былтыр осы «Жигулиді» алғанда бала-шағасы ер жеткен осы үйдің үлкен қызы қомақты ғып қол созуға жарамай, Қатипашқа шүбе- рек-пүберек беріп алдай салыпты: «мәшинені неге әпересің, енді байың бұзыладыны» сонда сол баста- ған. Үйіне әдейілеп барып, айқайды бұл да салып кеткен: «Үйіме аттап баспа, әйелімді бұзасың!» деген. Содан, ол әпкесі келмейді. Жақсы болды. Сылпылдап өзімен-өзі жүрген аңқау әйеліне оқыған әпкелері әр- нәрсені үйретіп, жолдан шығаратын болды, шынын- да! Енді жақсы дейтін Алтынай мен Ұлбалаш шықты! Ұлбалашты тәуір ме дейтін еді, сөйтсе ол да өзгерген екен, байқамапты-ау бұл. Енді оны көргісі келмей, өзін-өзі құлыптатып, жатысы мынау.
Дәукең қызы, келіні үшеуі қаймақталған қызыл шәйда бас қосты.
-Сәуір қайда, келмей ме?-деді Ұлбалаш.
-Ол жұмысына кеткен.
-Е е, пішен шабуға дайындық қой қазір.Техника мен жем-шөп цехының шаруасы оңай емес. Біз ғой, енді Қрыловтың мысалындағы жер жыртқан өгіздің мүйізіне қонған шыбындай, жерді санамызбен жыртып, шаршайтын шаққа жеттік. Қыстың қамын қазірден ойлап, қолдағы бір-екі қараға жем-шөп бізге де керек-ақ...
-Көке оған бас-көз болуыңызға әлі уақыт бар емес пе? Сәуір де ойланар. Сіз қалаға жүріп, біраз... үйде болмайсыз ба?
-Онда барғанда не бітіремін?!
«Мұнда не бітіресіз?» деген қарсы сұрақ келіп-ақ қалса да, қызы үндемеді. Қызыл-сары келіні қызарып салды. Қуанғаны шығар.
-Моншаға түсесіз. Қаладағы ағайындар мен жол- дас-жораларыңызға қонаққа барасыз,-деді келін. Шәй соңында Дәукең келісім білдірді.
Бір оңашада күйеуінің басқаға көңілі ауып жүр- геніне шағынған келіні, оның күні түсетін бастықтар мен байларға мәймөңкелеп кететініне күйінді. Қызы бастыққа тиді деп Қаппарқұлдың сөзін екі етпейті- ніне, Жаппарқұлға пұштиятынына күйінді.
-Есіңізде ме, әпке, сіз үністітке кірместен бұрын обкомда жүргеніңізде-ші, сізге қалай жалпылдап, өліп кете жаздайтыны Сәуірбектің?! Онда бұл сізден соп- қозға парторг қоя ма деп дәмеленетін. Енді пұштиып қалмады ма сізге де? Байқаңыз! Ісім түспейді дейді- ау!?
-Қойшы?! Мен не болсам да бауыры емеспін бе? Кім болып істесе де әркім нанын өзі табады, шүкір. Олай демеші.
-Ой, әпке, сіз елдің бәрін өзіңіздей көресіз. Елдің бәрі қу түлкі ғой, керек болсаңыз басқаша лыпыл- дайды. Сіз оны айтасыз, Сәуірбекке әкесі өскенше керек болды, оқытты-шоқытты, қызметке қойды, үй- лендірді. Атамның арқасында бастықтары бір ауыз бетіне келмей, керек болса, мәшинемен іздеп кеп үйден әкетеді. Жалқау ғой шөп басын сындырмайды. Баласы өзіндей болғанша әкесі нанын тауып, пенсия- сымен асырап отыр. Сөйткен әкесін «Ұйықтатанып дәріні ауқатына көбірек салып жіберіп, өлтіре сала- йық» дейді.
-Қ-қойшы!!
-Өлейін әгәрдайым, әпке! Апамның әруағы ұрсын әгәр... Бір күні сөйтіп өлтіре сала ма деп қорқамын. Ә, мұның несі кетті, а?! Қарап жатқан - мен, кірін жуа- тын-мен. Бұтына жіберіп жатады атам, жуатын мен.
Ауырса уқалаймын ғой. Сонда «уқалама! Ол қақпас о жер, бұ жерін ұстатып, өтірік ауырады. Ауруы жоқ, кемпір алғысы кеп жүр» деп ұрсады. «Қара» деудің орнына «Өлтір» дейді жауыз Сәуірбегіңіз. Өзі бұзыл- ған...
