21.07.2022
  123


Автор: Баян Тіленшина

СҮЙГЕН СҰЛУ

І тарау


 


Аяр жаннан бықсыған сөз қалады, Дауда сына досың мен бозбаланы. Тексіз адам-дауасыз, жеңем деме, Жеңіс –ұяттың әдептен озбағаны.


 


Қатипаштан осы қазір естіген жаңалық Алтынай- ды аязды күні суық су құйылғандай қалтыратты. Сүйретіліп, орындыққа отырды. Табиғатынан әсер- шіл, көңілі жұмсақ ол не істеуді, тіпті не ойлауды білмей, өң мен түстің арасында дағдарды. Өңі екенін дімкәс жүрегінің жанын сығымдап, езіле ауырып тұрғаны, Қатипаштың мына мүңкіген құсығы ай- қындап тұр. Сонда...


...Онсыз да атжақты Қатипаштың соңғы кездері ұрты суалып, шүңірек көздерінің іннен сығалағандай


 


сыңайын Алтынай «неге?» деп сұрағысы да келген. Ыңғайсызданды. «Тәйірі, жуанның жіңішкеріп, жі- ңішкенің үзілетін шағы – көктем емес пе?» деп ішкі өктем дауыс мұны талай тиып тастаған. Бүгін айтуға бекінді.


-Қатипаш, тамағыңның мазасы болмай жүр ме, қайдам. Дұрыстап, барын ішіп-жеп жүр, айналайын. Күзде көкөністі аздау жауыппын, олар да мезгіліне жетпей таусылып... Үйге, бізге үйренетін кезің болды ғой, өз үйіндей сезініп...- деп кінәлі кісіше үстел үстіндегілерді сары қыздың алдына сырғытумен болды.


Сары қызға салмақтылық пайда болыпты. Бұрын- ғыдай «тәте, бүгін бір қызық болды ғой» деп тырқыл- дай күліп, әңгіме желетін. Аз сөйлейтін Алтынайға Қатипаштың күлегештігі де, жылдам құралатын сөз- шеңдігі де қызық көрініп, оның сөзінің мағынасын ұғынып қалуға тырысатын. Екеуі сүт қосқан қою шәйді баптап, әңгіме –дүкен құратын кездер шыны- мен-ақ өткен шаққа айналғаны ма? Қатипаш неге жаман көзбен ата қарап, «Сенің інің!» деп жекіп кетті бұған? Неге? Мүмкін Қатипаш бұған өкпелі шығар?


Қатипаштың біреуді жамандағанда сөзбен сойып, тілімен тінткілей тілгілеп, түкке жаратпай тастауы, онысын күніне қайталап айта беретін қазымыр мінезі ұнамайды-ақ. Ондайда Алтынай «сойылып» жатқан құрбандықты арашалап, Қатипашты тоқтатуға тырыс- қанмен, еңбегі еш кетер еді.


 


-Тәте, сіз өзіңіздей көресіз ғой. Елдің баршасы қу, ешкімге сенуге болмайды қазір. Ол өт-те ар-рам адам! Ал, мен өтірік айта алмаймын ғой, детдом бізді тек шындықпен тіліп сөйлеуге тәрбиелеген, -деп зыпыл- дап, Алтынайдың аузын ашқызбайтын. «Сенімсіздік көрсеткендей болдым-ау» деп бұл ұялып та қалатын. Мінез ғой деп үйреніп кетті ме, кейіндері сөздегі сөге жамандауларын ескермейтін де болды. Сонда...


-Ал, Қатипаш.... алып отырсайшы дәмнен...


Алтынай сары қыздың көңіл-күйі өзгерген оншақты күннің бедерінен ойын асырып, өкпелетуі- нің қандай мүмкіндіктері болуын іздеп, іштей өзін-өзі бөлшектеді.


Күнде таңғы 7-де оянады да, газ тұтатады. Сосын жуынып-шәйініп, шәй жасайды. Сосын барып отаға- сымен Қатипашты оятады. Екеуін үпілеп-сүпілеп қызметтеріне шығарып салады. Өкпелеткен жері жоқ сияқты.


Жас қой, көбіне тамақтанудан гөрі уақытын сыланып-сипануға жұмсап, уақыт жеткізе алмаса, бұл


«аш жүрме, асқазаныңды бұзасың» деп бір тілім нанға сарымай жағып, бір пиалай сүтті суытып, сіміртіп жібереді.


...Таңертеңгі тығыз уақытта өкпеге орын жоқ сияқты. Бастары қайта қосылғанша жалғыздықтың жайсыздығынан құтылуға асығып, ері мен сіңлісіндей болған Қатипаштың жолын Алтынай сағына тосады.


Қос өркенінен бірдей қапыда айырылып, қанаты сынған   жарым   көңіл   Алтынайдың   кімді


 


ренжитетіндей пейілі бар дейсің? Жүрегі жаралы, дені жарым бұл кімді ренжіте қойғысы келер дейсің? Е... Басынан пендешілік маусымы ерте көшіп, есіне түскен сөзді електен өткізбей сөйлей салатындай жастықтың жалыны да мезгілсіз сөнді емес пе?


Қайта Қатипаш даудырай кіріп келгенде өштескенін он қайыра жамандағанына қарамай, санасын сығымдай құрсаулаған ойдан босанып, миы демалып қалмаушы ма еді?Сол Қатипаш неге көңілсіз? Неге жүдеп барады? «Сұрасам ба екен? Тәуекел». Ертеңгі дастарханда қабағы қатыңқы қызға Алтынай сөз бастады:


-Қати...-,дей бергенде ол атып тұрып, жүгіре сыртқа беттеді.


Алтынай қатты ыңғайсызданды. Не болғанын түсінбеген оның құлағына әлдебір өкіре жылаған үн бе, жоқ бұзаудың бөкіргені сияқты ма-ау, бір жайсыз дыбыс шалынды. Дүкілдей жиі соғып кеткен ақаулы жүрегінің тұсын қолымен ұстап, бұл да сыртқа шыққанда, есік алдындағы сәмбі талды қос қолдай құшақтап, құсып жатқан Қатипашты көрді.


-Қатипаш! Сары алтыным- ау,  не болды саған?


А-а?


Мұрны  сорайып,  жақ  жүні үрпиген  Қатипаш


«Жүктімін... ініңізден!»дегенде, Алтынай жүзім көлеңкесіндегі осы орындыққа әзер жетіп, отыра кеткен. Содан шеке тамырлары білеулене солқылдай соғып, қаны басына шауып, әлі отыр.


Не істеу керек? Не істеуі керек Алтынайдың?


 


Күн сенбі болса да, ой бөлісетін ері жұмысқа кеткен. Ал, жаман көзімен атқылап, қиралаңдай бас- қан Қатипаш өз төсегіне барып, теріс қарап жатып қалды.


-Жаман көзбен қарады ма, әлде солай көрінді ме? Інімде жазық болса да, менің кінәм не? –деп өз- өзімен сыбырлай сөйлесті Алтынай.


Бұл үйде Қатипаш пайда болғалы сырттай оқитын інісінің де екі рет сессиясына келгені, айлап жүргені рас. Шаңырақтарында қаңғыр-күңгір көбейіп, әзілдері жараса, бірге қыдырғыштап жүрген екі жастың ынтымағына Алтынайдың қарсылығы болмағаны да рас.



  • Сол үшін кінәлімін бе?


Алтынай өзінен өзі сыбырлай сұрады.



  • Әлде?...


Үнсіз ой құшағына енді. Қатипашты алғаш таны- ған сәтін естеді.


