20.07.2022
  166


Автор: Баян Тіленшина

ЖЕҢІСТІ ҚАЗАҚСТАН

Алдымен Отан керек бар адамға,
Отансыз тең адамға санала ма!
Мен сенің перзентіңмін, Қазақстан,
Теңізін сүйеді екен шағала да.
Қайырмасы:
Біз – Жеңістің баласымыз,
Сары, қоңыр, қарасымыз.
Жалғыз Отаным – \Қазақстан\ 3 рет
Болашақтың ағасымыз.
Ұлы Жеңіс, мың жасаңыз,
Ұраныңа үн қосамыз.
Туған мекенім – \Қазақстан\ 3 рет
Түндігіңді біз ашамыз.
Маңдайға жазса көрді тәңір нені,
Ақ жуып, арулап та көмілмеді.
«Отан» деп бір жүргендер бір жерленді;
Ұлтына, дініне де бөлінбеді.
Қайырмасы
Соғыстан қайтпағандар, қайтпағандар,
Арманын еркін ашып айтпағандар.
Сендерге мәңгі тағзым, періштелер,
«Періште емессің» деп айтпа, адамдар!
Қайырмасы





Пікір жазу