ҚАРҒАНЫҢ МӘТКЕСІ
Өзекті өртеп арманың, Шайнауда қалды бармағың. Қадіріңнен айрылып,
«Мәткесі» болдың «қарғаның».
Хадишаның қазасына келім –кетім саябырсыған соң Қатипаш ты атасы бір мезгіл барып, қайтатын жұмысқа жайғастырып, үйдегі немерелеріне өзі бас- көз болып қалды. Жамбастап сырғып жүріп –ақ, аяқ- киімін пешке кептіріп қоятын, қалтасындағы бето- рамалын түгендейтін кемпірі жоқ. Көйлегінің жағасы өтек көрмей, төсек қағылып салынбай, сұраусыз шәй келмейтін болды. Табақ-аяқ көп сақырлап, тарғыл да- уыспен келіні бала-шағасына айқайлауды көбейтті.
Таудан-тастан қайтпаған жаужүрек Дәукең келініне
«шай ың суыды» деуге батпайтын сияқты ма, қалай.
Көбінесе, ондай да пиалайын тарс еткізіп төңкеріп, мекірене кітабына үңіле салатын. Кейде ғана:
-Ә, баламтай, шәйіңді жылытып әкелесің бе?- дейді.
Е-е, келінінің өзі шөлдегендегі ән салып тұрған қара құманнан қосыла ішкен шәйді ішкен де,ішпеген де арманда-ау,шіркін.Суса мыр Дәукең шоқша сақал- ды иегін селкілдетіп шәй қойып, дастар хан жасауды үйренді. Шылапшынды шылпылдатып, көйлек-ыста-- нын, шұлғауын жуып, жаятынды үйренді.
-Ә-ә! Ха-ди-ша-аһ! Бұларды кім істейтінін сен жоқта бір-ақ байқаппын-ау! Ә-ә! «Сыртқа шықсақ- батырмыз, үйге келсек-қатынбыз».
***
Көппен араласып, еңбек еткен деген де бір ғанибет қой! Қати паштың да көңілі жадырап,үсті- басына қарап,боянатын болды. Ете гі сөгіліп, кей жері жыртық-пыртық демесең, өтексіз болса да сауыс- сауыс киіммен жұмысқа бармайтын-ды. Бір тәуірі- киімінің сыртынан ақ халат кие салатындығы.
Бұл қойма кілтін ұстайтын ауруханада Қатипаш- тың зерігерлік жағдайы болмады. Ауруханадағы ем- делушілердің өзгеріп тұратын дығы мұның әңгіме заңғарының биіктеп, өсек өрісінің кеңеюіне ең бір қо- лайлы жағдай-ды.
-Қатипаш атаң қалай? Бақуат па? –деді аққұба ке- ліншек. Мен Сәуірмен бірге оқыған ем. Күлби...
-Е-е, атамыз Кашей бессмертный ғой, жақсы!
Денсаулығы сені мен менен мықты. Табақ-табақ та- мақ ішсе, бақуат болат-тә! -деді жарыла күліп.
-Ол кісілер біз сияқты дәрі жеп өспеген, тәні таза адамдар ғой.
-Әй, қайдам-ай! Біздің атам белін шыр айналды- рып қарындар байлап алған- ау.Тойдым демейді ғой! Қазір тамақ берсең, артынша «Нең бар жейтін? Аш- пын ғой» деп тұрады. Ә-ә, ол шал кемпірін жегені аз, бәрімізді жалмайды әлі. Пейілі жаман ғой!
-Қойшы! Ел-жұртқа сыйлы атаңды олай деме- ші,әулиедей ата!
Күлби балалық пәк сезіммен қайын атасы болуын тілеп, тағдырына талай жалбарына жылаған Дәулет- бақ қарттың мынадай әңгімеге іліккенін қаламады. Ол кісілердің әлі де сырттай тілектесі, Сәуірбек - тәтті арманы еді.
-Ел-жұрт не біледі! Өтірік күліп, мәймөңкелеп сөйлейді ол сырттағыларға. Кемпірін теуіп-теуіп, ұрып өлтірді ғой ол шал!
-Қойшы?! –Күлбидің сенгісі келмеді. Бірақ, «ту- ған келіні соншалық жала жабуы мүмкін бе?» деген ой ызыңдай берді. Соны сезгендей-ақ:
-Ім-м! Мен өтірік айта алмаймын ғой, апай. Енем- нің әруағы куә сенбесеңіз. Сондай залым, зверь, фа- шист адам ғой ол. Білмейсіз дер әншейін. Содан қаны тасып, қызына қашып кетіп, ақырында өліп тынды.
Өлтірді! Енді енем өлгелі бәрімізді қуырып жеп, мені тентек қылатын болды. Миым су боп, не істеп, не
қойғанымды білмеймін, түнде ұйықтай алмаймын. Үйім шашылып, сиырым пададан қалып, түк ісім өн- бейтін болды осы күні. І-і-ім... Кемпір алғысы келіп жүрген шығар. І-і-ім.
Қатипаш жібі бос жаратылысын осылай бүр- кемек.
-Ойпырай, ә... Өзім амандасқанда именіп зорға амандасатын едім атаға. «Рахмет балам» дейтін әйтеуір. Қайдам, үлкендер ол кісіге тақ тұрып, пір санайды. Елге еткен еңбегі көп, халықтың ұлы деп танушы едік, қайдам...
-Ай, ар-ра-м ғой әншейін. Бұл әулеттің бәрі ар- рамы-лар, оңғаны жоқ. Анау інісі Жаппарқұлы менен- кетпен ауырған екен баяғы заманда. Содан миы онша істемейді-ау әсті, ұры! Қып-қызыл ұры! Ауылдаста- рының да, біздің де түгімізді қоймайды. Миы істесе бізді ұрлай ма,айтшы. Оның бала-шағалары да түгелі- мен сондай. Құдайдан қорықпайтын Жаппарқұл атамыз... Седеп дейтін жесір кемпірді танисыз ба?
