21.07.2022
  293


Автор: Баян Тіленшина

ЖІК-ЖІК

Бірігу - өмір талабы,


«Ол-бұл» деп бөлме араны! Шашылып қалса –өрт сөнер, Сүйеніп ағаш жанады.


 


Көп ұзамай алты жыл армандаған Қатипаштың төркіндерімен танысып, Хадишаның көңілі демделді.


-Е, жеңеше, о дүниеге кетемін деп қорқытасыз ғой. О дүниеде коньяк бермейді, бұ дүниеде көріңіз. Қолымды қайтармаңыз,-деп қимас қайнысы Жаппар- құл қиылып тұрған соң, өмірі дәмін татпаған коньяк- тан ұрттап, жемейтін тауық етін де жеді. «Е-е, кіш- кентайынан қолымда өскен, басиемнің жал-құй- рықтары ғой» деп қолын қайтармады Хадиша.


-Енді... бүгін өлсем де... арманым жоқ. Сіздерді де көрдім... Қайным үшін...


Хадишаның көңілі босады.


-Өй жеңеше, жылауық болғанбысың? Жыламашы менің де жылағым кеп кеткені,-деп Жаппарқұл да кө- зін сүртіп, стаканын таза алды.


Соңғы кезде ішкілікке құмар боп жүр деуші еді Жаппарқұлды. «Жалғыз ағам қарамайды деп қапа» деген Ақшайым. Рас па деймін? Қайнысын аяп кетті.


«Шырағым-ау, бізден шама кетті. Үйімізге бір шашты молда келді ғой тілінің астында тілі бар» дегісі келді.


 


Демеді бірақ. Көзін жаулығының ұшымен сүрткілеп отырса, қарқ-қарқ күліп, санын шапаттаған кәріқыз құдаша –кемпірге көзі түсті, Хадишадан үлкен болма- са, кіші емес. Баяғы жігіт кезінде өзінің Дәукесі боза- ға қызғанда осылай санын шапаттаушы еді.«Ойпыр- ай! Әйел де...» Қатипаш айтушы еді –ау «Біздің елде жұмыс жоқ. Жас-кәрі демей арақты соғыстырып ішіп, кемпірлерге дейін карта ойнайды. Ақшаны әйел ұс- тайды, күйеулеріне би- желкелеп ұрады, еркекшелеп боқтайды. Ал, Оңтүстікте керісінше екен» деп. Рас- ау. Мына құдаша - кемпір Хадишадан үлкен болса да денсаулығы мықты, коньяк дегенді біраз ішсе де, сыр бермей жақсы-ақ отыр.


Хадиша өзінше біраз нәрсені пайымдады. «Оң- түстік пен солтүстікте айырма бары рас екен-ау, ә? Қатипаш ұшқан ұясына, сынай тұра өз еліне ұқса- ғысы келе ме, сонда? Ал, Жарқынайдың анасы сол- түстіктен болса да неге ұқсамайды мына құдала- рына?»


***


...Сәуірбектің өмірге көзі енді-енді ашылғандай.


-Анау жесір әпшең жесір бұзылған келініңді үйіне кіргізіп алыпты. Енді шешең екеуі екі жақтап,


«Арманға қаладан үй әпер» деп бағана атам сорлы- ның миын щұқыды. Сонда, сен екеуміз кемпір-шал- дың азабын көріп, бағамыз. Ескі үйде бес баламен отырамыз. Жалмауыз келініңе дүңгірлеген жаңа үйі аздай, енді қаладан үй әпере ме? Бейнетін біз, раха- тын ол көреді! Не деген ақымақсың сен?! Бес балаңда


 


бір үй жоқ, Жарқынайдың бір бала сында екі үй бар,- деп Қатипаштан сөз естігелі бұл Ұлбалашқа да, әке- шешесіне де салқын тартты. Ернін жыбырлатып, сал- қын ишаратпен амандасқан болды.


-Мен Қабылымның бала-шағасын көшеге таста- маймын. Өсекке еріп, еңіретпеймін, -деді Хадиша, дастархан үстінде.


-Жарқынайдан да Бескеннен де ондай сатқындық, опасыздық шықпайды. «Көрдім» деп саған кім айтты? Кім кәне? Неге атын атамайсың, Қатипаштан естідің бе? Айт кәне! Мен өсек екенін мойындатамын,-деп Ұлбалаш шықты. Қатипаш моп- момақан кескінде аяғын ұщынан басып, кіріп-шығып, әңгімеге қосыл- май жүрді.


-Көке,-деді Сәуірбек әкесіне, -әйелдер әйелді жақтай береді. Көптің көзі көреген ғой. Арман қажет етсе, кейін бізді табады.Бұл өмірде әкесіз жалғыз сол ма! Екінің бірі жетім.Енді Жарқынай дегенді атама- ңыз.


