21.07.2022
  95


Автор: Баян Тіленшина

РАУАН

У тісті ара ғашық нәзік гүлге,


 


Киелі үкі ғашық қара түнге.


Тәттіден уланады-ау тіршілігің, Рухы жоқ оқ атпай ма білімдіге? Бұл қандай ажырамас қайшылықтар,


Күн менен байлап қойған түнін бірге?!


 


 


136-шы бөлменің 5 қызы биологиялық қан туыс болмағанымен рухани бауырласып кетті. Бұлардың студенттік күндері ғана емес, ниеттері, сырлары ортақтасты.


Бесеудің ішіндегі пысығы Әсем болып шықты. Ортадан ақша жинап, аядай бөлмеге терезе перде, төсеніш, ыдыс-аяқтар алып, бәрін басқарып жүр.


-Оны бұлай етпе, мұнда қой. Мусор шелек ол,


бұрыштағы қуысқа...Ә, тазик пен сыпырғыны қасына. Иә! Сен, Айко, пердені қайырып тіге бер. Сен екеуің клеенканы кесіңдер. Мен ілгіш қағатын бір жігітті тауып келем қазір.


- Қыздар, қисық кесіп қоймайық, Әсем жанымызды шығармасын,-деп ересектеу, әзілкеш Жаһан күліп


алды.


-Сенде ғой қайшы. Саған үндемес.


-Ойбай, мен де қорқып тұрмын. Үп-үлкеніміз болып... десе ше...


-Келіңіздер, міне біздің қыздар. Ал, біреуіңіз перде қағасыз, екіншіңіз есікке құлып сап беріңіздер. Көрейік


 


не өнерлеріңіз барын,- деп Әсем ол жігіттерге де тапсырманы үйіп- төкті.


-Жанат, сен болдың ба? Қазанды қамдай бер.


Сәбеш,сен буфеттен оны- мұны...І-і... Айко, сен терезе сүрте бер, бойың ұзын ғой. Әй, шлабра қайда жаңағы? Мен пол сүртейін...


-Швабраны көршілер алды.


-Үйбай, «Өзіміз ұстаған жоқпыз» демейсіңдер ма?


-О, дұрыс Әсем! Біз сізді жатақхананың


студсоветіне мүшелікке қабылдаймыз. Жақсы ұйымдастырады екенсіз! Бірақ, жуасыз орныңызды,- деп, есікті жоңғылап жатқан ересектеу жігіт


қуақыланды.


-Мен бе? Алдымен мен келісем бе оған десеңізші.


-Ойбай, қыз-ау, постымды босатып берейін деп тұрсам. Біз де келісе салдық қой сізге, бір ауыз


қарсыласпадық-ау, аздап бұлданбаппыз да ғой жаңа.А, Қуеке?


-Жігіт бұлданбайды, қызға бәрі жарасады,-деп күліп, Әсем де дес берер емес.


Бөлме жиналып, шайға отырды. Жаһан мен Әсемнен басқасы аттарын айтқаны болмаса,үнсіз.


-Кешке дұрыстап танысамыз,- деп кеткен екі жігіт шынында дәптер- қаламдарымен үшеу боп қайта келді. Осыдан соң-ақ киноға шақыру басталды. Әсіресе әдемі Әсемге құрмет көбірек.


 


Күнде пікірталас.Бөлменің ішкі тәртібі, кезекшілік, бос уақытта немен айналысу, махаббат, достық,кітап талқылау, өлең оқу, не керек, айтылмайтын тақырып жоқ –ты.


-Қыздар, бөлме күнделігін жүргізейік, кезекші толтырады. Тұрдым, жуындым емес, өзгеріс, жаңалық, оған өз пікірің, сенің ұсынысың қалай? Неге олай?...


-Дұрыс, «бардым, келдімнің» несін айта береміз?


-Үйба-ай, Айко-о, біз сен сияқты ақын емеспіз ғой жаза салатын. Математикпіз. Қояғойшы сол күнделік дегенді, қажеті бар ма соның?


-Ол жақсы нәрсе ғой. Өзімізді өзіміз тазалап тұрмасақ, қарайып кетеміз,- деп Жанат түйіндеп, бекітті.