-Қ-қай-дам...
Ауруханаға танысының көңілін сұрай келген Күлби Қатипаштың әңгімесінен басы мәңгіп, әзер құтылды. Ненің рас, ненің өтірік екенін айыруы қиындап, сөйлескеніне өкінді.
Қатипаш бір мезгіл келіп-кететін аурухана еңбек- керлері мен емделушілері, көңіл сұраушылары түге- лімен дерлік Жанаи би әулетінің жағдайымен қара- пайым, салпы етек Қатипаш келін арқылы толық та- ныс еді. Ол әулеттің қай қызы байын қалай қызғана-
тынын, балаларына қалай дұрыс тәрбие бермей сөй- лейтінін, қай әйелінің ел күлерліктей несі бар екенін, Дәулетбақ шалдың тамақтанғандағы алмалы-салмалы тісінің қалай жиіркенішті сақырлайтынын, қалай өті- рік ауыратынын Қатипаш сахнада ойнайтындай ше- бер кейіппен көрсететін.
Қитырқы қылық--күлмекке жақсы. Қолмен қо- йып, көзбен көргендей небір сұмдық сөздердің ішінде жан тәтесі Алтынайдың да аты аталып, оның біреудің байын тартып алып, анау әйелдің жынданып, төрт қабатты үйден секіріп өлгендігі де бар еді.
-Ойпы-ра-й, кімнің ішінде не барын сырт адам қайдан білейік. Аулақ, өзімен кетсін!-деп жаға ұста- ғандар да;
-Әй,келін! Осы ауыл түгіл осы өлкеде ол кісіні танымайтын адам кем де кем. Сен не деп отырсың өзі! Ол әулетке сен секілді улы қара бүйі келіпті ғой! Бетің құрысын бейәбір! Әулиедей атаңды осынша сөгуге құдайдан қорқып, пендеден ұялмайсың ба?!
Жоғал әрмен, ұятсыз!
-Аузының жыпылдауы жаман екен. Сол шалдан өсіп-өніп отырып, қарашы иттің баласын!-деп жақ-тырмаушылар да болды.
Қарсы дау айтып, қатты сөйлейтіндер табылса, Қатипаш тілін жұтып жіберіп, шүңірек көзін сары жүн кірпіктерімен көлегейлеп, жер шұқи салады. Дау басылғанда етегін шұбалтып, тырп-тырп басып, мо- мақан күйге түсіп жөніне кете салады.
***
Бүгін келіні жаздай жадырап жүргендіктен, Дәукеңнің де қыртысы азайып, жасарып қалғандай- ды.
-Ата, арқаңызды уқалап берейін бе?- деп көже ішілген бойы жиылмаған екі қарыс мықыр үстелді аяқ-табағымен әрі жылжыта салып, Қатипаш атасы- ның қасына отырды,-Ал-па-м-ее-с, атаңның аяғын басқың келіп тұр ма? І-ім, баса ғой, бас! –Қатипаш баласына жұдырық түйіп, «бас» деп ымдады.
-Е-е... сол жерім. Е-е, дәл таптың, балам. Баяғы айдау –байлаудан қалған үйреншікті ауру ғой. Соңғы кезде оң көзім тұманданып, шаншып, берекемді алып жүр. Кеше көз дәрігеріне бардым, балам. «Опера- циясыз шешілмейді. Келіссеңіз жасаймыз» дейді.
-Жасату керек қой, ата. Көз-ең керектісі ғой кісінің.
-Сол дұрыс қой деп тұрмын, ә? Бұл көздің құры тұрғанынан не үміт, не қайыр? Операциядан соң не көрер, көрмесе бәрібір тұрған көз емес пе? Екіншісіне ауысады дейді. Екеуі бірдей көр болса, сендерге, әсі- ресе, саған масыл болмаймын ба? Жасатқаным оңды болар, сірә? Ойласқаным ғой, балам?
-Әрине, ата, әрине! Ата, онда Мамырды үйлен- дірмейміз бе? Өзінен кіші Қабылдың баласы үшке келді. Бұл жүре бере ме?-деп, арқа уқалағандағы не- гізгі мақсатына көшті келін.
-Үйленсе мен қой дедім бе? Жүдә жақсы!
-Өзі момын бала, өзіміз сырмінез жерден әпе- рейік, ата. Менің апамның қызы бар, ата. Бір үйді қа-
зір-ақ тербетіп отыр. Апам бүкіл бір үйдің жасауын инесіне дейін түгелдеп қойған. Жалғыз қызынан аяна- тыны жоқ. Соны әперсек, өзі пысық. Бұдан қанша кіші. Сәл денесі толықтау, жездеме тартқан. Сонысын кемітпесе...
-Денесін қайтеміз, балам, біз? Адамдығын айт!
-Мінезі ашық, ата. Ақ көңіл, сартылдан қалған. Бұл жақтың қыздары сияқты мыңқиып, мөлиіп, ты- мырайып тұрмайды. Іші-бауырыңа кіріп кетеді, ата, өзім сияқты, турасын айтады. Оқуын бітіргеніне де төрт жыл болды ғой Мамырдың. Дәкіменті болса да малға санитарка боп жүрісі мынау. Бұл жақта оқыған көп. Жұмыс жетпейді. Апам оны малдоғдыр ғып қояр еді. Өзімен-өзі... Апам қызын алған адамға үй, астына арқыраған мәшина әперемін деп ақшасын буып- түйіп отыр. Балдары әлі жас, малы көп қой. Соған қолқа- быс-опор болар еді, ата.
-Маған неғыл дейсің, балам? Алатын адам мен емес қой. Сөйлеспеймісің балалардың өзімен?