-Көпке айтқан -сен, өсектің тұқымын сепкен-сен- сің, Қабылдың әйелін саған тапсырғанын ұмыттың ба?! -Ұлбалаш бауырына тікелей тиіскенде, Қатипаш көзін сары кірпіктерімен көлегейлеп, Ұлбалаштың көзі түскенде басын изеп қойды.


-Ұлбалаш, тоқташы,-деді Дәукең. Сосын Сәуірге қарады,-үй әперейік, ұлым. Ол-парыз бізге. Содан ке- йінгіні өмір көрсетер.


-Ой, көке! Парызды Жарқынайға қатысты ғана білдіңіз бе? Бізге келгенде не оқуға түсірмей, не қыз-


 


метке тұрғызбай, не үкіметтен үй, мәшине сұрамай- тын едіңіз. Қазір-ақ білдіңіз бе?


-Эй, мен неге оларды сұрауым керек? Сұрамай- мын!


-Онда үйді де әпермеңіз! Басқа да үйсіз балалары- ңыз, немерелеріңіз бар ғой. Арманның бір үйі бар ба- сында.


-Оларды ауылға сыйғызбадыңдар. Ол ешкімнен ешнәрсе сұрап тұрған жоқ, түсінесің бе?-деді Ұлбалаш.


-Онда, бәрің де кетіңдер соның соңынан! –деп Сәуірбек қарғып тұрып, сыртқа беттеді, -ар-рамылар!


«Парыз!»


***


Оңтүстіктің шілдесі кісінің кеудесіндегі су атау- лыны кептіріп, денені тірідей қақтаудан тайынбайды. Термен, бумен жоғалтқан сұйықтың орнын шәймен, сүтпен толтырып отырмасың, жаныңның қалуы кәдік. Хадишаның қайнаған су құйып қоятын екі литрлік шынысы бос тұрғалы қаш-шан!Мына ыстықта шалап- ты ғана қорек етіп, екі күннен бері басын көтере ал- май жатқан қартаң ананың тілі таңдайына желімделіп қалғандай әзер қимылдайды.


Шіркін, денсаулық! Дәл осындай шілдеде колхоз- дың әйелдері бір-екі сағат көз шырымын алуға жат- қанда үш –төрт шақырым жердегі Қыдырбайдың қы- рынан осы үйіне ұшып келіп, бір-екі таба нанын көміп, арасында күбісін пісіп, осы бала-шағасының бір ыстығын беріп үлгеруші еді-ау. Қайтар жолда


 


Құрман тоғайдың мұздай суына бір сүңгіп, Қыдыр- байдағы колхозшыларға жетіп баратын. «Желаяқ» деуші еді мұны әйелдер. -Ойпыр-ай, сонда құйынмын ба, желмін бе? Со жылдары жүрудің нормасын орын- дап қойғам-ау. Он бес қадам жердегі үйіме кіріп, су ішуге мұршам жетпей жатысым - мынау.


Бұл үйдегілерге кешкісін осылай қым-қуыт тірші- лік қызады. Мамыр мал жайғауменг, Дәулетбақ кәрие немерелерін жетектеп, Қатипаш қазан қамымен әуре- ленеді. Сәуірбек егін басынан кеш келеді.


Қатипаш тырп-тырп етіп, үйдің бергі бұрышынан көрінді. Бері келіп, хабар ала ма деп дәмеленіп еді... Уақыты тығыз шығар, өтіп кетті. Жоқ, әне-көшеде бір әйелге жолықты. Колын сермеп-сермеп қойды, қызық әңгіме шығар, дауысы анық болмағанымен, тырқ- тырқ күлкісі көпке дейін басылмады. Есіне қазан- ошағы түсті ме, қайдам, бірден үйге қарай тұра жүгір- ді. Бір жоғалса, қайтып көрінуі қиын келініне өзінің тіршілікте бар екенінен хабар бергелі дыбыс тады. Су сұрамақшы.


-Ә-ә...ию-ю-у-у... –деді бұл оң қолын әзер көтеріп.


Қатипаш обалына не керек, бұл жолы жалт қара- ды да, қолын бір сілкіп жүгірген күйі өтіп кетті. «Е-е, қазаны күйіп бара жатыр –ау, әсті. Сүті тасыды ма?... Көрді ғой мені келер. Әлгі Алпамыс, Арыстандар қайда жүр екен? Солар –ақ бір пиалай су әкеліп берер еді».