Күн сенбі болатын. Шілдеде оңтүстік күні көтеріле сап күйдіретіндктен, ертелеп көкбазардан оны-мұны әкелуге шыққан беті еді. Тролейбуста кісі аздау екен. Алтынай бос орынға жайғасып отыра бер- генде:


-Сәлем бердік, тәте!-деп қосарлана шыққан дауысқа мойын бұрған бұл жәудіреп тұрған екі балауса қызды көрді. Сөз саптастарынан бұл өңірдікі еместігін аңғарды. Алғашта сәлемге қалай жауап берудің есебін таппай бөгелді де, оңтүстікшелеп:


-Бар болыңдар, айналайындар, -дегені есінде.


 


Жөн сұраса келе солтүстік облыстарының жетімханасында тәрбиеленген бұл екі қыздың өз бет- терімен осы қаладағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға келгендерін, мұнда ешқандай таныстары жоқ- тығын білді. Содан көкбазарды бірге аралап, үйіне әкелген. Бүгінде шейіт болған қос қозысы- Біржан мен Маржанның Қатипаштарды оқу орына жайғас- тырғанға дейінгі 3-4 күнде бұларға бауыр басқанын- ай! Әлде жетімханада тәрбиеленгендер ешкімді жа- тырқамайтындай ерекше ме екен, әлде ата-анасынан гөрі баланың тілін бала дұрысырақ табар ма екен, әйтеуір бұларды жатақханаға орналастырарға келгенде егіздерінің «кетпеңдерші... кетпесінші...» деп құшақтай жылағаны-ай! Бұл тілекті ата-анасы орындай алмас еді. «Кө-өп келіп тұрады. Келіп тұрамыз» деп әзер жұбатқан.


Шынында, осы қыздар кетпегенде келер оқу жы- лына мектепке барған егіздері қол ұстасқан күйінде мәшине апатына түспес пе еді? Жолдан өту ережесін Алтынай мен мұғалимадан гөрі осы Қатипаштар по- йыз боп, мәшине боп ойнап жүріп-ақ дұрысырақ үй- ретер ме еді? Арман-ай!


-УҺ, қос жанарым, қос қызығым-ай! Тірі боп не- сіне енді несібе теріп жүрмін мен арсыз? Сендерден жаным ардақты ма менің? Арттарыңда аңырап қалып, арманыма күйдім-ау мен! О, тәңірім, кімге керекпін мен-н...


Алтынай іші-бауыры іріп кеткендей езіліп, аңы- рап жылады.


 


-Алланың салғанына көнбейтін кім едің сен! Көнесің! Ол жара ескірді емес пе? Жараны тырнай бергеннен не пайда?! Тоқтат кәне!


Бұл ішкі дауыс еді.


-Жоқ, жыл өткен сайын сағынышым меңдеп ба- рады-ау! Ерім мен ата-анама күйік болмау үшін сүл- демді сүйретіп жүрсем де, Біржаным мен Маржаныма деген сағыныштан осы Қатипашты үйде тұруға үгіттеп әкелдім емес пе?-деп Алтынай тағы да әлсіз дауыспен дір-дір етіп, сыбырға көшті.


Сол қазадан соң қабынған жүрегі қазірде түкке жарамайды. Осылай дір-дір етіп, қаны тартылып, аяқ- қолы суынып, ауа жетпей, демігіп қала береді.


Бұл жұмысшылар жатақханасында тұратын Қатипашты тауып әкелгелі де жылға жуықтапты. Ал, серігі тұрмыс құрып кетіпті.


-Әлде?... Әлде мен сол үшін кінәлімін бе?


Алтынай өзін-өзі тергеп, соттап тершіді, өзін-өзі жұбатып әлектенді.


Қалтасын сипалап, тіл астына дәрісін салды. Жаман көзімен атып кеткен Қатипашты мұның халі толғандырмады. Бұрынғыдай «Мен бармын ғой, тұрмысқа шықпай, сіздермен берге тұра беремін» демеді. Алтынай жан терге түсті. Ой ағыны уақытпен бірге ағып жатты. Дәру бойына тарады білем. Көп нәрсеге көндігіп, бұдан жаман күнінде де «тойға талай бармап» па еді. Қатипаш жүкті болса, әйел баласының өзі дәл солай көбею үшін жаралған емес


 


пе? Қайта «Өркенің өссін» деп бұл құтты болсын айтуы, қуануы тиісті ғой. Иә...


Ол Дәулетбақ әкесінің теңеуін есіне алды. Ластау жерден айдап шығуға көнбейтін құжынаған қара шыбындарды елестетті. «Ызыңдап, түртпектеп маза бермейтін қара ойдан құтылудың бір-ақ жолы – көңіл, ой тазалығына жету. Тазалыққа қара ой мен қара шыбын өзі-ақ жуымайды.Көп жаманның ішінен бір жақсыны тап, жақсыға сүйен!» деп айтатын.Жақсы ой жанын жебеді ме, дірілі басылды. Қаны тартылған мұздай денесіне жылу жүгіргендей ме... Ақырын сүй- ретіле жүріп, газ тиегіне жетті.


-Қой шәйді дұрыстап, Қатипашты шақырайын. Ба- сының сақинасы бар еді, қысар...


Болар-болмас сыбыр солай дейді.


Төргі үйдегі төсекте теріс қарап Қатипаш жатыр. Өкпелі. Бірақ, кімге өкпелі? Жарымжан шешесіне екі қызын құшақтатып, мұны бесіктен белі шықпай жетім қалдырған, өзі түсін де танымайтын әкесіне ме? Жетімше бауырларын бағудың боданына балалығын айырбастап, 15 жасында екі аяғы бірдей шолақ сүр- бойдаққа әйелдікке барған Мәрзия апасына ма? Ана- сы да бейшаралықпен ауызданып әжесін жалмай туы- лыпты. Еңбектеп жүргенінде екі қолын бірдей шоққа пісіріп, екі бармақпен ғана күнелтіпті. Ал, оның ұр- пағы Қатипаштың күні-мынау. Бірақ... мына Ал- тынайдың інісі Сәуірбекке өкпелейтін орны бар ма?...


-Бұл не деген бітпейтін қасірет? Әлде, биліктің ұрпақтан ұрпаққа берілуін заңдылық деп мойындаған


 


адами тіршілікте қасіреттің де тұқым қуалауы- заңдылық па екен?- Қатипаш су-су құс жастықты шеңгелдей бүрді. Тіршілігінде ештеңені, ешкімді бүре алмай, кіжінумен кеткен анасы үшін де, өзі үшін де ызалана бүрді. Ұрынуға қара таппады. -О, құдай-ай, сасық теке еркек атаулыны артық қып жаратқаныңа қарағанда, сен де еркек шығарсың. Еркекте-ер! Қы- рылып неге қалмайсыңда-ар...


Қатипаш өксік аралас өз даусын естіп, есін тоқтат-


ты.


Жағдайын айтып, Сәуірбекке жазған хатына «са-


ған үйлене алмаймын, оның себебін өзің де білесің» де-ген жауап алғалы осындай бақытсыз, шарасыз күйге тап болды. Дүниеге от шашып, өртеп жібергісі келді.


-Маған қатыгез сұм тіршілікті, сұмырай адамдарды мен неғыла мын!-деп тістенді. Шүңірек көзі салқын ызғар шашты.


...Бақыт дейді-ау. Сол бақыттың қай кездерде мұнымен бірге болғанын, жалпы ол туралы жаттанды ұғым болмаса, шын мәнісінде ол шіркіннің не екенін түсінсе енді ғана түсінгендей.


... Бала кезінде бұлар шешесі «кибитка» деп атайтын кәтек үйде тұратын. Шошқа фермасында қызмет жасайтын анасы кейде шошқа етінен тұшпара түйіп, Валя шешей, Матвей шал сияқты қызметтестерімен самогон сапырып, тамаша жасайтын. Бұлардың үш бөлмелі кибиткаларын ән толқытып, дастарханға дәм, тәттілер көп қойылатын.


