20.07.2022
  240


Автор: Баян Тіленшина

ШЫМКЕНТ, ЖАРАЙСЫҢ!

80 ұлт гүлін құрайды,
Сүйінтіп көкте Күн, Айды.
Мейірім тұнған бақ қалам,
Бір көрген мәңгі сұрайды.
Қайырмасы:
Жарайсың-ау, Шымкентім, жарайсың-ау!
Күннің нұрын өзіңе балайсың-ау!
Аламанның бәйгесін думандатқан,
Бұрандасы тірліктің, қалайсың-ау?
Қайнайсың-ау,
Жайнайсың-ау
Жарайсың!
Айдары алтын басымның,
Мәңгі жас қала – асылым.
Иассауи туған топырақ,
Табынып саған бас ұрдым.
Қайырмасы
Жібек жол түйген киелім,
Жаралды сенен сүйегім.
Тіл менен ділдің уытын,
Туыма сен деп түйемін.
Қайырмасы
Бұйырмас бақыт басқаға --
Үштікке қосқан Астана!
Шоқтығы биік Шымкентім,
Шарықта, шырқа, аспанда!
Қайырмасы





Пікір жазу