- Хатшы ұс-ұс-сынды, Профессор бекітті,енді күнделік толтырасың, Әс-сем-та-ай,- деп Жаһан мен Сәбеш күлкіге қақалып- шашалуда.


-Амал жоқ, көнеміз, кәйтеміз басқа. Қараймайы-ық.


-Бұл не береді бізге, қыздар? Алдыңда қағаз, қолыңда –қалам. Ойлануға тура келеді. Не жазамын дейсің ғой? Дейсің!


Мөлдірді аңдамаймыз бұлақ тұнбай, Өмірді ойланбаймыз сұрақ тумай, Біз әуел тік жүруге үйренбейміз,


Алдымен қара жерге құлап тұрмай!- деген.


-Ой,шабыт кеп қалды, тынышталыңдар!


 


-Не деген күшті, а, өлең деген!? Осыны қара сөзбен айта салса, мұндай әсерлі болмас еді. Мен бұрын өлеңді оқымайтын да, тыңдамайтын да ем. Осы Айдыннан енді ғана түсініп келем.


-Абай: «Өлең –сөздің патшасы» демей ме!


-Десе де мұғалім сұрайды деп жаттаушы ек қой.


-Ештен кеш жақсы. Шыныңды айтқаныңа рахмет.


-Қыздар, айтпақшы, мен ше кеше жаңа ән үйрендім, күщті-і! «Шақырады көктем» деген. Соны күнделікке сөзін жазып қояйын,кешкі тамақтан соң үйретем сендерге.


-О, мынау жаңалы-ық!


***


 


Айдынның 731-тобы бәрі 47, оның 25-і студент, басқасы кандидаттар. 41 ұлдың ішінде 6 қыз: Гүлнәр,


Гүлдәр, Зүбайра, Зибаш және 2 Айдын. Сондықтан ба, бұл Айдынды Айко деп кетті. Ұлдардың әзілдері көп, оқытушы келгенше топтанып, гуілдесіп тұрғандары.


Олардың арасында қыздар да жүреді. Ал,Айдындар алдыңғы қатарға қосақталып бірге отырады..Кейіндері Айконың сол жағына Мәди, оң жағына Тұрды орнығатын бопты. Сабақтан соң да күтіп тұрғандары, жатақхана мен оқу залына,лаборатория жұмыстары


мен тамаққа да, қыдыруға да бірге баратын болып жүр.


 


Мақта терімі науқаны алдында Мәди де ауылына барып қайтты.Ұлдың үлкені болғасын ба үй- ішін көбірек уайымдайды. Қыстық жем-шөп, қой- ешкінің күзем жүнін қырқумен айналысты. Шаршағанын


елемей, түгескеніне қуанды.


-Төрем, шаршадыңыз-ау, сағынып келгенде...


Бауырларыңыз да жігіт болды, осы Әлендер-ақ жасар еді ғой,- деп анасы сызылып ас даярлап жүр. Енесінің баласы деп атын атамаушы еді. «Е, жеңеше, сіздерді уайымдаймын- ау, ал, басқа адамды қатты сағынады


екем. Өзіме де біртүрлі, бірақ, шыны солай, анашым.» Мәдидің есіне Айдынның жымиып күлісі, еркелеу жүрісі, бояусыз балаң жүзі, құлақ артынан буылып, желбіреген жібек шашы, талдырмаш денесіне


жарасқан ұзын баулы сөмкесін иығына ілген ұяң бейнесі елестей берді. Оны анасына қалай айтсын. Күрсінді.


- Жеңеше, енді мақта теріміне кетеміз. Жылы киімімді әкетемін,- анасының үнсіз жымиғанын


аңғарды да жүзі ысып сала берді. «Менің ойымды


оқып қоймады ма екен анашым? Жымиғаны Айдыннан аумайды екен-ау,ә?»


 


***


Мақта алқабы. Бойлары 4-5 қарыстай қозапаяда қауашағы жарылған мақта көсектерінен бес бармақпен бүре суырған шитті мақтаны белдемшеге жып-жып


 


жинаған терімші студенттер бүктетіле іске кіріскен. Тапсырма -60 кг. Бейсек ұстаз да осында келген екен.


«Айдын, қалайсың? Студент болуыңмен


құттықтаймын!» дегенде, атын ұмытпағанына бұл да таң болды.


