21.07.2022
  122


Автор: Баян Тіленшина

ЖАУҚАЗЫН

 


Расында, жан да қонақ-ау, Тіршілік шіркін тола дау. Дау –даудың ара-арасында,


Жауқазын жүрек солады-ау.


 


 


Әскерден оралып, 731- топқа бас болған Ғабит Айдынның бөлмесіндегі Ғайшамен көңлі жарасып жүргендіктен бе, қонаққа еліне шақырды. Ауылы өзен жағасында екен. «Бұл сенің болашақ жеңгең, сәлем жасатсаң да еркің, Айко» деген. Ақкөңіл Ғайша сол


заматта-ақ бір сәлем салған.


-Көп жаса, жеңеше! Енді күнде сәлем жасайсың.


-Әрине, солай да,- деп тағы сәлем салды Ғайша. Бұл топ –Мәди, Айдын, Коля,Тұрды, Жаңабек,


Ғабит ылғи да бірге жүретін


 


-Айко, жігіт деген қасқыр мінезді, олардан қыздар әркезде де сақтануы керек, - деді Жаңабек.


-Сендерден ше? – деді Айдын.


-Біз... біз енді бір үйдің баласындаймыз ғой...


-Біз не қыз, не ұл емес боп кеткенбіз ғой. Не деуші еді, иә, қызтекеміз біз, - деп Тұрдының ішек-сілесі


қатты.


-Өй, сен де айтасың-ау, -деп қызарақтады Мәди,- осындай сөз айтуға бола ма?


-Сөз... сөз неге болмайды? Бұлар енді бойжетіп


келеді. Қайта құлақтарын үйретіп, осы бастан өмірдің ачлик-тучлиғына былқ етпейтін етіп,тәрбиелеуіміз


керек, Мәке. Үлбіретіп... Үлбірете берме шіли Айконы.


-Қыздар деген гүл, атам заманнан солай ғой өзі, оларды үлбіретіп, күту-жігіттердің міндеті, - деді Мәди.


-Баланы да туыла салып-ақ ащы тұзбен денесін пісіреді. Сонда ол ауырмайтын, жара шықпайтын шымыр болады. Бұларды да... шешелерін, әкелерін сұрап, шайтанын қағып тұру...


-Қазір ше, басыңа бір тас ұшып келе жатыр, сен де абайла, - деп Айдынның жұдырығы түйілді.


-Ойбай, Айко, қойдым! Сені емес, жалпы әйел


баласын айтып... –Тұрды Айдынның түюлі жұдырығын сүйіп, бетіне басты, - қойдым! Әкетайым менің!


-Қойшы-ей, сенің бе, а? – Мәди қызарақтады.


-Сенің, әрине. Сен арқылы менің жаным!


 


-Е-е, бәс-се...


 


...Ауыл қырына шығып, жастар қызғалдақ терді.


Адам айтса сенгісіз сұлулыққа тәнті боласың – үлкен жолдың бір шетіне өлшемі километрмен өлшенетін қызыл кілем, екінші шетіне сары кілем төсегендей


керемет сұлу дала! Далаға бидай емес, бидайық емес, қызғалдақ егіп, соны қорып отырғандай-ды. Бойы


қарыстан ұзындау гүлдің жапырақтарына үлкенді- кішілі мөлдір шықтар тұнып, ертегідегі гүл патшалығына еніп кеткендейсің. Қыз сәукелесінің жасыл үкісі сияқтанған шөптер далаға керемет көрік береді. Әнебір жерде қызыл-сары түстерге боялған


кішкене ғана құстар ұшып-қонып, шықылықтап қояды.


Қыз-жігіттер    кілем    далаға    жайыла    серуендеп кеткен, тек Ғабит пен Ғайша ғана жұптасып жүр.