-Сәуір қуанып отыр, неғыса... өзді-өзіміз деп. Сізбен бірге айтайық та Мамырға, сізді сыйламаса кімді сыйлайды, кімді тыңдайды ол? Жаман болсын демейміз ғой. Өзі сылпиған, алғаны пысық қыз бол- маса, сіздің көзіңіз кеткен соң мына халық Мамыры ңызды жеп қоймай ма? Қазір адам бұзылған ғой.
-Адам жегішің кім?! Бұзылғаның кім?!- Дәукең сілкіне басын көтеріп, келінге түкшие қарады. Қати- паш үндемей, көзін төмен салды да, ақ шашты, қатпар
кұйқалы басты он саусағымен сылап, қыртысын жазу- ға күш салды. Әлден соң:
-Ата, шәй дайын, әкелейін бе? - деп жыпылық- тады.
***
Мамырға бұл әңгіме кешікпей айтылды. Ол үндемеді. Көңілі ұнатып, сөз байласқан қызы барын жеңгесі білуші еді.
-Өзің болсаң момынсың, алдауға түсіп қаласың,- деп жеңгесі атасына айтқан қамқорлығын бастырмалатып, бытпылдықтата жөнеп кеп бергенде, Мамырдың басы салбырап, иықтары басылып, отыра береді. Ақыры:
-Мейілдеріңіз. Менің келешегімді сіздер ойламай, кім ойлай ды, - деген уәж айтты. Көңіл толқынын сыртқа шығармады. Жеңгесі түсінбесе, әкесіне не десін енді.Ол жұмысынан демалыс алып, Қатипаш- тың еліне жүріп те кетті. Қалаға келген соң Мамыр сөз байласқан қызы-Үрләнға жағдайды айтып шығу- ды жөн көрді.
-Менен ескерткіш болсын,-деп қол сағатын ұстатып, көшеде қаңтарылған таксиге мініп, кете барған.
***
Қатипаштың елі қалбалақтап күткенімен, Мамыр жерсінбеді. Қалыңдық қызға қараған сайын Үрләннің жылап қалғаны көз алдына келіп, ақыры өз ауылына кері аттанып кетті. Сол екпінімен әкесіне Үрләнға үй- ленетінін айтып та салды.
Жаңа келін келгеннен –ақ үйдің іші-сырты Хадишаның сау кезіндегідей, Ұлбалаш пен Жарқы- найдың үйде жүргендегісіндей тап-таза, тап-тұй- нақтай болып өзгеріп кетті. Қатипаш та келін жұм- саған мама бәйбішелерге ұқсап бақты. «Үрлән, Үр- лән» деп өліп-өшті. Өліп өшкенін Сәіур де, тиісті көрші- қолаң да көруіне көрді! Сәуірбек те інісінің таңдауына риза көңілде еді.
-Мамырды үйлендірдік, атам енді көзіне оперәсә жасататын шығар. Қызық адам екен! Ол түгіл біздің көзіміз жарқырамайды. Кітаптағы биттей жазуды оқыған соң енді не керек екенін түсінбей мін. Осы біз казітке қарасақ, екі сөзден әрі көзіміз бұлдырап кете- ді. Оқымай-ақ жүрміз ғой. Жетпіске келдім-ау демей- ді, әлі жүз жасай тындай, ниеті жаман. Балалардың тілеуін тілеп, тиыш отырмай ма?- Қатекең шәй үстін- де әңгіме бастап, пиаласын Үрлән келінге керіле ұза- тып отыр.Содан тәубешілдік, әділ іс, таза жүректілік, тура сөйлеу, ұрлық етпеу сияқты адами тәрбие тақы- рыптарында біраз ұзаққа шауып, қыза-қыза әңгіме- леді. Ақыры:
-Атама күндіз көретін көз аздық етеді-ау, кітап оқитын көзін «көрмейді» деп енді түнде көретін көзді ауыстырып салғызбақшы, хи-хи.- Әйелінің осындай
«күлдіргі» әңгімелері Сәуірбекке жақсы көңіл-күй қа- лыптастырушы еді. Мұндайда бірін-бірі желпінтіп мәз болысатын-ды.
-Атаңа онда иттің бе, қасқырдың ба көзін салғы- зайық.
-Ә-ә! Түнде көкпеңбек боп жанып тұратын, дұр- рыс, хи-хи...
Жеңгесінің көзінен жасы аққанша тырқылдай күлгенін ұнатпаған аңқау Мамыр:
-И-и, енді... иттен гөрі қойдың көзін салғызғаны- мыз дұрыс шығар. Өзі де қой көз ғой көкем,-дегенде, Қатипаш отырған көрпе шесіне құлап түсіп, аунап кеп күлді-әй!
-Ойнап айтты ғой,-деп қызарып кеткен жас келін Мамырды ақырын түртіп, шәйді жиыстыруға кірісіп кетті. Сәуірбек бұл сөзге көзінен жасы аға күлсе, Мамыр «Қайдан білейін» деп екі алақанын жайып, томсырайды.
Бір аптадан соң –ақ жас келіннің жаман аты жан- жаққа тарап, дастарханның жарасымдығы жыртыла бастады. Абысынның қабағы түксиіп, бірте-бірте бірі- гіп тамақтану мен бас қосулары сирексіп бара жатты.
Не дейсің, жас келін таңертеңнен кешке дейін айна алдынан шықпайды, дайын дастарханға отыра- ды. Күйеуі жұмысынан келген де,оны да бөлмесіне қамап, бөлек дастархан жаяды -мыс. Не дейсің, екі күнде бір төркініне не өзі, не Мамырды жүгіртеді. Не, дейсің, Үрлән келін боп түскелі төрт картопты қуы- рады екен де, бәрі шөміштен қағылып, азып-тозыпты. Не дейсің артынан келген киімдерінің жарамдысын, тағынған алтындарын төркініне тықпыш тап беріп жі- беріпті. Ол келгелі Қатипаштың үйінен ұсталмаған бұйымдары жоғалатын болыпты. Не дейсің... не дейсің...
