21.07.2022
  133


Автор: Баян Тіленшина

ТҰМАНДА

 


 


 


Бере ме жүкті нар үшін? Күрестім намыс, ар үшін. Көп досым тауық боп кетті, Азғынның шоқып тарысын


 


 


 


Ауырып, төсек тартқан екі аптада Сақыш тіршіліктің жаңа тарауына енгендей-ді. Сұлулық атаулының бәрі солғын тартып, еркелеген елік


мінездер құлағын тікшите үркіп, түбі жоқ теңіздің арғы жағасындағы Айдынмен бірге тұрғандай.


Қасында тұрып-ақ созса қолы, жыласа даусы


жетпейтін бұл қандай тылсым тіршілік еді?! Бұған бой үйретіп қалыптасу қандай қиын! «Лақтырған гүлің


жерге емес, қызға түсетіндей көп қыздың арасынан


 


сені бір батыл қыз өзі таңдап, өзі алып қашпаса үйленбессің-ау сірә» деп Бәтес айтпақшы,қызға көз тоқтата алмады. Қыздардың аршыған жұмыртқадай аппағы да, бояуы қанығы да, нәзігі де, әзілкеші де, салмақтысы да... не керек, бәрінің бір жері ұнаса,


басқасы ұнамай, көңліне татымайтын.


...Сол сезім дертінен жығылған жолы ғашығының даусын естігеннен-ақ төсектен көтерілер күш-қуат тауып,  бірігіп  дастарханда  отыруы  дәру  болды-ау.


«Махаббат, сен неткен құдіретті едің? Сол үшін де, Айко, саған мың алғыс!» дейді Сақыш. Жатақхана мен институтты қосқан мына тротуар бойындағы теңге жапырақты ағаштар да бұрынғыдай қуана сыбдырлап қол соқпайтындай, сылбыр. Бұрын желкілдеп жүретін жеңіл мәшинелерге дейін салмақтанып, мұның қасынан үндемей сырғып, кейбірі қырылдап, жұлқына қозғалатындай. Желбіреп жүрген бірі де жоқ.


-Сақыш, сабаққа келгенің қандай дұрыс болды! Денсаулығың қалай, дұрысталдың ба?-деді шын қуанған Бәтес. Бұл да онымен кездескеніне қуанышты еді. Бірақ, әңгіме арқауы түгел еместіктен, өрбімей қалды, «Айдын қалай?» дегісі кеп тұрса да, айтпады. Беті қатайған жарақат сезімге Бәтес те тиіп кетуге қауіптенеді. Сақыш Айдын оқитын аудиторияға алаңдаумен болды.


-Осы демалыста ауылға барамын, Ыбыштың туған күніне. Сен ше?


 


-Мен бұл сенбіде бармаймын. Кластастарға сәлем айт,-деді Бәтес.


 


 


***


Келер секундта не күтетінін білмейтін адамзат тіршілігі жұмбақтарға толы емес пе? Бәтес айтқандай, осы туған күн кешінде Зейнеш атты қонақ қыз ашық- жарқын батылдау мінезімен бұйыға отырған Сақышқа көп тиісе берді. «Хан» ойынында «айыпқа» жиналған кепілдіктерге үкім айтылды.


-Тақсыр, мына айыпкерге не бұйырасыз?-деп сұрады ойын жүргізуші сырт беріп, үкім айтатын Зейнештен.


-Ол Сақышқа менің екі бетімнен сүйгізсін! -Бәрі де дуылдап күлісті. Ұяла қызарақтаған Сақышты орнынан тұрғызып, жүргізуші ортаға жетектеді.


-Қыз бұйрығын қалай орындамайсың?


-Хан қолынан өлгің келмесе, сүй!


-Сақышжан қыздай болса, қыз Зейінбек болар да...


-Әттең, маған айтса-шы, тура ернінен сүйер ем! - деп жігіттер кеу-кеулесті.


Сақыш  ортада  бетін  тосып  тұрған  қызды  сүйді.


Аздан соң ол қыз мұны биге шақырды, сосын, сыртқа серуенге... Сосын.... Зейнеш мұны еріксіз ең жақын адамына айналдырды. Бәтестің «сені қыз алып қашпаса...» дегені есіне орала берді, ал, Айдын бейнесі көз алдынан бәрібір кетпеді.