-731-ші топтың жігіттері! 6 қыздың нормасын орындаңдар алдымен!- деп қояды ара-арасында,- міне, мен де көмек беремін,- ол шеңгелдеген мақтаны


қыздарға кезек-кезек тасиды.


 


6 қыз шынында қаннен қаперсіз десе болғандай-ды:


Жұмыс нормасы орындалады, таразы басына


бармайды, тамақ алдыларына келеді. Кешкі биде басқа жігіттер биге шақыра алмайды, қысқасы, ешкім бетте ріне тіке қарай алмайды. Бір күні мақта даласында:


-Бейсек ағай!- деген Өркеннің жан дауысы шықты.


Көпшілік бойларын тіктеді.- Сіз білесіз бе, тау да, тас та, дала да, қала да, кесек те, көсек те, сіз де, біз де қы-з


– қыз, ай-бын, Ай-ды-ын дейміз ғо-о-й!-дегені. Бүкіл мақта алқабы ду күлді.


-Әй, жарайсың, жігітім! Бәрімізге күлкінің


дәруменін бердің!- деп Бейсек те мәз. Бірақ, қыздарға мақта сыйлауды сиретті.


Күні бойғы бел қайыстырған ауыр еңбек кешке шаң-топырақты көшемен казармаға қайтқанда-ақ


ұмытылады.Әзіл мен анекдотты жарыса айтып, кейде топтана ән салып, еңбек даласынан емес, тойдан


 


қайтқандай сезім толқитын. Мәди, Тұрды, Айдын үшеуі мұнда да жұптары жазылмайтын- Айдын ұл, не үшеуі де қыз сияқты!


Түскі демалыста 731-тобы әдеттегідей бірге отырған-ды. Топқа гитарамен әндеткен екі жігіт қосылды. Орысша- қазақша әндерді әуелетті. 6 қыздың ішінен әнге қосылатындар да табылды.


-Жігіттер, араласайық, таныстығымыз артсын.


Орыс тобында оқысақ та, затымыз қазақ қой,- деп Ахан уәж айтты.


-Түсінікті ғой неге араласқың келетіні. 6 қыз - 6 қаз болып көрініп тұр ғой көзіңе! Хи-хии! Ол өзімізден де артылмайды! Қай қызды қандай


көзбен ішіп-жеп бара жатқаныңды біз байқамай отырмыз ба! Аб-бай-ла-а! Еркекпіз біз де!- Тұрды көзіне түсіп тұратын кекіл шашын артқа сілкіп, хи- хи-лап күлді.


-Сен де айтады екенсің-ау! Қыз үшін деп, қыз бізде де бар. Ал, не бопты қыздармен


достассақ?


-Басқа нәсілдің қызын не істейміз? Тіліміз де, дініміз де тура келмейді. Іздірәстіні ғана


білеміз, хи-хи... Біздің ауылда бір орыс жоқ, көрсем қор-қып кетем мен! -деп шашала күлді.



  • Тұреке, онда сен сол қыздармен көбірек


араласуың керек, орыс тілін білмесең, сабақты қалай оқисың? А? Технология, машиноведение,


 


сопромат, гидравлика... Бәрін де орысша оқып, орысша тапсырамыз ғой.



  • Әй, Мәке, балалықтан әлі пісіп- жетілмеген екенсің-ау өзің. Күнде айтсам да әлі құлағың ұқпаған екен сенің,а! Қыз бен бала дос бола


алмайды ғой, шикіөкпем-ау! Қосылып қояды! Хи- хи! Сонда мен көзін көкшитіп, бала-шаға өсіріп отырам ба?! Орыс тілін үйренем де-еп?!



  • Айтады екенсің, Тұреке, бала- шағаны қоя тұршы, қазір оның не жөні бар! Ұят-ты...


-Қоя тұрмау керек! Кейінгіні кәзір, тап


кәзірден ойлау жөн! Ертең кеш болуы мүмкін. Үш жылғыны ойламаған еркектен без дегенді мен шығарды деймісің- әй? И, енді осы мақта


науқанында десең...сөз басқа. Бірлі- жарым ай іш пыстырмауға десек, онда болады! Болады, хи-хи!



  • Махаббатты қайтеміз сонда?