Иә, бұған Үрләннің жан- дүниесі түгіл жүзін де танымайтын ауыл адамдары, ағайын-жұрт не дерін білмеді. Бірі таңдай қағып, бірі жағасын ұстап, бірі бастарын шұлғып, бірі қабақтарын қарс жауып, түрлі күйге түсті.
Отау тіккен жастардың жарастығы артып, өз қызықтарына мас мезгілдері. Кейде ұйықтап қалатын- дары да рас-ты.
-Тұр-рың-дар, кәне, ар-рам-тамақтар! Түске дейін талтайып жатып, бетсіздер!-Гүжілдеген жеңгесінің дауысын оның есікті қос қолдай ұрған дүрсілі дүрлік- тіріп, жас жұбайлар шошына атып-атып тұрысты.
Мамыр есік ілгегін ашып қалғанда, көк айылданып, торлама кауын беттері бұрынғыдан да тырсиып кет- кен жеңгесі отау үйге сүңгіп кірді. Сұп-сұр.
-Н-не болды... соншама?-деді сыйдиған бұтын немен көлегей леуді білмей сасқан Мамыр. Үрлән төсегінде бүркенді.
-Не болушы еді?! Шешеңді бақтым бес жыл! Же- сір әкеңді бағып отырмын. Аз ба? Сені бақтым, інің- мен қосып пәлен жыл! Енді қатыныңды бағамын ба мен, а? Тапқан екенсіңдер ақымақты! Тұрыңдар кәне! Бірің сиыр сау, бірің боғын тазала! Осы қатыннан басқа өмірде түк көрмегендей, түк таппағандай... жа- бысып қалып сыңдар, сорлы!-Пыт-пыттаған жеңгесі осы кезге дейін елге таратып жіберген «не дейсіңнің» тізбегін тізіп, оны он есе көбейтіп, көкіді. Ең сұм- дығы-Үрләннің пәктігіне күйе жағып, Мамырға қам- қорсып сөйледі:
-Адам таппағандай әлдекімнен қалған тастандыға соқтығуын қарашы, аңқау сорлының.Ел шулап жүр, әлі талай көзіңе шөп салады мынауың!-деп екі бүйі- рін таяна тепсінді ол. Өз еліне «сары сыған» атанған Қатипашты осы қалпында долы екені даусыз дерсің.
-Не болды ей, таң атпай?-деп, төсегінде манау- раған күйеуіне бұл масаттанып:
-Е-е, бердім қараңқалғырлардың сазайын. Қа- шанғы шыдайын, «қатынды бастан»,-деді. Сәуірбек аударылып жатты.
Бұл айқайдың тігісі түзеліп, атасы Дәукеңнен бастап бүкіл ағайын -тума, ауылға тағы да Қатипаш- тың тілімен жетіп жығылып, бас шұлғытқан.
Алтынайға да, Ұлбалашқа да түсіндірілді.
-Е-е, «үлкен пышақ ұялғанынан өтеді», Қатипаш. Мамырдың ендігі шешесі сенсің. Абысыны емес, ене орнына да өзіңсің. Ұрыс-таластың ұяты саған келмей ме? Мәңгілік бірге тұрмассыңдар. Екі жас оң-солын танығанша тәрбиелесеңдер, бөлек үй болады ғой олар да. Шыда, елден ұят-ты.
Алтынайдың ақылына Қатипаштың түкіргені бар ма! Құдайға шүкір одан да, басқадан да ақыл сұра- майды.
-Е-е, тәтешім-ай! Шыдаудай шыдаймын –ау.
Момын Мамыр сорлыны ешек қып жүгендеп, мініп алды ғой. Бауырыңыз емес пе, аямайсыздар ма? Сіз- дер қалай ғана шыдайсыздар. Сіздің орныңыз да бол- сам, ол қатынды қуып жіберіп, не аузын айырып қояр едім. Момынсыздар! «Қатынды бастан!» деген қайда?
Мені ғана жексұ рын еткенше, осы бастан ініңіздің мерейін көтермейсіздер ме? Білмеймін, білмеймін...- Қатипаш күйіп-пісті. «Үрлән, Үрлән» деп оның жал- пақтаған кездерін көрген қыздар, шуы жиылған үйді, ізетті Үрләнді де көрген қыздар ештеңе түсінбеді.
«Мамырдың аңқаулығы рас» десті. Қатипаш келін әпкелерінің асты-үстіне түсіп, жортақтай басып шәй жасады.
-Есіктен Көпжасардың басы қылтия көрінді, әр жағында оны кеу-кеулеген Алпамыс тұр.
-Мам... Біз тауға шығып, қозықұйрық теріп келе- йікші.
-Қозықұйрық? Оның мезгілі өткен жоқ па?-деп Алтынай ұлы мен Қатипашқа кезек қарады.
-Кім біледі, болса болар дә. Болмаса серуендеп қайтар. Көпенжан тауды сағынған шығар., тәте. Кім- кім бармақсыңдар? Алпамыс екеуің бе?
Жо-оқ, бәріміз! Сағынышты да көтеріп ала кет- пекшіміз, мам. Сүтін, суын, көрпешесін дайындаса- ңыздар.
-А-а, онда мен нан-пан дайындай қояйын. Мал- ла-дес, Көпентай! Ана Алпамысқа да үйретіп кетші осы мейірімділігіңді. Біздің безбүйрек Алпамыс өзі- нен кейінгілерін маңына жуытпай, алдына келсе- тістеп, артына барса-теуіп, кәдімгі... мөңкиді! Өгіз ғой, өгіз! Әсіресе, анау екі кішкенені «мен үшін ту- дың ба? Қарап ал керек болса» деп жуымайды-ау тіпті. Атасының қаны да! Көзі ежірейіп тұрысын
қарашы!-деп сүйсіне жымиған Қатипаш аяғына орал- ған жорытпашын киізге домалата салып, түрегелді.
