20.07.2022
  468


Автор: Баян Тіленшина

Туған күн

Туған күн жыл құсы ма бір келетін,
Жылу ма жан- дүниең гүлденетін,
Туған күн – дербес тарих бастаған күн,
Қожасы Өмір атты нұр кеменің.
Қайырмасы:
Ауылдың түнгі аспаны,
Аққудың сырластары,
Қалықта ғашық жүрек,
Бақыттың құрдастары!
Туған күнде,
Айлы түнде.
Ата –анам, бауырларым,
Гүл қыздар, тау ұлдарым,
Дос –жаран, құдаларым,
Менімен дауылдағын,
Туған күнде,
Биле бірге!
Туған күн – уыз дәмін татқан күнім,
Жар салып жаңа жұлдыз атқандығын,
Жан әжем, бабам жолын жалғастырып,
Бесікте бір тіршілік жатқандығын.
Қайырмасы
«Ел- ел» деп соқты жүрек ержеткенде,
Беу халқым! Өзің мені ерке еткен де,
Тамырда қаным-- қазақ, жаным – қазақ,
Қазақша ән салды әжем тербеткенде.
Қайырмасы





Пікір жазу