20.07.2022
  106


Автор: Баян Тіленшина

Кукалаша

\тәй-тәй басу\
Кукалаша –кулалла, аяғымды турала!
Күн қуанып, Ай күлді, Мен өмірге туғанда.
Ку-ка!
Тәй-тәй қадам басамын, асулардан асамын,
Бойымды тік өсірер, жаса, жаса, жаса Күн!
Ку-ка!
Кука деген сөзім бар, қарақаттай көзім бар,
Кука тәй- тәй басқанда, қолдарыңды созыңдар!
Ку –ка!
Жаңа туған анадан, сары ауыз балапан,
Кукалаша мен болам, әжетайым қалаған!
Ку –ка!





Пікір жазу