 


«Келер» деген үміт үзілді. Қас қарайды, түн бол- ды. Теледидарда әнебір сериал басталды-ау, қыбыр етіп шыққан пенде болмады. Хадиша жатқан тапшан- ның жарығы да жағылмады. Мұны шөл қысты, құй- рығымен сырғып-сырғап, теледидардың дауысы сам- пылдай шыққан үлкен терезенің тұсына жетіп, таяғы мен терезені қақты. Сол-ақ екен терезеге екі-ұш сұлба пайда болды да, даланың жарығы жарқ етті. Алдымен жүгіріп шыққандары Мамыр болды. Ол анасын жер- ден балаша көтеріп алды.


-Мама, мам... неғып отырсыз мұнда?


-Су-у... С-су-у... бер-ші...


-Тамақ ішесіз бе? Шөлдедіңіз бе? Ыстық сүт әкелейік пе?


-Су-у... берші-і... –деді талықсып Хадиша. Мамыр су әкелуге кетті.


Су ішіп, Хадиша жән шақырайын деді, суға қата- ламай, судың қадірін білмеген екен-ау осы күнге де- йін. Осы кезде тырп-тырп басып Қатипаштың сұл- басы жетті.


-Не болды сонша?!-деді ежірейіп. Бұл үндемеді, үндеуге зауқы да, шамасы да жоқ-ты.


-Мама, теледидар көресіз бе. Көтеріп апарайын,- деді Мамыр.


-Тамақ әкелейін бе?!- деді Қатипаш зілденіп.


-Жоқ... Сүт болса...


Қатипаш кері бұрыла берді де күңк-күңк сөйлей жөнелді.


 


-Туһ-һ! Осындай кәпріз кәпір кемпір көрсем-кө- зім шықсын! Ештеңе жақпайды! Өлейін деп жатып терезені тоқпақтап жүргенін қарасайшы мұның! Ба- сыма сор болды-ау! Не өлмеді, не қоймады! Құдай қашан бұл мешелден құтқаратынын қайдам. Екі күн- нен бері талтайып жатып ап, бәле болды ғой! --Бұрқ- сарқ етіп жүріп, бір кесе сүт пен бір тілік нанды тап- шандағы алаша үстіне қоя салды.


-Нанның астына бірдеңе төсемейсің бе? –деді Мамыр жәй.


-Төсесең қолың жоқ па?! Төсе өзің!


-Ол сенің міндетің ғой,- деді Мамыр.


-Шеше бағу сенің де міндетің!Не,бұл жалғыз Сәуірді туып па? Менің баққаным ұнамаса, қатын ал да бағып ал әке-шешеңді.


-Е-е, сен жөндеп сөйле! Сен бе бізді бағып отыр- ған? А? Тамақ істегенің міндет пе сонда, а? Өз кірі- мізді өзіміз жуамыз. Салақ та, олақ та –сен! - Мамыр да қатты кетті.


-Көрермін алған қатыныңның оңғанын!-Бұдан соң Қатипаш әдетіне басып, сөзді боратып кетті.


Барлық кем-кетістік түк қалмай айтылып шықты. Оңбаған әулет, оңбаған жерге келген сор маңдайын төпелеп, өз шашын өзі жұла бастады.


Көшеге тоқтаған мәшине жарығы сөніп,Сәуірбек пен тағы бір сұлба көрінді. Қатипаш тез есін жиып, жерде жатқан кір жаулығын басына салды.


-Не болды?-деді Сәуірбек тапшанға жеткенде.


-Күң боп жүрсем де осы үйге жақпай-ақ қойдым!


 


-Тамақ дайында!


Сәуірбек қасындағы кісісімен үйге беттеді. Қати- паш оның алдына түсіп, тымпылдай басып, асханаға жөнеді.


-Не дейді апаң?-деп сұрады Дәукең... Сәуірбектер тамақтанып, жұмыс басына қайта кеткенде. Дастар- хан жиыстырып жүрген келіннің аузы дорбаланып, қабағы қатпарланып кетіпті.


-Білмеймін, ата! Жақпай- ақ қойдым күң болып жүрсем де! Тамақ берсем ішпейді, сүт берсем ішпей- ді. Барымды беремін. Жоқты қайдан табамын? Сира- ғымды пісіріп берем бе?


-А-а? Ет сұрай ма апаң?


-Білмеймін... не сұрайтынын! Мен оны, ол мені түсінбейміз!


-Мынау Хадишаны жын қаққан шығар, ә? Онысы несі, ә?


-Анау балдарыңыз да бір жағынан... Сәуірге ти- дім бе, соларға тидім бе? Кетемін онда! Шағыстыр- ғаннан басқа дым білмейді.


-А-а? Кеткені несі? Келінге күн бермей мына кемпір...


Дәулетбақ жер таянып, әзер түрегеліп, сыртқа беттеді. Қаракө леңкеде қалбиып жатқан Хадишаның қасына жетіп келді де ай-шай жоқ шоқпардай жұды- рығымен аяусыз түйіп-түйіп жіберді. Кемпірден ыңқ еткеннен басқа үн шықпады.


