21.07.2022
  133


Автор: Баян Тіленшина

ӨЛГЕН УАҚЫТ

Қайда лағып барасың? Қайда лағып?! Тозақ жолға бұрылдың – айдан анық. Жастығыңның лаулаған ақ жалынын, Қараңғы – Сор барады пайдаланып.


 


 


-Айко, мен сені абысыныңмен таныстырайын!


-Абы-сы-ын?! Қайдағы?


-Енді,     менің     келіншегім     саған     кім     болады


«абысын» емей? Осы сен Мәкең екеуіңді үйрете- үйрете, тәрбиелей-тәрбиелей менің шашыма ақ түсіп, қартаятын болдым-ау.


-Сен... сен сонда үйлендің бе?


-Айко-о, үйленудің бастауы– қыз таңдау, Фантомас құрлы бар шығармын. Ол да жүр ғой сенен... дә- дәметіп... Ойбай, қойдым! Айконь, ұрмашы төбемнен, и жаным. Не, абысын керек емес пе саған? Онда өзің...


«Мен тірі тұрғанда сені ешкімге бермеймін. Сен тек менікі боласың» дегені есіне түсті. Айдын оны шапалақпен бір салды.


-Ойбай, Айконь, өзің табасың ба онда деп


жатырмын. Қыз деген қыздың біз білмейтін қулықта рын, тағы... әрнәрсесін жақсы біледі. Соны айттым ғой, бері қарашы... Өкпелемеші сен.


«Менікі боласың» дегені мастың сөзі шығар расында. Олай болмаса, қыз таңдауына мені


араластырмас еді. Мәдиді бауыр тұтып, мені Мәдидің


болашақ жары санағаны ғой. Артық кеттім-ау.»


-Онда     неге     «абысын,    әйелім»     дейсің?    Мен ешкімнің әйелі де, абысыны да емеспін! Әйел емеспін!


-Өй, Айконь, сені кім айтты, а? Өзімен кетсін! Мен де үйленгем жоқ қой, білесің... Ойнауға болмай ма, а...


 


-Ойнама, білдің бе, адам намысы, адам тағдыры ойын ба саған! Айтпа өйтіп!


-Кешірші, енді айтпаймын, Айко, а? Сөз ғой ол әшейін. Болды ма, а? Қойдым! - Тұрды екі қолын көтеріп, күліп тұр,-әне, абысын... кешір, Дина келе жатыр.


Шынында да орта бойлы, қасы-көзі қап-қара, шашын төбесіне түйген бойжеткен бұларға жымия жақындап келе жатты.


-Дина, келдің бе? Танысып қойыңдар, менің досым



  • Дина, бұл... бұл да до-досым.


-Айдын.


-Мәдениет институтында оқиды. Айко Мәдидің үйіндегі... кешір,-деді Айдынның жаман көзбен


қарағанын көрген Тұрды,-Мәдидің жүрегіндегі


жалғызы. Қазір Мәди де келуі керек, сосын... Қалай, Дина, жағдай-үш, төрт, бес?


-Үш те болса күш деп жүрміз ғой шапқылап, арбамызды сүйреп жүрміз ғой әйтеуір,-деп аха-ха-лап күлді қыз. Тұрды қасын қағып, көзімен ымдап, «көрдің бе!» дегендей ишарат жасады. Динаның бірден самбырлай сөйлеп, аха-ха-лай күлгені Айдынға ұнамады.


-Не істейміз, сенің Мәдиіңді тік тұрып күте береміз бе, отырайық бір жерге, келер. Ау, жігітім, ең болмаса морожный әпермейсің бе біз Айко екеумізге, иә? – деп


 


Дина балабақшадағы қызбен сөйлескендей, басын сонша қисайтып, Айдынға күле қарады.


-Мен жемеймін, білесің ғой,-деді Айдын группаласына. Мына қыз тағы ұнамады. Мұндайда уақыт өте ме? «Қайдан ғана келіп ем? Мәди де жоқ. Мына қыз дәл Тұрдының өзіне лайықты екен, жарыса сөйлеп... отырар да» деп ұнатпады Айдын.


