20.07.2022
136
Сайрамым –жұмағым
Сайрамым –сұлу мекенім,
Салт- дәстүр, сертке бекемім,
Сыр сандық, тарих болмысың,
Тәуетпей саған өтер кім!?
Қайырмасы:
Сайрамым –жұмақ Сайрамым,
Тұранның туы, айдарым!
Төселген жерге кілемдей,
Келбетіңнен айналдым!
Яссауи туған топырақ,
Сансыз бап жатқан атырап,
Абылай орда тіккен жер,
Жуас бап жатыр бақылап.
Қайырмасы
Суың да шипа, шөбің де,
Бау- бақша, гүл, жыр тегіңде,
Жаныма ән мен жыр тұнған,
Өзіңе тартқан менің де.
Қайырмасы