-Сен қартайған шағыңда қағынып, өнер ашқан екенсің, ә? Шынашақтай келін сенің неңді жеді, а?


 


Күн бермей, күң қылып жібердің ғой сорлыны, а? Ал, мәз болсаң, «кетемін» деп жатыр. Кетеді, отыр қара бет болып!


-Қойшы, өзім өлейін деп жатырмын...


-Өлсең өлмейсің бе өз алдыңа!Оған басқалардың қатысы не, а? Семья бұзып...а? Балдарды тентіретіп... А?- Дәулетбақ төсектегі кемпіріне төнген күйі хром етігінің өкшесімен теуіп-теуіп жіберді. –Өл! Өз ал- дыңа өл! –деп кері бұрылды.


 


Хадиша осы жасқа дейін дәл бұлай қоланбап еді. Ашаршы лықтан кейінгі 1934 жылы осы Дәулетбақ- пен тұрмыс құрғанда енесі жарықтық сал болып тө- секте жатыр екен. Онда Хадиша осы қаладағы үлкен оқу орны болып табылатын педтехникумда оқитын шынашақтай қыз еді. Оң-солын танымай жатып, тау- қыметке жегілген-ді. Ол кезде газет редакторлығы қызметін атқаратын Дәукеңді түн ортасында ұстап әкетті. «Халық жауы» деген қара күйе жағылды. Сон- да мұны оқудан шығарып, еш жер жұмысқа қабыл- дамай, жалпыға берілетін 200 грамм қара нанға да карточка берілмей, сал ене, үйі толған қайын-қа- йынсіңлілерді қалай аштан өлтірмей асырауды біл- мей, қиналған. Еріне жабылған жала үшін, жазықсыз қоралы жанұя қасіреті үшін қорланған. Бірақ, дәл сол жала да, сол қорлық та бүгінгідей жанына тимеген-ді. Мүмкін ол қаны басқа, ниеті басқа жау жаласы бол- ғандықтан шығар. Ал, өз бойынан жарып шыққан ба- лаң, өміріңнің жалғастырушысы – армандап күткен


 


келініңнен көрген жала- бұл дүниенің тозағы екен. Өз перзенті мұны «жау» санайды, ә?... «халық жауын- дай» жирене, безере қарайды, ә?... Дәукесі де...


Хадиша бәрінен баз кешті. Қырық жыл қол тигіз- беген қосағын тілмәш келіні не деп айдап салды екен деп таң болды. Ой, өмір-ай деші! Туыласың, алдыңда тәтті арман күтіп тұрғандай бойжеткен ше асығасың. Тұрмыс құрып, балалы болу-бақыт сияқты. Баланың әрқайсысын түнде тұрып емізіп, жөргегін құрғақтап, жатса-төсек, жастанса-жастық болып, алдыңа тағы үмітпен қарайсың. Балаң өссе, уайымың қоса өсіп, қанша балаң болса, сонша уайымың туылып жүріп, әрқайсысын өз орнына қойсаң, тағы да алдыңнан күт- кенің шығатындай болады. Сөйтіп, енді өзіңе келіп, артыңа қарасаң, жер ортасы- Көктөбеде тұрғаныңды бір-ақ білесің. Сондағы жеткенің, көргенің осы ма?!


-Ой,өмір-ай! Қандай алдамшы едің?!Қандай суық едің?!-Ауда рылып жатқысы келген Хадиша онсыз да тозған резеңкедей икемсіз денесін қатты ауыр- сынды. Көзіне жымыңдаған мың-сан жұлдыз түсті.


Олар «ә, алдамшы өмір екенін енді ғана түсіндің бе? Біз жаралғалы білеміз» деп мұны мазақтап, тырқ- тырқ, жырп-жырп күліп, көздерін өзара қысысты.Бір кезде бүкіл аспан күңгірлей күліп, Хадишаның у-шу- дан құлағы тұнып, мына тапшан, анау ағаштар ауда- рыла-теңселе қозғалып, әлем ауып кеткендей болды.


-Әй-и, әй-и... Қабыл... Ма-мы-р... қайдасыңдар...


***


 


Көзін ашса... өзінің даладағы сол қомыт төсегінде жатыр екен. Екі баласы мен осы елдегі таныс дәрігер бала қоршалай отыр.


-Апай, сізге қимылдауға болмайды, қаныңыз қат- ты көтеріліп ті. Өзім келіп укол салып тұрамын, сосын бір-екі күннен соң ауру ханаға жатқызамыз.


Өзіңіз де ауруыңыздың жағдайын біліп қалған сыз ғой, ештеңе ойламауға,көңілді болуға тырысыңыз. Жақсы өскен бала-шағаларыңыз бар, шүкір «мама- лап» жүгіріп жүр бәрі де. Жеңіл тамақты аз-аздап, дембіл-дембіл ішіңіз. Көбіне ағарған дұрыс. Қазір ұйықтататын бір укол саламын, дұрыс ұйықтасаңыз ертең-ақ тәуір болып кетесіз.