-Атасы... Атасына не бопты? –Ұлбалаш ыңғайсызданып келіні мен әпкесіне кезек көз тастады. Алтынай иығын сәл көтеріп түсірді де, Қатипаш үн қатты:
-Атасы жалғыз бауыры- Жаппарқұл атамен сәлемдеспейді де! Безбүйрек емей, немене енді? Со- лардан алған тәрбиесі... Мына Алпамыс та соның қаны ғой! Сәуірбек анау – сіздерге дұрыс амандас- пайды. Қандары бұзық, көкірек шетінен!
-Қойшы әй, мама! Сіз жамандағаннан басқа не білесіз? «Түк істемейді, үйге қарамайды, тіл азар...» сол ғой айтатын әнің!-Бойы теректей Алпамыс алқа- салқасы шыққан жылауық есікті бажыната бір теуіп, сыртқа сытылды. Шешесі сыпайы бір жымиып, ол да сыртқа беттеді.
-Әй, Арыстан, нан салатын сөмке тапшы, қай бұрышта өзі? Әй, Жолбарыс, Орка, тұршы.
Жалғыз түп, жарым жапырақты ауру алма ағашы- ның көлең кесінде карта ойнап отырған балалары Қатипаштың сөзіне селт етпеді. Ойын қызып жатты.
-Сегіз қиық, сегіз табанмен кетті. Мен шықтым!
Ура! Қара қатын болудан құтылдым-ау!
-Е, құдайым, сол «қара қатын» - «қарғаның мәткесін» келтіре көрме! Түпәй бетіне оның!
-Мен паспын! Жоқ!
-Дама қарғадан сақта, құдайым!
-Әй, жалмауыздар, салпанқұлақ ешектер-ау, кімге айттым «сөмке» деп, а? –Қатипаш арық жағасындағы көк теректен солқылдақ шыбық сындырып жатты, - соямын!
-Ойбай, шыбық келе жатыр, тұрайық!
Бұл үйдің екі қызы тіл қатып та үлгере алмады сөзге кезек тиер түрі жоқ. Зыпылдақ келіндері тағы да сақылдай жөнелді.
-Жаппарқұл атаның пияншук боп жүргені – осы біздің шал дан! «Жалғыз ағам қарамайды» деп жы- лайтын көрінеді ішкенде. Сорлы кіші атам байқұс момын жан ғой, оның үстіне... су мұрын салақ қа- тыны ұрлық істеп күйдіреді. Бала кезінде кіші атам – сор маңдайдың миына күн өтіп кетіпті де, менен- кетпен ауырыпты, сары аурумен ауырыпты. Осы күндері бауыры қайта-қайта ісіп, бәлніске жиі жатады. Ағайын бұзуға бар, ерме ғой біздің шал да! Әнеукүні Қаппарқұл шал қақпастанып, бұзықтығын істеп отыр екен атама кіші атам сормаңдайды жамандап! «Ұры, пияншук боп намысы мызға кір келтіріп жүр» деп. Мен:
-Сіз бәрібір Жаппарқұл атадан жақын бола алмайсыз. Көрдегі әжеңіз атама басқа бауыр туып бермейді енді,-дедім.
-Қ-қойшы –ей? Сүйдедің бе, шынымен?-Алтынай мен Ұлбалаштың ауыздары ашылды.Сенді. Қатипа- штың батылдығы мен әділдігіне риза болысты.
Қатипаш қиялына жан бітіре, әңгімесін жалғады:
-Сүйдедім! Қаппарқұл бұзық қып-қызыл боп жер шұқып, үндемей қалды. Жақсы адам болса, өз шешесін қылғындырмас еді ғой ол қақпас!
-Жеңеше, дайынсыз ба? Біз жүрейік,-деді Көпен жылауық есікті ыңырсыта ашып.
Қатипаш айтарын айтса да, кілт тоқтап қалды. М- ә-ә, бір жақ тағы қайдағылар емес,Қаппардың қыздар- ына айтқанын қарашы, ә! Қап! Біреуі емес, екеуіне қатар айтып, мұны не қара басты, ә? Енді «қылғын- дырғанның» көкесін өзі көрмесе неғылсын. «Е-е, құдайым, әмісе жар бола гөр, пендемін ғой. Қатын ғып жаратқан өзіңсің. Өй, мына сужұқпас Көпжасар- дың келіп қап, сөзімді бұзғаны қандай оң болды!»
-І-м, қазыр-қазыр. Көпенжан, міне, - Қатипаш сыртқа тұра жүгірді. Жорғалай басқан Қатипаш сырт- та терең тыныстап, аз-кем ойланды. «Ә, ақымақ ене- міздің сүмелек қыздары мені Қаппарқұл мен беттес- тіре қоймас. Алда-жалда ушығып бара жатса, Қап- парға әйелің Нафиса айтқан дермін. Қойшы қатын- ның әдеті емес пе, әңгімені қыздыра сөйлейтін! Иә!»
Сырттан жүгіре басып, қайта кірген Қатипаш үсті-басы кір-кір, беті жағал-жағал кенжесін тік көтеріп алды.
-Көпенжан алтын жігіт қой, мына тышқақты да ала кетпкеші. Қайда әлгі... Кешегі әпшелері әкелген кәстөмін киіп алсын бұл да. Кө-пе-н-жан тур-ра жез- дем бопты да қойыпты ғой, ә?
Қатипаш Дәукеңе көбірек ұқсайтын Көпжасарды ішкі ойын сөзімен көлегейлеп, жорыта айта салды.