-Тоқташы, кім... атың кім еді? Тоқташы сен! Ол дәл осылай дейді ме?
-Иә!! Бір емес, ылғи айтады! Көргісі келмейді. Қандай адам екенін... түк түсіне алмаймын! Таң қа-
лам! Мың жақсылық істеген сізді ше... Айтуға аузым бармайды,әпке...
- Айт!
-Сізді «байы жоқ болғасын қарап жүре ме, ол бұзылған» дейді. Сізді «жақсы болса күйеуінен айы- рылмас еді» дейді ұялмай. Ол құдайдың ісі ғой, әпке. Біреуге тисеңізші, ініңіздің көзін шұқып тұрып! Ал!
«Қатынаспа, келтірме үйге» дейді, ал! Қазір де түк- пірдегі үйде сізді көргісі келмей, тығылып жатыр. Сенбесеңіз көріңіз. Тексеріңіз! Айта берсем...
Иә-ә келін айта берді. К-өп айтты. Ұлбаланың миы лоқылдап, жүрегі айныды. Әрі қарайғы сөздің парқына бара алмады, тек көк шыбындай гүжілдеген, зың-зың дыбыс құлағының түбінде ұза-а-қ тұнып тұрды.
Әлден уақытта бұл өзіне-өзі келіп:
-Қой, біз қайтайық,-деді.
Көпжасар мен Жансаяны алып, әкесі төртеуі жолға шықты.
Есінен інісінің балалары карта ойнағанда қолын- да қалмауын тілеп, зәредей қашатын қарғаның дама- сы кетпей-ақ қойды. Өмір де ойын сияқты көрінді Ұлбалашқа.Қолына сүңгі ұстап,қара жүрегін басына көтере сызданып қараған картадағы кап-кара «қарға- ның мәткесі» қыр соңынан қуып келе жатқандай. Жо- лап кетсең, жылан тілді айыр сүңгісімен жүрегіңді те- сіп, қаныңды ағызатындай, туған үйінен жылан шық- қандай, қашып барады. Өмір ойынында одан қайда
қашуды, қалай құтылуды білмей, Ұлбалаштың айыр тілден жараланған жүрегі қан жылады.
***
Ұлбалаштың бірінші мақсаты-әкесін ретке кел- тіру еді. Дәукең суды сағынған ата қаздай-терілері салбырай серейген қолдарымен сүйегі ырсиған арық денесінің әр жерін сипағыштап, жылы суда мойнына дейін шомып отыр. « Рахат-ай! Тіршіліктен пенде көшкен соң, о дүниенің екінші тіршілігі басталаты- нына Дәукең сенбейді. Қияметтей қиындық көріп жатса да, жақсылығынан дәмететін адами үміттің үзілгісі келмеген қиялы, екінші жағынан-тозақтың бар екендігімен сескендіретін тәрбие әдісі деп біле- тін. Қиындығың мен қасіретіңнің қайтарымын о дү- ниедегі жұмақтан іздеудің керегі не, егер бүгінгідей көңілің хош, тәнің таза, тамағың тоқ, қасыңда ой бө- лісер тілектес ұл-қыздарың болса! Жұмақ та, пейіш те Дәулетбақ қарт үшін осындай шүйіркелескен жанұя, бұрынырақта өзі де сезінбеген жәй ғана жадыраған келбетте екен!» Дәукең жылы суда ұзақ жіпсіп,ара- арасында күрең шәйден ұрттап, ойға шомған.
...Есігінен қонақ үзілмейтін әке шаңырағында қолға су құю міндеті кішкене кезінде қыз да болса Ұлбалашқа жүктелген-ді. Қаз мойын жез құмған мен жез шылапшынды ұстап, иығына түкті сүлгіні ілген қыз есіктен аттай бере шөкелей отыра қалып, екі ала- қанып жая «Лай аумин!» дейтін. Ол –бата сұрағаны. Сосын қонақтардың төрде отырғаны саудыратып, үйіп-төгіп бата беретін. Бір шетінен айналдыра су
құйған қыз кірген беттегідей есіктен арқасымен шы- ғып кететін. Осымен Ұлбалаштың бүгінгі міндеті аяқталып, жұмсауға іздемейтін. Қонақтар көрпешеде көсіліп отырса- кереметтің болғаны! Бұл ақырын ке- ліп,иығына сары тонын желбегей жамылған әкесінің беліне белбеуше созыла жатып, әңгіме тыңдайтын.