-Размет, шырағым. Түн ішінде әурелеппін-ау...


***


Соңғы кезде ұйқысы сиреген Дәукеңнен бүгін ұйқы тіптен безіп кетті білем. Иә...Бұл шаңырақ ежел- ден-ақ есігінен кісі кетпеген, дастарханның дәмі түге- сілмеген Жанай биден мұраға қалған қасиетті шаңы- рақ. Сол қасиет әйелмен келеді деп түсінетін Дәулет- бақ өмір серігі етіп,Хадишаны таңдағанына ешқашан өкінбе ген, не ұялған жері жоқ еді.Әйелінің арқасын- да баба киесін әруақ тандырмаса, төмендетпеген си- яқты. Иә, бәрі де осы Хадишаның кең жүрегінің, үлкен мейірімінің арқасы емес пе үрім-бұтағының әрқайсысына ортақ үлкен үй болғаны! Енді... мына келінге шатқаяқ тана,шәлкес мінез көрсетіп,үйдің берекесін қашырғаны не? Ауру... Қартайған кісі орынсыз беймаз болса... қол жұмсамай қайтсін. Өзі...


 


Қатты ауырды білем, балалары дәрігерге шап- қылады ғой. Барып жағдайласайын деп еді... Аяды- ақ... Бірақ, бойын белгісіз бір зіл қаратас басып, тырп еткізбеді. Бұл –еркектік жалған намыс екенін білді.


Дәулетбақ өзін жеңе алмады.


***


Хадишаға ұйқы шақырғанмен келмеді, дәрігердің еккені ем болмады. Пыс-пыс етіп, қойнында жатқан Алпамысын бір иіскеп қойды. Екінші жағында жата- тын Жарқынайын аңсады. Арманды ойлады.


-Күнім-ау, күнім менің, -деді ол ақырын.Ойды ой қуалады.


...Дәукең «жау» атанған 1937 жылы осы Жаппар- құл, Қаппарқұлы бар бүкіл қайын-қайынсіңлілерін қаланың сыртындағы ну шырыш қа ертіп барар еді. Қолында бір-бір пышақ, не темір, жабыла кеп шы- рыштың тамырын қазар еді.Оны үйге әкелген соң та- залап жуып, кептіріп, келіге түйер еді. Сосын електен өткізіп, желім жасап, бала-шағаның нанын табар еді. Сол қиындықта осы қан неге тасы маған? Сонда да қабақтары түспей, реті келсе күліп-ойнап, у-шу боп жатпаушы ма еді бұл шаңырақ! Сол жағдайда алға жетелейтін, жігер-күш беретін үміт бұл күнде қайда кеткен? Әлде, Үміт деген де адаммен бірге туылып, бірге қартаяды ма?


Хадиша көгілдір таңды көзімен атырды. Кімнің сөзі еді әлгі... «Әйел дым жоқтан да тау жасай алады» деген? Осындай ептілік берген әйел затына Алла-та- ғалам тек таза ниет берсе-ші мына Жердің бетінде


 


дау-дамай, өсек-аяң дегендер өнбей жатып, өлім қаба- тын! Шіркін-ай! Бір түйгені--бөтен ортадан қосылған адамның өз басында түйсігі болмаса, оны өзгерту- хайуанатты қолға үйретуден де қиын екен. Өйткені – хайуанның бар мұраты-тамағы. Адамға тәуелді бол- ғандықтан,асы үшін оған бағынады. Мысалы, иесінің қолына бойын созбаған күшік колбасадан құры қала- ды. Ал, жаңадан сырттан қосылған келінде хайуанда жоқ ақыл-айла бар. Оған иелік ететін еркек, сыйлай- тындай ене, адал ниетті болуы қажет. Олай болмаған- да, жоқтан «бар» жасап, аяғың аспаннан келіп, ағыңа қара оңып, жатасың осылай жер жастанып.Иә...


...Қорадағы әтештер кезектесе шақырып, тірші- лікті оятты. Үй жақта да тықыр басталды. Әне, Сәуірі жақындап келеді.


-Қалайсыз, мама?


-Тәуір...


-Өзіңіз де... Болмайтыннан дау шығармай...


-Мен дау шығарғаным жоқ қой...


-Енді неғыл дейсіз?Бес баламен ажырасайын ба?


Өзіңіз тапқан сыз осыны, енді көнесіз. Тағы қатын алатын жағдайым жоқ менің. Жүр ғой осы күндіз-түні бір тынбай! Сорлы жетімек отпен кіріп, күлмен шыға- ды. Басқа әйел алсам, баяғыда-ақ кетіп тынар еді. Күң болуға кім шыдасын? Бұдан басқаны алсам,ешкім де шыдамайды...