-Охо! Сұлу жігіт келе жатыр!- деп даурыға қуанды Дина, - қалайсың!? – ол алақанын сарт еткізе ұрып амандасты, - кешігіп, бізді күткізіп, қай қызға бардың, а? Мынадай періште қызың тұрғанда, басқаны қайтейін деп ең?! Ал, жүріңдер! Қайда апарушы едіңдер бізді?-деп ол Айдынды қолтықтап, алға сүйреледі.


-Ә, алдымен суретке түсіп алайық,-деп Мәди майыса сөйлеп, жол көрсетті.


-Ол да дұрыс, прическамыз бұзылмай тұрғанда, көзіміздің бояуы ақпай тұрғанда... – деп аха-ха-лай күлген Дина Айдынды иығынан салып қалды,-әй, -деді Дина қасындағы қызға аңқия қарап, -ойбай, сені көрген адам дардай институттың бойжеткені емес, мектептің 7-ші класында оқиды ма деп қалады ғой, әй!-деп тағы бір ұрды.Нұртас «ақымды әперіп жатыр» деп Мәдиге сыбырлай сөйлеп, арт жақтарында қыт-қыттап күліп келеді.


Айдын үнсіз, шынында Динаға не істеуді, не деуді білмейді. Группада ылғи ұл балдардың әлпештеуіне


 


үйреніп қалған ба, әлде... «Қыз деген... осындай бола ма жүр ғой қыздар әдептен озбай, гүлдей үзіліп,


аққудай сызылып қана. Тұрды жігіті болса,мұны төмпештеуі не сонда?.. Өзімсінгені ме, әлде мәдениет институтында мәдениет осылай «дамып» кеткен бе?» Айдын үндемей, сылпиып келеді. Мұның ұнатпайтын дарға осылай «тырысатыны» бар. «Жаңа Тұрдыны


«шарт» еткізгенімнің өзі оның жақындығынан екен-ау, рахмет» деп Динаның «сүйреуіндегі» Айдын


артындағыларға бір иығынан қарап қойды. Олар


әдеттегідей көздерін ашып-жұмып еркелетіп, «жүре бер» дегендей, саусақтарын желпіп, мәз.


Фотостудияға да жетті-ау, әйтеуір. Дина айна алдында түзеліп, қабақтарына бояуды үстемеледі, пудраланып, далапты қоюландырды.


-Кел, бояп берейін,-деді ол Айдынға. Бұл басын шайқады,-әй, қыз, шымшық көзің көрінбей қалады ғой, келсейші,-деп Дина тағы да аха-ха-лады.


-Ол боянбайды, табиғи сұлулығы жетеді, қинама біздің Айконьді,-деп Тұрды қыт-қыт күліп мәз.


Айдын Динамен танысқаннан бері бір тіл қатпады. Мына қыздан құтылуға асық. «Осындай да жас қыз бола ма, дәл бір ауылдағы орта жасар қақатұяқ апалардай, аузы бір жабылмайтын, ибасызды қайдан ғана тауып, несін ұнатты?» деп Тұрдыға ала көзімен қарап қояды.


 


Дина суретке Тұрдымен бас түйістіріп түскісі келді, «Отыршы қасыма, жаным» деді орындықты ұрып қойып.


-Айко-о, кел мында отыр,-деп Тұрды қыз нұсқаған орындыққа мұны отырғызды. Дина құлақ түбінен екі шашы селтиген Айдынға бояу баттасқан көздерімен қарап «Отыр!» деді. «Мә-ә, мына қыздың мұрты бар екен» деп таңданды Айдын, «мұның көзі менің көзімнен үлкен сияқты сөйлейді ғой өзі, сықси көз!»


-Ал, енді қайда апармақсыңдар? Сурет «чики» болды,-деп Дина саусақтарын бүктеп, тырнағын шығарып, әдепсіздік көрсетіп аха-ха-лады.


-Мен кетемін,-деді жаңғақ ағашының улы ауасынан тұншығып алысқа қарай созылатын өсімдіктей шыдамы таусылған Айдын екі жігітке.


-Қайда? Қазір паркте қыдырайық, сосын үйге тамақтанып боп, қайтамыз.


Екі жігіт «Айколап» тұр.


-Жоқ, менің жұмысым бар, кетемін.


-Жалғыз қайда барасың? Қорқасың ғой, бірге қайтамыз.


-Уайымдамаңдар. Қазірде қыздан қорықса болады


екен ғой, жақсы демалыңдар.


