20.07.2022
  252


Автор: Баян Тіленшина

Биші қайың

Жеңілмей күресіннен гүл өсірген,
Айналдым алып туған мінезіңнен!
Тағдырдың дауылына дес бермеген,
Айналдым тал бойыңнан жыр есілген,
Жыр есілген!
Қайырмасы:
Өңездеп өтпек желі,
Өзекті үзбек пе еді!?
Өртеңнің арасынан,
Қайсар нұр тізбектелді.
Алланың ақ жолынан,
Арман –нұр іздеп келді,
іздеп сені.
Майысып, он бұралып өскен қайың,
Ой тумай, кім біледі кімнің жайын?
Бишідей білектері майысқаным,
Оңыңнан туса екен күн мен айың,
Биші қайың.
Қайырмасы
Заңдылық –түннен кейін таң ататын,
Бұл – сенің тіршілікке махаббатың!
Ерік, күш – жігеріңнің мықтылығы –
Адамзат үйренетін шапағатың!
Шапағатың!
Қайырмасы





Пікір жазу