 


Әншейінде тықпыштаған тәттілерін түгендеп, кемісе оқтаумен ұратын анасы мұндайда кеңпейіл, мейірімді-ақ. Қатипаштың үстелге созған қолын елемей, тіпті халуа мен күлшелерді мұның аузына асатып, одан қалса етегіне салып, «бар, ойнай ғой» деп арқасынан қағатын. Арақ иісі мүңкіген көктүтін үйге осы тәттілер болмаса, өзінің де кіргісі келмейтінін масаң анасы біле ме, білмей ме. Кім білсін. Бірақ арқасына көсеу тимейтін, езуінен аққан сілекейін жақса да бетінен шешесі сүйіп, бауырына қысатын, тәттіге тоятын осындай күндер Қатипаш үшін балалықтың ең бақытты, аңсатар сәттері еді.


Өзінен 5-6 жас үлкен Мәрзия анасы мен оның қонақтарына түн ауғанша қызмет жасайтын. Қатипаштың қамын, үй шаруасын жайғайтын да, анасымен сөзге келетін де сол апасы.


-Мама, арақ ішкенің не теңің бізді баға алмай жү- ріп!-деп жекитін-ді.


-Өз өмірім өзіме керек! Мен не қызық көрдім, се- нің пиян әкеңнің таяғы, өгей шешенің тепкісінен бас- қа? Менің ісіме араласпа! Құқың жоқ сенің!-деп бұй- ыра, жирен шаштарын дудырата сілкініп, томар басты қолдарын аспанға көтере айғайлап шыға келетін. Сонда, шешесі бұған дүниедегі ең күшті жандай, ас- қар таудай айбарлы көрінетін-ді.


Көктемге салым шешесі қазірде бойы сол «кибит- кадан» биік, жігіт болған інісі-Олжабайды тапқан-ды. Мамасы оны өте жақсы көрген-ау, бетінен қақпайтын.


 


-Ә-ә, бұл батырың әлі мына екі шүйкебасты жат- қызып-тұрғызатын кәмәндір болады! Көрерсіңдер!- анасы оны ылғи да осылай аспандата сөйлейтін. Бі- рақ, ауыл балалары ғана бұл пейілді күл-пәршелеп:


Көккөз орыс - Олжабай,


Әкесі жоқ щолжақай!- деп талай жылататын. «Ол- жабай –Матвейдің баласы. Сен қазақсың, ол-орыс, ал ше-шең-қарашай» деп білгішсінген талай тетелестері- мен Қатипаштың өзі де жатып төбелесетін. Мұндай дау-дамайдың Қатипаштар төңірегінде қашанға дейін созылатынын кім білсін, егер тағдыр дөңгелегі шеше жүрегін кілт тоқтатып, оның салдары Қатипашты жетімханадан бір-ақ шығармаса. Әйтеуір анасы сор- лы бір шылапшын қара қанды құсып-құсып, мәңгі- лікке көз жұмғанда бұл үшінші сыныпта оқушы еді.


Содан тас жетім, қу маңдай. Бірақ мұның өжеттігі өр- шімесе, кемімеді, сүмелек боп ешкімнің сөзін басы- нан асырмады. Қатипаш осынысы үшін-ақ өзін ба- қытты сезініп, тояттанатын. Ойға алғанда ұз-а-ақ си- яқты өмір жолында анасының мас болып, есінен та- натын кездеріндегі көріністерді... атай көрме! Естегі- сі келмейді-ақ! Ал, масаң кездерін сыза алмас та еді...


Жетімхана бұған тіршіліктің беймәлім, жаңа есігін ашты.  Жетім  көңілдің  кісі  есігінде  жүргенде


«Қарашайдың қу жалмауыздары-ай!» деп тепсінген Мәрзияның қайынбикесінен шұрық тесікке айналған жаралары да беріштене бітеліп, көңіл теңдігін алғандай еді. Енді міне, өз құрсағында тағы бір жетімекті өсіріп жатысы мынау. Енді не істейді?


 


Кеше дәрігерге жағдайласып,бала алдыруы керектігін айтып еді, ол «кеш қалғансың» деді.Иә, сәттілік пен жақсылықтың «пойызы» мұны ешқашан күткен емес. Ылғи да кеш қалып жүргені! «Бәсе, Сәуірбек кім бопты мұның бар кемшілігін кешіре қалатындай, алақанына салатындай! Ол да басқа еркек біткен сияқты жеке құлқынының құлы! Еркек, басқа ешкім де емес!»


-Мә!Алтынайдың «үлкен жүректі жігіттер» деп сайрайтыны қайда? Көрермін енді інісіне шамасы келгенін!-Қатипаш өз басын тоқпақтап, Алтынайға кегжиді,оған тісін қайрады.


... Осы қалаға келгелі Қатипаш тағы бір жаңа дүниеге енгендей еді. Әсіресе Алтынай бар болмысымен бұл үшін бұрын-соңды жолықтырмаған


«жаңа адам» сияқты. Оның құлаққа жәйлі нәзік үнмен ақырындап сөйлейтіні, баладай сенгіштігі мен өзгелерге өзіндей қызмет етуі, онысын парыз санайтыны бұған біртүрлі ерсі, сенімсіз көрінген. Сәуірбек те Алтынайға көп ұқсайтын сияқты –аз сөйлейді, сыпайы, әдемі киініп, таза жүреді екен. Кітапқа болмаса, қыдыру мен қыздарға да әуесқойлығы аз. Қатипаш оны бір көрген нен ұнатқан. Жұмысы түскір аяқталмай, Алтынайдың үйі арманындай шақыратын. Сәуірбектің сыпайы жымиып, жылу төге қарайтын қой көздерін, қияқ мұрты жарасқан сұлу жүзіне салтанат беретін аздап толқынданып тұратын қою қоңыр шаштарын көруге асығатын сол бір сәттер-ай, шіркі-ін! Оны қалай


 


сөйлетудің әр амалын іздеп, серуендеуге де, киноға да шақыратын өзі емес пе еді? Мұндай жігітпен өмірлікке серіктессе, не арман дейтін бұл.


Иә... Арманы сағымға айналып бара ма? Әркімге бір жалпақтап, жақсылық жасағыш Алтынайдың осы мінезі рас болса, інісіне мұны жүкті еткізіп, жылатып тастатқыза қоймас. Інісіне шамасы келгенін, тәрбиелі ата-анадан туылғандарын көрер енді Қатипаш! Қос жетімнің көз жастарын кешіп өте алса, өтсін енді Алтынай!


Қатипаш Алтынайдың мамық төсегін тепкілеп, дөңбекши аунап түсті. Дегенмен Қатипаштың басы қатты. Өз басын баға алмай жүргенде мына құрсағында жыбырлап жатқанды қалай бақпақшы, қайда өмір сүрмекші? Баласымен кімге барып сыйыспақшы? Мүгедек жездесі апасынан өрбіген үш баласына мұның інісін, өзінің емшектес кәрі қызапасын қоса әзер отырғанда, енді екеу боп бұл барса... күні қараң болғаны да. Келешегіне бір таяныш болса осы Алтынай арқылы, оның қолдауы арқылы табармын деген үмітпен емес пе осы Сәуірбекке де жақын болуы? Жоға-а,бұл күйгенде мына тағдырдың әділетсіздігіне күймеді ме. Мынау Алтынайда он бауыр, әке-шеше, жоғары білім, жақсы бай, жеткілікті тұрмыс –бәрі бар. Қаласа тағы да құрсақ көтере алады, «жүрегім» деп жантәттілік жасап жүрген өзі ғана шешектің!Бір бергенге құдай бере беретініне қаны қайнайды-ау Қатипаштың!-- Бұл ызалана бір түкіріп, тағы аунап жатты. Әне,


 


аяқтың сүйретілген дыбысымен қоса сыбырлаған үн естіліп, мұны шәйға шақырып кетті. Алтынайдың сыбыры кейде тіс дәрігерінің тірі жүйкені бұрап орайтын ине бұрғысындай жәйсіз тиетіні бар бұған. Керек, үндей алмайды. Әйтпесе, бұл әлемді найзағайдай осқылағысы келсе, Алтынайдың сырты жұп-жұмсақ, жып-жылы көрінісі мұның ызасына тиетін. Бірақ, не үшін?!