-Айко, мұнда ке-е-ел, келші, - дейді Мәди. Бұл солай қарай аяңдады. Тіпті, аяғыңмен басуға обал қылтиған бидай, сұлу қызғалдақтар! Бұл қатты


ашылған да емес, әлі ашылмаған да емес, орташа үш жауқазын үзіп, аялап ұстап келеді.


-Гүл термепсің ғой сен де... Мына сасырдың


түбіндегі қозықұйрықты қарашы, саған соны көрсетейін деп... – деді Мәди,-мұны пышақпен түбін қалдырып кесу керек Сонда тағы да өседі. Сен


қозықұйрық қалай шығатынын білесің бе, а?


 


-Мультфильмнен көреміз ғой, «пук!» деп қалқиып шығатынын.


Мәди аппақ тістерін көрсетіп, біраз күлді. Күлкісі Айдынға таудан аққан суды елестетті.


-Сәбиім-ау менің! Сенің мектепке енді барған


баладан айырмашылығың шамалы-ау... ақкөңілім,-деп жігіт қызды кеудесіне қысты. -Кел, мен саған ертегі


айтып берейін. Қозықұйрық деген қорқақ жер-ананың


қойнауында өсіп, дүние есігін аша алмай, тығылы-ып жатады. Көк тәңірі айдауына жүрмей, қашқалақтаған бұлттарды отты қамшысымен осып-осып жібергенде, аспан шатыр-гүтір гүрілдеп, жерді сілкіп жібереді


екен. Қорыққан қозықұйрық ұйқысынан оянып, «ің-гә, ің-гә!» деп топырақты сілки ашып, туылады. Сол кезде от қамшы денесін осқан бұлт жылап, жаңа туылған қозықұйрықтың топырақ-лайын жуады екен. Міне,


саған аппақ қозықұйрық!-деп Мәди алақандай 3-4 қозықұйрықты Айдынға берді, - тағы жинаймыз ба?


-Иә, жинайық.


-Не деген сұлу табиғат! Фотоаппарат алып


келмегенімізді қарашы. Айдын, сенде «Киев» бар еді ғой, а? Серік аға сыйға берген ше?


-Менің есімде жоқ, сендер де айтпапсыңдар.


Мәди екеуі қозықұйрық терді. Ол өзінің жанұя алдындағы парызын, яғни іні-қарындастарын


аяқтарынан қоюы – арманы екенін айтты. Мұның бәрін


 


талай естісе де ол Мәдидің жетегінде,сөзін жаңалықтай үнсіз тыңдап келеді.


-Саған жақсы ғой, сен үйдің кішкенесісің,-деді.


-Кішкененің жүгі көп қой, кішкене ұл-қыз ата- анаға нағыз қамқоршылар. Олардың қайта бала болған кезінде, ата-ананы сәбидей мәпелеу керек болады. Ал, үлкендер енші алып, өз бала-шағасының қамын ойлап кетеді.


-Ол да дұрыс екен. Осы сенің кіп-кішкентай басыңа осынша ақыл, өлең қалай сия береді, а? Соны айтшы? –


Мәди Айдынды құшағына қысып-қысып, қолынан


сүйді, - фу-у, мына қолыңнан кімнің бөтен иісі шығады десем... А? Тұрдының сілекейі екен ғой...


-Мұрның ше, әзірбайжан–мұрын болса да дұрыс қызмет атқармайды екен. Одан бері бірнеше рет сабындалды ғой.


-Сосын...


-Мігіт емес,мыжың! Әзірбайжанның мыжың кемпірі, - деп күлді Айдын.


-Бәс-се,   тап-таза   сүттің   иісі,   сосын   гүлдің   иісі шығып тұрды!


-Онда неге «сілекей» деп?..


-Алдадым. Сол үшін не істейсің, а? Бір рет сүйші, сұранамын...


-Көзіңді жұм, аузыңды аш,- Айдын аузына кішкене


қозықұйрық салып жіберді, күліп тұр.