 


***


Соңғы курстың мақта науқаны да аяқталып, оқу орнында студенттер қайта тоғысқан кез. Бәтес Айдынға келіп, Сақыштың Зейнешпен таныстырғысы келетінін, бөлмесінде күтіп отырғанын айтты.


Бөлмеде екеуі ғана екен. Таныстықтан соң Зейнеш Бәтес  пен  Айдынды  екі  беттен  сүйіп  амандасты,


«жақсы қыздар» деді. Инабаттылығына Айдынның іші


жылып қалды. Бәтес Сақышқа дастархан жаюға көмектесіп, бұлар екеуара әңгімеге көшті.


-Қалайсыздар? Әңгіме айта отырайық,-деді Айдын.


-«Сіз» демеші, алыс адам сияқты, сен деші. Өзім жайлы айтсам, мектепте хатшы қызметін атқарамын. Мұғалімдікті сырттай оқимын. Өзің?


-Біз осы студенттік өмірдің сарбаздарымыз, оқу, студенттік құрылыс, мақта науқаны, оқу. Осы жатақханада үш кластас тұрамыз, Сақышпен туысқанбыз.


-О-о! Қайынсіңлімін деші! Ол дұрыс болды. Біз де мектеп оқушыларымен мақтаға кеткен едік, екі ай дегенде енді қайттық. Сақышпен жүргенімізге бес айдай болды, ынжық туысқаныңа мен сияқтылар кезікпесе, қызға сөйлей алмай, бір басы сопиып өтер еді,-деп, қыз жуандау даусымен аспандай күліп алды,- Айдын, бұл мектепте де шынымен қызбен жүрмеген бе? А-а?


 


-Соны... білмедім, «жүрген» деп нені айтушы еді өзі?


Зейнеш ішек-сілесі қата, тұмсығын аспандата әбден күліп алды, боялған көздерінің айналасын қол айнасына қарап, ақырын сүртті.


-Қайынсіңлім, жаның аппақ екен, сені Ақжан дейінші. Мақұл ма? –Ол Айдынның санына алақанымен салып қалды,-жүргенді Сақыш емес, сен де білмейді екенсің-ау. Ал, біз 5-ші кластан бастап, жүретінбіз, яғни сүйісетінбіз.Алдымен кластағылардан бастадық, кейін жоғары кластың жігіттерімен жүрдік, кейін бойдақ мұғалімдермен. Ех-х! Көру үшін өмір берілген ғой, дым көрмесек, о дүниеге не тындырдық деп барамыз? Айтшы? Жігітпен жүрмесек, арақ ішпесек, қыдырып, ойнап күлмесек, өмірдің қызығы не айтшы, Ақжан?


Айдынға алғаш ұялаған жылылық сезім суынып бара жатты. Мына Зейнеш Динаның топырағынан жаралғандай, жаман сезім туындады.


-Ақжан, үндемей қалдың ғой, не болды? Сені өлең жазады дейді, бір өлең оқып бересің бе?


-Иә, ептеп жазатыным бар, жатқа білмеймін,-деді


бұл жорыта. Ұнатпағанда осылай тырысып қалатын.


-Арманың жоқ шығар, ә?Небір жігіт сұлтандары бас иетін болар саған, ә? Шертіп-шертіп, ішіндегі бай- бақуатын, айтқаныңды істейтін момынын, сұлуын таңдап,  тиіп  ал!  –Зейнештің  түлкі  тұмсығы  істиіп,


 


садақтай иілген қастары керіліп, жасанды созылған бояулы еріндері «ақылдың ағындарын» алтын тістері арасынан сыздықтата сырғытып жатты. «Мыналардың шәйлары қашан қайнайды?» деп Айдын зеріге бастады.


-Мен Сақыштарды көріп келейін,-Айдын сыртқа шықты. Сақыш сыртқы баспалдақтан толы сөмкемен көтеріліп келеді екен. Бәтестің де тамағы әзір.


-Әңгімесі қалай, ұнады ма? Өңі келісті екен, - деді Бәтес сыбырлай сөйлеп. Айдын басын сәл қисайтты.


«Бұл ұнатпаудың белгісі» деп түйді Бәтес.


Отырысты Бәтес жүргізіп, қонақ қызға сөз берді.


-Сендерді сырттарыңнан білуші едім, бүгін арнайы іздеп келіп, танысқаныма қуаныштымын. Енді бөтен емес, жақын адамдарың деп есептеңдер. Бір момын мен бір пысықты құдайдың өзі тауып, біліп қосады-ау. Мен болмасам, мына бауырларың...-Зейнеш істік мұрнын аспандата күлді, Сақыш қызарып, алаулады,- ал, давай! Бақыт үшін!