Әр жағын Хадиша анық естімеді. Сәуірбек көше- ге беттей сөйлеп барады. Дәл Қатипаштың көшірме- сі, «Муж и жена –одна пара сапога» деп балалықтағы


 


көрші апай көп қол сілтеп,көп айта беретін. Оның мәнін есейгенде емес, ескіргенде түсінген сияқты. Япырай,ә!


Бұл күндері алтын діңгектің арқауындай, осы шаңырақтың құт-қасиетіндей қадірлісіне балалары- ның арқасында ие болып алған Қатипаш баяғыдай


«қайда, қалай өмір сүремін» деп қорықпайды да, еш- кімнен үрікпейді де. Өз орнын біледі. Бұл шаңырақ енді Қатипашсыз, оның ұлдарынсыз опырылған обаға айналары хақ.


-Бір келетін өмірде жасап қалайық, қараңқалғыр!- деп, той-томалақ, отырыстарда сілтеп ішіп, сілкініп билейтін болған-ды, -Сәуірбекке ұнасам, басқасы са- дағам! – дейтін Қатипаш күйеуіне ғана бейшара боп көрінетін-ді.


Сәуірбек күңкілдей сөйлеп, көшеге жеткенде Ха- диша кеңк-кеңк жылады. «Қараптан-қарап бәріне жексұрын етемін десе, адамның амалы көп екен-ау.


Ойпырмай, шіркін-ай! Жетімде мейірім жоқ деген осы екен-ау, ә? Дәл мендей шешесі болса, ауырып жатса, мәпелеп жүрер ме еді, әлде оның да жанына осылай бігіз сұғар ма еді? Қыздарым қайда менің? Алтындарым –ай, кейде соларға болмайтын жерден кінә тағып, сөгіп, не өкпелеп жүретін мұныкі де ас- тамшылық екен –ау. Әй, менің қыздарым енелеріне бұлай қарамас. Әйтеуір әр сөзінде «енең-анаң, сен де ене болуды армандап отырсың, Ертең өз ісің алдың- нан шығады. Бізден кеткенсің, соларға жеткенсің»


 


деп жарапазандай айтып отырғасын ба, бір құдағи қырғи қабақ танытқан емес. Шүкір.»


-Е, шүкір... Көрсеткеніңе шүкір. Келінім де шар- шаған шығар. Екі күн жатып қалдым-ау, тырп етпей... Қыздарымның біреуінің үйіне барып, келінді тынық- тырайын. Әйтеуір есігім ашық болып, артымда қал- сын, бала-шағасына ие болсын. -Хадиша осылай деді.


***


Тілегін тәңірі қабыл алып, сол күні Ұлбалашы ке- ле қалғаны. «Дәрігерге жақын» деп үйіне әкетпекші болғанда, Хадиша іштей қатты қуанды.


-Шешең кетті анау сүйікті жалмауызына! Ойпыр- м-ай, күндіз-түні малайы болған мен ұнамаймын.


Бұзылған қатындар кемпірге несімен жағады екен? Анау ғалым әпкең «қарамапсыңдар!» деп шаңымыз- ды қағып, әкетті ғой мамышкамызды, -Сәуірбек түн- деле тіп қос басынан келгенде әйелі «шаң қаққанды» ойдан қосып, айтқан жаңалығы осы болды. Бүгінде Қатекең сақтанып емес, қалай болса солай сөйлей- тінге жетіп қалған-ды.


-Дұрыс бопты. Кетсе кете берсін, миымыз тыны- ғады қайта, жуынатын су бар ма?-Күйеуі қоштаған соң осыны күткен әйелдің жаны жай тапты.


-Иә, жылы су дайын. Бүгін сен жақсы көретіп па- лау пісірдім, ішіне сен айтқандай ноқат қосып едім, енді иісі де, дәмі де там-ма-ша! Сені күтіп тамақ іш- кем жоқ,-деп жарамсақтанды. Мұндай адал «беріл- гендік» күйеуіне ұнайтынын біледі.


-Көкемдер тамақтанды ма?


 


-Иә, атам өз бөлмесінде кітап оқып отыр.- Ас үс- тінде Қатапаш Мамырдың майын сорғалатып, палау- ды қалай жегенін, атасы Дәукеңнің алмалы-салмалы тістерінің сүйек мүжігенде қалай жиір кенішті сақыр- лағанын, бірінен –бірі өткен әкелі балалы екеуінің қо- мағайлықтарынан етті, нанды өзара қызғанып, қалай бүтіндей жұтқандарын майрампаздық қылықпен көр- сетіп берді. Сәуір үндемеді. Күйеуінің «әлсіздігі» - күлуде екендігін білетін әйел:


-Ғалым әпкеміз бүгін «Мен-де-ле-ев, Менделе- ев» деп жүрген шығар «тамашадағыдай»,-деді.