  • Өй!? Қайсың ол?! Әлі апаңның, атаңның


ертегісінен шыға алмай, аузы сүт-сүт боп жүрген қайсың ол?! Махаббат деген жоқ нәрсе-е! Ол деген


–ертегіде ғана бар! Әй, сендер әлі еркек болмаған, дым көрмеген бәлесіңдер ме, хи-хи-хи... «Он үште отау иесі» дегенді мен айтып кетіппін бе? Қазақ


атаң айтқан! Миларың...а? Қанша жаста тоқтап қалғансыңдар өзі?!...


-Тұрды, Абай не деген? «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген. Абай айтқан!


 


- Ол кітап-сызықтан шықпай қалған адам ғой, айта береді. Ақын- сақын дегендер делебесі


қозғанда не айтып, не қойғанын білмей де қалады! Олардың сөзінің бәрі уақытша ғой! Уа-қы-ытша!- деп Тұрды даусын жіңішкертіп, қолымен ауаны


сызып бір айналды.


-Қой, Тұрды, осы жерден тоқтайық,- Жаңабек сөзге араласты,- ұлы кісілерді тілдеуге енді дәтің


бармасын!


-Турасын айтсаң, туғаныңа жақпайсың деген!


-Ол тура емес,- деді Айдын.


-Қайсы, Айконь? Қайсыны айтасың,а?- деп Тұрдының даусы лезде жіңішкеріп, ыржиып күле


салды.-Мен әшейін сөз болсын деп әдейі айттым. Кім не дейді де-еп.Ұрсып қалған адамдай үнсіз отыра


береді мына жүгермектер мен болмасам. Сөйлетейін дедім дә-ә! Хи-хи!


-Енді ондай қисық сөзді айтпа.


-Мақұл, мақұл, Айконь. Қойдым, міні, оллахи! Әшейін, сендердің құлақтарың үйрене берсін деп... Еркектердің ішкі сырын осы бастан түсінсін де-еп... кейін күщ-щті келіншек болуларың үшін...


-Өй, Тұрды, не деп кеттің!?-Жаңабек шыр етті.


-Келіншегің не?


-Мына сарыны не істесек болады өзі?!- қыздар шулап, ұлдар күліп мәз болысты.


 


-Қойдым, ойбай қойдым! Сендерді бір күлдіріп, шаршағандарыңды бастым-ау, ә? Рахмет деңдер маған.


-Ах, ты черт! С одной стороны он прав! Дұрыс


біржағынан!- Бірақ, махаббаттың дәмін татқан жоқпын өз басым! Бірақ, сендердің бір қыздарыңды ұнатып


қалдым. Ал, ол не дейді, білмеймін. Мен жаққа


қарамайды да әйтеуір. Келіңдер, ән айтайық,- ол «Ақ бантик» әнін гитарасында ойната жөнелді. Айдын


жаққа көп қарағыштай берді.


 


-Айконь, бірдеңе сұрасам, шыныңды айтасың ба?- деді Тұрды кешкі би алаңында.


-Мен әрқашан шын айтам.


-Өй, оны білем ғой, сұрасам... Бір жігітпен жүріп көрдің бе, айтшы?


-Жүрмін ғой міне көп жігіттің ішінде.


-Өй, Айконь, осы ма? Осы екенін өзім де білгем ғой! Керегі жоқ әр жігіттің! Сенің папаң... біздікі


сияқты қарапайым емес қой, дұрыс тәрбиелеген деп ойлаймын.


-Тұрды, «Ұлылық деген -қарапайымдылық» деген бар ғой.


-Дұрыс. Егер мен бір адамнан жеңілсем, ол –сен.


Бір адамды дос санап, бас исем, ол –сен, Айконь. Сені қалай тап-таза етіп ө-өсірген деп таң болам кейде.


-Ал, кейде ше?


 


-Кейде ма? Хи-хи! Кейде де, әркезде! Сені тыңдаймын. Кейде кешігіп қалдым ба деп қорқам.


...Тұрдының есіне осыдан біраз күн бұрынғы Мәди екеуінің арасындағы кикілжің түсті. «Сен адамды


малмен тең көремісің сонда? Ұнату, сүю, талғам,


махаббаты жоқ малмыз ба сонда?! Өй, сен де бір... Жерге қараттың ғой қыздардың алдында әрдеңені шатып!» деп теріс қол сілтеген-ді Мәди.