Бұлар стакан түйістірді де, Айдын дастарханға қайта қойды.


-Ақжан, мұның болмайды, болмайды! – Зейнеш Айдынның аузына стаканды жақындатты.


-Мен ішпеуші едім.


-Ішпесең, бүгін менімен ішесің, бүгін бастайсың. Мен сені қайынсіңлім деп босқа ат қойдым ба, а? Ішесің! Ештеңе түсінбеймін, ішесің!


 


-Мен іше алмаймын, ішкеннің тірлігі не болады өзі? Соны жасап-ақ берейін.


-Жо-жоқ! Ішесің!-Зейнеш өрекпіді.


-Айко ішпейді, Зейнеш, қинамашы. Мен-ақ ішейін сол стаканды,-деп Сақыш ара түсті.


-Жоқ, қайынсіңлінің сарқытын жеңгесі ішеді, өзім,- деп екі стакандағы арақты кезек қағып салды.


-Енді жөн білдің!-деді Бәтес, - біздің Сақыштың


көзі саған босқа түспеген екен. Силағаныңа рахмет.


-Ой, Бәтес! Көзі бақырайса да жұмулы көздер болады екен ғой! Мен мұның қабақтарын ашып, көзінің ішіне секіріп, өзім түскенмін ғой! Оны айтпаған ба? –ішек-сілесі қатты.


-Бәсе, бәсе! Оның дұр-рыс сенің! – Бәтес те мәз, Сақыш кеңкілдеп, Айдын жымиып отыр.


Айдын өз бөлмесіне көтеріліп, аздан соң кластас достарына қайта барды.


-Ақ-жан! Кед-дің бе? Кел-ші... Мына екеуі маған қы-зыл вино беріп, шөл қандыратын түр-рі жоқ. Сенің сыбағаңды... сарқытыңды.... ішпесем,-деді Зейнеш,-ал, мынау досың... мені қызғанып, бөлмесіндегі бар еркек ат-таулыны қуып-п... жіберіпті. Дұр-рыс па осы? Сендерге мені дұр-рыстап таныстырмады да! Са-қыш! Жақында тойымыз болатынын...


-Қой енді, Зейнеш!-деді Сақыш, -асықпашы.


-Неге асық-пыс-паймыз,а? Бес ай болды сенімен жүргеніме, бес ай...Түсінесің бе, ешкімді ауыстырмай,


 


а?-Зейнеш бес саусағын тарбайтып, алға созды. Бәтес пен Айдын бір-біріне қарасты.


-Біз... біраз отырдық, таныстық. Енді өздерің сөйлесіп отыра беріңдер. Ал, танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет,-деді Бәтес күліп.


-Рахмет,сау болыңдар,-деді Айдын.


 


 


-Көшеге    біраз    шығып    келейікші,-деді    Айдын алқынған кеудесін ашып.


-Ұнамады ма саған?


-Саған ше?


-Мына Сақыштың миы ауысып-ақ кеткен бе? Мына қызға несі бар жолап?!-Бәтес күйіп-пісті. - Енді не


істейміз мұны, а? Сұмдық! -Айдын басын сәл қисайтты, көңілі бұзылып келеді, алай-дүлей.


Кеудесінен шыққан ыстық леп ернін күйдіре кезертті. - Айко, «қой» дейміз бе,не істейміз енді?! Сен не, жылап келесің бе?! Құтылу керек қалай да! Құтқаруымыз


керек Сақышты!


-Өзінің ұнатқаны осы болса, мұны жетелеп... бұзау ма бұл?!


-Ол өзі жабысып, өзі іздеп келіп тұр ғой, Айко!


Әбден беті ашылған қыз! «Қайынсіңлім, той» деп аузы барып, қалай айтады бұл!?


Біраз серуеннен соң екеуі Бәтестің бөлмесіне келді,


көңілдері алай-дүлей. Есік қағылды.


-Сақыш?! Не болды тағы?-деді Бәтес.


 


-Шығарып салдым, онымен ала арқанды кестім. Айко қайда, осында ма? Жүріңдерші серуендеп қайтайық.


-Айко, барамыз ба?


-Қайда?


-Бүгін   демалыс   қой,   паркке.   Әрі   қарай   киноға барайық.


-Иә, барсақ барайық.