 


-Несібем шығар. Сен не берсең де жеймін ғой, - ол шайнап, жұтып қойды.


-Қойшы, шикілей жеуге бола ма? Уланып қалма, түкірші. Құсасың ба, қайтесің?...


-Уланбаймын, әбіржіме. Бірақ, у берсең де жеймін.


Сен осыны онша түсіне алмайсың-ау. Түсінсең де маған ғана қырсығатының не, айтшы. Мен сен... сені өте жақсы көремін ғой, турасын айтсам, сен болмасаң, өзіме өзім де керек емес сияқтанамын, Айко-о... Сенші осыған, - Мәдидің көзінен мөп-мөлдір екі тамшы төмен қарай сырғи жылжыды, - сенші.


«Әзірбайжансың» деп әншейін айтамын. Осы қыр мұрының, осы садақ кірпікті үлкен көздерің, мына


ашылған қызғалдақтай еріндерің, сұңғақ бойың, бұйра шашың - әлемдегі ең-ең сұлу бейне. Мен де сенсіз өмір сүре алмаспын, ондай күн маған артық. Сен де осыны түсінші. Жылап тұрған көздерің неткен сұлу!» Айдын мұның бәрін іштей айтып, үнсіз телміріп тұр еді. Бірақ, жұбатпады.


-Сүйші, сұранамын...


Айдын оның тілегін үнсіз орындады.


 


 


***


-Әй, ғашықтар! Гүлдерің қайда? Бұл жерге гүл термегенде не үшін келдіңдер? Міне, мені


қараңдаршы, - деді құшағы толған қызғалдақ Тұрды, - осы бес тал гүл ме тапқандарың? Көздеріңе өздерің гүл


 


боп көрініп, жұла алмадыңдар ма? Міне, Ғабит


маладес, қызының құшағын толтырыпты. Нағыз еркек бұл! Ал, Мәке, сен телпексің! Өйткені, телпек теріп келіпсің!–деді мидай тегіс даладан екеуінің құшақтасып тұрғандарын көргеннен зығырданы


қайнаған Тұрды.


-Қой   енді,   қазір   өзің   де   құмартып   жейсің   ғой қозықұйрықты, - деді Мәди жәйбарақат күліп.


-Жоқ, Айко, түсінбеймін, неге гүл термедіңдер, а?


-Обал деп, ол да бір-ақ рет өседі, өмірі онсыз да қысқа ғой. Біз жұлып тастағаннан жерде жайнап тұрғаны әлдеқайда рахат қой, - деді Айдын.


-Айдын дұрыс айтады, біз де қателік жасадық, енді есте болады, - деді Жаңабек.


-Ой, ылғи ғана кітабилер-ай! Қыз бен гүл жұлуға


жаралған,   ал   қой-ешкі   союға   жаралған.   Онда   әйел алмай, ет жемей жүріңдер! -деді Тұрды ашуланып.


 


 


...Ғабиттікіне жетіп, тамақтанған соң тынығып, кешкісін өзен жағасына балық аулауға барды. «Сөз, қимыл болмайды» деп түсіндірген-ді. Өзеннің ағысы бәсең, жайпауыт жеріне шұбалшаң ілінген қармақ


тастап, қалтқыны аңдып отырғалы біраз уақыт өтті. Бір кезде қалтқы аздап қозғалды, «тиыш» деп Жаңабек пен Мәди белгі берді. Аздан соң қалтқы батып кеткенде,


Айдын қармақ сабын жоғары көтеріп қалды. Үш қармақтың екеуіне екі балық ілініп шықты.


 


-Ой, балық! – деп Айдын еріксіз дауыстап жіберді, сықылықтай күлді.


Әрегеректен жүгіріп келген Ғайша мен Тұрды да қуана дауыстап жүр.


-Құдайқаласа, егіз балалы боласыңдар! –деді


Тұрды кімге айтқаны белгісіздеу.