Оның «әкесінің баласы ма, жоқ па?» деген күдігі ба- сымдау еді. Алпамыстан бір жасы кіші Көпжасарды тапқан соң Алтынай Қатипаштың төртінші баласы- мен жасты Сағынышты тапты. Содан мұны «күйеуі әтек емес пе осы?! Неге ілуде біреу туады?» деген ой қинайтын. «Көпжасардың қай жері, Сағыныштың қай жері әкесіне ұқсайды осы?» деп Алтынай дың ұл- қыздарының бет пішімін көз алдынан өткізіп, кө-ө-п сараптайтын-ды. «Сағынышы әкесіне ұқсап барады- ау. Ә-й, құдай сорлы да бір бергенге бере беретін сорлы екен» деп іштей қыжынып, ернін шығарды.
-Жездеңе қай жері ұқсапты,ә? Жаңалық екен. На- ғашы атасына десең сөз басқа,-деп ақкөңіл Алтынай ақжарқын күліп отыр.
-Адамды шүберек қалай өзгертеді,ә? Әпшелері, қараңыздаршы мына тышқаққа! Анау үшеуінен қал- сын ба, бұл да кисін жаңа киімдерін. Баланың бір қуанғаны дә қараңқалғыр! Уж-же топлиінің аузын бақадай ашыпты әлгі өгіз, жарым! Кеше киді деп кім айтады, кастөмімен топырақта карта ойна-ап отыр, албасте-е! Мейлі!
-Енді... Үйретпейсің бе «қой» деп?
-Ой, жан тәтешім –ай! «Қойды» түсінбейді де, тыңдамайды да ғой бұлар.Тек солқылдақ көк шыбық- пен не қайыс ременмен барсаң! Ә! Жан деген қалай! Алдыңа түсіп, қайқаңдап кетеді. Не пайда, артынша баяғы таз қалпына келеді. Мен уж-же айта-айта ау- зым ауырған бұл бәлелерге. Кейін Үрлән сияқты сұрқия қатын кездессе, түзетіп алар бұл бес қошқар-
ды. Осылар не рахат көрсетер дерсің, тасмейірлер! Әлден сиыспайды! Екі атасы-анау, әкесі-мынау!
-Әкесіне не бопты? –қыздар ара-арасында қысқа сұраққа үлгеріп қалмаса, келіннің патырлаған сөзде- ріне уәж айтуға не ойға тоқуға секундтар тығыз, кезек келмейтініне дағдыланған.
-Әкесі өз әкесіне қарамайды да. Пұштиып, дас- тарханда кезде се қалса тымырайып, тұрып кетеді ғой соңғы кезде. Неге өйтетінін ит білсін! Жақтырмайды әйтеуір.
-Е, неге?
-Е, кім білсін! Бұл әулеттің еркектері осы ғой мен көргелі. Қанына тартқан шығар. Осы күні мені де жаратпай, пұштиып жүр. Анау Дәрмен деген қатын- сыз досы бар емес пе? Соның үйінде күнде қызойнақ болады екен. Сәуір бір қатын, ол бір қатын. Күнде қатын ауыстырып тұрады білем. Үрлән сияқты байы- мыздың тілін табатын қос тіліміз жоқ, содан жақпай- мын. Есіктерін күндіз болған соң ашып қалсам, мас- қа-ра! Жап-жалаңаш...
-Қойшы әй, Қатипаш! Ол қашан болып жүр?
-Ім... Осы түкпірдегі тамда-шы!
-Олар бұл үйден енші алып кеткелі неше жыл өтті, білесің бе? Бес жыл! Бұл сөзді мың рет есіткен едік қой, кешегі оқиғадай жаңартып айта беретінің не? Өтті-кетті, тұрып жатыр тату-тәтті. Қалай тіл табысса да, тату тұрғанын айт. Екі балаға Үрлән да ана болып отыр. Жамандығын, артық мінезін көргені- міз жоқ. Тап-тұйнақтай, үйін тербетіп-ақ отыр. Не,
Үрлән күндесің бе, шырақ алып ізіне түсіп алатын?! Қой, ағайынның арасы осындай сөзбен суиды,-деп Ұлбалаш басып айтты,- Қаппарқұл-қазымыр, Жап- пар-жарым, Сәуір-бұзылған, Мамыр-кеңкелес.
Туысқан, көршілердің бәрі ұрылар. Қабылдың әйелін құрттың елден аластап. Әйел біткеннің де бәрі оңба- ған сені тыңдасақ. Оңғаны кім, сен бе сонда? Оңсаң, бұзық сөз айтпай жүр білдің бе? Әкемізді де айтасың да отырасың. Не сөз ол? Сен қалай қартаятыныңды білесің бе? Сәуір әкесіне сөйлемесе, туыстарымен араласпаса, жік тастайтын- сен, сенің тілің! Бұл әулет оңбаған болса Мамырға неге сіңліңді бергің келді?
Осы есікке өзің қалай келіп ең, есіңнен шықты ма? Сен де ене, сен де кемпір боларсың. Жоқ жастай өлгің келе ме? Бұл тіліңді тыймасаң, есігіңнен ешкім атта- майтын болады, жалғыз қаласың!
Ұлбалаш қызынып-қызынып сөйледі. Әпкесі Алтынай ара-арасында күрсініп қойып, көзін сүртіп отыр. «Иә, иә» деп қояды сіңлісін қоштаған ниет та- нытып.
Дауылға қарсы тұрмайтын өлеңшөптей жүні жы- ғылған боп, інінен сығалайтын сары көздерін сары жүн кірпіктерімен көлегейлей салып, тырнағы толған кір сұқ саусағымен сырмақты шұқып, үн-түнсіз мома- қан қалыпта келіні отыр. Мүләйім, бейшара кейіп.