Айдынның     көңіліндегі     қара     бұлт     тамшыға айналып, ақ қағазға өрнектелді.


 


С – Сұлулық сырын білмейсің? А – Адасу оңай, гүл дейсің,


Қ – Құлпырып тұрса ошаған. Ы – Ынтыққан суға шөлдейсің.


Ш – Шық болсаң, кімді тілдейсің,


! – Ірітіп жерге тасталған.


 


 


«Сақыш, сенің бұл өмірде өзіңдей көңілі таза, тілегі түзу, арманы биік, жаны сұлу адаммен жұптасуыңды, бақыттың бақшасында шаңырақ


құруыңды өзіңнен де, тағдырдан да шын сұранамын» деді іштей Айдын Сақыштың көзіне қарап. Оның


мұңлы қара көздерін дірілдеп кеткен кірпіктері көлеңкеледі.


Бұлар алдымен   би алаңына                келді.                 «Летка-енка» әуеніне    үшеуі      қол                  ұстасып,      аяқтарын     кезек-кезек


 


серпіп, секіре билеп алды. Бағанағы ыздиған сыпайылық, жүректі қысқан күйзелістен көңілдерінде түк те қалмаған секілді. Сосын, қанат жайып билейтін


«Кел-кел, жаным» шарықтады. Бейнебір осы үш кластас, осы үш дос бір әлем сияқты, басқа ешкім жоқтай-ақ үшеуі дөңгелене билеп, бірде шеңбер құрып, бірде үшбұрыш жасап, теңіздің тереңінен үйірілген толқынындай нақышпен биледі. Ән аяқталғанда үш дос бірін-бірі құшақтай тоқтасты.


-Ух,жаным-ай! Рахаттанып қалдық-ау,-деп Бәтес мәз.


-Би деген жүйкенің емі екен-ау, неге осылай билеп тұрмаймыз? – деді Айдын.


-Сендер тамаша биледіңдер! Енді апта сайын келіп тұрайықшы өзіміз. Шынында, сирек келеміз ғой паркке,-деді Сақыш та көзінің нұры жалтылдап,-Айко, биді үйреніпсің-ау, өте жақсы биледің.


-Мен бұрыннан жақсы билеймін.


-Иә, сен оны қалай байқамағансың? Көзің кейде ашық, кейде жұмық болатыны рас па? – Бәтес


Зейнешті меңзеді.


-Ұнамайтын адамды еске салмашы, Бәтес, - Сақыш күрсінді,- ақымақ бас – адамның соры деген осы ғой.


-Онда, ол басты ауыстыру керек ,-деп Айдын ішек- сілесі қата күлді.


-Ре-ремонттау деші, әйтпесе, баскесер-ді-і қайдан


табамыз-з?!-деп Бәтес те мәз.


 


Сақыш бүктетіле ішін басып күлуде, оң қолының қырымен мойнын ұрғылап, түсіндіре алмай күледі.


-Кесу-у, кесу керек... бас-сты-ы,-деп қояды.


-Аха-ха-а, онда-а мы-на-а мөлиге-ен көз-зің-нен о- обал-ау-у! -Айдын Сақыштың көздеріне қарап, күле берді.


Сақыш екі саусағымен көздерін шұқи күліп, сөйлеуге шамасы жоқ.


-Ыс-сау-ап бұларға-а...-дейді.


-Қаш-шан көріп, қаш-шан жұмылуды біл-ме-ген көз-дер деші,-Бәтес мәз-мейрам.


-Көзін қолмен а-ашып, ішіне қыз-дар секіріп түсіп- шығатын көлдей көзден о-обал-ау, Бәтес.


-Сонда-а, көзі көл болса, кірпігі-і не болғаны-ы, аха-ха-а?-Бәтестің күлкіден буыны босап, отыра қалды. Айдын шайқатылып тұр.


-Сақыштың кірпіктері аға-ш-ш, жабайы-ы бұ- бұтақтар ғой...


-Иә-ә, жабайы-ы тікен ғой, о-обалы жо-оқ,-деп Сақыш көздерінен шыққан күлкінің жасын сүртіп, мәз.


-Тікен-н?! Қай тікен? Шошқа ті-кен, жантақ ті-кен, оша-ған ті-кен-н, роза гүлдің тікені-і?-Айдын Сақыштан сұрап тұр. Ол күлкіден шашалуда.


-Тап-птым... Ө-өріктің тіке-ні-і,-Бәтес қолын көтеріп, аха-ха-лады.