-Неге?-деп күлді Сәуірбек.


-«Үстіңді кірлетпе, ананы ұстама, мынаны бүйт- пе» деп Жансаясын тәрбиелей алмай жүрген әпшеңді Арман барып бір алжытса,мамышке «манкі жеймін, сүт ішемін, етің піспеген, наның ашып кеткен» деп маған істеген мың қисықтығының бір ұшын көрсетсе, әпкең жынданбай қайтсін енді?! Байқұс-ай... әй, бірақ мен сияқты үндемей көне бермейді олар. Ұрсып бере- ді, сосын-ақ қисықтығын көрсетпейді ғой шешең.


Жам-а-ан қырсық адам ғой!


Бүгінде Қатекеңе шүбә келтірмейтін Сәуір өз ше- шесінің ол айтқандай еместігін ойлап та жатпады,


«қой» деу құрдымға кеткен.


-Қызы ғой, бабын таппас деймісің.


-Кеше де «ананы ішпеймін, мынауың ыстық» деп бәрімізді қуырдақтай шыжғырды. Ақырында шал шы- дай алмай, түйіп-түйіп жіберді. Дұр-рыс атамдікі!


Біздің правамыз жоқ сөйлеуге, Қайтеміз- үндемей кө-


 


неміз. Егер мен сөйтсем, сен баяғыда терімді сыпы- рып, іліп қояр едің, ә?-Қатипаш тырқ-тырқ күлді.


-Ішіне сабан тығып ілемін. Хи-хи...


-Хи-хи-хи... -Айтпақшы, кемпушка, мені он күнге командиров каға жібергелі жатыр. Киімдерім дайын ба?


-А-а... онда мен төсегіңді жайғап берейін де, кір- пірлер болса, түнделетіп жуып тастайын. Бала жыла- са, өзім қараймын, демала бер.


***


Көңіл де ем бе, Жансаясы мен Арманы алдында ойнақтап, Ұлбалашы мен Жарқынайы «мамалап» жүрген соң ба, әйтеуір Хадиша бірден бері қарай бас- тады. Жансая телефон номерін теріп, бұл қызы Ал- тынаймен де сөйлесті. Кәдімгідей іші босап, көңілі орнығып, бойы жеңілденіп қалды.


-Әже, сәлеметсіз бе? Мен сізді сағындым. Қазір- ақ өзім барайын десем, мамам «әкеңді тосамыз» деп жібермей тұр. Айтың-ыз-шы-ы... –дейді Көпжасары телефонның ар жағынан.


-Баламтай, мамаңды тыңда.


-Онда, кейін сізбен бірге ауылға кетемін. Мақұл


 


ма?


 


-Мақұл, құлыным, мақұл.


Хадишаның қан қысымы төмендеп, аяқ буында-


 


рындағы буылтық-буылтық түйіндер де ізім-қайым жоғалды. Бұрындары үйге келмей жатып: «Қайдам, үйдегілер әбіржіп қала ма, қайтайын да» дейтін анасы үш-төрт күн өтсе де асықпағанына Ұлбалаш қайран


 


болды. Иә, осы жолы мамасы ешқашан байқатпаған оқыс мінез көрсетіп, оқыс әңгімелер айтты.


-Жарығым – Ұлбалашым менің, ұл боп туылма- ғаныңды қайтейін-ай,- көңілі босап, дауыс дірілін әзер басты,- армандап айта береміз, ұлдан кемдігің жоқ, ақ қозым! Басқа балаларым бір төбе, сен бір төбесің.Мың қызметің алдыңнан қайтсын, жаным менің...


Хадиша өз анасынан ерте айырылып, кейінгі анасынан еш бөтендік көрмегенін, қазіргі жатыры бөтен бауырларына деген шексіз ризалығын айтты. Дәукеңмен өткен қимас күндерін, небір ауыр сәтте- рін, оның қамауда, қан майданда жүріп, күш-қуат берген, ақыл-қайрат қосқан өлең жолдарын жатқа айтты. Әділдік үшін айқасқан Дәукеңнің арыстан мінездерін, қыз Жібектің киімін киіп, сахнада өнер көрсеткен сері кездерін, жоқ-жітіктерге қарасам деп бәлеқорлардың домалақ арызынан тағы да түрме көргенін, одан тағы ақталғанын, бала оқыту үшін өз үйінің жартысынан мектеп ашқанын, мейрімділіктің қалай-қалай қатайғанын, қысқасы-қазіргі қатал мінез- ді Дәулетбақ жұбайының бүкіл өмірін жайлап оты- рып, есіне алды. Сосын... Оның өткендегі соққысын, келіні мен баласының оқыс мінездерін, мұны айып- тауларын айтты.