-Мамыр да бір отан, бөлек кетті. Шеше он метр кебінімен ол кетті. Қыздар- жат жұрттықпыз. Оқта- текте қыдырып келгенде тәуір сөз естіп, ынтымақты тұрғандарыңды көргіміз келеді. Алпамы сың ер жетті.
Жақсы үлгі көрсетуді ойлаңдар енді. Ақылың бар еді ғой, Қатипаш. Жамандарын жасыра сал, жақсы жерін асыра сал-көңілі өссін естігеннің. Сөйт айналайын.
Ұлбалашқа ренжіме, айтса -үлкен. Келші өзің бері,- деп Алтынай Қатипашты емірене сүйді, өзім тапқам алтынымды.
Алтынайдың дауысы дірілдеп, жасын тия алма- ды. Қатипаш тың да көзі суланды. Сосын Алтынай- дың бауырына басын қойып, өксіп-өксіп жылады-ай!
-Мен де осы үйдің,осы әулеттің мерейі биік болғанын қалай мын ғой. Сіздерге айтпай, кімге айтамын енді? Мына атам да күйді ретіні рас мені- алжыды ма, тамақ ішкен-ішпегенін білмейді. Қазір тамақ жесе, артынша «ашпын ғой, балам, тамағың бар ма?» дейді. Шәй, күндіз-түні шәй сұрайды. Оған қараймын ба, бала-шағам мен байыма қараймын ба?
Кітаптан бас көтермейді де, «көзімді әпірәтса жаса- там» деп күйдіреді.Баяғыда Күлби деген бұзылғанын тастамай, інің бекер-ақ алмаған екен. Сәуірбек соны- мен әуекіленіп жүр қазір. Мені менсінбей «үстің кір, үйің шашылған» деп мүжиді. Ә, мен әкесінен-ақ артылмаймын ғой!
-Иә, жетім шал бағу оңай емес, -деді Алтынай ақырын күрсініп. Келіннің шашын сипап отырып, ақыл айтты.
-Не, әкеміз сенің мойныңа мініп отыр ма? Мін- дет етіп сөйлеме! Өзіңе тамақ пісіргенде бірге ішпей- сіңдер ме жоқ? Әлде артық құйған бір ожау суыңды, берген тамағыңды қимай жылап отырсың ба? «Оған»
деп бөліп сөйлеме! Оны бағу-парыз сендерге. Біз де қолымыздан келгенше көмектесіп тұрамыз. Ол кісінің ауыртпалығы ешкімге түспейді. Еңбегін өкімет баға- лап, өлгенінше асырайтын пенсиясы бар. Не деп, не деп жылап отырсың сен осы-а? Әңгімені басқа жаққа аударма, артық сөзді қой енді!-деп Ұлбалаш орнынан тұрып, сыртқа беттеді.
Құтылғанына шын қуанған Қатипаш момақан жан тәтесіне ішкі күйігін қайта ақтарды. Өзін анасын- дай жақсы көретінін, мұның күң боп жүргеніне қара- май, еңбегі бағаланбайтынын, Қаппарқұлдың қан- ішерлігінен, Жаппарқұлдың ұрлықтарынан ұялаты- нын, Дәрмен дегенің «дом терпинге» ашып, Күлбидің осы үйде кассир екенін, Үрләннің сол «дом терпинге» лайықты қылық тарын өз көзімен көргенін, жалақ ерін Ақшайымның салақтығына момын атасының қа- лай ғана шыдайтынын, қатерлі Нәфиса кемпірдің өлімсіреп жүріп Қаппарқұл бейшараны талай рет аға- йын мен ауылдасқа, келіндеріне айдап салғанын...
Қойшы, не керек, манағы әңгімелерді тереңдете қай- талап шықты. Келініне ешқандай шара қолдана ал- майтын Алтынай басы меңгісе де үнсіз, қимылсыз оның зарын тыңдады. Тыңдатпай қоймасын білетін. Ақырында:
-Ой, құдай-ай! Елге келсең осындайлардан-ақ жү- дә-ә шаршап кетемін. Е, мейлі. Басқада нелерің бар? Өздерің дұрыс болсаңдар болыпты,-деді,-екі-үш сағат өтті ме, әлгі бала-шағалар қайда жүр екен? Іздейік.-ол да әзер сөзді доғартты.
