20.07.2022
122
Мәртебелі Мәртөбем
Теңгерген ақ-қарасын бар алыптың,
Таусылмас қазынасы даналықтың.
Төлеби, Әйтеке мен Қазыбек би,
Қазақтың қасиетінен жаралыпсың.
Халқымның дау-жанжалы шешім тапқан,
Күйреген қастандықпен құрған қақпан.
Тоқтаған түйін сөзге атам қазақ,
Іздеген құдіретін тіл мен жақтан.
Үш жүздің басын қосқан мерей төбе,
Ән болған жүректе де, көмейде де.
Мәртөбе, шаңырағың биіктеліп,
Бірліктің керегесін кеңейте бер.
Қайырмасы:
Мерейі үстем Мәртөбе,
Ой-сана шөккен нартөбе.
Бітімін берген халқымның,
Үш жүзге түгел мәртебе.