20.07.2022
90
Көмешім, Көмеш –бұлағым
Жаралдым топырағыңнан,
Кәусар су аққан лағылдан.
Көмешім, Көмеш –бұлағым,
Сондықтан сені сағынам.
Қайырмасы:
Көмешім, Көмеш - бұлағым,
Туған жер –мәңгі тұрағым,
Қоғалы қамыс, жалбыздым,
Үкілі кәусар бұлағым.
Аяулы сұлулығыңның,
Салтанатын сұрадым.
Көмешім, көмбе нан берген,
Сол нанмен өмір, жан берген,
Көмешім, Көмеш –бұлағым,
Анаға сені теңгергем!