-Е, сен... қойсайшы ондай әңгімені,-деді Жақаң ыңғайсызданып.


-Мен жаманға емес, жақсыға жорып тұрмын ғой,- деп мәз болды Тұрды.


-Дұрыс, рахмет саған, Тұрды, айтқаның келсін, - деді Мәди.


 


...Айдын аузын қармақ тесіп, желбезегі ауаға кеуіп, су іздеген балықтардың бұлғақтағанын аяп, жүрегі


сыздады. «Өмір неткен қатал, ә? Күштісі әлсізін жүндеп, әлсізі қорек болған теңсіздік –тіршілік заңы. Адамдар да солай, үмітті талғажу етіп, өмір сүреді.


Өмірден тек жеңіс, жақсылық күтеді. Ал, үміт үзілсе, өмір тоқтайтын шығар, сірә...» Жүрек жыр тербетті.


 


Бұл өмір – асау өзен.


Қалытқы-үміт,


Өзенде бір көрініп, бір батады...


 


 


-Айдын, ренжідің бе? Ол сөйтіп ойнап айта береді ғой... -Мәди мұны иығынан құшақтап тұрды.


 


-Жоқ, мен балықтарды аяп тұрмын.


-Балықты ма? Тұрдыға өкпелемегенің рас па, а? Мейірімді жүрегіңнен айна-а-лайын! Жүр, қайтамыз үйге.


 


...Ғабиттің үйіне бұрындау келген Ғайша үлкен бөлмеге дастархан жасасып жүр екен.


-Сикеш,-деді бір қалтарыста иіле сәлем берген ол


Айдынға.


-Бақытты   бол,   жеңеше! Бірақ,    сәлемді   таңертең беруші еді, қазір күн батқалы тұр.


-Айыптымын! –деп тағы иілді Ғайша.


-Көп жаса! Бірақ, осымен айыбың біткен жоқ.


-Мақұл!-деп тағы иілді Ғайша.


-Рахмет! «Ванька-встанька» болмай тұрғаныңда шәй жасап ал, - деп аузын басып күлді Айдын.


-Құп, сикеш!- тағы да иілді.


Бұларды есік пердесіне жасырына бақылап тұрған жігіттердің ішек-сілелері қатты.


-Ой, Айко, Ғайшаның ішіне пружина салып қойғансың ба?


-Соны айтам-ау! Пружинасы түзу тұра алмастай...


созылы-ып кеткен-әу,ә? Қайта-қайта бүктеле бергеніне қарағанда!


-«Сикеш»   дей   ма,   а?   Бикешті   де   тура   айтуға


болмайды-ау, ә? Қатты қорқытып қойған-ау Айдын?


 


-Қорықпай көрсінші менің қарындасымнан! – деп сілесі қатты Ғабиттің де, -маладес! Тәртіпке түсіріпті.


Екі қыз ұялғандарынан бір- біріне сүйене құшақ тасып тұр.


 


Бұл топқа басқа ешкім қосылмады, дастархан үстінде де өзді-өзі еркін әңгімелесіп, әзілдесіп отырды.


Тұрды тауға саяхат, қасқыр мен түлкі аулаудың


қызықтарын айтса, Жаңабек тауда өсетін киікоты,


көкемарал сияқты шөптердің емдік қасиетін, тау жуасы мен доланасының пайдасын әңгімеледі.


-Табиғат заңы қызық қой өзі, тауға шықсаң, қан қысымың артады, ал тауда өсетін киікоты мен


доланасы оның емі.Сол жер ауыртады, дәл сол жерден ем табасың! - деді Жаңабек ойланып.


-Сол үшін тауға шыға сап, доланаға тойып алу керек, сосын қаның тасымайды,-деді Тұрды күлегеш


қуақыланып,-неден болған ауру содан жазылады. Арақ ішіп ауырсаң, таңертең қайта арақ ішу керек.