«Тісінің құрты» «бұрандаға оралса» да түрегелді.


Шәйға қанбаса мұның басы ауыратыны рас.


Шәй үстінде жағдайға қаныққан Алтынай:


-Сәуірбектің ендігісі -иттік. Онымен сөйлесеміз. Енді басын алып қашпауы керек. Қатипаш, барлық жағдайда мен өзіңмен біргемін. Тіпті ол үйленбей кеткенде де қаласаң, осы үй-үйің, тұрмысқа шығам десең де еркің. Ұлды-қызды тапқан перзентіңе біз барлық жағдайды жасаймыз. Тек сен азып-тозып, уайымдай берме, -деді.


Қатипаштың көзінде ұшқын жанды. Өз құлағына сенер-сенбесін білмеді. Шынымен де өзі танығалы бері Алтынайдың талай ісіне таңдана қарағанмен, дәл мынадай жауап есітеріне сенімді болса, Сәуірбектен жауап хат алған күні-ақ айтпас па еді? Осылай боларына бекер –ақ шәк келтірген екен!



  • Рахмет сізге, тәте! Сіз менің мамамсыз ғой, рах- мет.


Қатипаш Алтынайдың мойнынан құшақтап, беті- нен сүйіп, көзіне жас алды. Дүниеде «мама» дегеннен


 


мерейлі сөз бар ма, сірә! Алтынайдың да жанарына жас үйірілді.


Көңіл бұлты Қатипаштың басынан ауып, шұбар күн шақшия шықты.


***


Тәңірім пендесінің көңілін толтырам десе де, солдырам десе де лезде екен деп ойлады бұл. Бүгінде Қатипаштың көңілі тоқ, көйлегі көк, дегені дөп тиетін деңгейде. Тоқ болмай қайтсін, бұл есігінде жүрген есепті кезеңде өзінше маңғазданып, көзін ашып- жұмып, керіліп-созылып, өтірік ауырғансып, танауын көтере сөйлейтін Алтынай ендігі жерде «Қатипаш- Қатипаш» деп мұның алдында дөңгелеп кетпей ме? Кетеді! «Төркін керек болса, дөңгелер. Болмаса- обалы өзіне» деп түйді қиялын қалыңдық Қатипаш.


***


Алтынайдың ұйқысы қашты. Келін дегеннің өз ұрпақтарыңды табатын қымбаттығын білсе де, оның Қатипаш боп шыққаны,өз қасында қызындай боп жүргені қуантты. Әке сөзі есіне оралды. «Діни дәріптеулерде айтылатын әр пенденің екі иығында отырып,  жақсылық  пен  жамандыққа  меңзейтін


«періште» мен «сайтан» ұғымы иықта емес, әр кісінің санасында жасай ма екен? Періштенің ұраны:


«Адамнан туып, адами іс етпей, ұялмай не бетіммен көрге барам?!» десе, сайтанның ұраны:


«Айт екем, өсек, айт екем!» деп айтақтау болса керек.


 


Тіршілікте тән ауруларының түрлері көп болғанымен қызғаншақтық, күншілдік, өзімшілдік, арамзалық, өсекшілдік сияқты жан ауруларының емшісі қайда? Оған дауа қайда? Тегінде оның дауасы


–қанағат пен тәубешіліктен табылар. Осылардың аясынан асып-тасқан пенденің кеңшілекте жан ауруы меңдеп, асқындағаны соншалық-ол тәубешіліктің тосқауылына тағы да маңдайын соқпай, тоқтай алмасы кәміл.»


- Сәуір адамнан адам боп туылған,- деп сыбырлады Алтынай.


Қатипаштың жан ауруы меңдегенде қиялы қимылға, өтірік шынға ұласады ма? Кім білсін...


-Аха-ха-а! Шыны қайсы, өтірігі қайсы екенін өзім де шатастырып алам! Бәрібір, менің ойым дұрысы! Тура айтсаң, туғаның ұнатпас! Одан әрмен! Бізді детдом өз құқымызды қорғай біл деп,тура сөйле деп үйреткен! Айтам! Басымды кессе де айтам!


Делебесін қаққан қыз оңашада күндестік көңілін Алтынайға бағыштап, даурыға дауыстайтын:


-Әп-бәлем, өзіңе де сол керек! Байым бар деп, басымда үйім бар деп, оқы... оқығам деп кергитін едің-ау, ә? Айтпасаң да ішіңді көріп тұрам ғо! Қазір Қатипаштың байлығы да, бәрі де одан артық! Тек... оқуы демесе ...- Әй, қойшы, оқып, көз майын тауысып! Мен іштен оқып туғам! Аха-ха! Оқыған ол да қатын, оқымай мен де –қатын! Тең! Иә, кем емес, тең! Қайта сол Алтынай, «бәрін де үйіп-төгіп берген» деп өзі қызығатын Алтынайы енді мұны төркін ғып,


 


жәутең-жәутең сүмірейеді! Ім-м! Асықпасын!! Енді не керек, Жанай би шаңырағының түп қазығы-өзі болады жақында! Тізгіні қолында! - Осыны ойлағанда Қатипаш еріксіз екі қолтығын қомдап, кекірейіп, сұрлана сұстанатын. Биіктелетін. Дәукеңнің табалды рығын келін боп аттауды елестеткен қыз бір кездері қарғаған құдайына оңашада осылай ризашылық білдірді.


***


Иә, ол кезде бұл жанұя түгелімен Қатипаштың жағына шыққан. Сәуірбек әсіресе анасының сөзінен аттай алмаған-ды.


-Шырағым, көш бастарым өзің едің. Соңыңнан ілескен інілеріңді адастыра көрме. Ер жігіт қолымен жасағанын мойнымен көтерер болар, себебің болса ашып айт. Әйтпесе мен былқылдақ мойын ұл туған жоқ едім. «Айдың жартысы қараңғы, жартысы жарық» деген. Туылғалы бері жарық көрмеген жетімше сорлыны тағы да жылатпайық, балам. Өз апа-қарындастарыңды осылай жылатса, қайтер едің? Соны ойла. Ендігі оның да жарық күні туған шығар. Егер де алда-жалда үйленбеймін            десең, ризашылығымды бермеймін. Осы қызды үйіме бір кіргізіп бер де, өзің қалағаныңмен кете бер. Бір ұлым кем болар!-деп тұқыртып, асауға құрық салғандай басын байлаған-ды.


***


Біздің     қазақи     мінезде     қызыңның    үй    болу қуанышынан келін түсіру қуанышы басымырақ па,


 


қалай? Әлде сегіз қыздан соң сарғайып көрген Сәуірбегінің серігі болған соң солай ма екен? Әутеуір Хадиша Қатипашты қыздарынан бөліп қарамады. Қарны шермиіп, кемпірқауындай тырсия сепкілденген жүзіндегі шүңірек сарғыш көздері, дудыраған жирен шашы ана қаздай жүрісіне өте жарасымды көрінген.


-Шырағымның туын желбіреткен жарығым, қадамың оң болсын, -деп маңдайынан иіскеген-ді.


Артынша Алпамысы дүниеге келді де, мына тіршіліктің бар қызығы, бар ләззаты Хадиша үшін сол немересінің бойына жиылғандай, жаны үстінде болды. Тіпті қырық жыл отасып, сүтінің қаймағын сақтап беретін, ұйықтағанда тыныштығын қорыған пірі-Дәукеңді де шеттеткендей.


-Кемпір, менен де дәу біреу шықты-ау деймін,ә?