 


-Бәтес-ау-у, бұған ше, дүние-ені гүл етіп көрсеткен кірпік-оша-ғанның гүлде-ген кезі ғой. Оша-ға-ан... кірпі-ік,-деп Айдын мәз.


-Иә-ә, көзі-нің айналасына ошаған өс-ке-ен екен-ау, бәсе-е,-Бәтесті Сақыш қолынан тартып тұрғызды.


- Уһ-һ! Не деген демалыс-күлкісі болды!-Бәтес мәз.


-Айтпа! Көптен бері бұлай күлмеген едік, тіпті өмірде осылай күлмегенім анық.


-Өтірік айтпашы, Сақыш, менің «тәуіптігімді» естігенде-ші, осылай күлгенсің.


-Иә, айтпақшы, тәуіптік әдіске мен де бір рахаттана емделген екенмін.


-Ал, тағы бір билейміз бе? «Сол сәттен бастап, әлгі... Мәдиді сенің бөлмеңде көргеннен жүрегім ауырды, Айдын. Мен ол күнді есіме алғым келмейтінін білмейсің ғой» деді Сақыш іштей.


-Кеттік.


 


 


Биден соң бұлар карусельге айналды.


-Мен бөлек кетейін, сендер бірге отырыңдар,-деп Айдын жекеленді.


Карусельде  айналуды  Айдын  ұнататын.  Тұнып


тұрған ауа қабатын сырылдатып жүзіңмен жарып өтіп, сап-салқын самалдың бүкіл денеңді желпіп, тарқатулы шашыңның әр талын жеке-жеке талдап тарағандағы жан рахатын айтсайшы. Айдын түсінде де нақ осындай рахат  сезімді   бойдан  өткізіп,  көкте  ұшпайды  ма!


 


Карусельдің бір кемшілігі – еркіңді шектейді, денеңді байлайды. Ал, түсіңде ұшқанда аяғыңды серпіп, қолыңды қозғау арқылы жылдамдық пен бағытыңды басқарасың. Неткен рахат!


Айдын көзін жұмып, өз сезіміне елітіп отырғанда


«Ай-ко-о!» деген қосарланған дауыс мойын бұрғызды. Бәтес пен Сақыш қолдарын созып, бірдеңені тұспалдап отыр. Бұл да «қуып жет» дегенді ымдады, сосын қабақтарын қолымен керіп ашып, қайта көздерін жұмып алды. Аздан соң әлгі екеуіне көз салып еді, ауыздарын ашып, ішек-сілелері қата күліп отыр екен. Бұл оларға қол бұлғады.


-Сақыш, Айдынға өлең оқытайық қазір. Ол жақында жақсы өлең жазды.


-Не туралы?


-«Қалай?» дегені қатты ұнады маған. Соны оқып бер дейік.


-Мақұл. Ол менің тілімді алмайды ғой бірақ...


-Алады, неге алмасын. Екеулемесек, оған бір менің де әлім жетпес.


Екеуі қол қысысты.


-Сақыш, сен әлгі қызыңды не істейсің?


-Қайсы? Ә... Қойдым оны. Ол қыз өмірлік жолдас болуға лайықты емес екен.


-Енді...біліп алған соң сөз салмадың ба? Сен де...


-Мен қазірге дейін сөз салғам жоқ. Ол еріксіз...


-Көзіңе секіріп түсті ме?


 


-Жаны    қиналған   адам    тұманға    еніп   кете    ме, жұбаныш іздей ме... Кім бұрын ғашық боп көріпті дейсің, Бәтес? Санаңа бағынбайтын жүрек, жүректі билей алмайтын ақымақ бас берсе, ошағанды гүл деуге тура келсе... Сүйгеніңе сөз салуға рұқсатың болмаса... Адам осылай дал-дал болып, жол таппайды екен ғой.


Ол Зейнештің алдында да кінәлімін. Бағана енді кездеспейтінімізді айтқанымда, кәдімгідей-ақ жылады. Аяп та кеттім. Бірақ, онымен өмір бойы бірге жүргім келмейді. Сен не деп кеңес берер ең? Айтшы.


Бәтес аздап үнсіз отырды.


-Маған ұнамады.


-Айдынға ше? Ол не деді?


-Ол.... үндемеді, бірақ, жылады. «Өзінің қалауы сол болса, біз жетектейтін бұзау ма Сақыш?» деді.