Жазыласың! Ангина суықтан болады, оны үлбіретпей, мұз жеу керек. Ал, ғашықтықпен ауырсаң, басқа


біреуге ғашық болумен жазыласың,-деді Тұрды.


-Ғашықтықтың емі үйлену шығар, не аққулар сияқты өлу шығар,-деді Мәди, - адам бір рет қана сүйеді дейді ғой, білетіндер.


-Ей, Мәке-ай, осы кітабилығың қашан қалады, а?


«Бір-ақ адам» деген қыздар үшін, ал, жігіттерге шекара


 


жоқ қой! Бір түрлі тағамды күнде жей берші, ығырың шығады, тіпті қарағың да келмейді. Еркекке заң басқа! Ауырасың, құсасың! Қайтып жегің келмейді. Ара екеш ара да әр гүлдің нәрін жинайды. Бұл – заңдылық. Сол үшін кемінде 2-3 қызбен жүру керек тә! Сен құсап...


аңқиып... А, Айко? Дұрыс па? – деді Тұрды күліп.


-Дұрыс емес,ол тауық – махаббат, - деді Айдын, - сен онда тауықсың.


-Тауық?! Әтеш деші ең болмаса,-Тұрдының сілесі қатты,-сені қайтер екен деп әдейі айттым ғой мен –


сары әтеш екенмін-ау!Ку-ка-ре-ку-у-у...Ойбай, іщ-щім!


-Сары әтеш, сен кейде алжып қай кезде шақыруды білмейсің, ә? – деді Ғабит.


-Иә, Айко, тауықтың миында-ақ мисыз болсақ, оның ақылы қай жеріне сияды, а? Түн жарымда,


мезгілсіз шақырса, басы кесілетінін де білмейді


ақымақ. Міні басым, ал, не істейсің, жұлсаң жұла сал!- деп Тұрды басын иді.


-Енді өйтіп айтпашы. Саған жараспайды екен,-деді Айдын көңілсіз.


-Мақұл, Айым, кешірші, енді айтпаймын.


Бұртимашы,сені... сені ренжіткеннің қолында өлем ғо!- деп қыз қолын сүйді ол. Айдынның көңіліне жыр құйылды.


 


 


Тауық «махаббаттарға» толды өмір, Қоразданып, кегжиген жігіт небір.


 


«Ал-бас-те-е-е!» деп шоқиды аққуларды, Пәк сезімнен түйсіксіз, арсыз жебір.


 


Адамбыз ба,


Адамға тән қылық не?


Сөйлеу, киім, екі аяқ, сәнділік пе? Инстинкт жеңгенше үйір іздеп, Мал атанған артық-ау мәңгілікке.


 


Қандай бақыт жаныңды жатқа арнаған, Бір түйір сыр қалмаса ақтармаған!


Мүмкін емес аттауы Адам мұны, Адам емес сенімді ақтамаған.


 


Осы менің ішкі сыр, жан-дүнием, Ниетке ашпын. Ол жоқта күл дүниең!


«Ғашық-нама» жазамын үлгі етсін деп, Жүрегімді арнаған, о, күн-ием.


 


 


Аздан соң Ғайша мен Айдын сыртқа шықты, түн керемет сұлу, ауа қоңырсалқын еді. Мәди келді.


-Айко, ренжіп қалдың ба? Білесің ғой, ол сондай


қылжақбас екенін. Ойнап айта береді,-деді.


Жыр кернегенін айта алмаған қыз жанарына бір түйір жас тұнды.


-Сен... сен жылап тұрсың ба, а? –Ол бір тамшы жасты саусағымен іліп алды,-жыламашы, жа-ным.


 


-Мәди, мен... мен қорқамын.


-Кімнен, неден қорқасың? А?


-Сенен қорқамын, сен ше... осындай ықпалға еріп кетесің бе деп...


