20.07.2022
  381


Автор: Сергей Есенин

Ал қош, достым...

Ал қош, достым, қоштасайық кел, кәні,
Жақын тартып кетіп едің жаныма.
Қашса да алып тағдырдың тар жолдары,
Ол жол бізді қауыштырмақ тағы да.
Қош, қадірлім, қол ұсынып қарманба,
Мұңға шомып қарай берме қадалып.
Өлу деген таңсық жәйт пе жалғанда? –
Өмір сүру – емес ол да жаңалық!
1925 ж.





Пікір жазу