-Сен не сонда, махаббат бар деп тұрсың ба?Ал?!


-Бар, біз Айдын екеуміз бір-бірімізді сүйеміз, түсінеміз,- деген ол.


-Жоқ! Сен оны он адамға, ол сені он адамға айырбастайды! Қара да тұр!-деген бұл.


Айдынның тамырын басып жатқаны осы себепті.


«Мәдидің менен несі артық? Бәлесін-ай сонда да, айтқаныңа көне салатын,өтірікке де сене салатын,


қулық- сұмдығы жоқ, жасанды ісі жоқ, ащщ... бояуы жоқ қызды қалай ғана лезде айналдырып алған? Бұл қыз түбінде өзінікі болуы керек! Бір тисе, мұндайлар өлгенінше адал болады, ищ-щещ-щ... Таптым! Таптым мен қатыным болуға лайықтыны! Ищ-щщ! Осы қызбен Мәди ғана қыдыра бере ме? Ол бейбақ не тындырады дейсің? Сораңдап, қисалаңдап жүре-е береді дә, щещщ... Не сөзі жоқ, не-е қолын да ұстауға батылы


бармайды ғой ол щещ... Бұл қыдырса не бопты? Мәдидің көзін солай бір шұқымаса ма! Махаббатың міні деп, ащ-щ!...»


 


-Айконьжан, мына шудан тысқары о-оо-у асфальт көшеде біраз жүріп келсек қайтеді? Сырласып...


-Жоқ, мен онда бармаймын.


-Неге? Неге бармайсың? Түсіндірші.


-Барғым келмейді.


«Қап, шещ... Не істесем екен?! Мені менсінбей тұрғаның ғой! Мен тірі тұрсам, екеуіңді екі жаққа жіберемін! Мәдиді сенен айырып, сені артымнан жүгіртіп қоймасам ба! Атым өшсін!»


-Атым өшсін!- деді Тұрды тістеніп.


-Не? Не дедің?


-Кім мен бе?! Жүр, Мәдиге тапсырып кетейін.


Бәлесінен аулақ, хи-хи! Зибашпен билеп жүр-әй! Сұп- сұлу екеуі де, а? Айконь? Қалай, жараса ма?


-Билегенде, таранғанда аққулар мен қыздар


сұлуланып кетеді деген бар ғой.


-Дегенді қойщ, мына парға қарашы, жараса ма


дейм? Сені сүйсе Мәкең басқамен жабысып билейді ма? Сені қайда деп ойлап тұрған доқ қой мынауың,а!


-Досы –сенің қасымда екеніңді біледі ғой.


-Шаң жуытпайды тағы! Мәледе-ес келінш...


-Не?!


-Кейін дегенім ғо! Менің сабағымнан біраз нәрселерді үйренейін депсіңдер! Енді Мәкеңді пісірмесем, шіп-шикі! Сары ауыз балапан өзі! Көретіннің бәрін қатын алғанға дейін көруі керек қо!


 


Үй болған соң әйелдер кісен салып, ешқайда жібермес. Солай емес пе,Айко!? І-і, солай!


-Не!?


-Кеш жарық! Қалайсыңдар екі дос?- Мәди мен Зибаш келді бұларға.


-Тұрмыз қаққан қазықтай қақиып! Айко мені


менсінбейді, не қыдыруға, не билеуге келіспей тұр.


-Қой-и, қазір ғана билеп жүр едіңдер ғой,- онда ауысып билейікші,- деп Мәди риясыз жымиды.


 


Би «Летка -Енка».1-ші курстың қыз-жігіттері шеңбер құра қол ұстасып, алға-артқа секіріп, дөңгелене билеуде. Айдынның сол қолынан Мәди, оң қолынан Тұрдыны бөліп Ахан ұстады. «Ащ-щ-щ! Енді сен төрткөз жолымды кестің бе! Мұрныңды сындырып, көзіңді 8 қылмасам ба!» деді іштей кіжінген Тұрды.


Мұнда сағат 11-де ұйқыға жату заңды.Сосын жүріп-тұруға болмайды, мұғалімдерден және милициядан, дәрігерлерден кезекшілер бар. Мәди мен Айдын үлкен жолдың бойында қол ұстасып


серуендеуде.


-Қалай, Тұрды әңгімемен зеріктірмеген шығар?