Не-не-не шежірелер, айтыстар, әзілдер айтылып жата- тын. Бәріне түсіну қайда, бірақ, көбіне жырлары жат- талып қалатын.
Жайшылықта әкесінің балаларға қарай қалатын уақыты бола ма? Бола қалса да ол ұлы Абай мен Гетенің уақыт-ағымын қалайша ағып жатқан сумен теңестіргенін, оны өзінің қашан, қалай түсінгендігін айта ма? Әрине жоқ. Ұлбалаш қонақ келген күндері сары тонның ішіне бұғып жатып, әңгімеге шөл қан- дырар еді. Үлкейе келе ол сыбаға өзінен-өзі азая бер- ген.
Осы жолы көкесі үйіне келгелі бері бұл айтушы- сын, ол тыңдаушысын тауып, екеуі де мәмірежай бір күйге ауысты. Жансая да «ата, ол не деген?» деп, әке- сіне серік болды. Ата мен немере жақсы әңгімелеседі, бірі ертегі-аңыз, жыр-толғауды жақсы айтса, екіншісі де мұғалімдері жаттатқанын айтып, тай жарысқа түсе шоқырақтайды. Екеуі де мәз.
-Бір жылы көктемде жауын көп жауып, Бадам өзені тасып жатса керек. Оны кешіп өтпекші болған Майлықожа ақынға өзен өткел бермей, атымен қоса ағызапты. Сондағы ақынның айтқаны екен:
Бадам-кедей!
Майлыны ағызасың адам демей. Зауза мен саратанның күндерінде,
Жатушы ең ауыз суға шамаң келмей.-Биыл да жаңбыр мол. Өзендер көтеріліп, жер семіретін шығар, сірә, -деді Дәукең.
Түске дейін Дәукең бір өзі қалады. Сонысына ың- ғайсызданған қызы ас-суын кереует қасындағы үстел- ге дайындап кетеді.
-Әуре болма, балам. Өзің келген соң –ақ бірге шәй ішеміз. Мен оянсам теледидар не кітап қарап жа- та тұрмаймын ба?-деді әкесі, -осында келгелі ұйқым тыныш, бойым жылынып, берекем кіріп қалды ғой, балам. Үйде де шәйді сәскеде ішеміз.
Осыдан арғысын қарт ішінде бүгетін... «Осы күнім-пейіш, жұмақ қой, қызым» дегісі келеді. Де- меді.
Келіні айтқан: «тамаққа тоймайды, қазір тамақ- танса да «ашпын» дейді атамыз дегенін шын қабыл- даған Ұлбалаш. Осы күндері әкесіне не жағдай жасау- дың ретін білмейтін. «Сүйегі таза бұрынғының кісіле- рінің тәбеті дұрыс екені рас қой» деп сенген де. Бірақ, әкесі қолында жүрген екі жұмада оның келіні айтқан- дай садыралататынын, табағына зәр төгетінін, алжы- ғандығын көрмек түгіл, артық жарты сөзін естімеді.
Қайта, жардан құлаған жаралы жолбарыстай жүні жығылып, жотасы түскен, қажыған, қараусыз қартты көрді. Қыздың қолына қарағанды намыс санаған ата салтқа Ұлбалаштың қаны қызды. Қыз боп жаратыл-
ғандығынан әкесіне қорған бола алмайтын өзіне ыза- сы келді. Тілмәш келініне жетектелген інісіне, абы- ройы үшін-ақ үндемей өлуге дайын әке әлсіздігіне қорланды. Қазақи қағидада шыңарақтың туын ұл- қызың емес,сол қазақ босағадан орын берген келін ұстайтынын ұқты.Ұлбалаш арба сынбайтын,өгіз де өлмейтін жол іздеп, таба алмай қиналды.
Шынында, көкесі күннен күнге өңденіп, әлденіп келе жатты. Ауылында қомыт көрпенің ішінде жатса да жылымайтын аяқтаря жұқа шұлықпен-ақ жаура- майтын болды.
Бір демалыста өзімен бірге институтта әдебиет- тен сабақ беретін келіні Жарқынай мен Арманды, Мамыр мен Үрләнді қосып, қаладағы туыстарды; екінші демалыста көкесінің ескі таныс- жолдастарын дастарханға шақырды. Көкесі өзінің бала күніндегі- дей, марқұм анасы-Хадишаның бар күніндегідей, қызу әңгімеге араласып, санын соғып-соғып рахат- тана күлді. Жасап отырған, жасай алатын әкесін кө- ріп, Ұлбалаштың көзіне жас үйірілді. «Дүние неткен қым-қиғаш,қарама-қайшылыққа толы еді! О,опасыз тіршілік! Опасыз отбасы! Адалдығы ада боп жаралған ит келін, ұғымсыз ұрпақ! О, сиымсыз, қисық салты- мыз! Қайтейін-ай!» Ұлбалаш аласапыран күйге түсті.