-Өзі Алпамыс болса, сенен дәу болмасын ба? Әже- сінің жүрегі, жәні - осы. Әжесінің бары, нары – осы. Әжесіне, әжесіне...


***


Ата балаға сыншы деген, енесі Қатипашқа сынай қарады. Обалына не керек, табалдырықтан аттай бере ұл туып берген Қатипашта тіл жоқ-ты. Тірлігі түскір түк өнбесе де тырп-тырп басып, сылп-сылп сабылып жөнеп жүргені. «Иә-иә, ...ім-ім-м...» деп кіммен сөйлессе де бас шұлғи қоштап, көптің көңілінен шықты. Бірақ, ұяң Сәуірбегінің мінезі шадырланып күрт өзгергеніне анасы қайран қалатын.


 


-Ай-и, Қатипаш! Сф-ф! Қайдасың? Әтәңәнәлет- ау!?-деп мал қайырғандай айқайлай ысқырып, атойлағанда келінінің үндемей ғана жүгіріп жүргені. Баласының мінезінен ұялып, келінінің көнбістігіне риза еді. Бір қызығы--келіні өзі әңгіме айтқанда емес, өзгенің әңгімесін тыңдағанда күлегештенеді екен. Адамға адамның жақындауының бір әдісі –оның сөзін ден қоя тыңдау, түсіну. Ал әңгімені ішкі сезіміңді білдіре күйініп, күліп не жылап тыңдау –айтушыға деген құрмет екен-ау,ә! Қатипаш келініне мінезі тіктеу атасы Дәукеңді қойғанда Хадиша бәйбішенің іші уылжып, жақсы көріп қалуының бір себебі осы екенін түсінді. «Е, қайтсін-ай, қиындықты көп көрген қалқам, кешірімшіл, көмпіс боп; басқалардың көңілін қайтсем табам деп кішіпейіл боп бойжеткен екен дә. Мың да бір шүкір,сені енді түсіндім. Екі адамның жан дүниесінің жақындау деген-осы»,-деп түйіндеген ене үнсіз көзіне жас алды. Қуанғаннан, әрине.


Есікте отыратын келінге сөз қайда? Қатипаш бас шұлғып, тырқылдай күліп-ақ төрдегілердің көңілінен орын алып жүрді. Осындай-осындай мінездерінен Хадиша оның көзге ұрып тұрған салақ-ластығын кешірілмес кемшілік деп емес, көбіне балалық санады.Жәй ғана ұғындырып, үйреткенде, келіні қарсыласпайтын.


Қатипаштың бір түсінбейтіні –осы келген есігінің адамдары шетінен біртүрлі-әй... Ім-м, қандай десе болады? Мәңкиген жарымдар ма, бұл не айтса да сене салатын ақымақтар ма, біртүрлі. Нүктелеп айтса, өмір


 


көрмегендер! Айдан осы қазір Жерге секіріп түскендер! Ә-ә! Несін айтасың,Алтынайдың әулеті Алтынайдың сорттары! Е-е, бұған да керегі сол! Қатипаштың сырттан естіген өсектері бар, заты қатын емес пе, өзінің түрлендіріп қосатыны бар, кейде


«кәйтер екен» деп әдейі осылар туралы да қосып айтатыны бар. Сонда, ойпырмай-ай, не өсекті қостауды, не «кім айтты, қашан айтты?» деп тулауды білмейді-әй! Мысалы, бұл бала кезінен-ақ өзін біреудің сөз еткенін естіді бар ма, тура бетін тырнап, қанын судай ағызып, езуін жыртып келер еді! Әй, шешесі анау-мәнжубас Хадиша! Содан шыққандар сүмелек болмай, кім болсын! Сол дұрыс,сонысы керек! Байыма жақсам, өзіме жайлы болса, жетпей ме? Кемпірдің көзі тірісінде туып-туып, баламды өсіртіп алсам, өзінің де тамырлағаны, судай сіңгені сол емес пе? Бұл жорғалай тын, бұл шындап ығатын бір-ақ адам бар-Сәуірбек. Қараң қалғырдың ұрып- соқпағанымен «ай-и! Болсаңшы шұбатылмай, сүме- лек!» деп, дәл аждаһаша ысқыратыны бар. Сонда на- мысы қозып, тура алқымынан алып, қайыс белбеумен осқылап тұрып жонынан таспа тілгісі келеді. Бірақ, әлі жетпес еді-бір, екіншіден-бұл кегін басқалай қайырады әлі! Сәуірінің мұның бала-шағасы үшін түн қатып жүргені әлі аз, Қатипаштың табанын жалайды ол! Ысқырғанына пысқырғаны бар ма сол ақымаққа! Соңында кімге кім ысқыратынын көрер Қатипаш!


-О, жарым –ес! Шын кеңкелес болмасаң, үшінші балаңды туғалы отырған мен керекпін бе, жоқ әлде


 


ана әке-шешең мен бауырларың саған перзент туып бере ме? Кім жақын?! Олар ма, мен бе? Олардың баласы саған бала бола ма, шешек-ау? Мен жақынмын саған! Менің балам ғана сенің ұрпағың! Ә-ә! Әлі-ақ жақыныңды табарсың, не шаң қабарсың!- ол оңашада ғана өзімен өзі сөйлесіп, күйік лебін осылай бір босатып алар еді. Бірақ, ең бастысы сол- байымен ортақ тіл табуы, Сәуір мұны қоштап тұруы керек. Оның мінезіндегі ең бүк түсетіні не нәрсе, жанына керегі не? Соны бұл іздеуі керек. Сәуірдің дүниедегі ең сенімдісі, ең жақыны, ең қажеттісі өзі ғана екенін ұқтыруы қажет. Иә... Басқалар алыстауы тиіс...


Иә, Қатипаш келіннің күндіз-түні есінен шығар- май ойлайтыны-осы жұмбақ сырдың жауабы еді. Бір- беткей атаға, жуас енеге, оқта-текте келетін қайын апаларына, қайындарына қандай кезде қалай жағынудың әдісін ол біліп алған. Олардың бәрі де түгелімен Қатипаштың тілектестері, бәрі де Сәуірдің мұны ұнатуын қалайтындар. Амал нешік, күйеуімен сезімі бөлек, көңілі жетім. Сәуірмен тіл табысудың кілтін мұның өзі ғана табуы тиіс. Оның тетігін іздеуі керек, ақыл-айла керектігін түсінетін Қатипаштың ойлай-ойлай ақылы айрандай ашыды.


***


...Содан бері неше өзгеріп су ақты. Уақыт-дәудің тынымсыз соққан қамшысынан биік төбелер аласарып, сон-о-у кезде алпамса иығын кере адымдай басқан қара дәудей қорқынышты күркіреп жататын


 


мына өзен де бүгінде иығын қушитып, бүкшеңдей тепеңдеген кәрі шалды елестетіп, күбірлеп қана жатқандай.


Сон-о-у жылдары Алтынайдың айтуымен бүкіл жанұяға ұнап, Сәуірбектің сергелдеңін сейілтіп, Қатипаш Даулетбақ қарттың үйіне Алпамыс атты ұл әкелгелі де біршама жылдар жылжыпты.


Қатипаштың бір ұнамайтыны - салақтығын түзетуге Хадишаның да, басқаның да құдіреті жетпеді. Таза жүрген әйелдің тіршілігін біреу жасайтындай –ақ, Қатипашқа сауыс киімі мен салақтығы іскерліктің белгісіндей, сол көрінісінен ажырар түрі жоқ-ты. Ескертулерге келін «ім-м» деп бас шұлғиды, бірақ өзгеріс болмайды. Қыздар келгенде де үй мүліктерін жиыстыруды үйретіп, кір киімді шифоньерге салмауы, ыдыс жуылғанда төңкеріп қоюы, көрпені тыспен қаптауы сияқты әйелге ғана қатысты қағидаларды іс жүзінде көрсетіп әлектенеді. «Ім-м» деп бас шұлғыған келіннің үйі ертеңіне –ақ баз қалпына келеді. Қол-аяғы қан тасуынан біршама икемсізденгеніне екі-үш жыл болған Хадиша бесік тербетіп, балаға бөтелкемен сүт бергенді міндеттеніп, басындағы шұлғаудай кір жаулық пен шаңы көтерілген көрпе төсенгенге бүгінде еті үйрене бастапты. «Кәйтеді енді... үш бала... оған қоса мен де бала... Шеше көрмеген жетімек, кейін пысиды да...» деп кешіріммен қарайтын бүгінде.