-Иә. Әңгімесі көбіне ұнамайды маған, алжасқан аталар сияқты сөйлейді.


-Қылжақбас қой, біздерден қайда-а ақылды, көп


нәрсеге сен айтқандай аталар көзімен қарайды. Бір


 


үйдің үлкені болған соң, шалдың баласы боп өскен екен, ерке.


-Сен де бір үйдің үлкені емессің бе?


-Иә, көкем көп ағайынды болса да баяғы «Аша тұяқ қалмасын, Асыра сілтеу болмасын» деген заманда 8


ағайындыдан бір өзі ғана анасымен қалған екен. Буыны қатар-қатпас шахтада жұмыс жасапты. Содан үй-жай


болғанында шахтада көмір басып қалып, қазірде


денсаулығы жоқ. Балдақпен жүреді, Біз анамызға қолқабыс жасап, бар шаруаны атқарамыз өзімізше. Әжеміздің баласымыз. Сегізбіз бір анадан.


«Алғаныңның орнын толтырдың, Аллам! Енді осы шырақтарымды сөндіре көрме, Аллам!» деп, әжем


дұғасын осылай айтып отырады. Әже дұғасына біз де әндете қосылатын ек бала күнімізде.


-Әндетіп пе?!


-Иә, ән екен деп ойлаймыз ғой. Айтайын ба?


-Айтшы...


-Жетеуді алған құдайым-ай, Сыныңа тағы шыдайын-ай. Жалғыздан өсіп-өндіре гөр,


Өзіңе ғана жылайын-ай,- Мәди қоңыр үнімен әндетіп барып тоқтады. Қалай?...


- Қиын тағдыр екен,- деді көзін сүрткен қыз.


-Әженің бәрі мейірімді-ау, баланы аса   көп ойлайтын ең жақыны да әже ме деймін. Менің 3-4


 


жастағы кезімде әжем екеуміз ауылдағы ағаш ұстаның үйіне бір қошқарды жетектеп алып бардық.


Ұста кеспелтектен жылқыға ер шауып жатыр екен. Әжем иіліп сәлем берді.


-Ойбай, жеңеше, амансың ба? Қаяқтың желі айдап


келді? Өмірі ескермеуші ең. Мынау кім, немерең бе? Жігіт боп қапты, аман болсын. Иә, жол болсын.- Ұста көрпешені алақанымен қағып- қағып, «Оу... жоғары шық» деді де жиегіне отырды. Астыңғы ернін созы- ып,насыбай атты. «Айта бер» дегендей, құлағын


қалқалап, иегін қақты.


-Мырзаға, мынау менің рас па, өтірік пе деп көрген майшам балам –Мәдиім ғой. Осы жарығым сізге ұқсап өнерлі ұста, әнші- күйші болсын деп батаңызды сұрап келдім,-деді.


Со кісі маған бата беріп, домбырасын сыйлаған-ды.


Ойыннан қолым босаса, домбыраны дыңғырлатып жүріп, ақыры үйреніп кеттік қой, Айдын.


-Күйіңді тыңдап жүрміз-ау, әншілігіңді көрмедік.


-Бәрін бірдей көрсетіп қойсам,а? Қызық болмай қалады ма деп...Осыдан оқу басталсыншы,


институттың сахнасында ән салып бермесем бе!


Айтпақшы, Айко, сен де өлеңдеріңді оқытпайсың ғой маған.Ұяласың ба, а? Өнердің несі ұят? Мен де ұялып тұра тұрмаппын ғой біраз, а?


-Сен мені мазақтадың ғой...


 


-Мен бе, қа-шан? Ә-ә, иә... Есіме түсті. Ақындар деп пе... Негізі, институт газетіндегі өлеңдерің тамаша ғой. Біз былай көкірегімізді желпіп жүрміз ісіп- кеуіп. Жоғарғы курстың жігіттері сенімен таныстыруды өтініп, қаншасы бізді паралап жүр ғой.


-Паралап па?!


- Өткенде бір жігіт кафеге апарған бізді, с-сөйтсем, Тұрды уәделесіп,се-сенімен таныстырмақшы бопты.


Енді бәріміз қыдыруға-а барады екенбіз...


-Осыларың дұрыс па енді?!