Айдын расымен алыстап барады. Екі жігіт бір- біріне қарап тұр. Екеуі де оның кері қайтпасын біледі.


-Онда, екі жігіт екі қызға бөлінбейсіңдер ме, не тұрыс? Ол Айколарың қайсыңның қыздарың өзі? Өліп


 


кетесіңдер ме?-деп ахахалап, ашық санын шапалақтай күлді Дина.


-Біз ол қыздан бөліне алмаймыз, онда мәңгіге кеткеніміз. Оған қыз деп емес, жігіт деп қарайтын досымыз. Жүр, біз де кеттік, -деді Тұрды, - сен қуып жетші Мәди.


-Айко, біз де сенімен бірге қайттық,-деді Мәди,- шәйді біздің бөлмеден ішерміз Дина бәріміз.


-Жоқ, мен ол қызбен шәй ішпеймін.


-Неге? Ұнамады ма саған?


-Иә.Тұрдыға айтшы, бұл қызбен бірге жүрмесінші. Шынымен осыған үйленбекші ме?-Айдынның тамағына тас тұрып қалғандай, жылағысы келді.


-Тұрдының  өзі  де  осындай  қылжақбас  қой,  сай.


Ұнататын шығар...


-Ондай мінез ұлға жараса береді. Қазір-ші, мына қыздың қасында Тұрды қыздай биязы екенін білдім. Өтінемін, айтшы «болмайды» деп Мәди, - Айдынның даусы толқып кетті.


-Айтамын, жаным менің, досының болашағын ойлап, досына күйіп-жанған жүрегіңнен сенің!-деп Мәди қыздың кіп-кішкентай бес саусағын алақанында аялап, қысып-қысып келеді, - жыламашы, ол әшейін, неғылады оны...


-Мәди, әшейін неғылуға болмайды-ы...


-Мақұл, дұрыс айтасың сен. Қазақта «Адамын танып ой... ойлас» деген мақал бар ғой. Дұрыс сенікі.


 


Жігітшілік қой, аздап қызығып... Әнші екен... Кеше танысып, бөлмелерінде болғанбыз Тұрды екеуміз...


-Әй, сұлу жігіт, не болды тегі, мойныңды бір бұрып қарамадың ғой артыңа, а? Жаңа көрдің бе қызыңды? Кеше ән салып, домбыра тартып, басқаша едің, бүгін екеуің де мақау ма, меңіреу ме бопсыңдар ғой, а? Мына Айко нәшәндік-капитандарың-ау, қыздарың... Қайдам, демде қыдыртудан бас тартып... Онда мені неменеге шақырдыңдар!?– Дина ашық даусымен салдырлай сөйлеп, өкпе айтты.


-Алдымен үй көрсеткен жөн деп таптық қой енді,- деді Мәди күліп.


-Иә, көшені көре береміз ғой, есік көрсетейік, иә, солайы дұрыс болар, Айко? –Тұрды Айдынның екінші қолынан ұстап келеді. «Қойшы енді» деді құлағына сыбырлап. «Сен де қой, ұнамайды мына қыз» деп бұл да сыбырлады.


Дина үшеуінің артында бір өзі.


-Әй, ағайынды үшеуің мені жамандап келесіңдер ме? Мейлі...


-Мәди,   сен   үшеуің   бара   беріңдер жәйімен,    мен қазір қуып жетемін,-деді универсамға беттеген Тұрды.


Мәди екі қыздың ортасына түсті.


...Бұлар жатақханаға келді. Ақ сақалды вахтер ата


«Мына қыз бөтен ғой, қайда барады?» деді.


-Ата, ол мына Айдын қызыңыздың кластасы екен, ауылдан келіпті, жібересіз ғой.


 


-Кластасы? Әпкесі шығар, ә, қызым?


-Иә, ата. Мына Мадди шатасып тұр,-деді Дина. Айдын тіл қатпай, тұра берді. «Ата кіргізбей қойса- шы» деп тілеп тұр.


Бұларды бөлмеде Жаңабек, Ғабит, Коля қарсы алды. Мәди Динаны таныстырды.


-Охо! Жігіттердің жиған жүгіндей бөлме ек-кен!! Қане, Айко, дастархан жасап жібересің бе?-деді Дина жарқылдай сөйлеп.


«Қонақ жөнімен отырмай ма!»- деді іштей.