-Қойшы,  құдай  бар  болса,  сенсіз  өмір  бермесін


маған. Мені кім... кім айырсын сенен? Мен қайта сен үшін... сені біреу алып қашып кете ме деп...


Айдын бір саусағымен оның аузын басты.


-Мен зорлыққа көнбеймін ғой, білесің.


 


 


***


Айдын студенттік өмір бастамасынғы бөлме күнделігін қолына алды. Күнделік-өткен уақытыңды талдап, артық-кеміңе көз жіберу, өзіңе өзің есеп беру. Айдынның ойынша дос-жаран, кітап-кино, ата-ананың айтқанын қанша естігенімен, ой елегі оның қажеттісін ғана қалдырады. Әр адамды өзге емес, адам өзін-өзі тәрбиелейді. Күнделік – тәрбие құралы.   Оның ойынша үлкен кісілердің бәрі ақылды, қателеспейтін, қалыптасқан қатты формалар. Ал, жастар-құйылған


дененің формасына қарай өзгере беретін аққыш


сұйықтар. Аққыш жастар да уақыт өте келе ортаның ықпалымен қалыптасқан қатты формаға ауысады.


Сондықтан, күнделікке жазылған көзқарас, тұжырым, сын, мадақтарға өзара мән берулері міндетті.Екі


жылғы бөлме күнделігі де, жеке өз күнделігі де жоғалды-ы! Тұрды бөлме заттарымен қоса жоқ етті


 


әйтеуір. Қалың дәптердің біреуін ғана жатақхана жөндеуіне қалған бір қыз «коридордағы қоқыстан


алдым»деп әкеліп берген-ді.Сол дәптер. Бірінші курста Әсем жазған екен.


«Бүгін 16-шы қыркүйек. Таңертең ерте тұрып, шәй


қойдым, өзімді ретке келтірдім. Дастархан жасауға кіріскенде, қыздарды ояттым. Айдыннан басқасы


сергек, түнде ұйықтамайтын үкіміз де осы. Басқамыз


сияқты шаш түйіп, боянбайды, шашын екіге бөліп, құлақ түбінен резинамен қыса салады. Сақыш кластасы айтпақшы - «Құлағы ұзын қоян».Сағат 2-де бөлмеге


келіп, ас қамына кірістім. Таңертең қазанға салып


кеткен ет былбырап, таза пісіпті. Бірақ, еттің жартысы жоқ, сорпасы да аз. Жігіттер қыздардың қазанына осылай «жиендік» істейтіні бар. Аз болса да


қалдырғанына, өткендегідей уыстап тұз, келімдәрі салмағанына қуандық. Бұл күн танысу күні болды.


Кезекші Әсем»-депті.


...Иә,Айдын ойлап қараса сол кемшілігі әлі де бар.


Қазір де кеш жатып, кеш тұрады. Үй шаруасына пысықтығы жоқ, алтын-күміске қызықпайды, боянып сәнденбейді.Психолог-жетекшісінің ұсынысымен талай кітаптар оқыды. Адам жаратылысында еңбек қабілетіне қарай екі топқа бөлінеді екен:


-Бозторғайлар


-Үкілер.


 


Бозторғайлар таңмен бірге оянып, еңбек қабілеті түс қайтқанша өз биігінде, күн ауа бәсеңдейді.


Үкілердің еңбек қабілеті түс ауа жоғарылап, түске дейін төмен болады екен.


Айдын таңертең ояна алмаудың бір себебі –өте кеш


демалу және екінші табиғи себебін де тапқандай . «Ал, үй шаруасы ше?» дейді ішкі дауыс. Екі жеңге, үш


әпкесі мұны тірлікке көп жақындатпайтын.


Кезекшілігінде көбіне өзі ұнататын ұзынша кесілген картоп қуырады. Ілуде бір анасы мақтайтындай кеспе жаяды. Көңілге қараса да қыздары мақтап қоятын.





Пікір жазу