-Жылады?! Неге жылады Айдын? Неге, Бәтес?


-Білмеймін.   Ол   сенің   шын   бақытыңды   табуыңа тілектес, біз сені ойлаймыз, Сақыш.


-Рахмет! Сендердің бар болғандарыңның өзі мен үшін тағдырдың сыйы, Бәтес.


 


 


Карусельден Бәтес пен Айдынды жетектеп түсірген Сақыш қыздарды қолтықтап келеді.


-Айко, бір өтініш айтсақ, орындайсың ба?


-Қандай?


-Орындайсың ба, айтсаңшы енді.


-Ұнаса.


 


-Өтінішті   ұнаса   да,   ұнамаса   да   орындау   керек.


«Досыңа   тарылма,   дұшпанға   жалынба»   дейтін   сен емессің бе? Ал?!


-Ал болса, ал, айтшы.


-Бір өлең оқып берші, әлгі «Қалай?» дегенді. Айдын біраз үнсіз жүрді.


-Есіме түспей тұрғаны... Басқасын айтсам бола ма?


-Өтірік айтасың сен, көзіңнен білініп қалды. Сен алдай алмайсың ғой, Айко! Одан да оқы!-деп бұйырды Бәтес.


-Жылап жібермейсіңдер ме?


-Құдай сақтасын! Жыласақ, бағанағыдай күлдірерсің, сенің қолыңдамыз ғой. Оқышы!


Айдын Бәтеске көзін қысып, бас шайқады. Бәтес көзін бақырайтып, ернін тістеді.


«Қап, бұл өлеңнің Сақышқа ауыр тиетінін бұл қалай ойламаған, а? Енді қайттім?»


-Ал, кеттім.


 


 


Асыл жанды қиялдасам, Өзіңнен өзге симасы қалай? Бақытты бол деп күй арнасам, Басқаға тағы қимасым қалай?..


 


Айдын    Сақыштың    қызарып    кеткенін    аңғарып қалды да, кілт тоқтады.


-Ұмытып қалдым десем, сенбейсіңдер...


 


-Онда, басқасын,-деп Бәтес тез көне салды.


-Сендер мені қошеметтемейсіңдер, сендерді     мен неге тыңдауым керек?


-Иә, дұрыс! Там-тара-рарам, там-там! Сақыш пен Бәтес әндете қол соқты.


Айдын тамағын кенеді.


 


 


Қалың тұман.


Жанарыңа шық тұнып,


Қайғы келер шаттық құнын ұқтырып. Ұлиды уақыт, аш бөріше ұлиды,


Қарсы ал сонда кипаристей тік тұрып.


 


Уақыт-дауыл әлжуазды бүктіріп, Боталайды саяз суды тұп-тұнық. Тіршілікте бір соғатын дүлей бар,


Мөп-мөлдір боп қала білу – мықтылық.


 


-Тамаша! Жарайсың!


-Рахмет! Бірнәрсе сұрайыншы, әлгі алдыңғы өлеңді қалай жаздың? Кімге арнап... неге? – Сақыш Айдынға көзі түскенде, қақпанға аяғы қысылған сұр қояндай


жалынышты, қорқақ, амалсыз жанармен қарады. Айдын оны аяп кетті. Бірақ, қатуланып алды да, тез жауап берді.


-Өзіме, әрине. Жазған адам өз бойынан өткен, өз жүрегінен тербелген сезімді ғана жазуы–заңдылық қой.


 


Сақыш үндемей қалды. «Менің Айдын өлеңін талдайтын не ақым бар? Оның кімге арналғанынан


маған келіп-кетер не бар өзі? Еркімді билей алмайтын қандай сормаңдай едім? Өткендегім анау-Зейнештің қуыршағы болып... Енді «кімге?» деп не жыным бар, а?


Кімге арнаса да, маған емес қой әйтеуір» деп тұнжырады.


«Сақыш, бұл сенің сезім-кәусарың. Бұл


«Қалайдың» бастауы-сенің жүрегіңнен басталған. Оны саған мойындағым келмейді. Өйткені, сені түсінбеуге тиістімін»


«Әлде... осы өлең маған арналған ба? Бәтестің дәл осы өлеңге мән беру себебі неде? Барлық салт-дәстүр, шылық-пылықты тас-талқан етіп, жанымнан артық көретін жүрегімнің дәруін, жалғыз ғашығым – Айдынды ақ әлемге жар салып, алып қашып кетсем бе екен? Сүйемін деп, сенсіз бір секунд өмір қажетсіз деп қазір-ақ айтсам ба екен? Мұсылман заңында да 7 атадан асса ала бие сойып, қыз алыса береді емес пе?»