Ұлбалаш анасының үйіне асықпаған себебін, қы- сы-жазы қасынан қалдырмайтын Алпамыстың ерме- ген себебін енді білді. Жаны тас төбесіне шығып кет- кендей болып, ауылына жиналды.


 


-Қойшы, қызым, мен десең барма да, ешкімге айтпа да. Ішімді саған айтып босатпасам, жарылып кетердей-ақ сыймады, қайтейін. Енді мен десең, бар- ма.


Ұлбалаш ашуын екі көзінен алып, еңіреп жыла- ды-ай.


-Ма-ма-а, кім олар сізді қорлайтын, кім?!


Қатипашың, Сәуірбе гің түгіл мен Дәулетбағыңа да қорлатпаймын, ма-ма... Неге қой дей сіз маған, ма-ма- а... Кім олар өз үйіңе өзіңді сыйғызбайтын, к-і-і-м...


-Қойшы,ботам.Әкеңе тіл тигізбе,бір түсінбестік болған шығар. Әйтпесе, қырық жылда өйтпеген ғой. Жалаңаш батырлығынан... кейін қор бола ма деп ой- лаймын.Мен өлсем,ол кімге сияды? Сендер өз-өздер- іңмен ғой. «Батыр аңғал» деген осы,ботам.Менің бір өтіні шімді орындасаң, ағайын-тумаларыңды түгел үйіңе шақыршы, бәрін бірге көргім келеді.


-Келініңді де ме? Қатипашты?!


-Иә, келінің, әкең, аға-інілерің--бәрін.


***


Екі үш күн өткен соң жолсапардағы Сәуірбектен басқа Жанай бидің әулеті бір дастарханда жарқын- жарқын сөз алмасып, жақсы отырып тарасты.


Дәрігердің айтуынша қан қысымы жас кезіндегі- дей қалыпқа түсіп, буындарының түйіні де жоғалған ардақты анасының бір аптада реңденіп, жасарып ке- туі-бой жасауы екенін ұл-қыздары кейін пайымдады. Әулие Омар кәлпенің немересі -Хадиша бақи дүниеге көшерін біліп, әулетінің ынтымағын көргісі келген –


 


ақ екен.Келесі түнде оқыстан Хадиша «жар-ы-ғ-ым... Ұл-ба-лаш...» деген соңғы сөзбен демін тауысып, оның алақанына басын қойған қалпында көз жұмды.


Мәйітті мәңгілікке аттандырарда өзге ұл-қызда- ры, Жарқынай «Риза бол, мама. Орның пейіштен, то- пырағың мамық болсын» десе Сәуірбек қана:


-Кешірші, мама! Кешші мен бейбақты, мама!-деп еңіреді. Не үшін екенін ойлаған ешкім де болмады.


Сыңсыған,аһылаған барлық дауыстарды Хадишаның Қатипаш келінінің зары жұтып жіберді:


-А-а-й! Мезгілсіз келген сұм ажал, анамды неге жалмадың-ай! Мама деп кімді айтамын-ай! Неше жыл мәпелеп бақсам да, бір күнде келіп жалмадың-ай!


Ақылшым-ай, ардақтым-ай, асқар тауым-ай! Ойы-ба- й-ай! Сенсіз қалай жүремін-ай! Орныңды кім толты- рар-ай! –деп зар қақты.


Үй толған қатын-қалаш түгел оны қоштай жылады.


-Бәрі де рас, келін! Жас кеткені де рас, мәпелеп сендей-ақ бақсын. Қайтесің, сабыр қыл! Қайрат қыл!


-Қайтсін-ай, жетімше сорлының анасы екені рас еді-ау.


-Сабыр ет, келін! Тоқтап жыла, тоба ғып жыла, сабыр...


Қатипаш келіннің сабыры жетпей,қайта-қайта


«талып», енесін қинала жоқтап, ел-жұртты егілтті.


Дәукең жауар бұлттай түнерген.Хадишаны мәңгілік мекеніне өз қолымен қойды.Ораған кебінді ығыстырып, бетін ашты.Жан-жарының иманы жүзінде жарқырап,екі бетінің ұшында қызғылт нұр үйіріліп тұр.


-Бақұл бол, Хадиша! Жолдастық тіршілігімде біліп- білмей жасаған күнәм болса, кешір мені, Хади- ша! Мен де кештім сені! Жаның жәннәтта болсын деп, иманың жолдас болсын деп Алладан тілеймін.


Разы бол! Ризамын мен де, Хадишам менің!- Дәу- летбақ қарттың қос жанарынан қос түйір ыстық тотияйын жас ыршып кетті.





Пікір жазу