Ұлбалаш бауды кезуде. Анасы Хадишаның бұ дүниеден көшер алдында айтқан жан сырларын әлі де тіс жарып, сыртқа шығарма ған-ды. Одан бері де сегіз жыл өтіпті. Арман қазір он бірге аяқ басты. Ендігі анасының сүйегі саудырап, топыраққа қосылып кеткен шығар. Олар да біздей болған, кезі келгенде біз де олардай топыраққа айналамыз. Бұл-табиғаттың ешкім де құтыла алмайтын заңдылығы. Бірақ, кімнің қаншалықты тіршілік жасап, ол тіршілікті қашан, қан- дай себептен тоқтататынын ешкім де болжай алмай- ды. Сол қып-қысқа тіршілікте барша адамзат азды- көпті ұрпақ қалдыруға, із қалдыруға әрекеттеніп, ырзығын молырақ жинауға күш салып жүріп, уақыт- тың сыртылдап-ақ сырғып кеткенін аңғар май қала- мыз-ау. Керісіп, күйе жағысып, өкпелесіп, өштесіп жүрген де көбіміз бір-бірімізге қонақ екенімізді сезіне алмаймыз-ау... Тек жаназадан соң «Жақсы адам еді» деп жақсылығын еске түсіреміз. Мұны «пенделік» деп жуып-шаюға тырысамыз.Бірақ, бұл –сезім соқыр- лығы! Соқыр көкіректік! Сезіну емес-ау, Қатипаш сияқтылар дың шымшық миында ондай ой да болмай- ды-ау. Адам деген атыңды, өзіңді сыйлай алмай, адамдығыңды әркез көрсетуге ұмтылмау-нағыз сор- лылық! Ондайлар өзгеге де сор, шөлейт! Сорда өскен өсімдік те ортаға бейімделіп, суды аз буландыратын кішкене жапырақты, тікенекті, терең тамырлы болып келеді. Анасы марқұм алдын-ала болжағанындай, әкесіне де нар болуға тура келер. Әлде оны да «Сәуір- бекті ғана туып па едің? Бар басқа балдарың мен қыз-
дарыңның қарауына!» деп қуар ма екен?! Тойған жерде емес, туған жерде өсіп-өнген қасиет қанымыз- да барын қарашайдың сыған қызы сезіне алмай ма сонда?! «Келін келді» деп бұл пенделер несіне қуанады, егер ол келін өздерін жексұрын етіп, қалай тезірек құтылудың жоспарын ойлай келетін зәлім болса?! Бұдан менің бір қызды медеу тұтқан жесір өмірім артық ! Ұлың болып, ол екеу болмаса-уайым, алғаны мына Қатипаштай дауасыз болып шықса- қасіреттің үлкені сол емес пе? Осындайлардан өніп- өскен ұрпақ ертең екі аяқты мал боп шықпасына кім кепіл? Ақпейіл Алтынай әпкесінің осы Қатипашқа кездескен сәті –Жанаи би әулетіне емі жоқ індет ұры- ғының енген сәті екенін кім білген?! Өкініш-ай!» Көз жасы иегінен тамшылаған Ұлбалаштың көкірегі қы- зынып, «әттең-ай!» деп күрсіне берді.
«Бау дейтіні ауыз үйренген аты ғана. Шындығын- да бұрынғы екі-үш қатар жүзім, алма мен өріктерден тұратын баудан бүгінде жартысы қураған жалғыз түп алма ғана жетімсіреп жарбияды. Сұрқы қашқан жанұяның жерін де сұңғыла жайлайды білем.»
-Ұлбалаш, балалар көрінбей ме?-деп Алтынай әпкесі жақындап келеді,-бауда жүрсің бе? Жансаяң да кетіп пе еді? - Мағынасыз сөйлей салғанын екеуі де біліп тұр. Екеуі де қамкөңіл.
-Құрысын, қамықпашы. Келіннің сөзін қайтесің
«оқымаған» демекші, ойланбай сөйлейді де. Әрқай- сысымыздың өз үйіміз бар. Ертең-ақ кетеміз ғой.
-Кетуіне кетеміз-ау қалғандардың ертеңгі күні, келешегі не болар екен? Ниеті қарау Қатипаш біздің әулетте қопарылыс жасай ма деп қорқамын. Байқап қарашы, әулетің бір-бірінен бөлініп, жарылып тұр емес пе?- Баяғы көшені керіп, бес-алты қатар болып, үйден-үйге қыдыратын бас қосулар қайда? Бір түне- мей мал екеш мал да бөтенсінеді. Бұл әулеттің ба- лалары біздің бала кезіміздей бірге ішіп, бірге түней ме өзі? Жат адамдай жуыспай барады-ау, қарашы?- Ұлбалаштың ойлы көздері жасаурап, әпкесіне қасі- ретті кейіппен қарады.
Бұл үндемеді. Екеуі таудың бөктеріне қарай аяң- дады.
-Е-еһ! Көп сөйлейтіні, анығын білмей топшылап сөйлейтіні жаман. Әйелдің көбі солаймыз. Үлкен әп- шем «Сәуірге «жигулиді» бекер әпергенсіңдер» деген көрінеді.Осы сөзді келін «мәшине алған ды қызғанды, іші тар. Себебі жездемді әлі күнге қызғанады» деп соғып тұр әлгінде.
-Сәуірді бізге жамандағанындай «бұзылғанды» оған да айтқан болар. Сосын «бекерді» айтса, айтқан шығар. Бір туғаны жақсылы ғын қызғанса, одан жа- қынды қайдан таппақ? Алыстау, бөтеннің бәрі де жа- уыз ба сонда? Айтамын ғой, мұның миына, тіліне дауа жоқ, Алтынай тәте! Бұл оңбаған--дауасыз!
-Әйелдік мінез ғой.
-Бәріміз де әйелміз, Әпшем «Сәуір үйге келмейді.
Көргенде өте салқын» деп қамығып еді. Сыры енді
түсінікті болды. Өкпесі бар екен, бықсытқанша айт- пай ма бетіне? Ол жүр жұмбақтың шешуін таппай.
Ұлбалашқа тісін қайраған Қатипаштың ертең-ақ Сәуірбекке сыбырлап: «Анау Алтынай мен Ұлбалаш апаларың мәшине алғаны мызға іштері күйі-іп кетіп, менің жер –жебіріме жетіп ұрысты. Біздің шал олар- дың да әкесі емес пе? Берсін бізге. Үй бетін көрмей, жұмыстан сүрлігіп жүресің, олар сені «бұзылып кетеді, мәшинені неге әпересің?» дейді. Өздері бай- ларын қызғанатын болған соң... Мен саған «тоқал әперемін,шалымның ұрпағы көбейгеннің несі жа- ман?» деп едім, әсіресе Ұлбалаш әпкеңнің жаны шы- ғып кете жаздады. Хи-хи!» деп сендіре айтатынын тіпті де білмеді.
Сап-салқын боп сазарған Сәуірбектің өз аузынан сұрқиялық таққан осы «айыбын» үш айдан соң өз құ- лағымен есітетінін Ұлбалаш та тіпті білмейтін. «Со- лармен сөйлеспек түгіл көргім де келмейді. Келтірме- ші!» дегізіп, Қатекеңнің билігі сегіз өрім жыланба- уыр қамшыдай үйіріліп, ысқырығы жер жарды!