Бәтес пен Айдынға алмакезек жәутеңдей қараған Сақыштың келбеті әлем-тапырақ, сұп-сұр, көзінде бір түйір тамшы іркіле дірілдеп тұр еді.


-Еу, Сақыш, не... не болды саған? Бір жерің ауыра ма? Жүрегің бе?-Бәтес жік-жаппар.


-Сақыш,-Айдын   оның   қаны   қашқан   мұздай


саусақтарын уқалады,-ауырмашы сен, ауырмашы. Сұранам сенен, мықты болшы.


 


Үшеуі орындыққа жайғасты.


-Иә, ауырмауға күш саламын. Бірақ, жүрек деген санаңа бағынбай, қинайды екен, қайтейін,-Сақыштың жүзін ыстық қорғасын жас тіліп өтті,-,,Бәтес, қыз да болсаң, сырымды, ауру себебін бір сен ғана білесің. Шынында, мына тіршілік қызықсыз, мәнсіз көрініп кетті. Осы бостығымды кешіріңдерші,-Сақыш орнынан тұрып, алыстау жерге барды. Терең-терең демалды, көз жасын самал лебі кептірді.


-Бәтес, өлең оқы дегенді қайдан ғана шығардың, жарасын тырнатып. Енді не істейміз?


-Қайдан білейін, өлең тыңдап, көңілі көтерілер деп ойладым. Енді қайттік. Ох, ужас! Міне, шын махаббат! Жігіттің жылауы... енді оның не екенін білмеймін.


-Енді бұл тақырыпқа Сақыш бар жерде жақындамайық, келістік пе?


-Иә, ауыз ашпау керек екен.


-Мұның   көңілін   қалдыратын,   жек   көргізетін   іс жасау керек-ау, Бәтес.


-Сонда, не істейсің?


-Мас болуым керек пе, тәлпіш мінез көрсетуім не жағына ұруым, не біреумен көзбе-көз құшақтасып па… Білмеймін өзім де. Әлде, өзімізге ұнайтын, мұны ұнататын бір қызбен таныстырамыз ба? Не істеп, көмектесе аламыз бұған?


-Өй, айтасың-ау сен де. Оның миына программа сала алмаймыз ғой. Сен екеумізді ол өзіндей таниды.


 


Ал, ұнатса, қыздың ортасында жүр ғой өзі. Әңгіме сені ұмытпауында!


-Онда, мен көрінбейін көзіне, солай ма?


-Көрмей, өзін ұстағанда, төсек тартып ауырды емес пе? Тағы да ауырады солай!


-Енді не істе дейсің маған?


-Білсем қанекей соны!


 


 


Қыздардың қасына Сақыш келді. Бетіне аздап қан жүгіріпті.


-Реңің дұрыс, қалайсың?-деді Айдын.


-Дұрыстаумын, рахмет.


-Сен      бізді      билетіп,      тербетіп,      шаршаттың.


Тамақтансақ қайтеді?


-Сақыштың бөлмесіндегі тағамдар сол күйі қалды ғой. Обал деген бар, сонда барайық.


-Дұрыс айтасың,-деді Айдын,-біздің бала кезімізде бір әжей обал деп шәйдің сәмесін шайнап жеп қоятын,- Айдын күлді.


-Ал, біздің атамыз обал деп қалған дәрілерді ішіп қойыпты,-деп Бәтес те күлді.


-Қойшы, сосын не бопты?


-Ішкі органдарын жуып-п, әзер тірілтіп алды. -Үш кластас қосыла күлді.


-Қыздар,  менің  билегім  келіп  тұр,-деді  Айдын,-


қалай қарайсыңдар?


 


-Жігіттердің қарсылығы жоқ,-деді Сақыш.- Айтпақшы, Айко, сен жатақханада өтетін кештерде неге ылғи билемей отырасың, қара-ап, а?


-Онда ма, онда ылғи Жанат қасымда болады ғой.


-Болса ше? Неге? Билеме дей ме?


-Жо-ға, оның аяғы кем екенін есіне алмасын деп...


-?!


-Дамский    вальс    деп    есептейік,    кеттік,-Айдын Сақышпен билеп, Бәтес қол соғып тұрды.