-Дастарханды бұлар маған жасайды. Кеттім мен,- деп Айдын сыртқа шықты.


-Айко,Тұрдының көңіліне қарамайсың ба, ұят қой, отыршы, -деді Мәди сұранып.


-Оған пікірімді айттым, мені қыздар уайымдайды


ғой, Мәди. Өз бөлмеме барамын. Жақсы отырыңдар.


 


 


Дастархан    қажеттілігін    көтеріп    Тұрды    келді, жігіттер асқа кірісіп кетті.


-Қалай, жақсы отырсың ба?-деді Тұрды Динаға.


-Иә, жігіттерің маладес-с екен, кілең сайдың тасындай. Астым жұмсақ, жайлы отырмын. Ерке


қыздарың «пішту-у» деп кетіп қалды. Мені ғана емес, сендерді де менсінбейді екен ғой, -деп Дина аха-ха-лап күліп алды,- әй, гитара бар ма өзі сендерде?


Табыңдаршы! Мына мақау жатақтарыңды бір


әңкілдетейін. Біздің әр бөлмемізде ән шырқалып,


 


аспаптар ойнап жатады. Мынау не сендерде, тым- тырыс!-Дина жарқ-жұрқ етіп, қолын серпи сөйлеп отыр.


-Бізде үндемей, есеп шығарып отырады әр бөлме,- деді Тұрды.


-Иә, солай-ау өзі, тиынға тістеріңді сындыратын ылғи-и есепші бәлесіңдер ғой деймін!-қыз күліп мәз.


-Там-маша қыз екен! Ашық-жарық, ақкөңіл! Ән де


сала ма?! – Ғабиттің есі шыға мақтады,-жақсы келін болады. Во! Во-о! – деді екі бас бармағын бірдей қайырған Ғабекең,-осы... осындай ерекше ақкөңіл қыздарды қайдан табасың-әй, Тұрды?


-Ғайшаны қоясың ба, табамыз осындайын?


-Қой енді, Ғайшаға тиіспейік,-Ғабит күле берді.


 


 


Айдын бөлмесіне көңілсіздеу оралды.


-О-о! Айко келді, қазір тамақ берейін,-деп кезекшілік міндетін атқарушы Жанат шәугім, қазанына кірісті.


-Неге көңілсізсің? Мәдимен келіспей қалдың ба?- Әсем кереует шетіне жайғасты.


Айдын  кереуетте  жатқан  күйі  сұлық,  басын


шайқады. Қан тамырлары қызарған көздеріне лағыл- жас жиналды. «Чики!» деп аха-ха-лаған мұртты қыз,


«Абысының»  деп  қуанған  Тұрды  бейнесі  жүрегін


ауыртты. Тұрдыны тоқтатқысы келді. Жыр толқыды:


 


 


Қажет саған адал дос осындайда,


Осындайда сыр мен жыр қосылмай ма? Жыртып-жыртып жүректі үлестірсең, Бақытыңды қоясың сосын қайда?


 


Қайда лағып барасың, қайда лағып?! Тозақ жолға бұрылдың – айдан анық. Жастығыңның лаулаған ақ жалынын, Қараңғы-Сор барады пайдаланып.


 


Тоқта досым!


Тоқта деп бұйырамын! Тіршілікте осы ма сиынғаның?


Тыңдамасаң, мәс-саған бір шапалақ!


Көрсем болды есіңнің жиылғанын.


 


Өкпелей бер, өкпеңе «түкірмедім», Осы жолы-мінезім бүкір менің,


Не десең де адаспай, кері қайтсаң,


«Алтыным,-деп, барыңа шүкір» дермін.


 


Қажет саған тегеурін осындайда, Тегеуріннен тексіз ой шошынбай ма! Мені сайтан шақырса, шапалақта, Ақ пейілді дос керек осындайда.


 


-Әй, Айко, тұршы. Таңертеңнен аш жүрсің ғой, ас іш. Мәди ме түсініспеген? –Жанат жік-жаппар.


-Тұрды түсінбейді. Әдепсіз қызбен достасып жүр...


-Ой,   сен   де...Тұрды   үшін   неге жылайсың! Сені Мәди түсінсе, болды емес пе? Түрегелші.


