20.07.2022
107
![](/uploads/shorttexts/author_image/c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b-2.jpg)
Мектеп –ана
Әріптерім –әр беті әліппемнің,
Жанарыма рухани жарық бердің,
Ғарышкермін білімнің кемесінде,
Қожасымын ғаламда алып Жердің.
Қайырмасы:
Бас ием мектебім, мектебіме,
Мәңгі жас көктемім, көктеміме,
Мектебіме, ұстазға ұлы дана,
Мектеп –ана, ұстазым, саған ғана!
Ата- әжем қаласа негізімді,
Білім –санат рухани егізім-ді!
Он сегіз мың ғаламға қызықтырып,
Жеті жарық толқытты теңізімді.
Қайырмасы
Мектеп- ана! Қауызда балапандар,
Ұстаз білім сеппесе, шалажансар!
Аялашы, аяла өмір көшін,
Алақандар! Ұстаздар! Ана жандар!
Қайырмасы