Жаттап алған өлең жолдары тіліне еріксіз орала берді:
О, менің әкем –асқарым, Төбемде биік аспаным,
Өзінен бұрын ойлаған, Береке, бағын басқаның.
Кім едің, әке, сен деген?
Дәл сендей адам кем де кем, Жүрегін жұлып берсе де, Жаралы жанды емдеген.
Мақтаныш етем мен сені – Шындықтың алмас семсері! Сұмдық пен шындық айқасса, Жалғанның шыққан сең-сеңі!
Өзін ұстамды,мықтылардың қатарына іштей қо- сатын Ұлбалаштың көзіне ыстық жас келіп те қапты. Мына шумақтар оның өз жүрегінен шығып, өз әкесіне арнаған ризалығындай екен-ау!
***
Дәукең баяғыда өкімет берген үш бөлмелі үйді Жарқынайға сыйлаған соң, оған ат ізін салмаған.
Көшірісіп, жұмысқа жайғастырып жатса Ұлбалаш кірісетін. Құлағы шалып қалмаса, газеттерден келін- нің әдеби тақырыптардағы зерттеу мақалаларын оқы- ғаны болмаса, көңілі қалып, атын да атамайтын. Бі- рақ, «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біздей боларсыз» деген дүниетанымдық терең оймен жазылған мақа- ласын оқығанда, Жарқынайдың ой-өрісіне ризалығы туғанымен, опасыздығын кеше алмағын. Ұлбалаштың
үйіне әуелі жылы жүзді жас әйел жымиып кіріп, келіп қолын алғанда, танымай да қалды.
-Қалайсыз, папа, денсаулығыңыз жақсы ма?-де- генде, Дәукең «танымадым» деп шынын айтты.
-Көке, Жарқынайыңыз емес пе, мынау жігіт- Арман Қабылұлы,-деді Мамыр,-Арманжан, атаңа сәлем бер.
-А? А?- деп ұялған Дәукең өз кенжесі Қабылдың балаң шағымен қауышқандай, Арманға құшақ ашты. Діні қатты Дәукеңнің көзінен бір тамшы жас ыршып кетті. –Бармысың, балам, аманбысың?!-дей берді.
Дәулетбақ қартты Мамыры, сосын Арманы жеңіл мәшинемен үйлеріне алып барды. Алтынай мен Ұлба- лашы, Үрләні мен Жарқынайы бас қосқан сәулелі ке- ңістікте Дәукең пейіштің төрінде отырғандай тасыды. Пейіш деген-жылы жүзді жанұя екен деп түсінді. Қа- типаштың ұғындыруымен «бөжек» көрінген екі ке- лінінің, Ұлбалаштың жастанса –жастық, ұшса- қанат болған пейілдерінен Дәукең өз қателігін ұқты.
Қабылының шаңырағында немерелерінің кезек- тесіп салған әндерін, тақпақтарын, билерін тамаша- лап, Арманның өз шығармасынан туған жер, ата-ана, достық тақырыптарындағы өлеңдерін тыңдады. Кон- церттің жүргізушісі Арман:
-Арман Қабылұлы Құдретуллин! «Әкеме», -деді салтанатты түрде, - қарсы алыңыздар!
Басқалар дуылдата қол соғып, тына қалысты. Қилы да қилы асқардан,
Өзіңнің тұлғаң биік тым. Өмірім сенен басталған, Сондықтан сенсің сүйіктім.
«Атама»
Желбіреген тұлымым, Мен –атамның ұлымын! Сен бәйтерек болғанда,
Мен –көктеген шыбығың!! –қол соғыңыздар!-деп жүгіре басып Дәукең нің мойнына асылды. –Ата, мен сізді бүкіл достарыма айтып қойғам.Олар дың бәрі- бәрі сізді біліп алған!
- Мені ме? Не деп?
- Ең батыр адам деп, ең ақылды адам деп! Тағы өлең айтайын ба?
Арман сахнада тұрғандай, салтанатты әуенмен қолын сермей жымиып, өлеңін жалғады. Үлкендердің қолы жанарларына жанаса берді.