 


Қатипаш түскен соң-ақ қалаға қатынап істейтін қызы Ұлбалаш құрсақ көтерген ортаншы қызы- Алтынайдың қолына кеткен-ді. Талғаммен киініп, талтаңдап өскен Сәуірбек сол кезде-ақ әйелінің салақтығын ұстанып ажыраспақ болған.


-Екі ініңнен басқа бәріміз бір Қатипашқа қарап отырмыз. Қайта, шыдағанына рахмет айт, -деп Хадиша басу айтқан,-кәйтеді, пысиды да...


-Үйге адам кіргізуге ұялатын болдық! Ең болмаса таза бір бөлме табылса-шы мына әңгіредей үйден! Киюіңе киім жоқ, бәрі кір, жыртық, өтексіз! Не, мал болдық па?! Егер осыдан үйді жумай-ақ күніне бір рет сыпырмасаң, қортынды шығармасаң, бұл үйде тұрамын деп ойлама! Естідің бе?-деп Сәуірбек қатаң талап қойған-ды.Содан үй өзгерісі ұзаққа шаппағанмен, Сәуірбектің киім-кешегі мен төсек- орны қалыпқа түскен.


Хадишаның жанына қатты бататыны-үйінің дәл түбінде тұратын жалғыз қайнысы мен өз отағасының арасына сызат түсіп, ашық айқайсыз-ақ араларының алыстап бара жатқаны. Оған анық кінәлі- алғашта Сәуірбекке тіл қайтармайтын ақылдылығымен ұнаған өз келінінің өсегі, долбары болып тұр.Қазір де шәй үстінде келін бірдеңені көңірсітті. Ақырын таңдай қағып «қой» деп ымдап еді Хадиша, ол түсінбеді ме, түсінгісі келмеді ме, пытырлай атылған келін сөзін тоқтата алмады. Құлағы ауырлаған Дәукең де «а-а?» деп тәптіштеп, ақырында:


 


-Е, оларды білмей жүр екенбіз ғой, балам! Адамдықтан сызып тастау керек оларды! Тұқымды шірітіп, әкемнің атына кір келтірді-ау менің! Масқара-а! Ұры бізден шықты десейші! Арғы үйдің қойын ұрлап па сонда? Өлім-ай! Енді не істесем екен бұларды?!-деп санын сабалап, күйіп- пісті.


Атасы айтпақшы шоқта шыжылдаған «қызыл тұмсық» шәйді баптап құйып отырып, Қатипаш әңгімесін соза түсті.


-Ата, кеше кешке біздің үндіктің біреуі жоқ болды. Сосын кіші атаның қорасына кіріп, үндіктерін санасам түгел! Ал, өздері үндіктің етін же-еп отыр. Сонда ол біздікі емей кімдікі?!


-А! Не дейді тағы?!


-Қойсайшы, келін –ау...-Хадиша биязы даусымен тіл қатты.


-Кіріп барсам, кіші енем, кіші атам түгелімен сорпа ішіп отыр екен. «Кел-кел» деп маған білдірмеу үшін жалпақтайды-әй. Сорпасына біздің үндіктің жілік салып... ұсынды!


-Жалпақтағанның несі әңгіме? Қойсайшы келін...- деді Хадиша.


-Не дейді ана апаң?


-Ата, «айтпа» дейді.


-ЕҺ, неге айтпайды! Өй сен өзің... айтады шындықты! Шындықты жасырам деп тұқымы шіриді кісінің! Хадиша,ұқтың ба?


Дәулетбақ қарт кемпіріне ежірейе қарап, жекіре сөйлеп,  тиып  тастады.  Дастархан  үстін  үнсіздік


 


жайлады. Хадишаның құлағы шыңылдап, көзі тұманданып, миы тұз тигендей ашып, әрі қарай қисая кетті. Енді тек келіннің шорылдата шәй құйғаны мен іштей күйген Дәукеңнің оқта-текте ыңырана бос пияланы шиыршықтай дөңгелеткен дыбысы ғана болмаса, өлі тыныштықты ешкімнің бұзуға батылы бармағандай. Дәукеңнің түсі бұзылып, күректей қолымен шоқша сақалын саумалап, шөккен нардай жамбастап жатқан күйінен тапжылмады. Шәй кесесін төңкере салды. Сары келін күйелеш қара шәугімнің тағы біреуін тападағы шоққа ауыстырып, терлеп, тамсанып, бір өзі қопара тауысты.


Әркім өз ойымен үнсіз. Дәукең емшектес інісінің бала-шағасымен ұры боп кеткеніне намысы қозып күйінсе. Хадиша бұл әңгіменің растығына күмәнді. Ол үйдің үндігі түгіл өз үйінде неше мал барын, не заттың  қайда  екенін  білмейді  соңғы  жылдары.


«Кімнің үндігін кім санапты? Ұрлыққа баратындай не күн туыпты?» Жып-жып етіп, бір әңгімені күніне екі- үш қайталап, өсекті өсіріп жүретін Қатипаштың қатындық мінезіне не шара? Өзі олай-бұлай айтып түсіндіре алмайтынына көзі жеткен. Сәуірбекті ортаға салса, шағыстырып, шаңыраққа іріткі салғандай болады-ау. Соңғы кездері екеуінің сөзі жарасып, келінінің әңгімесіне баласының күлуі көбейіп жүр еді. Осы ынтымақтарын бұзса, Хадишаның кім болғаны? Ене жол таппай қиналды.


Ал Қатипаштың өмірге деген өкпесіне Алла- тағала қайтарым жасағандай-үш ұлы бар, малы-шалы


 


алдында. Осы үйдің сегіз қызы бір киімнен –ақ әкелгенде Қатипаштың қыстық-жаздық, сулық- майлығы жетіп-артылып жататын. «Кемпір-шалды бағып отырғанымда олар мені бағуға міндетті!» Қатипашты бұл күндері шаршататын ой жоқ-ты.


-Ал, жинайсың ба, балам?-Дәукең ауыр қозғалып, түрегеліп отырды. Хадиша да басын көтерді.


-Аманшылық бола берсін, Алла ынтымағымызды берсін, адалдығымыздан айырмасын, Аллаһу акбар!


Бәрі де бет сипасты.Дәукең жөткірінді.Үндік туралы ойдан арыла алмай, әділетшіл келініне:


-ЕҺ-һ, өзіңнен шыққан жау жаман-н! Басқасын қойшы, анау Жаппарқұл атаң не дейді?-деді көзілдірігінің үстінен қарап.


-Үндемейді! Мен айттым: «Ата, үндіктеріңіз үндік жей ме? Үндіктеріңіз түгел ғой» дедім. Үндемейді! Есіктің алдындағы жаюлы етті пласкауызбен қырыққан жау-алыстан келмейді ғой, солар алмағанда...


«Үндемейдіден» арғы келіннің пырт-пырт пытырлақ сөзіне мән бермей, іштей күйінген Хадиша:


-Қойшы –әй, келін! Төрт жылдан бері мың рет есіттік қой оны!-деді.


