20.07.2022
  94


Автор: Баян Тіленшина

МӘРТӨБЕ

Үш биді қосқан төбем,
Шешілген шие-шемен.
Салауат-найзағайдан,
Қақырар аспан-денең.
Қайырмасы:
Сыр-сандық әр төбең,
Сайрамым– мәртебем.
Бірліктің бесігі,
Мерейім– Мәртөбем!
Сананың нұр көгінен,
Себездеп сыр төгілген.
Алмастай өткір ойдан,
Пенделік шер шегінген.
Қайырмасы
Құт қоныс, кер даламның,
Рухынан мен нәр алдым.
Береке, мерекелі,
Көркіндей кер маралдың.
Қайырмасы Үш жүздің басын қосқан,
Мәртөбем– «Бірлік» дастан.
Желбіре, қазақ туы,
Зеңгірмен ақылдасқан.
Қайырмасы





Пікір жазу