 


 


Айдын жуынып, тамақтанды. Лекцияларын қайталады. Терезеден сыртқа қарап, жұлдызды әлемнен өз жұлдызын іздеді. Ол ерекше жалын шашып, жалт-жұлт етіп, қол бұлғады. «Ай-ды-ын! Сәулелеріміз қол қысысты, байқадың ба? Сенің жырың қуат берді маға-ан!» «Сириус! Мен сені сағы-ын-дым!» деді. Кеудесіндегі ауырлық, жүрек сыздауы жеңілдеп қалды. Әлі сағат кешкі 8 екен.


-Тә-әк, қыздар, тұрыңдыр! Айко күлді, бәріміз де күлейік. Кешкі шәй ішілуі керек. Ал, қайда бардың, не көрдің?-деп Жаһан ұзын саусақтарымен үстелді тықырлатты. Айдын үндемеді.


-Ал, киноға бардың ба? Мороженое жедің бе? Ә, жемейсің. Суретке түстің бе? Кіммен?


-Бөжеймен.


-Бөжей?! – Бәрі күліп алды. Дастархан үстінде газеттен оқыған жаңалықтарын, анекдоттарын айтты. Ерімбетов ағайдың шексіздікті түсіндірем деп, тақтадан әрі бормен тықылдатқан күйі есіктен шығып кетіп,  сәлден  соң  оралғанын  айтып,  күлісіп  алды.


 


Анекдот дәптерге жаңа тапқан қиындылар жапсырылды. Сабақ оқылды.


Есік қағылды, Тұрды екен. Айдынды шақырды.


-Бәсе, бүгін неге тып-тынышпыз десем...-айнаға қарап, түзелген Әсем киіне бастады. Тағы да есік қағылды, Әсеммен қыдыруға шыққан Дәрібай екен.


-Біз таза ауаға кеттік,-деді Әсем. Айдынды көндіре алмай тұрған Тұрдыға «Айконың мазасы жоқ қой» деп түсіндіре сөйледі.


Айдын бөлмеге кіргенде қыздары «Фаризаның сіңлісі -Фаризок» деп шуласты. «Не деген жақсы жыр. Осыны Тұрдыға арнадың ба? Сендей адал досы бар оның арманы жо-оқ!» деседі.


-Не дейді ол?


-Бөлмеге жүр дейді, бағана бір қызбен келген едік, соның қасына шақырады.


-Барғаның дұрыс, сабақ оқыдың, өлең жаздың досыңа. Ұйқыға дейін қанша уақыт бар, - десті. Айдын


«чики» көрсеткен әдепсіз қыздың ұнамайтынын, бөжей-қызға Тұрдының көңіліне қарап, жақындық сөз айтайын десе де, аузына сөз түспейтінін айтты.


-Кеш болды ғой, қайтармайсың ба?-деді ол жолай Тұрдыға.


-Өзі бір ауыз «қайтайын» демесе, мен қалай айтам оған? Дұрыс па?


 


-Жоқ! «Уақыт тауып келгеніңе рахмет, жаным! Енді үйіңдегілерден ұят болмасын, апарып салайын. Ертең тағы кездесеміз.»-десейші қызыңа.


-Айконь, ақылдым...


-Ал, сен ақымақсың! «Чики» көрсеткен қыз керек пе саған? Лайық па саған, айтшы?-күйгелектенген Айдынға Тұрды күле қарап, мәз болды. «Мені қызғанды!»


 


 


Бұлар есік ашқанда, бөлмедегі арақ, темекі иісі қолқа қабатындай еді. Айдын лоқсып, алақанымен аузын жапты.


-Ох-хо! Мад-ди! Жарығың келді! – деді масаң Дина темекісі бар қолын шайқап. «Бәсе, біздің жігіттер темекі шекпеуші еді» деп, Айдын жағдайды түсінді.


-Келдіңдер ме? Жоғарыға, оу, Динаның қасына шықшы,-деді Коля ұшып тұрып.


-Жоқ, мен осы жерлерге... болады...-Айдын Жаңабек пен Коляның арасына отырды.