-Мың болса да солар алды, жау алыстан келмейді! Бөтен кісі иттен қорқады! Үйдің шердағындағы қазыларды кім алды ал? Күннен-күнге азаяды,- Қатипаш без-без етіп енесіне ежірейе қарады. Еліне сәлемдемеге салынған қазыларының орнын осылай оңай жаба салды.


 


-Шырағым, «қонысыңды ұры тұтпа» деген. Баяғыда... Бұрын ештеңеміз жоғалмаушы еді ғой, әйтеуір. Қолыңмен ұстап, көзбен көрмегесін ғайбаттама ешкімді. Жаман болса да, жақсы болса да барымыз солар. Өзіңе –өзің берік бол одан да.


Ақырын сөйлейтін Хадишаның сөзін басып тастап, келіні сақылдай жөнелді:


-Апа, сіздің әбден момындығыңызды пайдаланып алған олар. Басқа алса етті алады. Ал,темір сымды пласкауызбен қорықпай солар ғана кеседі. Ана жүнбас қызын көрмейсіз бе? Үйден Алпамыстың бөтелкесін әкелуге жұмсағам, кешіккесін артынан барсам,кәлбасаны же-еп, білектейін қолтығына тығып апты! Суырып алып, басына салып кеп жібердім.


«Енді үйге келсең, сирағыңды сындырамын» дедім. Соны айтып барған-тіт-тә. Шешесі де, бәрі де теріс қарайды маған. Атамнан ары! Мен өтірік айта алмаймын, жағына алмаймын оңтүстікшелеп! Бәрі сіздің момындығыңыздан! Солар келсе болды есіктің алдындағы кір сабын, арақ сабын, зубнай пасты ма- ау, атамның пласкауыз, балғалары ма-ау, дым қалмай жоқ боп кетеді! Соларды басыңызға шығарып алғансыз! Мен оны жасатпаймын!


-Қойшы-әй, келін, басым ауырып кетті. Алпамыс бөтелке ембегелі бес жыл болмады ма?-Хадиша тағы да бесіктің түбіндегі қомыт көрпешеге қисая кетті.


-Қой дейсіз дереу, айтпа дейсіз соларды басындырып. Момынсыз! Соны біліп алған, маған да соны істегісі келеді. Істетпеймін! –Келіннің денесі


 


шабындық шапқан орақтай серпіліп, шыңдалған тілінен көк шалғын өмірдің өркендері қыршын қиылып жатқандай, Хадишаның жүрегі айнып, лоқсыды.Қан қысымы тағы да көтерілді. Шарасыз кейуана басын ұстап бүк түсіп, шуылдаған, шыңылдаған құлақтары бітеліп,қаны басына тепті.Мына ортадан оңашаланды. Дәулетбақ шалды тыңдатқан Қатипаш төбесімен көк тіреп, Хадишамен ісі де болмады.


Манағы батадан соң қалың кітапқа үңіліп отырған Дәукең келіннің гүрілдеген даусы күшейіп кеткен соң, көзілдірік үстінен үйдің ішін шола қарады. Құлағы ауырлаған шақ болса да, кейде жақсарып, кейде күңгірлеуден әрісі жоқ болатыны бар.Түкке тү- сінбеді. Кемпірі жатыр, келіні дастархан жиыстырып жүр, аузы жыбырлайды,жұлқынып тұр әйтеуір.


Не де болса кемпірі екеуінің арасы екенін топшы- лап:


-Не дейді апаң?-деді.


-Ата, «Айтпа, үндеме. Ұрласа, ұрлай берсін» дей-


ді.


-Еһ, осы сені жын қақты ма, Хадиша-ау? Неге айт-


пайды шындықты? Сенің өстіп менен жасыратын мі- незің баяғыдан бар. Өстіп тәрбиені бұзасың сен! Мао- Цзе-Дунның елінде ұрлық істеген кісінің саусағын ке- сіп, елге әйгілеген. Қайда барса да ол осы таңбасынан елге жексұрындай көрінген. Міні тәрбие! Екінші рет ұрласа, тағы бір саусағын кескен. Вәссәләм! Сен


 


келінді шындыққа тәрбиеле.Оны қостаудың орнына... Іһ! ...Ім-м!


Қайта кітабына үңілген Дәулетбақ қартты әбден еркіндікке жолдама алған келіні құлақ түбіне отыра қалып, әңгімеге шақырды.


-Ата, анау Седеп кемпір ше, жесір кемпір?...Қубас кем-пір ше?


Дәукең көзілдірігінің үстінен келініне ежірейе қарады.


-Седе-е-п! Седе-еп деген жесір қатын ше-е?!


-Естіп отырмын ғой. Неге сонша айқайлайсың?


Иә?


-Сол Седептің екі қойын ұрлапты кіші атамның өзі. Былтыр! Жерінің аяғы-м-е-ен жетектеп әкетіп бара жатқанын өз көзімен көріпті ғой. Соның біреуін сойып жеп, біреуін қайын жұртына батаға апарыпты ғой.


-Қаш-шан?!


-Былтыр!


-Қап! Содан бері мен неге білмеймін оны?


-Апам айтқызбайды ғой маған.


Ызыңдаған өсектің оғын ұстаған Дәукең ашу садағының серіппесін «адал» келіннің икемдеуімен кемпіріне бағыштап, ай-шайсыз тартып кеп жіберді:


-Әй, Хадиша-а! Сен бүйтіп жабуды жаба тоқығаныңды қой! Білдің бе? Әгәр кемпір болмақ түгілім, кім болсаң да, жағыңды сындырам енді! Білдің бе? Туысқан болмаса, туыспай кетсін, түге!


 


Ондай нәлетілерден іргеңді аулақ сал! Жуыма! Олардың көздерін шұқып тұрып, бетіне түкіру керек.


Қайын атасының сеніміне кіріп. Тонның ішкі бауындай жақындаған келін бал-бұл жайнап, дастархан жинауға кірісті. Миы тұз құйғандай ашыған Хадиша жанымен әлектеніп, бүркеніп жатқан еді. Үндемеді. Үндеуге шамасы жоқ-ты.


Даулетбақ отыруға байыз таппай, қара тонын кие салып, хром етігін сықырлата сыртқа беттеді. Келін жүгіре басып, кебісін кигізді. Қай кезде екенін... кейде өстетіні бар-ды.


Дәукеңнің жүзін намыс өртеп барады!Жалғыз бауыры ұры боп, сүйекке таңба салса,оны жансерігі Хадиша дамытса,шынашақтай келінді теріске тәрбиелесе,өткен өмірінің өзегі күйді деген осыдан артық не болсын! Іші қыз-қыз қайнап, ашуын содан алғандай, жердің аяғындағы жоталанған мая шөпке қол орақты гірш-гірш қадап, мая шөптің шашын жұлды. Кімсің-Омар әулиенің ұрпағынан Хадишаны келін еткен, қара қылды қақ жарған Жанай бидің немересі еді. Кешегі күнге дейін осы елдің ауылнайы болып өткен өзі де кімнің кім екенін бес саусағындай білетіні бекер екен де! Өзінің жалғыз емшектес бауыры-Жаппарқұлды адал нан жеген еңбек сүйгіш шопан деп қателескені ме? Оның қора толған малы, мінген көліктері, дастарханындағы дәмі ұрлықы болғаны ма? «Ай, Жанай би тіріліп келіп, жон арқаңнан таспа тілер ме еді, Жаппарқұл! Қара бет еттің-ау бәрімізді!» Қол орақ маябасқа гірш-гірш


 


қадалған сайын бір уыс пішендеме түйдектеле жұлынды.Қанардағы бір құшақ пішендемені арқасына сілке тастап, қораға қарай адымдады.


-Һай, кім бар?!-деп қатулана айқай салды.


Кім болушы еді, Сәуірбек жұмысында, Мамыр мен оқуынан демалысқа келген Қабыл осында мал жайғап жүргенін өзі де біледі. Әкесінің дауысынан ол екеуі сыртқа жүгіріп шықты.


