20.07.2022
  105


Автор: Баян Тіленшина

Оңтүстігім

Оңтүстігім ұлысың
Он қазақтың бірісің
Үйіп берген құдайым
Ырысың мол ырысың
Фарабидің нұрысың
Яссауидің жырысың
Түркістанмен ұлысың
Отырармен тірісің
Сансыз бапты Сайрамның,
Қасиетіне қайранмын,
Төселген жерге кілемдей,
Келбетінен айналдым!
Таза сақтап тіліңді
Сүндеттеп бар ұлыңды
Дін мұсылман қалпында
Жеттің күнге бүгінгі.
Сырдариям, Арысым,
Атам қазақ ары үшін,
Желтоқсанда бұрқылдап,
Қайнады жас намысың.
Тауларың бар бөрікті,
Тауларың бар көрікті,
Молшылықты мұншалық,
Кім қай жақтан көріпті?!





Пікір жазу