-Қайсың кесекүл? Аха-ха-а! Кесебек?! Айдынның құрметіне құй бәрімізге! Айкоға штраф, қашып кетті – бір-р... Бізбен ішпеді, екі-і... Ышын-шы-сы не-е?.. – саусағын ұрып-ұрып бүгіп отырған Дина «Прическам бұзылмай тұрғанда...» деп дұрыс айтқан екен. Шаштары алба-жұлба, көз бояуы сұр бетіне жағылып, таланған, жылаған аш бөлтірік сияқтанып қалыпты. Бояусыз көзі бір сызық, жіңішке арықтағы лайқа судай


 


жылтырайды. Айдынның денесі түршігіп кетті,-Ыш- ышын-шы-ы не күнәсі бар?-деп Дина қасындағы Ғабиттің иығына жұдырығымен бір соғып, аха-ха-лап құлай кетті.


-Ойбай, Дәке, біздің Айконың үш түгіл бір де күнәсі жоқ. Жоқ! – деді Ғабит алақанын жайып.


-Құй! Штра-афф құй! Толтыры-ыпп 200 грамм құй! Ішеді! «Күнәсі жоқ!» Іһі! Іһ-һі! Сонда бұл қыз періш- ште ме, аһ? Періште көк-кте, көкте... Мад-ди, эу-у, сұлу жігіт, құй анау қызыңа! Сенікі ме ол? Онда, ішкізші кәне, сый-лай ма сені жоқ па, көрейік-ік!-деп ықылық атты.


-Менікі емес, Айко әке-шешесінің қызы, Дина, біздің досымыз.


-Мад-ди,  сенікі  деген  оны,  әйтпесем...  сендей


сұлуды-ы кеш-ше мен бос жібермес ем-ем, аха-ха-а-а!


-Дәке, бұл Айко ішпейді, ішкен емес, орнына біз-ақ ішеміз, бола ма?


-Ой-ба-ай! Жалғыз-з Мад-дидің емес, бәріңнің жүректеріңді ұшы-ры-ып-ты ғой-ой мына қыз-з! Онда, бәрің стаканды толтырып, түг-гел-л ішесіңдер...


-Болды-болды, біз ішеміз.


Дина елден бұрын өзі сыңғытып ішті, басқамен жұмысы болмады.


Айдынның  мына  қыз  үшін  намысы  келіп  отыр.


«Қайтпай ма енді?» деді Жаңабектің құлағына сыбырлап. Ол бір иығын көтерді.


 


-Қыздарың ішпейді екен, онда-а ән сала алатын шығ-ар? Ән салсын! Қолынан бірдеңе-е кел-ле ме өзі, жоқ-қ, қақшиып отты-рра-а ма-а?


-Айтамыз, бәріміз, кәні! Өзіңмен Арыстың, бойында....-бәрі шулап ән айтты. Айдын шынында шәй ұрттап қана үнсіз отыр, әзер отыр.


-Мен-н... мына қыз-з айтсын дедім, -деп ол сұқ саусағын барынша созып көрсетті,-не... не сонда-а? Бәрің бірдей жандарыңды-ы беріп қойғансыңдар-р ма? Өліп барасыңдар ғой, а?! Өл-ліп!


Оның сөзіне мән берер кісі табылмады. Бірінен соң бір ән хорымен айтылды. Ән сезімімен, жүрек сөзімен жанды баулап өсірген Шәмші аға мен Мұхтар ағаның шығармаларын жастар тебірене орындап, саналарына терең сіңдіруде.


«Сездіруге батпадым ба, Бала махаббатымды.


Терезенің жақтауына, Ойып жаздым атыңды».


Айдын сыртқа шықты. Коля мен Мәди ере шықты.


-Айко, қайда?


-Мына Дина қайтпай ма, түн болды ғой.


-Өзі айтпаса, біз қуғандай боламыз ба?..


-Қыдырайық сыртқа деп па, бірдеңе демейсіңдер ме, жатақханасы кіргізбей қояды ғой енді.


-Қазір, көреміз.


 


Айдын Коля екеуі ас бөлме терезесіне сүйеніп біраз сөйлесті.Тұрды: «Айко, анау қыз... Дина «сыртқа шығар» деп тұр, сен апарасың ба? Жоқ, мужскойға ө- өзім...» деді.


-Мен,- Бұл бас изеді.


Қолтығынан сүйемелдеп, бөлменің есік алдына әкелді де «Ал» деп ымдаған Тұрдыға «өзің алып жүр» деп Айдын ишарат жасады. Ол ұзын дәліздің арғы басына тәлтіректей жетектескен екі сұлбаның соңынан бөлек келе жатты. «Қандай намыссыз қыз еді!» дейді іштей.