-Біз мұндамыз, көке.


-Неғып жүрсіңдер?


-Неғып... Шөп салдық, су бердік сиырлар мен қойларға. Астын тазаладық.


-Жылқылар ше?


-Жылқылардың жал-құйрықтарын тарадық. Жем жегіздік ат дорбамен. Енді суғарып келеміз қазір Көмешке.


Қораның іші-сырты тап-тұйнақтай еді. Екі баласы малдың жайын жасауға дайындалғалы қаш-шан! Дәукең мынандай бақылауының далбаса екенін өзі де біліп тұр. Күйіс қайтарып таза тақтайда жатқан ала сиыр «оның не?» дегендей мұның қанарындағы шөпке алара көз салып, мұрнын шүйіре әрі қарады.


-Мына шөпті кәшегін алғанда саларсыңдар,-деп Дәулетбақ қарт үсті-басының шөп-шаламын қаққылап, өз-өзіне келе бастады.


Бұл ауылда көпті көрген небір қарттар көп. Дәукең зейнеткер аталып, сақал-мұрт өсіргенімен, әлі бұған «Ә, бала» деп сөйлейтін ағалары бар. Сол ағаларының біріне сәлем беруге беттеді.


 


***


Ұстаздықпен өмірін өткізген Хадиша мынадай шарасыздыққа тап боламын деп ойлап па!Ойын түсіндіре алмайтын,сөздің астарын аша алмайтын мезгіл болады деп; ол өз үйінде,әсіресе өз Дәукесімен түптеп түсінісе алмаймын-ау деп ойлап па деші.Бұрын ғылардың «Келіннің адалын берсін» дегені не екенін ол тап бүгін ғана түсінгендей. Ал,осыған дейін «сыйластық үлгісін ене көрсетсе, келін ізінен жүреді» деген сенімде болды. Енді ше?Даму атаулының бәрі де-соның ішінде өсек те спираль заңдылығымен дамыса керек. Қатипаштың өзі ойлап тауып, бір-екі құлаққа сыбырлап айтқан өсегі «тісіңнен шығарма» деген айдармен бүкіл ауылға құлпыра тарап, тағы біреудің аузынан құтырынған қалпында құлағына жетер еді. Өсекті естімейтін, есіткенін сол жерде су құйып сөндіретіндер бар болғанмен, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай түрлендіріп желкілдейтіндер одан да көп. Қарама-қарсы бұл екі топ бірін-бірі ақымақ санайды. Өсекшілер «ім-м» деп бас шұлғығанымен шын сөзге иланбаса, өзі шын сөйлейтіндер өзгенің өтірігіне тез иланғыш келіп, көп алдануы да заңдылық сияқты. Енді не іспен келіні мен Дәукесіне ишара жасауды білмеген Хадиша тәрбиеші-ұстаз атанып өткен өмір жолын сусыған құмдағы сағымдай көріп, қорлығы келді.


***


 


-Жеңеше, айына төркініңе екі-үш пәсөлке салмасаң көңілің көншімейді –ау. Менің ағамды тақыр кедей етерсің бұл екпініңмен!-деп шымшыды поштадағы жігіт Қатипашты.


-Қалыңмалды осылай төлемесе, ағаң қатынсыз қалмай ма, қайным!-деп күлегештенді ол.


-Әуелі сен кетіп көрші, менің ағама қыз көп қой.


-Бізден құтылу жоқ енді, тамырымыз тармақталып, тереңге жайылып кеткен, хи-хи-хи...


«Пәсөлке» туралы өсек «нысанасы осы-ау» деп Хадишаның құлағына тиді.


-Шешей –ау, қыздарыңыз шетінен өкімет. Күніне бір көйлек ауыстырсаңыз да жарасады. Соңғы кезде жарқырап бір киінбейсіз. Мына жалғыз келін... иә... қазірше жалғыз болып тұр ғой... келініңізді шыли екрелетіп жібергенсіз бе? Екі күнде бір төркініне пәсөлке салады дейді ғой ел. Ел құлағы –елу, шешей. Қыздарыңыздың қызығын әлі көрмеген құдаларыңыз көріп жатқан жоқ па, осы? Жетім дейтін еді, іздеп келген ешкімі де жоқ емес пе бес жылда? Ойпырмай!Байдың малын байғұс қызғанғандай болмасын, біздікі тек жанашырлық. Сізден жас болсақ та келін деген шіркіндердің үшеу-төртеуін көрдік қой, шешей. «Осы елге өзім де ене болуға келдім-ау, осы күн маған да туады-ау» деп ойлайтын ақылдылары аз ғой шіркіндердің. Ондай ой көпшілігіне өз ұлдары ержеткенде ғана келеді. Төркіндеріне тартқылап, тыпқыштап беріп, өз үйлерінен өздері ұрлайтындары да болады. Әлі екі


 


бойдағыңыз бар. Қайта, мата-сатаның басын құрастыра берсеңіз, бойдақтарға көрпе-төсек тігіп қояйық.


-Е-е, келіннің төркіні алыс. Жалғыз апасы үйінен шыға алмайды екен, жағдайы жоқ. Ол жақта жеміс- жидек тұрмақ, кәртөшкі-пиязың тапшы көрінеді. Помидордың атын білмей, «қызыл домалақ» дейді екен. Пәсөлкені сала бермей, қайтсін.


-Ой тоба-я! Сонда олар не жейді екен?-Ақшайым абысынына аңтарыла қалды.


-Келіннің айтысынша құс сою ұят саналады дейді. Құс дегенің, қой дегенің есепсіз көп, санын білмейді- ау дейді. Құс тек қауырсыны үшін болмаса, жұмыртқасын қойлар, иттер жарып, ішіп жүреді екен.


-Ой тоба-я! Онда, ол жақтағылар шіріген Қарабайлар десіңізші.


-Қайдам... көзімнің тірісінде сол құдаларымды бір көрсем... Биыл мазам жоқ.


-Қойыңызшы,шешей.Көресіз.Құда көрмегендей қамыққаныңыз не сонша? Әлі балаларыңызға өте керексіз.


-Е-е, бұ құдамның жөні басқа, ұлымның қайын жұрты ғой. Менің өркенімнің нағашысы қандай екен?... «Бесіктің жақсы болуы- ағашынан, жігіттің жақсы болуы-нағашыдан» деген. Анасы, нағашысы- негіздің бірі ғой, келін-ау. Әлгі... көрпе тігейік дегенің құлағыма қонып тұр. Көрем бе,көрмеймін бе, қанша жақсы болса да... пенде ғой... соларға теңдей


 


енші бермесе, риза емеспін. Саған тапсырғаным, Ақшайым.


Хадиша көзінің жасын сығымдады.


-Қойыңыз, шешей, мұнша босап, не көрдіңіз. Құдай біледі кімнің қашан өлерін. Әшейін, ілгері ниет қой, екеуі де ержетті, кенжеңіздің өзі биыл үшінші курсі ме? Ортаншысы оқуын бітті. Иә, құдай біреу берсе де, екеу берсе де келінді адалынан берсін, өзіңізге тартқызып. Мынау Қатипашты, шешей, бекер-ақ мақтайсыз. Тікшиген көзін, қалың бетін ұнатпаймын ғой. Төре жігіт осының несін ұнатқанын қайдам...


Хадиша Қатипашты қалай келін еткенін есіне алып,ішінен тынды. Ақшайым көңіл жықпастықпен әңгімесін созуға абысынынан аса алмады. Шешілмеген Хадишаға жәутеңдеп қарағыштаған Ақшайым ақыры үнсіздікті өзі бұзды:


-Ә-ә... сүйген сұлу! Ә-ә...


-Арыстан, Жолбарыс... А-а... Әлгі кім... Алпамыс қайда жүр өзі, Ақшайым –ау... Маған дәрімді алып берші.





Пікір жазу