 


 


Осы өмірінде Сақыштың Айдынға жақын келуі – осы би ғана. Бір қолын иығынан асып, екінші қолы алақанында тұрған, құшағындағы ғашығының шие ерні, ақша жүзі жұп-жұмсақ боп бетіне тиіп кеткенде, бүкіл денесі қалтырап сала берді. «Қандай бақытты сәттер. Осы уақытқа дейін неге осылай биге шақырмағам Айдынды? Қандай жұмыс жасамайтын бас мына мойнында отырған?! Осы сәт өмір бойы таусылмаса екен. Айдыннан нәзік гүлдің иісі шығады, мұның буын-буыны босап, еріп бара жатқандай. Ал, өзінен нендей иіс шығады?! Бұл ешқандай әтір сеппеген екен-ау! Өзін де ұратын кісі жоқ...»


-Сақыш, осы вальс билеуді класта Ләйлә үйреткені есіңде ме?


-Иә, 20 минуттық үлкен үзілісте би үйренуші едік


қой. Сендермен билеуге таласатынбыз сонда.


 


-Неге?   Әйтеуір   сендерді   төбелеріңнен   кітаппен, сызғышпен көп ұратын едік қой.


-Сөйтіп өсірмей қойғансың ғой мені.


-Қойшы,   рас   па?   Онда,   бой   өсіретін   бір   кеңес айтайын, ақысын берсең.


-Ақы?! Ал, айтшы, беремін. Ақысы не?


-Ақысы-арақ ішіп, мас болғым келеді,-Сақыш тоқтап қалып, таңырқай қарады,-рас айтам. «Өмірде ішпесең, жүрмесең, барлық нәрсені көрмесең, киінбесең несі қызық? Өмірге неге келдім деп


өкінерсің» дегенді кө-өп адам айтты. Сондықтан, мен де арақ ішуді өз адамдарымның арасында бастап көрсем деймін. Шынында, көктемнің тез үйіріліп, тез тарқайтын жаңбырымен мінездес жастық шақ өтіп


барады. Міне, 4-ші курсты аяқтауға шақ қалдық. Енді ыстық жаз өмір, артынан өмір жолының күзі мен қысы келеді. Сонда, көктемім босқа өте ме? Жүру-тұру


дегеннен иіс білмес екенбіз...


Сақыш бірқалыпты биін тоқтатып, Айдынның жүзін өзіне қаратты. Таң боп тұр.


-Қ-қойшы! Сен не деп тұрсың? Ондай ойды жаман қыздар ойлайды. Енді айтпашы, естігім келмейді сенің аузыңнан,-деді дірілдей қолынан ұстап, - мақұл ма?


-Мен де көптің бірімін ғой, Сақыш. Еш артықшы лығым жоқ. Қыздардың көріне бермейтін қалтарысты сыры көп. Мен саған ең жақын досым ретінде мына өмірден  кенже  қалып  кеткен  арманды  тұстарымды


 


айтып отырмын. Мұны Бәтеске де айтуға ұяламын. Маған оңашада арақ ішкізші бір тойғыза, жарай ма?


Сақыш Айдынды бір шетке жетектеп шығарды, түсі бұзылып кетті.


-Айко,   Айдын!   Саған   не   болды?   Сен   не   деп


тұрсың?   Осылай   ойнауға   бола   ма?   Олай   демеші, айтпашы енді, сұранамын сенен,-деді.


-Онда... онда ауырма сен де. Онда, жаман қыздарға


жолама сен де, өзіңді сүйетін бір қызға үйлен. Дұрыс ойла сен де.


-Уһ-һ! Жаным-ай! Енді түсіндім ғой сені. Зәрем қалмағаны-шы. Ризамын саған, Айко!


Сақыштың санасына «Өзіңді сүйетін қызға үйлен»


- деген Айдынның бейнесі таңба боп басылды. «Сонда неге олай дейді екен? Әлде Бәтес менің ішкі сырымды айтып қойды ма? Табиғи тазалығы жазулы жүзің, бүкпесіз шынайылығың, әділетті кесімің, жанқияр


достығың, ақтарыла айтар әңгімеңді кімнен табамын? Міне, 6 жыл өтті мен саған еркімді байлағалы, ал сен оны сезермісің? Жоқ, әрине. Сені ұмытуым керек, нәзігім. Өйткені-біз туысқанбыз. Ең қиын нәрсе–өзіңді жеңу, өзіңді көндіру екен».





Пікір жазу