-Жоқ, әрине. Сол үшін де керісіп қалдық. Бір мен емес. Бөлмедегі біздің жігіттердің бәрі де, әсіресе


Жақаң қатты-қатты айтып тастады.


- Негізі Тұрды жаман жігіт емес қой, әзіл- қалжыңға басып, артық кетіп қалатыны бар. Жеңгетайлықпен ойын ойнауға болмайды ғой, ойыннан өрт шығып


кетсе ше? Оны тәрбиелеу керек шығар. Абай


атамыздың сөзі бар ғой: «Кім де кім жаман болса, оның замандастарының бәрі кінәлі» деген. Біз бір- біріміздің дұрыс емес жақтарымызды түзетуге


міндеттіміз, ал, жақсымызды бөлісіп, үйрене білейік. Жолдастық, достық деген осылай болуы керек.


Бос күннен өткен жоқ қайғы, Минут та қайта соқпайды.


Адасқан жанды жұбатып,


Арамза ғана жақтайды,- деген ғой бір ақын.


-Ол қай ақын екен?! Сенсің ғой, Айко?Жаным!


 


-Жаным деп айтпашы енді. Менікі емес...


- Өтірік айтпаймын дейтінің қайда? Өлең де сенікі,жаным да сенікі. Менің ғана Айдынымсың,


жаным. Қырсығым менің, қылтығым менің,- ол аузын басқан қыз қолын құшырлана сүйді.- Қылжақбасты не істейсің! Сүтпен кірген мінезі сүйекпен кететін шығар деп...Бірақ,жақсы дос ол. Уақыт өтеді, «Махаббат бар» деп тұрақты жігіт болады әлі-ақ. Айко, айтпақшы


ертең түске дейін мақта теріп, түсқайта Ташкентті аралауға баратын болдық. Келісесің ғой,ә? Бейсек ағайдан сұрандық.


-Бізді адастырып кетпейсіңдер ме әйтеуір?


-Қойщ...компас сияқты тартылып қалғанбыз ғой


сендер жаққа, Айко.Күн тұрмақ түнде де ойлап-ойлап,-


Түһ! Қолың тоңып қалыпты-ау, Айко,а? Аздап


жылытып аласың ба ме-менің...-Ол қыз қолын жып- жылы қолтығына салды. Айдын сыдырып кері алды.-


Онда... әкелші, үрлеп жылытайын,- Мәди күректей


алақанымен нәзік қолдарды көмкеріп, үрлей бастады. Айдын кері тартайын деп ойлады-ақ, бірақ, қолының жаны жоқ сияқты ма...қозғалмады.


-Сенің бар болғаның...Айко...білесің ба...қандай жақсы. Сен болмағанда не істер едім? Айтшы, түк те қызықсыз болар еді мына дүние... Айдыным ме...нің... Сен қасымда болғанда-шы...күндізгі уақыт та,


айналаның бәрі де өзгеріп... Сенесің ба, басқаша болып кеткен сияқты. Тіпті ауа да басқа... Айта алмаған


 


сияқтымын. Мүмкін, ақындар ғана өздерінің


жырларында суреттеп жеткізе айта алатын шығар... Бірақ, рахмет саған расымен-ақ, рахмет.


-Не үшін?


-Бәрі үшін... Айтайын ба, әйтеуір бар болғаның үшін. Түсініп тұратының үшін. Әжемнің арманы болғ...


Қойдым, маған ерекше дос болғаның үшін, қасымда бірге жүргенің үшін... Мені... мені жақсы көргенің үшін...


-Өйтіп айтқан емеспін ғой...


- Айтпаған қырсық мінезің үшін, маған еркіндік


бермегенің үшін сені... Сені... Жылытып тұруға рұқсат берші, Айдын. Қалтырап тұрсың ғой тоңғаныңнан,а...


Айдынның жүрегі жыр тербеді:


 


Тоңғанымда жылытқан шуақтарың үшін, Мұңайғанда бауыр боп жұбатқаның үшін, Тек ізгілік тілейтін мұраттарың үшін,


Сендерге тағзым етем, жақсы адамдар.


 


Адам деп соққан періште жүректерің үшін, Түйір жас келіп, көңілім дір еткені үшін,


Махаббат жолын күреспен бір еткенің үшін, Сендерді сүйіп өтем, жақсы адамдар!





Пікір жазу