Қыздар дәретханасының алдына жетіп, Тұрды амалсыз тоқтады. Айдынға күліп қояды, бұл жұдырық көрсетті.


-Бізді күт,-деді Айдын Тұрдыға,-мас қызды ішке кіргізіп жатып,-мұнда құс, қолыңды аузыңа сал! Тағы! Бетіңді жу! Не болды, танымайтын жерде сонша ішіп?! Түн болды, ұйықтайтын уақыт бағана өтті, үйіңе қайтатын шығарсың?-Бұл жолы тек Айдын сөйлеп, Дина еңкейіп, тәлтіректеп жүр. Айдын оны сүйемеді. Өзін-өзі ұстай алмаған мас қыз кафельді еденге тайып құлап, мұрны судай қанады.


-Тұр, жуын!-деді крандағы суды ашқан Айдын қолын қусырып. Ол жуынды, тағы құсты.


-Ох-х! Жаным-ай, қиналдың-ай әбден!


-Жаныңды кім қинады, өзіңе өзіңнің қастығың бар білем! Неге сонша ішесің арақты? Біздің ұлдар темекі


 


шекпейді, ал сен... сен қыз басыңмен... ұялмайсың ба?! Енді қайт үйіңе!-деді Айдын.


-Түнде кіргізбейді, атымызды жазып алады енді...


Осында қона салармын.


-Қайда-а?!


-Сол бөлмеге...


-Сен... сен қандай қызсың өзің? Ер жігіттермен бірге ұйықтамақпысың?!


-Енді не істеуім керек, бір кереует босатып берер, өздері ақылдасып...


Есік алдында Тұрды тосып тұр екен, жиналып қалған Динаны жетекке алып, бөлмесіне беттеді, Айдынға басын изеп, ризашылық білдірді. «Жүр» демеді, Айдынның енді қажеті жоқтай, Динаны қапсыра құшақтап, бас түйістіріп барады.


-Қайда барасың?! – деді Айдын дауыстап,- құшақтасқан екеу жүрістерін бәсеңдетті.


-Үйге... Үйге бармаймыз ба? Енді қайда барамыз басқа?-деп ыржиды Тұрды.


-Қазір сағат түнгі 2-ге жақындады, демалу керек емес пе?


-Иә, солай ғой. Қазір бөлмеге барған соң, к-кім


қалып, сені бөлмеңе жеткізіп тастаймын. Мақұл?


Бұлар Тұрдының бөлмесіне жетіп те қалды. Жігіттер тағамдар мен ішкіліктен босаған бөтелкелерді жиыстырып, бөлмені желдетіп қойыпты. Абыр-сабыр.


 


-Айконь, кірсейші, Диконың қасында отыра тұрыңдар. Біз қазір «бас жазар» дайындай...


- Ішпейміз, сендер де ішпейсіңдер!-деді Айдын,- мына кім... қайда жатады?


-Осы үйге дә... Менің қасыма... Әйтпесем, екеуің


бір кереуетке осында жата салыңдар,-деп Тұрекең жымыңдап сөйледі.


-Онда  біздің  бөлмеге  кетеміз,  бір  төсеніш,бір


көрпені алып жүріңдерші,-Айдынды бәрі естіп тұрса да, ешкім қимылдар емес.


-Ой, Айконь... қонақ бізге келді ғой, ә? Бізге,-деп Тұрды жолдастарынан қолдау күткендей бәріне қарап шықты. Ешкім үндемеді.


-Сонда,қонақ менікі емес пе?Мен бөтен екенмін, ә?


-Әрине, сенің де қонағың, бірақ, қыз менікі ғой, сары әтеш емеспін бе?


Бағанадан сөйлемеген Дина «Сары әтеш!» деп аха- ха-лады.


-Қойшы енді, таңертең кездесеміз, төсек-орынды алып жүріңдер біздікіне.


-Төсек апармай-ақ,бірге жата салмайсыңдар ма?- деді Коля.


-Жоқ, мен бұнымен бірге жата алмаймын.


«От шығып» кетуінен қауіптенген жігіттер 136-ға төсек тасыды.


-Қойдан жуаспыз,-деген Дина амалсыз Айдынның бөлмесіне аяқ басты.





Пікір жазу